Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 1280 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 183 және 188-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
«Бюджеттік кредит беру тәртібі» деген 11-бөлімде:
«Бюджеттік кредит беру жөніндегі қаржылық рәсімдер» деген 57-тарауда:
тараудың тақырыбындағы «рәсімдер» деген сөзден кейін «, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 565-1 және 565-2-тармақтармен толықтырылсын:
«565-1. Бюджеттік кредит беру кезінде қарыз алушы жеке тұлғаның мынадай құжаттарды беруі талап етіледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
3) бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы құжат;
4) ұйғарылатын кепілді қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепіл мүлкіне өзге ауыртпалықтарының жоқтығын растайтын құжат.
565-2. Бюджеттік кредит беру кезінде қарыз алушы мамандандырылған ұйымдардың мынадай құжаттарды беруі талап етіледі:
1) таратып жазуды, оның ішінде дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазуды қоса бере отырып, алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша бухгалтерлік теңгерім;
2) алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
3) алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша табыстар мен шығындар туралы есеп;
4) тәуелсіз аудитордың алдыңғы қаржы жылындағы қорытындысы;
5) ұйғарылатын кепілді қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепіл мүлкіне өзге ауыртпалықтарының жоқтығын растайтын құжат;
6) тиісті салық органының салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жоқ (бар) екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
7) түпкілікті қарыз алушыға бюджеттік кредит беру кезінде алынатын маржа туралы құжат;
8) құрылтай құжаттары;
9) кредит саясаты туралы құжат.»;
мынадай мазмұндағы 59-1-тараумен толықтырылсын:
«59-1-тарау. Қаржы агенттіктерін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібі мен өлшемдері.
582-1. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу үшін агенттік бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мынадай құжаттарды жібереді:
1) тізбеге енгізуге арналған өтініш;
2) Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептілік (бухгалтерлік теңгерім, табыстар мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба);
4) тиісті салық органының салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жоқ (бар) екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.
582-2. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде осы Ереженің 582-1-тармағында көрсетілген құжаттарды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
582-3. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар банктер мен ұйымдар үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемдері осы Ереженің 110-қосымшасына сәйкес, өзге қаржы агенттіктері үшін осы Ереженің 111-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
582-4. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламаның әкімшісінен осы Ереженің 582-1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Ереженің 110 және 111-қосымшаларына сәйкес қаржы агенттігін тізбеге енгізу туралы ұсыныс енгізеді»;
осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Ереже 110 және 111-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
№ 1280 қаулысына
1-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне
110-қосымша
Қаржы агенттіктерін банктік операциялардың жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын, мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар банктер мен
ұйымдар үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы
агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемдері
Р/с № | Атауы | Есеп | Ұсынылатын мәндер | Түсініктемелер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Жеке қаражатты пайдалану коэффициенті | ЖК/Нбер | >1 | Жеке қаражатты пайдалану коэффициенті жеке капиталдың жұмыс операцияларында қаншалықты пайдаланылатындығын көрсетіп отыр. |
2 | Жеке қаражат көздерінің артығы (жетіспеуі) | ЖК/ИА | >1 | Жеке қаражат көздерінің артығы (жетіспеуі). Көрсеткіштің серпіндегі өсуі қаржылық жағдайының жақсару жағына банктің нысаналы қызметі туралы куәландырады. |
3 | Капиталдағы пайда үлесінің коэффициенті | (ЖК-ЖарК)/ЖК | >0,1 | Капиталдағы пайда үлесінің коэффициенті банк капиталының қандай бөлігі пайда есебінен қалыптасқанын көрсетеді. |
4 | Жеке капиталдың рентабельділігі (RОЕ) | Пд/ЖК | >0,2 | Жеке капиталдың рентабельділігі (RОЕ) жеке капиталды пайдалану тиімділігін көрсетеді |
Негізгі қысқартулар:
ЖК - жеке капитал
Нбер - несие портфелі
ША - шашыратылған активтер
ЖарК - жарғылық капитал
Пд - пайда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
№ 1280 қаулысына
2-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне
111-қосымша
Қаржы агенттіктерін басқа қаржы агенттіктері үшін республикалық
бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын
қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне
енгізу өлшемдері
Р/с № | Атауы | Есеп | Ұсынылатын мәндер | Түсініктемелер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қаржылық тәуелсіздігі коэффициенті | ЖК/ЖА | 0.5-0.8 | Қаржылық тәуелсіздігі коэффициенті қаржы агенттіктерінің қарыздардан тәуелділігін сипаттайды. Жеке капитал мөлшерін жиынтық активке бөлуден алынған бөлінді ретінде есептеледі. Коэффициенттің мәні қаншалықты төмен болса, компанияның қарыздары көбірек, төлем қабілетсіздігі тәуекелі де жоғары. |
2 | Пайыздарды жабу коэффициенті | Салық салуға дейінгі табыс және кредиттер бойынша сыйақылар/есептелген сыйақы сомасы | >1 | Пайыздарды жабу коэффициенті кредит берушілердің ұсынылған кредит үшін пайыздарды төлемеуден қорғалу дәрежесін сипаттайды. Осы көрсеткіш пайыздарды төлеу үшін пайдаланылатын рұқсат етілетін пайданы төмендету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Салықтарды ұстағанға дейінгі табысты және кредиттер бойынша сыйақыны кредиттер бойынша есептелген сыйақы сомасына бөлу жолымен есептеледі. |
3 | Ағымдағы өтімділік коэффициенті | АҚ/ҚМ | 1-2 | Ағымдағы өтімділік коэффициенті айналым қаражатын қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлуден алынған бөлінді ретінде есептеледі және кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін қаражатының жеткілікті екендігін көрсетеді. |
4 | Таза айналым капиталы | АА-ҚМ | >0 | Таза айналым капиталы айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы айырма ретінде есептеледі. |
Негізгі қысқартулар:
ЖК - жеке капитал
ЖА - жиынтық актив
АҚ - айналым қаражаты
ҚМ - қысқа мерзімді міндеттемелер
АА - айналым активтері