374. Мемлекеттік мекеме бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтайтын тәртiппен, нысанда және мерзiмде демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен түсiмдер және оларды жұмсау туралы есеп жасайды және ұсынады.
46-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес
жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берiлетiн ақша бойынша операцияларды жүзеге асыру
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 375-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
375. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операциялары жеке немесе заңды тұлғалардың ақшаны мемлекеттік мекемелерге қайтару шартымен не белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайда іске асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 376-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
376. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ бойынша операцияларды есепке алу мемлекеттік мекемелердiң кодтары бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 377-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
377. Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда ашылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 378-тармақ өзгертілді
378. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-сы бойынша операцияларды есепке алу үшiн:
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттік бағдарламалары әкiмшiсiнiң қолдаухаты негiзiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге;
бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган олардың өтініштері және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге рұқсат беруді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 379-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
379. Ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ-сы бойынша операциялар жүргiзу үшiн мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне рұқсат және қойылған қол және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты бередi.
380. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берiлетiн ақша бойынша жоспарлар жасалмайды.
381. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және/немесе заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берiлетiн ақша Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған жағдай туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оларды салған тұлғаларға қайтарылуы не тиiстi бюджетке аударылуы тиiс.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілген ақшаны уақтылы қайтаруды не оларды тиiстi бюджетке аударуды (бұдан әрi - қайтару/аудару) қамтамасыз етедi.
382. Қайтару/аудару осы Ережеде белгiленген тәртiппен ресiмделген және ұсынылған төлеуге берiлетiн шот негiзiнде уақытша орналастыру шотындағы ақша қалдықтары шеңберiнде жүзеге асырылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың белгілі бір жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларды қайтару немесе аудару шартымен мемлекеттік мекемелерге берілетін ақшаны тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға, оларды енгізген тұлғаларға, немесе тиісті бюджет кірісіне қайтаруға/аударуға оларды ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын есепке алусыз рұқсат берілмейді.
Қолма-қол ақшаны есептеу және қайтарып алу үшiн уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сы бойынша қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар үшiн банктiк қызметтерге ақы төлеу ақшаны салған тұлға есебiнен мемлекеттік мекеме мен банк арасындағы кассалық қызмет көрсетуге арналған шарт негiзiнде жүргiзiледi, оған:
тез бұзылуға ұшырайтын және оларды сақтау елеулi материалдық мүлiк шығынын талап ететiн заттай айғақты сатудан алынған ақшадан түсетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өкiлеттiк берiлген органдардың мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары есебiнен жүргiзiлетін уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сын есептеу жағдайлары қосылмайды.
383. Мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оларды қайтару немесе белгілі бір жағдайлар туындаған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемеге берілетiн ақша бойынша бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган анықтаған тәртiппен, нысанда және мерзiмде есеп жасайды және ұсынады.
9-бөлім. Сайлауларды қаржыландыру және бөлінетін
бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі.
47- тарау Сайлауларды мемлекеттік қаржыландыру
384. Партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын қоспағанда, Президенттi, Парламент, мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау осы мақсаттар үшiн ашылатын арнайы шот арқылы қаржыландырылады.
385. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде сайлау iс-шараларын жүргiзуге арналған шығыстар жөніндегі операцияларды есепке алуға арналған жергiлiктi атқарушы органның арнайы шоттарын (бұдан әрi - сайлауларды қаржыландыру үшiн шоттар) ашуды жүзеге асырады.
Сайлауларды қаржыландыру үшiн шоттар Орталық сайлау комиссиясының қолдаухаты негiзiнде ашылады. Сайлауларды қаржыландыру үшiн шоттар сайлау iс-шараларын қаржыландыру аяқталғанға дейiнгi мерзiмге ашылады.
Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган сайлауларды қаржыландыру үшiн шоттарды ашқаннан кейiн Орталық сайлау комиссиясы сайлауларды қаржыландыру үшiн ашылған шоттардың нөмiрi мен күнi туралы әрбiр аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша хабарлама бередi. Сайлауларды қаржыландыру үшiн шот бойынша операциялар жүргiзу үшiн аумақтық сайлау комиссиясы аумақтық қазынашылық органына сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы мәслихат шешiмiнiң көшiрмесi мен нотариалды куәландырылған қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты бередi.
386. Сайлауларды мемлекеттік қаржыландыруды:
шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке жоспарларға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астаналардың жергілікті атқарушы органдары, аудандардың, қалалардың аумақтық сайлау комиссиясын қаржыландырудың жеке жоспарын облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиісті қазынашылық департаментіне ұсынады.
387. Бекiтiлген қаржыландырудың жеке жоспары шеңберiнде сайлау компаниясын жүргiзу үшiн бөлiнетiн бюджет қаражатына билік етушілер тиiстi сайлау комиссиясының төрағалары болып табылады. Сайлау өткізуге арналған бюджет қаражатын жұмсау республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшiн ашылған жергiлiктi атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүргiзiледi. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссиясының төрағаларының қаперіне азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға және төлемдердi жүзеге асыруға берiлген рұқсаттарды жеткізеді. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беруге арналған шарттарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылында міндеттемелер бойынша қаржыландыруды жеке жоспарларында көзделген сома шеңберiнде тиiстi сайлау комиссиясының төрағалары ақша алушылармен жасалады.
388. Сайлау өткізу уақытында жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне қойылған қол мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты ұсынады. Бұл ретте, бiрiншi қол қою құқығы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына берiледi. Екiншi қол қою құқығы тиiстi аппарат әкімінiң бас бухгалтерiне (қаржы қызметiнiң басшысына) тиесiлi болады.
Құжат жергiлiктi атқарушы органның елтаңбалы мөрiнiң үлгiсiн, аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы тиiстi мәслихат шешiмiнiң (жоғары тұрған сайлау комиссиясының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесiн - оны мәслихат сайлағанға дейiн шығып кеткеннiң орнына аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын тағайындау туралы шешiмiнiң) нөмiрi мен күнiн көрсете отырып ресiмделедi. Жергiлiктi атқарушы органның арнайы шотынан 002 «Сайлау өткізу» бағдарламасы бойынша қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкiлеттiлiгi сайлау өткізу не қайта дауыс беру не қайта сайлау мерзiмiне және олар аяқталғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күнге дейiн ғана белгiленедi.
389. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының қаражатты жұмсауға арналған өкiлеттiк мерзiмi қаржы жылының соңына келген жағдайда, сайлау бойынша төлемдер жүргiзу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен және қазынашылық бөлiмшелерi белгiлеген мерзiмде ҚБЕО төлем жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн қаржы жылы аяқталған соң жүзеге асырылады.
390. Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары ақша қаражатына билiк етедi және қаржылық құжаттардың қаржы мәселелерi бойынша сайлау комиссияларының шешiмдерiне сәйкес келуiне жауап бередi.
391. Республикалық бюджет қаражатынан мыналарға жұмсалған:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметiне:
сайлау комиссияларының босатылған мүшелерiнiң жалақысына;
сайлау комиссиялары мүшелерiнiң қосымша еңбекақысына;
жалақыға есептеуге;
техникалық қамтамасыз етуге (компьютерлер, ұйымдастыру техникаларын сатып алуға, жабдықтарды жалға алуға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ дауыс беруге арналған құрал-жабдықты сатып алуға және жасауға);
көлiк шығыстарына;
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
байланыс қызметтерiне, почта-телеграф шығыстарына;
еңбек келісімдерi негiзiнде штаттан тыс қызметкерлер орындалатын жұмыстарға;
полиграфиялық шығыстарға;
кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәмiздер үшiн материалдар сатып алуға;
2) үй-жайларды жалға алуға;
3) iссапар шығыстарына;
4) консультанттардың, сарапшылардың, лингвистикалық комиссия мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеуге;
5) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтiн сөздерiне;
6) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кандидаттардың көпшiлiкке сайлау алдында iс-шаралар өткізуге және партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға;
7) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiк шығыстарына.
8) сайлау комиссиясы үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенке, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне кандидаттар туралы, сондай-ақ, партия тізімін берген саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттар дайындауға жұмсалатын шығыстар өтеледі.
392. Аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының төрағаларына тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша iссапар шығыстарын өтеу мемлекеттік мекемелердiң басшылары және басшыларының орынбасарларына белгiленген мөлшерде, ал учаскелiк сайлау комиссияларының төрағалары мен сайлау комиссияларының мүшелерiне - мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ережемен жүзеге асырылады.
393. Жергiлiктi атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражатты жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешiмi бойынша мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландыру жоспарларының шегiнде ақша аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары есеп беретiндей етiп берiледi, орындалған жұмыстар және сайлау учаскелерiне сатып алынған материалдық құндылықтар үшiн шығыстар төленедi. Пайдаланылмаған есеп берiлетiн сомалардың қалдығын сайлаулар аяқталғаннан кейiн үш күн мерзiмде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке алу үшiн әкiм аппаратының кассасына тапсырады;
аумақтық сайлау комиссияларының шығыстары Орталық сайлау комиссиясы бекiткен олардың қаржыландыру жоспары шегiнде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары бекiткен, оның негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын құжат ұсынылғаннан кейiн төленедi. Аумақтық сайлау комиссиясының шығыстарына арналған қолма-қол ақшаны беру осы комиссияның төрағасының өкімі бойынша жүргiзiледi. Аванстық есептi алғаннан кейiн әкiм аппаратының бас бухгалтерi (қаржы қызметiнiң басшысы) растайтын, оның негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын құжаттардың ресiмделу дұрыстығын тексередi және оларды осы комиссия төрағасының бекітуiне бередi.
Есеп берiлетiн соманың пайдаланылмаған қалдығын аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары сайлау аяқталғаннан кейiн үш күндiк мерзiмде шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептеу үшiн әкiм аппаратының кассасына тапсырады.
394. Сайлау науқандарына, оның iшiнде кандидаттарға бөлiнген республикалық бюджет қаражатын жұмсауды бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
395. Кандидатурасын алып тастауға немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жоюға байланысты және сайлау комиссиясының республикалық бюджет қаражатынан сайлау науқанын өткізуге жұмсалған шығыстар бөлiгiн кандидаттың, оны ұсынған мәслихаттың немесе қоғамдық бiрлестiктiң шотына жатқызу туралы шешiмi болған кезде, егер республикалық бюджеттен шығыстар және қаражатты қалпына келтiру бiр қаржы жылында жүргiзiлсе, соңғысы жергiлiктi атқарушы органдардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына сайлауларды өткізу жөніндегі кассалық шығыстарды қалпына келтiруге қаражат аударады. Республикалық бюджеттен шығыстарды бiр, ал қаражатты қалпына келтiру келесi қаржы жылында жүзеге асырылған жағдайда, бұл қаражатты кандидат «Республикалық бюджетке түсетiн өзге салықтық емес түсiмдер» коды бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударады. Бұл ретте көрсетiлген шешiмдi: Президенттi сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы, Сенат депутаттарын сайлау кезiнде - аумақтық сайлау комиссиялары, Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау кезiнде округтiк сайлау комиссиялары қабылдайды.
396. Президенттi, партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын қоспағанда, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткізуге бөлiнген бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есеп берудi жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
48-тарау. «Өкiлдiк шығындар» бағдарламасы бойынша
республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.15.12. № 2124 Қаулысымен 397-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
397. Өкiлдiк шығындар - тиiстi қаржы жылына арналған және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне шетел делегацияларын қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми iс-шаралар өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің, республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың шетелге iссапарлары уақытында өкiлдiк мақсаттарға бөлiнетiн қаражат.
Өкiлдiк шығындарға:
1) Қазақстан Республикасына iс-шараларға қатысу үшiн шақырылатын тұлғалардың өмiр сүруiне және белгiленген пунктiне дейiнгi көлiк шығындарына ақы төлеуге;
2) ресми түскi ас, кешкi ас, кофе-брейк, фуршеттерге;
3) ресми қабылдауларды музыкалық сүйемелдеуге;
4) сувенирлер, естелiк сыйлықтар сатып алуға;
5) автокөлiктiк қызмет көрсетуге;
6) аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеуге;
7) залды жалға алуға;
8) сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган рұқсат берген өзге де шығыстарға арналған шығындар жатады.
Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың өкiлдiк шығындарына:
1) автокөлiктiк қызмет көрсету;
2) аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеу;
3) автокөлiк жүргізушінің және/немесе аудармашының қонақ үйде тұруына және тамақтануына, егер олар Қазақстан Республикасының атынан байқаушы ретінде байкау жүргізілетін жерде тұрақты тұрмаса, ақы төлеу.
4) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиялар жұмысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсынатын шот-фактуралары бойынша шығыстарға:
әуежайдан қонақ үйге/қонақ үйден әуежайға трансферге;
қала ішінде жол жүрулерге (байқаушыларды кездесу өтетін жерге/кері тасымалдау);
ел ішіндегі сапарларға (байқаушы орналасқан жерге/жерден);
байланысқа арналған шығыстарға (СИМ-карталар/ұялы телефондарды пайдалану);
брифингке арналған шығыстарға (брифингтер, дебрифингтер өткізу, брифингке материалдар дайындау, кофе-брейктер) ақы төлеу жатады.
398. Сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік органдардың ұсынысы негiзiнде және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өкiлдiк шығындарға көзделген қаражат көлемiнен шыға отырып, өкiлдiк шығындарды талап ететiн жылдық Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
Бiр жыл iшiнде мемлекеттік органдардың ұсынысы негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган болжамдалмаған iс-шаралар өткізудiң саяси маңыздылығын және бөлiнген қаражат көлемiн ескере отырып Жоспарды түзете алады.
399. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң республикалық бюджетте өкiлдiк шығындарға көзделген қаражатты бөлу туралы өтiнiштерiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган мыналар болған жағдайда қарайды:
1) iс-шаралар өткізу қажеттiлiгiнiң негiздiлiгi;
2) деңгейi мен форматы бойынша делегацияның келу бағдарламалары;
3) iс-шаралар дайындау мен өткізудiң жұмыс жоспары;
4) iс-шараларға қатысушылардың нақты санын растайтын құжаттар;
5) шығыстардың әрбiр ерекшелiгiн негiздей отырып қаржыландыру жоспарлары;
6) осы Ереженiң 398-тармағына сәйкес жоспарда тиiстi iс-шаралардың болуы кезiнде.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi өкiлдiк шығыстарды өтеуге қаражат бөлу туралы өтiнiш жасаған кезде нақты шығыстарды растайтын құжаттарды да (түбiртектер, шот-фактура, жөнелтпе құжат) ұсыну қажет.
400. Осы Ереженiң 397-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында көзделген өкiлдiк шығындар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi тауарлар мен қызметтер құнын, сондай-ақ көрсетiлген тауарлар мен қызметтердi ұсынатын ұйымның деректемелерiн көpceтe отырып, заңнамада белгiленген тәртiптiң сақталуын растайтын құжаттарды бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 401-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
401. Жоспардың және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу және демаркациялауға Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн және тиiстi бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджетте сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органға көзделген қаражат есебiнен қаржыландыру жүзеге асырылатын трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиiмдi пайдалануға қатысты мәселелермен байланысты өкiлдiк шығындарды, қоспағанда, осы Ереженің 100-қосымшасына сәйкес өкiлдiк шығындардың нормаларына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне өкiлдiк шығындарға қаражат бөлудi жүзеге асырады.
Өкілдік шығыстарға бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органға Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, өкілдік шығындарға қаражат бөлу туралы сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкілетті органның шешіміне оның өзгерісті уақтылы енгізуі үшін өкілдік шығындарға бөлінген ақшаның пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған сомалары туралы мәліметті жібереді.
402. Өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты бөлу сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiмен ресiмделедi.
Iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің шетелдiк сапарлары кезіндегі өкiлдiк мақсаттарға қаражат бөлу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмiмен ресiмделетiн халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретiнде жiберiлетiн, республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына автокөлiктiк қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтерiне ақы төлеуге қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiмен ресiмделедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның өкiлдiк шығындарға қаражат бөлу туралы шешiмдерi жоспарланған iс-шаралар басталғанға дейiн қабылданады.
Егер объективтік себептерге байланысты ерекше жағдайларда сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмiн жоспарланған iс-шара басталғанға дейiн қабылдау мүмкiн болмағанда, белгiленген тәртiппен сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның өкiлдiк шығыстарды өтеу туралы шешiмi қабылдана алады.
403. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгiзедi.
404. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің шетелдiк сапарлары, сондай-ақ республикалық бюджет есебiнен ұсталатын, халықаралық қадағалау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегi сайлауларға Қазақстан Республикасынан қадағалаушы ретiнде жiберiлетiн мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын жiберу кезiнде өкiлдiк шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
бөлiнген қаражатты айырбастау үшiн сыртқы саяси қызмет саласындағы орталық уәкiлеттi орган Астана қаласының Қазынашылық департаментiнде шетел валютасында шот ашады;