511. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшiн теңгелiк шот және шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн теңгемен тиiстi шот ашады.
512. Кезекті қаржы жылына мұнай секторының ұйымдарының тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу саласында мемлекеттік реттеуді, келісім-шарттарды жасасуды және орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бекітеді.
513. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айдың басына дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударылатын түсiмдер сомасының алдағы айға арналған болжамын ұсынады.
514. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер ұлттық валютада Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына енгізіледі. Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына ағымдағы жұмыс күнінде енгізілген түсімдер сомасын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ҚР ҰБ-дағы Үкiметтiң теңгелiк шотына аударуы тиiс. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер сомасын аудару күн сайын Қазақстан Республикасы ҰБ нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.
515. Түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында артық төленген бюджетке қате немесе жаңылыс түскен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін сомаларды салық қызметі органдары арасында есепке алу, төлеушілерге қайтару ҚР ҰБ ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарынан есептен шығармай осы Ереженің 134-144-тармақтарына сәйкес Ұлттық қордың қолма-қол ақшасын бақылау шотынан жүзеге асырылады.
516. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін ай сайынғы кепілдік берілген трансферттің және нысаналы трансферттің келесі аударымы шеңберінде жүзеге асырылатын ҚР ҰБ-інде Үкіметінің теңгелік шотында алу үшін жеткілікті сома жиналғаннан кейін теңгелік шоттағы қаражат айырбасталады және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгемен Үкіметтің шотына түседі.
517. Шетелдiк валютадағы түсiмдер бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның шетелдiк валютадағы корреспонденттiк шоттарға ҚР ҰБ есептеледi.
Шетел валютасы қайта айырбасталғаннан кейiн осы Ереженің 36-тарауына сәйкес теңгемен алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ҚР Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шотына есепке алынады және сол жұмыс күнi шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн Үкiметтiң тиiстi шотына теңгемен аударылады.
Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ белгiлеген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына есептелетiн шетелдiк валютаны дәйектi түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшiн хабарламалар, өтiнiштер беру және соманы теңгемен есептеу кестесiн сақтайды.
518. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негiзiнде есепке алу әдiсiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан алынған инвестициялық кiрiстердi есепке алуды жүргiзедi. Инвестициялық кiрiстердiң сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының шоттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерiнiң құрамында көрсетiледi.
519. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ереженің 101-қосымшасына сәйкес ай сайын есептiден кейiнгi айдың бiрiншi күнiне Қазақстан Республикасының Үкіметіне ҚР Ұлттың қорына түсімдер және ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына аударымдар туралы есептi «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн түсiмдер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударымдар туралы есептi» 2-26-нысан бойынша ұсынады.
520. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн өзге түсiмдер мен кiрiстердi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына аударады.
55-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібі
521. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану Бюджет кодексiнде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Президенті анықтаған мақсаттарға берілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер түрінде республикалық бюджетке берілетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферт түрiнде берiлетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жұмсау қаржы жылы iшiнде тиiстi кезеңге арналған түсiмдердің және төлімдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілгеннен артық емес көлемде жүзеге асырылады.
Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiң төлемдері бойынша түсiмдердің және төлімдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ай сайын бөлiнген Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын мақсаттарға республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферттiң бекітілген көлемiн ҚР ҰБ қаперіне жеткізеді және ҚР ҰБ аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабар бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 522-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
522. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiң Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансфертте және нысаны трансфертте қажеттiлiк көлемiн ай сайын болжамдайды.
Алдағы айға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттегі республикалық бюджет қажеттiлiгiнiң көлемін болжамдау республикалық бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығын және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын ұсынатын және республикалық бюджет шығыстарының күтілетін атқарылуы туралы алдағы айда республикалық бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемі болжамының ақпаратын ескере отырып анықт
523. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферттiң ақша қажеттiлiгiнiң қажет көлемiн аудару ай сайын ҚР ҰБ-ға жiберiлетiн өтiнiмнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферт бөлуге арналған өтiнiмдi (бұдан әрi - өтiнiм) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы немесе бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы өкiлеттiк берген тұлға қол қойған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң осы Ереженің 102-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен трансфертті бөлуге өтінім» 2-37 нысаны бойынша әрбiр айдың 25-күнiне бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жасайды. ҚР ҰБ бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның өтiнiмi негiзiнде кепiлдiк берiлген трансферттiң өтiнiм жасалған сомасын оны алған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде республикалық бюджеттiң қолма-қол ақша бақылау шотына аударады.
Өтiнiмдi орындауға қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегi қаражатын есепке алу үшiн Үкiмет шотында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, ҚР ҰБ Басқармасы белгiлеген тәртiппен ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн есепке алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердiң бөлiгiн қайта айырбастауды жүргiзедi.
524. Республикалық бюджеттiң болжамның негiзiнде анықталған бюджет ақшасы алдағы айға жеткiлiктi болған кезде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әрбiр айдың 25-i күнiне ҚР ҰБ-ға хат жiбередi, онда алдағы айға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң ақшасын аудару талап етiлмейтiндiгiн хабарлайды.
525. Келесi айларда тиiстi түзетумен белгiлi бiр айда кепiлдiк берiлген трансферттiң көлемiн түзетудi (азайтуды не арттыруды) талап ететiн факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсiмдерiнiң және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлуi мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 526-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
526. Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферт сомасының есебiнен ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған сомадан артық емес көлемде өткен жылдың республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарына дейiнгi мерзiмде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша орындалмаған шарттардың тiзбесiн; өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепiлдiк берiлген трансферттiң сомасы, өткен қаржы жылы iс-шараларды толық орындамау себептерiн көрсете отырып бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi және инвестициялық жобалар бөлiгiнде даму бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар ақпаратты, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражаты, гранттар және бюджеттік кредиттер есебiнен iске асырылатын даму бюджеттік бағдарламаларын қоспағанда, республикалық даму бюджеттік бағдарламалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi бөлiгiнде инвестициялық жобалар бойынша орындалмаған шарттар тiзбесiн бередi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 527-тармақтың бірінші абзацында мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады
527. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органнан алынған ақпараттың негiзiнде бюджеттi жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен республикалық бюджет комиссиясының қарауына:
1) өткен қаржы жылында жасалған шарттар бойынша төленбеген мiндеттемелерi бар республикалық бюджеттік даму бағдарламалардың тiзбесiн;
2) өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепiлдiк берiлген трансферттiң сомасы туралы ақпаратты;
3) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi түзету жолымен төленбеген мiндеттемелер бөлiгiнде республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын ағымдағы қаржы жылында қаржыландыру жөніндегі ұсынысты бередi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 528-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
528. Республикалық бюджет комиссиясының шешiмi негiзiнде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тиiстi ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кепілдендірілген тарнсферттер сомасы есебінен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысының тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарын тағайындаулар арасындағы жобасын әзiрлейдi және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.
529. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ереженің 526-528-тармақтарында санамаланған нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде осы Ереженiң 6-тарауында анықталған тәртiппен түсiмдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгiзедi.
530. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет түсiмдерiнiң және төлімдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомасын оған өзгерістер енгiзiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ҚР ҰБ-ның қаперіне жеткізеді.
531.Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Президенті анықтаған мақсаттарға берілетін нысаналы трансферттерді аударуды Қазақстан Республикасы Ұкіметінің теңгелік шотында ақшаның қорлануына қарай тиісті кезеңге арналған түсімдердің және төлемдер бойынша жиынтық жоспарда бекітілгеннен артық емес көлемде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде ҚР ҰБ жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер бөлуге бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысы немесе оған уәкілетті адам қол қойған осы Ереженің 102-қосымшсына сәйкес 2-37 нысан бойынша бюджетті жасайды және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ҰБ жіберіледі. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган нысаналы трансферттер бөлуге арналған өтінімі негізінде ҚР ҰБ мәлімделген нысаналы трансферттер сомасын республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бақылау шотына оны алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде аударады.
Үкіметтің шотында нысаналы трансферттерді бөлуге арналған өтінімді орындауға қажет ақша болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын теңгеде есептеу үшін
ҚР ҰБ Басқармасы белгілеген тәртіпте Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін ҚР ҰБ ақшаның немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотынан шетел валютасындағы активтердің бөлігін қайта айырбастауды жүргізеді.
532. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшiн ҚР ҰБ бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ақы төлеу үшiн шот-фактура жiбередi.
533. Шығыстарды жүзеге асыру үшiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ-ға сыртқы аудитор ұсынған шот-фактураның көшірмесін және шығыстарды растау туралы хабарлама жiбередi.
534. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған сенімгерлiк басқару туралы шартта (бұдан әрi - Сенімгерлiк басқару туралы шарт) белгiленген мерзiмде ҚР ҰБ-ға бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы немесе бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы өкiлеттiк берген тұлға қол қойған осы Ереженің 103-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама» 2-36-нысаны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама жiбередi.
ҚР ҰБ ҚР Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарламаның негiзiнде ҚР ҰҚ басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабуға арналған соманы Үкiметтiң теңгелiк шотынан есептен шығарады.
Хабарламаны орындау үшiн қажет ҚР Ұлттық қорының теңгедегi қаражатын есепке алу үшiн Үкiметтiң шотында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн есепке алу үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шотынан шетелдiк валютадағы ақшаның немесе активтердiң бөлiгiн ҚР ҰБ Басқармасы белгiлеген тәртiппен қайта айырбастауды жүргiзедi.
535. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган және ҚР ҰБ осы Ереженің 104-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ай сайын шетел валютасында түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн Үкiметтiң теңгелiк шоты және Үкiметтiң тиiстi шоты бойынша ақша қозғалысын салыстырып тексерудi жүзеге асырады.
56-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық
есептi жасаудың тәртібі мен нысандары
536. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы есептiлiк Бюджет кодексiне сәйкес жүргiзiледi.
537. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсiмдерi мен оның пайдаланылуы туралы есептi, тиiсiнше 1-шi және 15-шi күннiң жағдайы бойынша, есептiден кейiнгi айдың 5-шi және 20-шы күнi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жасайды.
538. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есептi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитiнiң нәтижелерiн енгiзе отырып есептiден кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн жыл сайын ҚР ҰБ-мен бiрлесiп жасайды.
539. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды қамтиды:
1) осы Ереженің 105-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚР Ұлттық қорының түсiмдерi мен оның пайдаланылуы туралы есеп;
2) ҚР ҰБ Басқармасының қаулысымен бекітілген нысандар бойынша теңгерiм мен есептерден тұратын ҚР Ұлттық қорын сенімді басқару жөніндегі ҚР ҰБ қызметі туралы есеп:
ҚР Ұлттық қорының активтерiн сенімгерлiк басқару жөніндегі ҚР ҰБ теңгерiмiн;
ҚР Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ кiрiстерi мен шығыстары туралы есепті;
ҚР Ұлттық қорының активтерiн сенімгерлiк басқару жөніндегі ҚР ҰБ ақша қозғалысы туралы есептерді;
ҚР ҰҚ-ның активтерiн сенімгерлiк басқару жөніндегі ҚР ҰБ таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептерді;
3) ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер.
ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану туралы есеп ҚР ҰБ-ның және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның есепке алудың түрлi әдiстерiн (есептеу және кассалық) қолдануға байланысты, сондай-ақ дөңгелектеу есебiнен есеп бойынша алшақтық сомасының айырмасы көрсетiлетiн жолды қамти алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Президентiне сыртқы аудиттi жүргiзудiң нәтижелерiн қоса беріп жылдық есептi бекітуге енгiзедi.
540.ҚР ҰБ және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР Ұлттық қорын сенімгерлiк басқару туралы шартта көзделген тәртiппен мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етедi.
11-бөлiм. Бюджеттік кредит беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.28.08. № 1280 Қаулысымен 57-тару өзгертілді (бұр.ред.қара)
57-тарау. Бюджеттік кредит беру жөніндегі қаржылық рәсiмдер,
оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесі
541. Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Мамандандырылған ұйымдар - банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер, ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын акцияларының бақылау пакеті мемлекетке не ұлттық холдингке не ұлттық басқару компаниясына тиесілі ұйымдар.
Бюджеттік кредит беру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқаруының құрамдас бөлiгi болып табылады және тиiстi бюджеттерден қарыз алушыларға бюджеттік кредит беру жолымен, оның iшiнде түпкi қарыз алушыларға кейiннен кредит беру үшiн жүзеге асырылады.
542. Бюджеттік кредиттер:
ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген республикалық бюджетте;
жергiлiктi бюджеттер мәслихаттарының шешiмдерiмен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген жергiлiктi бюджеттерде тиiстi бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға және сомалар шегінде берiледi.
543. Кредиттiк шарт заңнамада талап етiлетiн негiзгi шарттарды қамтуы тиiс. Сондай-ақ кредиттiк шарт бюджеттік кредиттi беруге, оны пайдалануға, оған қызмет көрсетуге және өтеуге байланысты өзге де ережелердi қамтуы мүмкiн.
544. Кредиттiк шартқа қол қойған күннен бастап үш айдың iшiнде қарыз алушы бюджеттік кредит бойынша қарыз алушының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ететiн тиiстi шартқа қол қоюы тиiс.
545. Кредиттiк шарт ұлттық та, шетелдiк валютада да жасалады. Бюджеттік кредиттер өзгермелі де, тiркелген де сыйақы ставкасымен берiлуi мүмкiн.
546. Бюджеттік кредиттiң негiзгi борышын өтеу бойынша жеңiлдiктi кезеңнiң ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң тиiстi есептеулерiмен расталады.
Қаржы агенттiктерi үшiн бюджеттік кредиттiң негiзгi борышын өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең ұзақтығы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен анықталады. Бұл ретте жеңiлдiктi кезеңнiң ұзақтығы кредит мерзiмiнiң үштен бiрiнен аспауы тиiс.
547. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттік кредиттерi, бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, қаржы агенттiктерi бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкалары айналыс мерзiмi бюджеттік кредит мерзiмiне сәйкес келетiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық атқарушы орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелерi бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан тиiстi мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiң орта мөлшерлiк ставкасымен төмен болмай белгiленедi.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiң орта мөлшерлiк ставкасын анықтау тәртібі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
548. Бюджеттік кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы есептеу тиiстi шартқа қол қойылған күннен бастап бюджеттік кредит қайта құрылымдалған кезде бюджеттік кредит қаражатын кредит берушiнiң шотынан қарыз алушының шотына аударған күннен бастап жүзеге асырылады. Бюджеттік кредит бойынша сыйақы төлеудi жүзеге асыру бiрiншi күнтiзбелiк жылдан кешiктiрiлмей басталады.
ҚР Үкіметінің 2010.23.02. № 119 Қаулысымен 549-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
549. Қарыз алушы банк белгiлеген түпкi қарыз алушыға арналған сыйақы ставкасының мөлшерi агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын қоспағанда, осы Ереженiң 547-тармағына сәйкес белгiленген екi еселенген сыйақы ставкасынан аспауы тиiс.
550. Егер бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган эмитенттеген бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргiзiлмеген жағдайда, сыйақы ставкасы өткен кезеңнiң тиiстi валютасындағы сыйақы ставкасына тең белгiленедi.
551. Жасалған кредит шарттары жасасқан күннен бастап үш күннiң iшiнде:
республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен бюджеттік кредиттер бойынша Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бюджеттік кредиттер бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың тiркеуiне жатады.
552. Жергiлiктi атқарушы органдарға бюджеттік кредит беру тиiстi мәслихаттардың шешiмi болған кезде ғана жүзеге асырылады. Кредиттiк шарт бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен жергiлiктi атқарушы органның арасында жасалады.
553.Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит берген кезде кредиттiк шарт кредит берушiнiң тапсырмасы бойынша сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) мен жеке тұлғаның арасында жасалады.
Сенім бiлдiрiлген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшiн сыйақы төлеудi тиiстi бюджеттiң қаражаты есебiнен бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi жүзеге асырады.
554. Қарыз алушы қайтыс болған не оны қаза болған деп жариялаған жағдайда, мемлекеттік білім беру және студенттiк кредиттер бойынша талаптарды тоқтатуды нотариалды расталған қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесiн ұсынған кезде сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) жүзеге асырады.
555. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен берiлген бюджеттік кредит қарыз алушы негiзгi борыш сомасын қайтарған және толық көлемде сыйақыны және басқа да бюджеттік кредитпен байланысты iлеспе төлемдердi төлеген кезде өтелген болып саналады.
Қарыз алушы бюджеттік кредиттi пайдалану мен өтеу шартын бұзған жағдайда, кредит берушi кредиттiк шартты мерзiмiнен бұрын бұзуды және бюджеттік кредиттiң iс жүзiнде ұсынылған сомасын, есептелген сыйақыны және өзге де тиесiлi төлемдердi қайтаруды жүзеге асыра алады.
556. Бюджеттік кредиттi мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде кредит берушi немесе сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) қарыз алушыдан кредиттік шартта беліленген мөлшерде айыппұлды өндіре отырып, заңсыз пайдаланылған кредит сомасын өндіріп алады. Мақсатқа сай пайдаланылмаған кредит сомасына сол сияқты кредиттiк шартта анықталған бюджеттік кредиттi игеру кезеңiнен кейiн қарыз алушы пайдаланған сома жатады.
557. Кредиттiк шартта анықталған бюджеттік кредиттi игеру кезеңiнде қарыз алушы пайдаланбаған кредит сомасы ББС-ның түсiмдер сыныптамасының тиiстi кодына игеру кезеңi аяқталған күннен бастап үш күннiң iшiнде тиiстi бюджетке қайтаруға жатады.
558. Қарыз алушыда бюджеттік кредит бойынша берешек қалыптасқан және кредиттiк шарттың ережелерiнде анықталған мерзiм iшiнде оны өтемеген кезде кредит берушi әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн қайтаруға жататын соманың оннан бiр бүтiн пайызы мөлшерiнде өсiмақы есептейдi.