жоюға қатысуы
16-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын төтенше жағдайларды жоюға тарту
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын төтенше жағдайларды жоюға тарту:
аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызмет көрсететiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарларына сәйкес;
басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезіндегі өзара iс-қимыл жоспарларына сәйкес;
төтенше жағдайлардың пайда болуы мен өрiстеуi кезіндегі iс-қимылдардың белгiленген тәртібімен;
аумағында төтенше жағдайлар қалыптасқан немесе өкiлеттiгiне аталған төтенше жағдайларды жою жатқызылған уәкілетті органның , ұйымдардың сұрау салуы негiзiнде, төтенше жағдайларды жою басшыларының сұрау салуы негiзiнде не аталған органдардың және төтенше жағдайларды жою басшыларымен келісім бойынша - аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметiне басшылықты жүзеге асыратын не соған Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өкiлеттiгi бар орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Суда құтқару қызметтерін төтенше жағдайларды жоюға тартуды төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады.
2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын соған уәкiлеттi лауазымды адамдардың шешiмi бойынша төтенше жағдайларды жоюға тарту объектiлер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалуының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген деңгейiн қамтамасыз ететiн шаралардың мiндеттi түрде қолданылуымен қатар жүргiзiлуге тиiс.
3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жеке құрамын, көлiк және техникалық құралдарын олардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі негiзгi мiндеттерiмен байланысы жоқ жұмыстарды орындау үшiн тартуға болмайды.
17-бап. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға басшылық жасау
1. Төтенше жағдайларды жоюға тартылған барлық күштер мен құралдарға басшылық жасауды және олардың өзара iс-қимылдарын ұйымдастыруды төтенше жағдайларды жою басшылары жүзеге асырады.
15.06.04 ж. № 563-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Төтенше жағдайларды жою басшысының өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Төтенше жағдайлар аймағына бiрiншi болып келген авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының басшылары өздерiне төтенше жағдайларды жою басшыларының өкiлеттiгiн қабылдайды және ол өкiлеттiктi төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарларымен белгiленген немесе орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, осы төтенше жағдайларды жою өз өкiлеттiгiне жатқызылған ұйымдардың басшылары тағайындаған төтенше жағдайларды жою басшылары келгенге дейiн атқарып, олардың қарамағына кiредi.
4. Төтенше жағдайларды жою басшыларының төтенше жағдайларды жоюға бағытталған шешiмдерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, төтенше жағдайлар аймақтарындағы барлық лауазымды адамдар, азаматтар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады.
5. Төтенше жағдайларды жою басшыларын белгiленген тәртiпте мiндетiн атқарудан шеттетiп, басшылықты өзiне қабылдаудан немесе басқа лауазымды адамды тағайындаудан басқа ретте олардың төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау қызметiне араласуға ешкiмнiң құқығы жоқ.
6. Өте қажет болған жағдайда (адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төнгенде) төтенше жағдайларды жою басшылары:
көшiру шараларын жүргiзу туралы;
төтенше жағдайлар аймақтарындағы ұйымдардың қызметiн тоқтату туралы; төтенше жағдайлар аймақтарындағы объектiлерде және ұйымдар аумақтарында құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу туралы;
төтенше жағдайлар аймақтарына адамдардың баруын шектеу туралы;
төтенше жағдайлар аймақтарындағы ұйымдардың материалдық ресурстар резервтерiн төтенше жағдайларды жою үшiн ашу туралы;
ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiк құралдары мен өзге де мүлкiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шығындарын кейiннен өтеп пайдалану туралы;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын, сондай-ақ құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге аттестаттаудан өткендiгiн растайтын құжаттары болған жағдайда, аталған құрамалардың құрамына кiрмейтiн құтқарушыларды тарту туралы;
шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ерiктi негiзде халықты, сондай-ақ құтқарушылар болып табылмайтын жекелеген азаматтарды олардың келісімiмен құтқару жұмыстарын жүргiзуге тарту туралы;
төтенше жағдайлардың өрiстеуiне және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың барысына қарай басқа да қажеттi шараларды қолдану туралы дербес шешiм қабылдауға құқылы.
7. Төтенше жағдайларды жою басшылары тиiстi мемлекеттік органдарды, ұйымдардың басшылығын өте қажет болған жағдайда өздерi қабылдаған шешiмдер туралы дереу хабардар ету жөнiнде барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
8. Төтенше жағдайларды жою басшылары, авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының басшылары құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру үшiн қажеттi төтенше жағдайлар туралы толық әрi айқын ақпарат алуға құқылы.
9. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың бүкiл көлемiн жүргiзуге технологиялық мүмкiндiк болмаған жағдайда төтенше жағдайларды жою басшылары бiрiншi кезекте төтенше жағдайлар аймақтарындағы адамдарды құтқару жөнiнде барлық мүмкiн болған шараларды қолдана отырып, аталған жұмыстарды толық немесе олардың бiр бөлiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдай алады.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
18-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына олардың өз қызметiн жүзеге асыруына жәрдемдесу
1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар төтенше жағдайлар аймақтарына бара жатқан және орналасқан жерiне қайтып келе жатқан авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына кейiннен оларға өтемi жасалатын, қажеттi көлiк пен материалдық құралдарды бере отырып барынша жәрдем көрсетуге мiндеттi.
2. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар жүргiзiлетiн жерге бара жатқан кезде кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жедел көлiгi, оның iшiнде уақытша тартылған және жалға алынған көлiк кедергiсiз жүру құқығын аэродромдарда, автомобильдерге май құю станцияларында, теңiз және өзен порттарында жанар-жағармай материалдарымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станцияларында, аэродромдарда, теңiз және өзен порттарында жөндеу жұмыстарын бiрiншi кезекте жүргiзу құқығын пайдаланады.
19-бап. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң, Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының күштерi мен құралдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң, Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының күштерi мен құралдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту Қазақстан Республикасының Конституциясына және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
20-бап. Құтқарушылар қызметiнiң құқықтық кепiлдiктерi
1. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу барысында құтқарушылар осы Заңды, авариялық-құтқару қызметiнiң мәселелерi жөніндегі өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады және құрамында аталған жұмыстарды жүргiзетiн авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының басшыларына ғана бағынады.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, барлық меншiк нысанындағы ұйымдар басшылары және азаматтар өз қызмет мiндеттерiн атқаруы кезiнде құтқарушыларға жәрдемдесуге мiндеттi.
3. Өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатымен құтқарушыларға қандай да жолмен болсын ықпал етуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
4 тарау. Құтқарушылар және олардың мәртебесi
21-бап. Құтқарушылар
1. Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық куәландырудан өткеннен, дене шынықтыру жөніндегі нормативтердi орындағаннан, құтқарушылар даярлаудың бағдарламалары бойынша оқып-үйренуден кейiн құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге аттестаттау нәтижелерi бойынша тиiстi аттестаттау органдары шешiмiнiң негiзiнде олар құтқарушы мәртебесiн алады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарына құтқарушы мәртебесiн беру туралы аттестаттау органдарының шешiмi қабылданған кезде оларға белгiленген үлгiдегi куәлiк, құтқарушы кiтапшасы, бетiне тегi, аты, әкесiнiң аты, қан тобы және құтқарушының тiркеу нөмiрi жазылған жетон берiледi.
Құтқарушы кiтапшасы құтқарушының құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға қатысуын есепке алуға арналған. Құтқарушы кiтапшасы туралы ереженi уәкілетті орган бекiтедi.
22-бап. Құтқарушыларды аттестаттау
1. Құтқарушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан өтедi және одан кейiн тұрақты түрде қайта аттестаттаудан өтiп отырады.
2. Қайта аттестаттаудан өтпеген құтқарушылар құтқарушы мәртебесiнен айырылады.
23-бап. Құтқарушылардың құқықтары
1. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға тартылған құтқарушылардың аталған жұмысты жүргiзетiн жерге бару кезiнде көлiктiң барлық түрiне билеттердi кезексiз алуға құқығы бар.
15.06.04 ж. № 563-II ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
2. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу барысында құтқарушылар:
адамдарды құтқаруға бағытталған кез келген шараларды қолдануға;
өз мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi толық әрi айқын ақпарат алуға;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн ұйымдардың аумағы мен өндiрiстiк объектiлерiне, тұрғын үйлерге кедергiсiз кiруге;
төтенше жағдайлар аймағындағы адамдардың бәрiнен белгiленген қауiпсiздiк шараларын сақтауды талап етуге;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу технологиясына сәйкес жабдықталуға және жарақтандырылуға;
адамдарды құтқару үшiн және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiгiн, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпте пайдалануға;
қызметтiк iздестiру иттерiн қолдануға құқылы.
3. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қатысқан құтқарушылар медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпте медициналық және психологиялық оңалту жәрдемiн алуға құқылы.
4. Құтқарушылар жұмыс уақытында өздерiнiң теориялық білімдерi мен кәсiби шеберлiктерiн белгiленген тәртiпте жетiлдiруге құқылы.
15.06.04 ж. № 563-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Кәсiби және ерiктi авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушылары құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезеңiнде шығыны авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын ұстауға бөлiнетін қаражат есебiнен төленетiн тамақ өнiмдерiмен Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген нормалар бойынша және тұратын орынмен қамтамасыз етiлуге құқылы.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Еңбек шарты бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау барысында зардап шеккен кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушылары, сондай-ақ ерiктi авариялық-құтқару қызметiнiң құтқарушылары және құтқарушы болып табылмайтын азаматтар оларды құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге тартқан кезде тегiн медициналық қызмет көрсетiлуiне құқылы.
Ерiктi авариялық-құтқару қызметiнiң құтқарушыларын және құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарды құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге тартқан кезде олардың негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталады.
24-бап. Құтқарушылардың мiндеттерi
1. Құтқарушылар:
зардап шеккен адамдарды iздестiруге, оларды құтқару жөнiнде шаралар қолдануға, оларға алғашқы медициналық және басқа да жәрдем түрлерiн көрсетуге;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қатысуға дайын болуға, өздерiнiң дене шынықтыру, арнаулы, медициналық, психологиялық даярлығын жетiлдiруге;
авариялық-құтқару құрамаларының құрамындағы iс-қимылдар дағдыларын жетiлдiруге;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу технологиясын мүлтіксiз сақтауға;
құрамында құтқарушылар аталған жұмыстарды атқаруға қатысатын авариялық-құтқару құрамалары басшыларының құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу барысында беретiн бұйрықтарын мүлтiксiз орындауға;
төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында азаматтарға қауiпсiз жүрiп-тұру ережелерiн және ондай жағдайлар туындаған ретте iс-қимылдар жасау тәртібін түсiндiруге мiндеттi.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының мiндеттерi тиiстi жарғылармен, ережелермен, тәлiмдемелермен белгiленедi және олар еңбек шартының құрамдас бөлiгi болып табылады.
25-бап. Құтқарушылардың жұмыс (қызмет) және демалыс режимi
1. Күнделiктi қызметте кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс (қызмет) режимi iшкi еңбек тәртібінiң ережелерiмен, кезекшiлiк кестелерiмен, сабақтар немесе арнайы дайындық жөніндегі өзге де шаралар кестелерiмен белгiленедi.
2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс режимi жұмыс күнi мен жұмыс жылы iшiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес медициналық талаптар және санитариялық-гигиеналық нормалар ескерiле отырып белгiленедi.
3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының құтқару жұмыстарын және шұғыл жұмыстарды жүзеге асыру кезеңiнде күту және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға аттануға ұдайы дайын болу режимiнде кезекшiлiк өтеу уақыты кезекшiлiктiң әр сағаты үшiн сағаттың төрттен бiрi мөлшерiнде есептелiнедi.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс режимi мен жұмыс ауысымының ұзақтығын төтенше жағдайлардың сипатын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу ерекшелiктерiн және медициналық ұсыныстарды ескере отырып төтенше жағдайларды жою басшылары белгiлейдi.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.12 № 97-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Орталық атқарушы органдардың кәсiби авариялық-құтқару қызметiмен құрамаларының құтқарушыларына ұзақтығы 30 күнтiзбе күндiк ақылы демалыс берiледi. Әрбір үш жыл стаж үшін ақысы төленетін қосымша, ұзақтығы бір күн, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын демалыс беріледі.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Кәсіби авариялық-құтқару қызметі мен
құрамалары құтқарушыларына еңбекақы төлеу
1. Кәсіби авариялық-құтқару қызметі мен құрамалары құтқарушыларына еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 3 тармақпен толықтырылды
3. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін жұмыс стажына қарай ай сайын лауазымдық айлықақысына процент есебімен еңбек сіңірген жылдары:
үш жылдан асқанда - он бес процент;
бес жылдан асқанда - жиырма процент;
он жылдан асқанда - отыз процент;
он бес жылдан асқанда - қырық процент;
жиырма жылдан асқанда елу процент мөлшерінде үстемеақы төленеді.
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін проценттік үстемеақы төлеу үшін стаж Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен есептеледі.
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды
4. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушылары жалақысының мөлшері олар қызмет көрсететін ұйымдардың тиісті санаттардағы қызметкерлерінің жалақысы мөлшерінен төмен болмайды.
27-бап. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының тұрғын үй алу құқығы
2008.04.12 № 97-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Орталық атқарушы органдардың, ұйымдардың кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушыларына және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нормалар бойынша мемлекеттік және ведомстволық тұрғын үй қорының есебiнен тұрғын үй-жай берiледi.
2. Тұрғын үй алуға (тұрған үй жағдайларын жақсартуға) мұқтаж болған, қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының отбасылары, сондай-ақ құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге тартылған және аталған жұмыстарды жүргiзу барысында қаза тапқан (қайтыс болған) ерiктi авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының және құтқарушылар болып табылмайтын азаматтардың отбасылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттар мен тәртiпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан оны алу (тұрғын үй жағдайын жақсарту) құқығын сақтайды.
3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушылары пәтерлерiне телефондарды ақылы негiзде бiрiншi кезекте орнатуға құқылы.
28-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк кепiлдiктерi
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құтқарушыларды сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Құтқарушылар мемлекеттік органдар мен ұйымдардан шарттар негiзiнде келiп түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн.
3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (өлген) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде өлген жағдайда асырауындағы адамдарға оның соңғы атқарған қызметi бойынша бiр жылдық жалақысының кемiнде он есе мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде алынған зақым (жарақаттану, жаралану, контузия), сырқат салдарынан мүгедектiк белгiлеу кезiнде оған:
I және II топтардағы мүгедекке - бiр жылдық жалақысының бес еселенген мөлшерiнде;
III топтағы мүгедекке - бiр жылдық жалақысының екi еселенген мөлшерде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiк белгiленбей, еңбек қабiлетiн тұрақты жоғалтқан ауыр зақым (жарақаттану, жаралану, контузия), сырқат алған жағдайда оған бiр жылдық жалақысынан кем емес мөлшерде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
6. Егер құтқарушының қаза табуы (өлуi), жарақаттануы, жаралануы (зақымдануы), сырқаттануы қызметтiк мiндетiн атқарумен байланысты емес мән-жайларға қатысты болғандығы белгiленген тәртiпте дәлелденсе, осы Заңның 3, 4, 5-тармақтарында белгiленген бiр жолғы жәрдемақы төленбейдi.
7. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қайтыс болған немесе қаза тапқан құтқарушысын жерлеу үшiн тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленетiн мөлшерде жәрдемақы берiледi.
8. Осы баптың 3, 4, 5, 7-тармақтары бойынша жәрдемақы авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын ұстайтын ұйымдардың қаражаты есебiнен, төленiп, осы ұйымдардың шығындары залал келтiрушiнiң есебiнен кейiннен толық көлемiнде өтеледi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
29-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметкерлерiнiң қосымша құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктерi
1. Еңбек жағдайы зиянды әрi қауiптi ұйымдарға қызмет көрсететiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушыларына Қазақстан Республикасының заңдарымен осы ұйымдар үшiн белгiленген құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi қолданылады.
2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2004.20.12. бастап қолданысқа енгізілді)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Ерікті авариялық-құтқару құрамаларының құтқарушыларын, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тартылатын құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарды әлеуметтік қорғау кепілдіктері
Осы Заңның 28 және 29-баптарында көзделген құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құрамаларының құтқарушыларына, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылған кезде, құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға қолданылады.
5 тарау. Қорытынды ережелер
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Заңдардың бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк
Еңбек шарты бойынша жүктелген мiндеттердiң орындалмауына, төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргiзу кезiнде азаматтардың денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтiрiлуіне, табиғи ортаға, материалдық және мәдени қазыналарға залал тигiзiлуiне кiнәлi авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жұмыстарының басшылары және құтқарушылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
32-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң мәселелерi жөніндегі дауларды шешу тәртібі
Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң мәселелерi жөніндегі дауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте соттар шешедi.
33-бап. Төтенше жағдайларды жоюға авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын тарту жөніндегі халықаралық шарттар
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi төтенше жағдайларды жоюға кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын тарту Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.