Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркеуге жатады.
150. Міндеттемелер шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмiлелердi (бұдан әрi - шарт) жасасу арқылы, сол сияқты оларсыз да қабылданады.
Жасасқан шарттарды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыстардың, оның ішінде шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң қорытындысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жасасуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеменің шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі мыналардың:
1) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алған жағдайда, орындалған жұмыстардың шот-фактурасының, хабарлама шотының, шотының, актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттың;
2) мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік есептеулер, бюджетке жүргізілетін есептеулер, жеке тұлғаларға стипендиялар және төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың;
3) бюджеттен трансферттер бөлінген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің міндеттемелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарының;
4) инкассолық өкімнің;
5) осы тізбеген енбеген ерекше шығыстар мен басқа да шығыс түрлері бойынша төлемдер жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттың негізінде қабылданған болып есептеледі.
18-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелердi қабылдауына қойылатын талаптар
151. Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды, сондай-ақ шарттағы келтірілген деректердiң шынайылығын қамтамасыз етедi және оларды сақтамағаны үшін жауап бередi.
152. Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.
Мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың шеңберіндегі немесе байланысқан гранттар бойынша шарттарды (бұдан әрi - қарыз/грант туралы шарт шеңберіндегі шарт) қарыз/грант туралы шарт шеңберіндегі азаматтық- құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысқан грант халықаралық шарттың қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.
153. Мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шартты жасасуға мынадай:
мемлекеттік мекеме шартты қарыз/грант туралы шарт (келісім-шарт) шеңберiнде жасасқан;
мемлекеттік мекеме бюджеттік даму бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (одан да кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) беруге себепші болатын активтер мен басқа да тауарларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме аяқталу мерзiмi келесі қаржы жылында басталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай-ақ жүзеге асырылатын қызметтер беру шеңберiнде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан аспайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іс-шаралар жүргізу шеңберінде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме автокөлiк құралдарын иеленушiлердiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға шарттар жасасқан жағдайларда жол берiледi.
154. Қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шартта тиiстi қаржы жылдары бойынша сомалар мен жұмыс көлемін шартты түрде бөле отырып жалпы сомасын көрсетеді. Шарттың жалпы сомасы, жылдар бойынша оның бөлiнуi, жұмыстардың көлемi өзгерген кезде оларды түзету қосымша келісімдердi жасасу жолымен түзетіледі.
155. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметінің резервінен қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда міндеттемелер бойынша қаржылық жоспардың шегінде бір бюджеттік бағдарлама аясында шарт жасасады.
Мемлекеттік мекеме ақша алушының бiреуiмен бюджеттік кiшi бағдарламалардың немесе шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiрнеше ерекшелiктерi бойынша шарт жасасқан жағдайда шартта жалпы соманы әрбір бюджеттік кiшi бағдарлама немесе шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбiр коды бойынша бөле отырып көрсетедi.
156. Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбiр коды бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай:
131 «Тамақ өнімдерін сатып алу»;
132 «Дәрi-дәрмектер және өзге де медициналық мақсаттағы құралдар сатып алу»;
134 «Зат түріндегі мүлiктiк заттарды және басқа нысандық және арнайы киім-кешектердi сатып алу, тiгу және жөндеу»;
135 «Ерекше жабдықтар мен материалдар сатып алу»;
139 «Өзге де тауарлар сатып алу»;
411 «Негiзгi құралдарға жататын тауарлар сатып алу»;
412 «Үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар сатып алу» ерекшелiктерi үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға жол берiледi.
Осы Ереженiң 157-160-тармақтарында көрсетiлген ерекшелiктер мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша шығыстар түрлерiн қоспағанда, шығыстардың экономикалық сыныптамасының көрсетiлген тiзбеге енбейтін ерекшелiктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
157. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 149 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының мынадай:
ауруларды шетелде емдеудi көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн
70 пайыздан;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн ұйымдардың ауылда қызмет көрсетуiн көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн 50 пайыздан;
осы тармақта көзделген шығыстардың тiзбесiне енбейтiн шығыстарды төлеу үшiн 30 пайыздан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 148 «Мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс шеңберіндегі қызметтердi төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге тек үкiметтiк емес ұйымдарға ғана емес мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты орындаған кезде ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.15.09. № 1382 Қаулысымен 157-1-тармақпен толықтырылды
157-1. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 421 «Ғимараттар және құрылыстар салу» ерекшелігі бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын күрделі энергетикалық жабдықтар құнының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға мердігерлік ұйым төлеу сомасына жабдықты жеткізу бойынша шарттық міндеттемелерді уақтылы орындауға екінші деңгейдегі банктің кепілдігін берген жағдайда рұқсат етіледі.
158. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемақы жасау жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.21.11. № 1909 Қаулысымен 158-1-тармақпен толықтырылды
158-1. Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен экспортқа қазақстандық астықты тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
159. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру және мерзiмдi баспасөздi сатып алу кезiнде шарт сомасының 100 пайызы мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға жол берiледi.
160. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 141 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелiгі бойынша аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға, ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде тек отын сатып алуға аванстық (алдын ала) төлемақы жасауды қоспағанда, рұқсат етiлмейдi.
Егер жалға алу шартына сәйкес депозиттiк соманы төлеу туралы банк кепiлдiгiн беру туралы талап көзделсе, шығыстардың экономикалық сыныптамасының 147 «Үй-жайды жалдауға ақы төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) ақы төлеуге Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнiң жалға алу сомасын төлеуге ғана рұқсат етiледi.
161. Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы шарт шеңберіндегі шарттарда (келісім-шарттарда) осы шартта (келісім-шартта) көзделген аванс беру тәртібі белгiленедi.
162. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарттарға қосымша келісімдер мынадай:
бюджеттi нақтылаған, түзеткен;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, осы шарт бойынша бірінші тоқсанда осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартқан жағдайда тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз еткен;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларына сәйкес әлеуеттік өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған сапасы мен басқа да талаптары өзгермеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартқа өзгеріс енгізу;
тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үлестері жүз пайызға тең басым (монополия) жағдайға ие субъектiлермен не оның қызметінің негізгі мәні бойынша мемлекеттік монополия субъектісімен шарттың сомасы өзгерген;
шарттың жалпы сомасын өзгертпей, қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шарттың жоспарлы кезеңінің екінші және үшінші жылдарға базалық шығыстары өзгерген жағдайда ағымдағы қаржы жылына арналған сомасы өзгерген;
ББС-ке өзгерістер енгiзген;
есеп айырысу тәртібі және/немесе мерзiмi және/немесе тараптардың деректемелерi және/немесе тауарды (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мерзiмi өзгерген;
жасасқан шарттың талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiпте шартты бұзған;
өткен жылы орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары және/немесе осы Ереженiң 57 және 526-тармақтарында көрсетiлген шығыстар бойынша ҚР Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң аударылмаған сомасы есебiнен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартқан жағдайларда жасалады. Көрсетiлген шарттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша жүргiзiледi, ол оң қорытынды берген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне тиiстi қаулының жобасын енгiзедi;
шарт бойынша міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) қолдану, егер шартта осы талап көзделген болса, бұл ретте тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу, мемлекеттік мекеме ақша алушымен мемлекеттік мекеменің тиісті бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы немесе мемлекеттік мекеменің ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады.
163. Мемлекеттік мекеменiң екiншi деңгейдегi банктермен және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдармен (бұдан әрi - банк) құқықтық қатынастары осы Ережеде белгiленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделедi.
19-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшін
мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың тізбесі
164. Мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiм негiзiнде жүзеге асырылады, ол мемлекеттік мекеменiң шартын немесе тiркелген шартқа қосымша келісімдi тiркеу үшiн жасалады және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берiледi.
Шартты сот шешiмi бойынша бұзған жағдайда мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне заңды күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесiн қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне соттың мөр бедерімен куәландырылған тиiстi хатты бередi.
Шартты басқа негіздер бойынша бұзған немесе Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған жағдайларда шарттың орындалуынан біржақты немесе жасасқан шартпен бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мекеме хатпен (хатта нөмірі, күні, сомасы және шартты тіркеу туралы хабарлама сомасының қалдығы көрсетілуі міндетті) бірге шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін немесе бір айдан кем емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан біржақты бас тарту туралы ескертпе хаттың көшірмесін береді.
Егер Шарт талаптары бойынша шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстау көзделген болса, онда мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу үшін екі өтінім ұсынады (бір өтінім тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) есептен шығарған шарт сомасына, екіншісі - ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) сомасына ұсынылады. Бұл ретте мемлекеттік мекеме қосымша келісімді беруі негізгі шарт бойынша «түпкілікті» мәртебесі бар төлемді жүргізбей тұрып жүзеге асырылады.
Егер келісім шарты бойынша ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аудару көзделген болса, мемлекеттік мекеме тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасына қосымша өтінім ұсынады.
Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмнiң шынайылығы және ресiмделу дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк мемлекеттік мекемеге жүктеледi.
165. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiм аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне шарттың (қосымша келісімнiң) түпнұсқасын қоса бере отырып, екі данада ұсынылады.
Қарыз/грант туралы шарт шеңберiнде шартты тiркеу үшiн азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмдi мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт немесе байланысты гранттар бойынша шарт шеңберіндегі осы шартты қоса бере отырып, ұсынады.
Науқастарды шетелде емдеудi көздейтiн шығыстар бойынша азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеуге өтінімді аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне шарттың әр парағы мемлекеттік мекеме мөр бедерінің түпнұсқасымен расталған көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне «түпкілікті» мәртебесі бар төлемге берілетін шотты ұсынған кезде шарттың түпнұсқасын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 166-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
166. ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмге, 165-тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, осы Ереженің 60, 62-қосымшаларына сәйкес, мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамасына енгізуге өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
1) заңды тұлға:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болу туралы банктің анықтамасы.
ақшаны алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растама хаты (ақшаны алушы резидент емес болып табылатын жағдайда).
2) жеке тұлға:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болу туралы банктің анықтамасы.
ҚБАЖ -да ақша алушының деректемелері болмай қалған жағдайда, мемлекеттік мекеме, нөмірі көрсетілген банктің шотының болуы туралы банктің анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженің 63, 64 - қосымшаларына сәйкес, ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінім береді.
Ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамасына енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуінің шынайылығы мен дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.
167. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 165 және 166-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеуге арналған өтiнiмдердiң тiзiлiмiн бередi.
Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) шешiмдерiне сәйкес мiндеттеме қабылдаған кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi шешiмдерiнiң көшiрмелерiн қосымша ұсынады.
168. Қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шарт ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстарының қаржыландырудың жеке жоспарларында бекітілген сомасына аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеледi.
Келесi жылдары аталған шартты қайта тiркеу азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмнiң негiзiнде жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстардың нақтыланған өлшемдерінің сомасына жүргiзiледi.
Мемлекеттік мекеме 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған шарттар бойынша азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiммен бірге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің белгісі соғылған шартты қосымша келісімдермен бірге (олар жасалған жағдайда) ұсынады.
20-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге
арналған өтiнiмдi ресiмдеу және ұсыну
169. Ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмiлесін тiркеуге арналған өтiнiм (бұдан әрi - ағымдағы қаржы жылына арналған өтiнiм) осы Ереженің 66-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстарының азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмі (бұдан әрi - жоспарлы кезеңге арналған өтiнiм) осы Ереженің 67-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 170-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
170. Өтiнiм мынадай түрде толтырылады:
«Мемлекеттік мекеменің коды» ашық жолағында мемлекеттік мекеменiң жетi мәннен тұратын коды көрсетiледi;
«Бюджет түрi» ашық жолағында қаражаты есебiнен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрiн бiлдiретiн нышан көрсетiледi:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетi);
03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi;
«Қаржыландыру көзi» ашық жолағында қаражаты есебiнен шарт жасасқан қаржыландыру көзiнiң түрiн бiлдiретiн нышан көрсетiледi:
1 - үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражатын қоспағанда бюджет қаражаты есебiнен;
2 - үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражаты есебiнен;
3 - мемлекеттік мекеменiң билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша есебiнен;
«№ өтiнiм» ашық жолағында мемлекеттік мекеменiң жетi мәннен тұратын кодынан, бөлшек арқылы тіркеу жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екi санынан, дефис арқылы мемлекеттік мекеменiң өтiнiмдерiн тiркеу журналындағы жазбаның реттiк нөмiрiне сәйкес келетiн реттiк нөмiрден тұратын өтiнiм нөмiрi көрсетiледi;
«Күнi» ашық жолағында өтiнiмдi жасау күнi көрсетiледi;
«Мемлекеттік мекеменің атауы» ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес келетін мемлекеттік мекеменің толық атауы көрсетiледi. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанның атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі;
«Шығыс сипаттамасы» ашық жолағында шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес шығыс сипаттамасы көрсетiледi;
«Шығыстардың бюджеттік сыныптама коды» ашық жолағында тоғыз мәннен тұратын шығыстардың бюджеттік сыныптамасының бiрыңғай коды (бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi, бюджеттік бағдарлама, кiшi бағдарлама кодтарының үш мәнін бiлдiретiн) және үш мәннен тұратын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң коды көрсетiледi; мемлекеттік мекеменiң билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша есебiнен жасасқан шартты тiркеу үшiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерiнiң коды қосымша көрсетiледi;
«Ақша алушының атауы, СТН-i (ЖСН-і (БСН)), ЖСК-сi, ақша алушының банкінің атауы және БСК-сi, банктің қаласы» ашық жолағында ақша алушының толық атауы, салық төлеушiнiң тіркеу нөмiрi (жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)) және оның банктік деректемелерi (оған қызмет көрсететiн банктiң ЖСК-сi, атауы, БСК-сі және банк қаласы) көрсетiледi; ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің, мемлекеттік мекеменiң, ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі; егер ақша алушы Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмаған жағдайда осы ашық жолағында резидент еместiң және ҚР ҰБ деректемелерi көрсетiледi;
«Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы» ашық жолағында жасасқан шарттың талаптарына сәйкес жеткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атаулары көрсетiледi;
«Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы» ашық жолағында теңгенің шетел валютасына нарықтық бағамы және оның азаматтық-құқықтық мәмiленiң тiркелген күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген бағамына сәйкестігі көрсетiледi;
ағымдағы қаржы жылына арналған өтiнiмнің «Сомасы» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылы мерзіміне арналған шарттың сомасы санмен көрсетiледi;
жоспарлы кезеңге арналған өтiнiмнің «Жалпы сомасы» ашық жолағында қолданыс мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың жалпы сомасы санмен көрсетiледi;
өтiнiмнің «ағымдағы қаржы жылының сомасы» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының сомасы көрсетіледі;
өтінімнің «базалық шығыстар сомасы» ашық жолағында жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарындағы базалық шығыстарының сомасы санмен көрсетіледі.
жоспарлы кезеңге арналған өтiнiмнің «(Сомасы жазбаша)» ашық жолағында шарттың сомасы жазбаша көрсетіледі (шетел валютасындағы шарт бойынша өтінім сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу күніне белгіленген шетел валютасына теңгенің нарықтық бағамы бойынша есептелген ұлттық валютада келтіріледі);
қолданыс мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын жоспарлы кезеңге арналған өтiнiмнің «(Сомасы жазбаша)» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының шарт сомасы жазбаша көрсетіледі;
«Басшылардың қолы» бөлiмiнде құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымының атауын; орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік мекеменiң бiрiншi және екiншi қол қою құқығы бар уәкiлеттi тұлғаларының жеке қолын және қолының таратылып жазылуын (атының бас әрпі мен тегі) көрсетеді. Лауазымның атауының алдында «Үшін» деген көмекші сөзді, қолдан жазылған «Орынб.» деген жазу немесе қисық сызық (бөлшек) қоюға жол берілмейді.