598. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алу көлемдерiн, нысандарын және шарттарын, ағамдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетiн үкiметтiк борышты өтеу және қызмет көрсету көлемдерiн анықтайды
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 599-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 599-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
599 Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін тартылатын үкіметтік қарыздар бойынша кезекті қаржы жылына арналған болжамды деректер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп:
1) қолданыстағы және тартылуы болжанған сыртқы үкіметтік қарыз қаражатын игеру болжамын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы борышының жинақталған қалдық деңгейін және халықаралық қаржы ұйымдары мен қарыз беруші елдердің үкіметтерімен, басқа да сыртқы қарыз берушілермен өзара іс-қимылдың перспективаларын ескере отырып, болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкіметтік сыртқы қарыздардың тізбесін қалыптастыру жолымен болжанатын үкіметтік қарыздарды;
3) ішкі және халықаралық капитал нарықтарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қоса алғанда, бюджет тапшылығының жоғарыда санамаланған көздер жаппаған бөлігін қаржыландыру үшін өзге де болжанған қарыз алу көздері мен құралдарын анықтауды қамтиды.
64-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жолымен қарыз алуы
600. Қазақстан Республикасының Үкіметі iшкi және халықаралық капитал нарықтарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы шешiм қабылдайды.
601. Халықаралық капиталдар нарықтарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару үшiн:
1) елдiң кредиттiк рейтингiн жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарығы мен әрiптестерiн анықтау жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
2) осындай мәмiле үшiн белгiленген талаптарға сәйкес қажеттi құжаттамалар дайындау жүзеге асырылады.
65-тарау. Қарыз шарттарын жасасу жолымен
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз алуы
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 602-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
602. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан сыртқы қарыз тартуды жобаны болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкіметтік сыртқы қарыздар тізбесінің шеңберінде іске асыруға бағытталған әрбір бюджеттік инвестициялық жоба және/немесе бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 603-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
603. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті кезеңге арналған болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкіметтік сыртқы қарыздар тізбесінің шеңберінде белгілі бір қарызды тарту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін дайындау үшін мүдделі министрліктер мен ұйымдарды тарта отырып:
1) қарыз капиталының конъюнктурасын зерделеудi және қарыз алу мүмкiндiгiн бағалауды;
2) ағымдағы қаржы жылына арналған жаңа үкiметтiк қарыздар есебiнен қаржыландыру ұйғарылатын жобаның қаржылық сипаттамасын талдауды;
3) орын алып отырған мүмкiндіктер шеңберiнде жобаны қаржыландыру бойынша баламалы ұсыныстарды дайындауды;
4) қарыз шарттарын (нысаны, қарыз алушылар, кредит алушылар, шектеулер) жасасу жолымен сыртқы қарызды тарта отырып жобаны қаржыландыру сызбасы бойынша ұсыныстар дайындауды;
5) жобаны қаржыландыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі үшiн ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
604. Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартын жасасу нысанында қарыз алу кезiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мыналарды:
1) қаржыландыруға ұсынылған жоба, күтiлетiн қарыз шарттары бойынша кредит берушiлермен келiссөздер ұйымдастыруды және өткізудi;
2) шарттардың қолайлылығын және олардың қаржылық (бюджеттік) шектеулерге сәйкестiгiн бағалауды;
3) қарыз шарты мен iлеспе құжаттардың жобаларын дайындауды;
4) қарыз қаражатын пайдалану қатынастарын, оны өтеу мен оған қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның түпкiлiктi қарыз алушылармен, қарыз алушылардың агенттермен қарыз бойынша мiндеттемелерiнiң есебiн жүргiзетiн және қызмет көрсететiн ұйымдармен қатынастарды реттейтiн құжаттарды дайындауды және ресiмдеудi қамтитын дайындықтарды жүзеге асырады.
605.Үкiметтiк қарыз бойынша құжаттамаларды келiсудi мүдделi мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Дайындалған құжаттамалар негiзiнде әдiлет органының қарыз бойынша құжаттамаға құқықтық сараптама жүргiзуi жүзеге асырылады, нәтижесi тиiстi қорытындымен ресiмделедi.
606. Қазақстан Республикасының Yкіметі бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның ұсынысы негiзiнде қарыз шартын жасасу жолымен үкiметтiк қарызды тарту туралы шешiм қабылдайды.
607. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiнде қарыз алуды жүзеге асыру нысаны мен оның көлемi, қарыз шартымен iлеспе құжаттарға қол қою үшiн Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ресми тұлғаларының өкiлеттiктерi белгiленедi.
608. Ресiмделген қарыз шартына қол қою Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
609. Халықаралық қаржылық ұйымдар және қарыз беруші елдердің үкіметтері қол қойған Қарыз шарты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ратификациялануына жатады.
610. Қол қойылған қарыз шарттары бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда тiркеуге жатады.
611. Сыртқы үкiметтiк қарыздар/байланысқан гранттар бойынша алынған қаражат республикалық бюджетте көрсетiледi және Қазақстан Республикасының жоспарлы жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес оның атқарылу ретiне қарай пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 612-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
612. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыздар/байланысқан гранттар жөніндегі атқарушы агенттердiң (түпкi қарыз алушылардың, Банктердiң, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң) мiндеттi түрде ұсынған, сондай-ақ кредит берушiлерден немесе донорлардан алынған ақпараттар негiзiнде сыртқы қарыздардың/байланысқан гранттардың қаражатын есепке алуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 613-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
613. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыздар/байланысқан гранттар жөніндегі атқарушы агенттердiң (түпкi қарыз алушылардың, Банктердiң, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң) мiндеттi түрде ұсынған, сондай-ақ қарыз берушiлерден немесе донорлардан алынған ақпараттар негiзiнде жобалардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Атқарушы агенттердiң ақпараттарды ұсыну нысаны мен мерзiмiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
66-тарау. Үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 614-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
614. Халықаралық қаржы ұйымдарының немесе басқа қарыз берушілердің (бұдан әрі - қарыз берушілер) Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін қарыз шарттары немесе байланысты грант туралы келісімдер шеңберінде қарыз қаражатын пайдалану мониторингін жүзеге асыру мақсатында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жоба құрауыштары бөлінісінде, оның ішінде республикалық бюджеттің қаражатынан жылдар бойынша қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнің бүкіл қолданылу кезеңінде іс-шаралар тізбесін, қаржыландырудың мерзімі мен көлемін қамтитын Инвестициялық жобаны іске асыру жоспарын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға және бекітуге шығарады.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 615-тармақ өзгертілді
615. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi:
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) белгіленген штат саны шегінде жобаны іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшені анықтайды;
2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезiнде жобаны қаржыландыру көлемiн белгiленген тәртiппен жоспарлайды;
3) қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде көзделген рәсiмдерге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу жолымен жобаны iске асыруды жүзеге асырады;
4) қарыз берушімен келісілген конкурстық комиссияның шешiмi негiзiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсететін қызметтердi сатып алуға келісім-шарттар жасасады;
5) жасасқан келісім-шарттардың мониторингiн, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражатының, байланысқан гранттың және қазақстан тарапының бiрлесiп қаржыландырған қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
6) жыл сайын ағымдағы жылдың жиырмасыншы желтоқсанына қарай бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға алдағы қаржы жылына арналған сатып алудың егжей-тегжейлi жоспарын ұсынады.
7) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәілетті органмен қарыз шартына және байланысқан грант туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оның ішінде қарыз санаттары бойынша қаражатты қайта бөлу, қарыздың (гранттың) қаражатына қол жеткізу мерзімін ұзартуды, сондай-ақ республикалық бюджеттен сыртқы үкіметтік қарыздарды қоса қаржыландыру қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру шеңберінде консультанттардың қызметтеріне сыйақының шекті сомаларын келіседі.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 616-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
616. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан қарыз алушы ретiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
1) осы Ереженің 59-тарауымен регламенттелетін егер мұндай, қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде немесе жобаларды қаржыландыру схемасында көзделген жағдайда жобаны iске асыруға қатысу үшiн қазақстандық екiншi деңгейдегi банктердi немесе басқа ұйымдарды iрiктеудi жүзеге асырады;
2) Банктермен келісім бойынша үкiметтiк сыртқы қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бiрлесiп қаржыландыру қаражатын республикалық бюджетке қайтару туралы түпкi қарыз алушымен кредиттiк шарт әзiрлейдi және оған қол қояды;
3) қарыз шартты немесе байланысты грант туралы келісімді пайдалану мониторингiн жүзеге асырады;
4) қарыз шартына немесе байланысты грант туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді келіседі.
67-тарау. Қарыз және грант қаражаты есебiнен тауарларды,
жұмыстар мен қызметтердi сатып алу бойынша конкурстар өткізу
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 617-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
617. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу бойынша конкурстар өткізу кезiнде бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi:
1) қарыз берушімен сатып алынатын тауарлардың, консультанттар үшiн техникалық тапсырмалардың, сондай-ақ мердiгерлер үшiн техникалық құжаттамалардың техникалық ерекшелiктерiн әзiрлейдi және келiседi;
2) конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын бағалау үшiн конкурстық комиссия құрады. Төрағаны қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы және кемi үш адам болуы тиiс;
3) қарыз берушінің рәсiмдерiн және тәртібін басшылыққа алады;
4) жоба шеңберiнде жасалған келісім-шарттардың орындалуын бақылайды.
618. Конкурсқа қатысушылардың біліктiлiктерiне, сатып алынатын тауарлардың, мердiгерлер үшiн конкурстық құжаттамалардың, сондай-ақ атқарушы агенттердiң консультанттары үшiн техникалық тапсырмалардың техникалық ерекшелiктерiне қойылатын талаптарды әзiрлеу кезiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен қарыз берушінің алдын ала келісімi бойынша отандық компаниялардың қатысу мүмкіндіктерi ескерiлуi тиiс.
619. Белгiленетiн біліктiлiк талаптарының дәрежесi келісім-шарттардың уақытылы және сапалы атқарылуына ешқандай қауiп төндірмеуі тиiс, өз кезегiнде отандық компаниялардың конкурсқа қатыспай қалуына себеп болуы мүмкiн негiзсiз жоғары талаптардың орын алуын жою қажет.
620. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу бойынша қарыз берушінің ережелерiнде отандық мердiгерлерге, тауарлар өндiрушiлерге (берушiлерге) және консультанттарға көзделген жеңiлдiктер орын алған жағдайда атқарушы агент конкурстық құжаттарда көзделген жеңiлдiктердi ескере отырып түскен конкурстық ұсыныстарды бағалау және салыстыру рәсiмдерi сипатталған тиiстi баптарды көздеуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 621-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
621.Егер, халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, үкiметтiк сыртқы қарыз немесе байланысқан грант шеңберiнде қаржыландырылатын жобаны iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының бiрлесiп қаржыландыру қаражатынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
68-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды
алу және пайдалану тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 622-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
622. Осы тарау мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың есебiнен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобаларды (бұдан әрi - инвестициялық жобалар) іріктеу тәртібін және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiктер) беру рәсiмдерiн анықтайды.
623. Мемлекеттік кепiлдiктер беру процесi мынадай негiзгi кезеңдердi:
1) инвестициялық жобаларды iрiктеудi;
2) басым бюджеттік инвестициялық жобалар тiзбесiн қалыптастыруды, қарау мен бекітудi;
3) мемлекеттік кепiлдiктi берудi қамтитын іс-шаралар кешенінен тұрады.
624. Мемлекеттік (үкiметтiк, тәуелсiз) (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiктер) кепiлдiктер беру процесінің негiзгi қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкiлеттi органдар, экономикалық жоспарлау жөніндегі, бюджеттi атқару жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау, еңбек жөніндегі уәкiлеттi орган, әдiлет органы, Республикалық бюджет комиссиясы, Қазақстанның Даму Банкi болып табылады.
625. Қарыз алушылар:
1) техникалық-экономикалық негiздеменi (бұдан әрi - ТЭН) және инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын даярлауды жүзеге асырады;
2) осы Тәртiпке және мемлекеттік кепiлдiктер беру процесiне қатысушылардың талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды қарау үшiн талап етiлетiн құжаттамаларды ұсынуды қамтамасыз етедi.
626. Салалық уәкiлеттi органдар:
1) инвестициялық жобаларға салалық сараптама жүргiзедi;
2) салалық сараптаманың нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындыларды ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 627-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
627. Бюджет атқару жөніндегі уәкілетті орган:
1) инвестициялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
2) мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздарды беру шарттары бойынша ықтимал кредиторлармен келiссөздер жүргiзедi;
3) мемлекеттік кепiлдiктер беру туралы келісім жасасады;
3-1) республикалық бюджеттік комиссияның қарауына жоспарланып отырған мерзімге мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті бойынша ұсынысты, инвестициялық жобалардың тізімінің жобасын қалыптастырады және енгізеді;
4) мемлекеттік кепiлдiктер бередi.
628. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган жоспарланған қызметтi iске асыруға, оларды iске асыру туралы шешiм қабылдау алдындағы кезеңдегi жоспарланған қызметтiң экологиялық талаптарына сәйкестiгiн бағалауға байланысты ықтимал терiс салдарларын алдын алу және өндiрiстiк күштердi орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамданған өзгеруiн сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
629.Еңбек жөніндегі орталық уәкiлеттi орган iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 630-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
630. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган:
1) инвестициялық жобаларды қарау үстінде ұйымдық басшылықты қамтамасыз етедi;
2) инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындысын жүзеге асырады;
3) мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тарту үшiн несие капиталының нарықтарын (iшкi және сыртқы) анықтайды;
4) ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
631. Әдiлет органы мемлекеттік кепiлдiктермен жасалатын қарыз шарттарына заң сараптамасын жүргiзедi.
632. Қазақстан Даму Банкi:
1) банк сараптамасын жүзеге асырады;
2) инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлген инвестициялық жобаларға қызмет көрсету жөніндегі агенттiң функциясын орындайды.
633. Республикалық бюджет комиссиясы:
1) жоспарланған кезеңге мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін анықтайды;
2) инвестициялық жобалардың тізілімін анықтайды;
3) әр инвестициялық жоба үшін жоспарланған жылға мемлекеттік кепілдіктерді беру шегінде мемлекеттік кепілдік мөлшерін анықтайды.
634. Мемлекеттік кепiлдiктер беру үстінде өз құзыретiнiң бөлiгiнде заңнамаға сәйкес инвестициялық жобаларды бағалауды (сараптаманы) жүргiзуге өкiлеттiк берiлген уәкiлеттi басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қатысады.
69-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен мемлекеттік
емес қарыздар қаражатының есебiнен қаржыландыру
үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеу
635. Мемлекеттік кепiлдiк алуға үмiткер заңды тұлғалар мынадай құжаттарды:
TЭH;
салалық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкінің банктiк сараптамасының және заңнамаға сәйкес қажеттi басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын қоса бере отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешiктiрiлмеген мерзiмде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға өтiнiмдi ұсынады.
636. Жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкес толық емес құрамдағы құжаттармен ұсынылған өтiнiмдердi мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган қарамайды.
Жоғарыда көрсетiлген мерзiмнен кейiн ұсынылған өтiнiмдер кезекті жылы мемлекеттік кепiлдiктер беру тұрғысынан қаралмайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 637-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
637. Осы Ереженiң 639-тармағына сәйкес өтiнiмдi ұсынғаннан кейiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргiзудi ұйымдастырады және екi ай iшiнде экономикалық сараптамасын әзiрлейдi.
638. Инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы - жоба TЭH әзiрлеу шеңберiнде, осы Ережеде көзделген сараптамалар бойынша қорытындылар негiзiнде жүргiзiлген инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешендi бағалау, ол мыналарды:
жоба мақсаттарының басым мемлекеттік инвестицияларға сәйкестiгiн бағалауды;
экономикалық талдауды бағалауды;
инвестициялық жоба iске асырылған жағдайда республикалық және жергiлiктi бюджеттерге салық түсiмдерiнiң ағынын талдауды қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 638-1-тармақпен толықтырылды
638-1. Мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге және экономикалық сараптамаға талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
Мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған заңды тұлға жүзеге асырады.
639. Осы тарауда көрсетiлген сараптамаларды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесiн тиiстi мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдар анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 639-1-тармақпен толықтырылды
639-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша ТЭН экономикалық сараптаманы есепке ала отырып қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер заңды тұлғаларға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 639-2-тармақпен толықтырылды
639-2. Мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер заңды тұлғалар бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша бекітілген ТЭН-ні, ол бойынша оң экономикалық қорытындыны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да қорытындыларды ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 639-3-тармақпен толықтырылды
639-3. Бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады.
640. Осы Ереженiң 635-тармағында көрсетiлген сараптамаларға оң қорытындылардың бары-жоғы мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiне инвестициялық жобаны енгізу үшiн шарт болып табылады.
70-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру, қарау және бекіту
641. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде жоспарланып отырған үш жылдық кезеңге мемлекеттік кепiлдiктердi беру лимитiн анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 642-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
642. Бюджеттік жоспарлау-жөніндегі уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 20 шiлдесiнен кешiктiрмеген мерзiмде экономикалық қорытындылар негiзiнде жобалар бойынша экономикалық қорытындыларын қоса бере отырып, мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 643-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
643. Республикалық бюджет комиссиясы бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган ұсынған инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қарау кезiнде кезекті жылға арналған мемлекеттік кепiлдiктердi беру лимитiне енетiн, бiр жылға арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiн анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 644-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
644. Республикалық бюджет жобасын қалыптастыру барысында бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет комиссиясының шешiмi бойынша инвестициялық жобалардың тiзбесiн пысықтайды және әрбiр инвестициялық жоба бойынша мемлекеттік кепiлдiктердiң сомасын қайта қарайды.
645. Республикалық бюджет комиссиясының қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жеке шешiмiмен бекітіледi және жариялануға тиiс.
71-тарау. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша
мемлекеттік кепiлдiктер беру рәсiмi
646. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiмен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiткеннен кейiн және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен келісілген қарыз шартының жобасы бар болған кезде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыз алушылармен және Қазақстанның Даму Банкiмен мемлекеттік кепiлдiктер беру туралы келісім жасасады.
647. Қарыз алушылар TЭH жобасын, салалық сараптаманың, экономикалық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкінің банктiк сараптамасының және заңнамаға сәйкес қажеттi басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган инвестициялық жобаның сараптамасын жүргiзудi ұйымдастырады және екi ай iшiнде тиiстi қорытындыны әзiрлейдi.
648. Инвестициялық жобаның сараптамасы бойынша бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның қорытындысы мыналарды:
мемлекеттік кепiлдiкпен берiлген мемлекеттік емес қарыздың қаржылық шарттарын;
мемлекеттік кепiлдiктердi алғаны туралы өтiнiш бiлдiргенге дейiн үш жылдан кем емес кезеңде қарыз алушының қаржылық жай-күйiн және заңды мәртебесiн;
қарыз алушы беретiн мемлекеттік кепiлдiктер бойынша қамтамасыз етудi;
қаржылық және техникалық тәуекелдердi;
мемлекеттік кепiлдiктi алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын Бюджет кодексiнiң талаптарына қарыз алушының сәйкестiгiн бағалауды қамтиды.
649. Мемлекеттік кепiлдiк қарыз берушiге қарыз шартын, мемлекеттік кепiлдiктер беру туралы келісімдi жасасқаннан, сондай-ақ бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған кезде қарыз алушының мемлекеттік кепiлдiктi бергенi үшiн алдын ала бiржолғы төлемдi (алымды) төлегенiнен кейiн берiледi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 650-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
650. Мемлекеттік кепiлдiктi беру туралы келісім мыналарды:
1) қарыз алушыға қойылатын талаптарды:
а) қарыз бойынша ағымдағы мiндеттемелердi қамтамасыз ету үшiн қажеттi алдағы төлемдер мөлшерiнде шартты салымның (қызмет көрсету шотының) арнайы шотында ақша сомасын жинауды жүргiзудi;
б) бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға және Қазақстан Даму Банкiне бар, оның iшiнде Қазақстан Республикасының ҰБ-дағы, екiншi деңгейдегi банктердегi, шетелдiк банктер мен заңнамада белгiленген тәртiппен банктiк операциялардың жекелеген тyрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы банктiк шоттар туралы мәлiметтердi ұсынуды;