Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы
(2010.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) тақырыбы өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара); 2006.16.05. № 405 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Спорт iстерi комитетi құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара).
7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi таратылсын.
8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгі осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 қазандағы
№ 1130 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен тақырыбындағы және мәтіндегі «, ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитеті, Тіл комитеті, Діни істер комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Министрліктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Министрліктің заңды мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс.
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Министрліктің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, ақпарат, тіл саясаты, мұрағат ісі мен құжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, тіл саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеу;
3) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асыру және үйлестіру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;
4) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
5) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау;
7) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл салаларында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
9) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзірлеу, бекіту;
10) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған бағдарламалар әзірлеу;
11) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу және бекіту;
12) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
13) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру ережесі мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
14) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережесін бекіту;
15) шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беру тәртібін бекіту;
16) Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекіту;
17) көркемдік-сарапшы кеңестер туралы ережені бекіту;
18) мәдени құндылықтарды уақытша әкету және әкелу жөніндегі сараптау комиссиясы туралы ережені бекіту;
19) Мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшін сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесін бекіту;
20) Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту;
21) мәдени-демалыс ұйымдары қызметінің тәртібін бекіту;
22) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
23) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
24) Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін әзірлеу;
25) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтінін орналастыру және пайдалану ережесін әзірлеу;
26) мемлекет меншігі болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру жөнінде шешім қабылдау;
27) объектілерді тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөніндегі уәкілетті органның арнайы комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
28) ұлттық мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі жөніндегі сараптау комиссиясын құру;
29) тарихи-мәдени сараптама жүргізу ережесін бекіту;
30) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртібін және пайдалану режимін бекіту;
31) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткіштерге меншік өкілеттіктерін жүзеге асыру;
32) мәдениет саласында ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
33) театр, музыка өнерін, кинематографияны, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету;
34) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіру;
35) республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру;
36) меншік нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
37) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
38) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;
39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныстар енгізу;
40) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;
41) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
42) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
43) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
44) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
45) ҚР Үкіметінің 2009.17.11. № 1863 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.17.11. № 1863 Қаулысымен 46) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
46) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
47) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
48) терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіру;
49) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
50) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
51) мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын талдау;
52) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
53) ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға, бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізу;
ҚР Үкіметінің 2009.17.11. № 1863 Қаулысымен 54) тармақшамен толықтырылды
54) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2009.17.11. № 1863 Қаулысымен 55) тармақшамен толықтырылды
55) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2009.17.11. № 1863 Қаулысымен 56) тармақшамен толықтырылды
56) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту.
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнінде, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
2) тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау;
3) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру;
5) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9) мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізу;
10) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мәдениет ұйымдарының жанрлық бейімділігін және қызмет тегін айқындау;
11) республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу;
12) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
13) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер өткізу;
14) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуды қамтамасыз ету, оның халықаралық беделін нығайту;
15) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
16) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
17) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
18) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
19) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
20) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
21) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
23) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
24) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
25) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
26) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
27) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
28) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
29) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
30) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінімдерін қарау;
31) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
32) ұлттық мәдени игілік объектілері ерекше режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
33) қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлау, салу және қайта жаңарту жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері бар жерді пайдалану карталарын келісу;
34) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келісім беру;
35) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау;
36) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және күтіп ұсталу тәртібін бақылау;
37) жаңа тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнатылуын бақылау;
38) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
39) лицензиаттың лицензияда көрсетілген шарттарды сақтауын бақылау;
40) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруін бақылау;
41) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
42) тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
43) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
44) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2009.17.11. № 1863 Қаулысымен 45) тармақшамен толықтырылды
45) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
46) діни сенім бостандығына құқықтарды қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы саясатты іске асыру;
47) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің және заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардың қызметін зерделеу және талдау,
48) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша шетел мемлекеттерінің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстарды орнату және қолдау;
49) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
50) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу;
51) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының діни бірлестіктермен қарым-қатынастарын реттеу саласындағы қызметін үйлестіру;
52) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ету;
53) Қазақстан Республикасының діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты мәселелерді қарау;
54) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
55) мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, өзге де заңды және жеке тұлғалардың діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
56) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелерін ресми түсіндіру жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министр Министрлікке басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
18. Министр:
1) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
2) қызметі өз бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) жауапты хатшының келісімімен комитет басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
4) Қазақстан Республикасы Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді.
19. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
20. Үкіметтің, Министрдің қызметтен кетуі жауапты хатшының өкілеттігін тоқтатуға әкеліп соқпайды.
21. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
22. Жауапты хатшы:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдалану, тіл саясаты азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл салаларында Министр қалыптастыратын саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, комитеттердің құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
9) Министрмен комитеттердің басшылары тағайындау үшін ұсынатын комитеттер басшыларының орынбасарларын тағайындауды келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;