83. Бюджетті атқару жөніндегі аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті уәкілетті органнан алған қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға арналған өтінімнің негізінде осы Ереженің 36-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға ашуға арналған өтінімді қалыптастырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
84. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашуға рұқсатының және рұқсат берілген күні аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ақылы қызметтер ҚБШ ашуға арналған өтінімдердің және аумақтық қазынышалық бөлімшесінен ақылы қызметтің ҚБШ ашуға өтінімдер түсуі негізінде республикалық бюджеттен;
аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен ҚБШ ашуға өтінім түскеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы шотын ашуға рұқсаттың берілген күні, аталған рұқсаттың және аумақтық бөлімшелерінің ҚБШ ашуға арналған өтінімдерінің негізінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар ашуды жүзеге асырады.
85. Мемлекеттік мекеменің атауы өзгерген жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік қайта тіркелу туралы куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім береді.
86. Мемлекеттік мекеменің атауы өзгерген жағдайда жергілікті уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік қайта тіркелу туралы куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі өз кезегінде жергілікті уәкілетті органнан мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінімдер алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім жібереді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 87-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
87. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және аумақтық қазынашылық бөлімшесінен осы Ереженің 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуге өтінім алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеменің атауын өзгертуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің атауын өзгерткеннен кейін оған осы тарауда белгіленген тәртіппен жаңа рұқсат беріледі, бұл ретте бұрын берілген ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ немесе шетел валютасындағы шот өзгеріссіз қалдырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 88-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
88. Нысаналы қаржыландыру ҚБШ-сын, шетел валютасындағы шоттарды және ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-сын ашу және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының ерекшеліктерін ескере отырып, анықталады.
89. Ашылған тиісті бюджеттер, ақылы қызмет, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру ҚБШ тіркеу осы Ереженің 38-қосымшасына сәйкес 5-19 «Тиісті бюджеттер, ақылы қызмет, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының тізбесі» нысанының бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде көрсетіледі.
Ашылған шетел валютасындағы шоттарды тіркеу осы Ереженің 39-қосымшасына сәйкес 8-08 «Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі» нысанының бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшесінің есебінде көрсетіледі.
90. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшелері салық қызметінің тиісті органдарына оларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет, қайырымдылық көмек ҚБШ ашқаны туралы хабарлайды.
10-тарау. Құжаттар жинағын қалыптастыру және құжаттар жинағын
қалыптастырған кезде құжаттарға қойылатын талаптар
91. Мемлекеттік мекеменің құжаттар жинағы мынадай құжаттарды қамтиды:
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
мемлекеттік мекеменің ережесінің (жарғысының)көшірмесі;
СТН көшірмесі;
қолдардың және мөр бедерінің үлгісі;
мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың және көшірмелері және қаржылық құжаттардағы бірінші және екінші қолдардың құқығын жүктеу туралы бұйрықтардың көшірмелері;
демеушілік, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды ашуға рұқсаттар.
Мемлекеттік мекеменің атауын өзгерткен кезде ол бойынша мемлекеттік мекеменің атауы өзгертілген нормативтік құқықтық актінің көшірмелерін бір уақытта бере отырып, жоғарыда санамаланғанға ұқсас жаңа құжаттар беріледі.
92. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшелері әр мемлекеттік мекемеге бір құжаттар жинағын қалыптастырады.
93. Мемлекеттік мекеменің құжаттар жинағын қалыптастырған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктегі, ережедегі (жарғыдағы), СТН және елтаңбалы мөр бедеріндегі мемлекеттік мекеменің атауының сәйкестігін тексереді. Айырмашылықтар болған жағдайда, сәйкестендіру үшін мемлекеттік мекемге қайтарады.
94. Қолдардың және мөр бедерінің үлгілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 40-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада беріледі. Бір данасы мемлекеттік мекеменің құжаттар жинағында сақталады, екіншісі қаржылық құжаттардағы қолдар мен елтаңбалы мөр бедерінің шынайылығын тексеру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшесінде пайдаланылады.
95. Бірінші қол құқығы мемлекеттік мекеменің басшысында және/немесе оларға уәкілетті тұлға ие болады. Екінші қол қою құқығы бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысына және/немесе мемлекеттік мекеменің басқа уәкілетті басшысы бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тұлғаға береді.
96. Мемлекеттік мекеменің қолдарының және мөр бедерінің үлгілері бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының немесе олар өкілет берген тұлғаның қолымен расталады және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің елтаңбалы мөр бедерімен нықталады не нотариалды куәландырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қолдарының және мөр бедерінің үлгілері нотариалды куәландырылады.
97. Қолдардың және мөр бедерінің үлгілері өшпейтін төзімді сиялармен орындалуы тиіс, елтаңбалы мөрдің бедері дәл және анық болуы тиіс. Ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады.
Арнайы мақсаттарға арналған мөрлерді қолдануға жол берілмейді.
98. Қайта құрылған мемлекеттік мекемеде мөр уақытша болмаған, мөрдің атауы өзгерген, ескірген немесе жоғалған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік мекемеге оның өтінішінің негізінде жаңа мөр дайындауға мерзім (10 күнтізбелік күннен аспайтын) береді және сол жағдайға қарай құжаттарды сол елді мекенде орналасқан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мөр бедерімен нықтауға немесе құжаттарды бедерсіз беруге рұқсат бере отырып, мөр болмаған уақытта қаржылық құжаттарды ресімдеу тәртібін анықтайды. Қолдардың және мөр бедерінің үлгілері елтаңбалы мөрдің дайындалу уақытында оның әрекет ету мерзімі көрсетіліп, елтаңбалы мөрдің бедерінсіз ресімделеді.
99. Қойылатын қолдың біреуі айырбасталған немесе толықтырылған немесе мөр айырбасталған жағдайдың өзінде, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы тараудың 96-тармағында белгіленген тәртіппен куәландырылған қолдар қою және мөр бедерінің үлгілерімен жаңа құжат беріледі.
Бірінші немесе екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың біреуінің қолы уақытша алмастырлған кезде оның қолданыс мерзімі көрсетіле отырып, тиісті қол қою үлгілері бар уақытша құжат ресімделеді. Қайта ұсынылған қол қою мен мөр бедері үлгілерінің құжаттары мемлекеттік мекеменің құжаттар жинағына тігінделеді.
Екінші қол қою құқығы бар тұлға уақытша болмаған (демалыс немесе науқастанған) кезде төлем құжаттарына қол қою мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатта көрсетілген екінші қол қою құқығы бар тұлғалар қол қояды. Бұл жағдайда қол қою мен мөр бедерінің үлгілері бар уақытша құжат толтыру талап етілмейді.
100. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мемлекеттік мекемелер аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берілетін құжаттар жинағын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарда көрсетілген деректердің шынайылығы үшін жауап береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін құжаттау туралы заңнамаға сәйкес тексерілген құжаттарды құжат жиынына тігіндейді және сақтайды.
11-тарау. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды жүргізу
101. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды жүргізу тиісті бюджеттердің, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарынан төлемдер жүргізуді және ақша аударуды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептерді қалыптастыру мен беруді қамтиды.
Бір мемлекеттік мекеменің кодынан екінші мемлекеттік мекеменің кодына ақша аударуға жол берілмейді.
Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін жеті жұмыс күні ішінде демеушілік, қайырымдылық көмек түрінде түскен шетел валютасының бар болуына, сонымен қатар 0900НП «Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар» шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етіледі.
102. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды жүргізуді аумақтық белгісі бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелері жүзеге асырады. Орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жақын тұрған басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарын жүргізуге сол аумақтық қазынашылық бөлімшесімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жазбаша келісімімен жол беріледі.
103. Тиісті бюджеттердің ҚБШ ақшасына билік етуші бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады, ақылы қызметтің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, шетел валютасындағы шоттарына - мемлекеттік мекемелердің басшылары болып табылады.
104. Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында болған мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының пайдаланылмаған қалдықтарына билік етуді шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
105.Тиісті бюджет шоттары арқылы бюджет қаражатының қозғалысы жөніндегі есептерді беруді келесі нысандар бойынша күн сайын аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға беріледі:
осы Ереженің 41-қосымшасына сәйкес магниттік (электрондық) тасығышта 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп»;
осы Ереженің 42-қосымшасына сәйкес электрондық тасығышта 5-52 «Шығындар бойынша жиынтық есеп».
осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта 5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беріледі.
106. Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарындағы ақшалай қаражат қозғалысы жөніндегі есептерді беруді аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады және олар:
мемлекеттік мекемелерге:
1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргізілуіне қарай;
осы Ереженің 43-қосымшасына сәйкес 5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» нысаны бойынша;
осы Ереженің 44-қосымшасына сәйкес 5-33 «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша;
осы Ереженің 45-қосымшасына сәйкес 8-09 «Дербес шот бойынша мәлімет» нысаны бойынша, осы Ереженің 46-қосымшасына сәйкес 8-17 «Бас кітаптың шоттары бойынша көшірме (шетел валютасында)» нысаны бойынша;
2) ай сайын:
осы Ереженің 47-қосымшасына сәйкес 5-30 «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдық» нысаны бойынша;
осы Ереженің 48-қосымшасына сәйкес 8-07 «Шетел валютасындағы шоттардағы қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті тоқсаннан кейінгі 3-ші күнге дейін тоқсан сайын және жыл сайын осы Ереженің 49-қосымшасына сәйкес 5-34А «Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша беріледі.
107. «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиісті жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды ай сайынғы салыстыруды жүзеге асыру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның арасында аумақтық қазынашылық бөлімшесі бір ай аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде екі данада 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысанындағы есепті қалыптастырады, жауапты атқарушының мөртабан бедерімен ресімдейді, оған аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы және жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беріледі. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган өз кезегінде 5-34 «Тиісті бюджеттердің ҚБШ жағдайы туралы есеп» нысаны бойынша тиісті жергілікті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды салыстырып, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысына және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жауапты атқарушысына қол қойдырады, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырады және бір данасын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.
Қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме мен аумақтық қазынашылық бөлімшесінің арасында кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшін тоқсан сайын екі данада ай аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде екі данада ең соңында осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны қалыптастырылады, олар жауапты атқарушының мөртабан бедерімен ресімделеді, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы мен жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекемелер есептерді алғаннан кейінгі екі жұмыс күні ішінде берілген есептерді өзінің бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады.
Мемлекеттік мекеме деректерінің 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны есебінің деректерімен алшақтығы болған кезде соңғысы алшақтық себебін анықтау үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жазбаша өтінім жасайды.
Алшақтық болмаған кезде есептерге мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтері не мемлекеттік мекеменің уәкілеттік берген тұлғалары (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылады. Есептің бір данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қайтарылады.
12-тарау. Кодтарды, қолма-қол ақшаның бақылау
шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды жабу
108. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды тексеруді тоқсан сайын жүргізеді және 6 айдың ішінде ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ бойынша қозғалыс және ақшалай қаражат қалдықтары болмаған кезде ҚБШ және шоттарды жабу жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарлайды.
Мемлекеттік мекеме хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде өздігінен жабады. Кейіннен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік мекеменің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жабуы туралы хабарлама береді.
109. Тиісті бюджеттердің ҚБШ шоттары әкімшілік-аумақтық бірлікті тарату кезінде жабылады.
110. Мемлекеттік мекеменің коды осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттар осы Ереженің 51-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекеменің өтінімі бойынша мына:
мемлекеттік мекеме таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны пайдалануға мемлекеттік мекеменің құқығы айқындалатын заңнамалық акт жойылған;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен тиісті ҚБШ мен шотты ашуға рұқсат беру үшін негіз болып табылатын қаржыландыру көзін алып тастаған;
тиісті ҚБШ мен шот алуға құқық беретін заңнамалық негіздемені жойған;
ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттар бойынша операциялар 6 ай ішінде болмаған жағдайларда жабылады.
111. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
112. Ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 51-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада өтінім береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі тиісті ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ немесе шетел валютасындағы шоттарын жабу туралы жазбаша өтінімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесін жабқаннан кейін жабылуы туралы белгісі бар өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады.
113. Мемлекеттік мекеме жабылатын ақылы қызмет, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарда ақша қалдығы болған кезде жабылатын:
1) ақылы қызметтер ҚБШ:
құқықтық мирасқордың ақылы қызметтер ҚБШ (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берілсе;
тиісті бюджет кірісіне:
құқықтық мирасқор болмаған;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаға билік ету құқығы берілмеген құқықтық мирасқор анықталған;
Құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) кодтары болмаған жағдайда;
2) демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ:
құқықтық мирасқордың демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ;
құқықтық мирасқор болмаған жағдайда салымшыға;
құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиісті бюджеттің кірісіне;
3) уақытша ақша орналастыру ҚБШ:
салымшыға;
құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ.
4) шетел валютасындағы шотта - бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа жүргізілген кассалық шығыстарды кейін қалпына келтіре отырып, шетел валютасындағы қалдығын қайта айырбастау жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыру және/немесе айырбасталған валютаны демеушілік, қайырымдылық көмек және/немесе ұлттық валютадағы ақшаны уақытша орналастыру шоттарына есептеу арқылы пайдаланылмаған ақша қалдығын аударуға төлеу шотын береді.
114. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды жапқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшелері салық қызметінің тиісті органдарына мемлекеттік мекемелердің кодтарын және ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек шоттарын жабу туралы жазбаша хабарлайды.
13-тарау. Екінші деңгейдегі банктердегі немесе банктік операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу және жабу
115. Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелерге бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотын, бюджеттік инвестициялық жобасының арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашу тәртібі банктік заңнамада белгіленеді.
116. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухатының негізінде осы Ереженің 52-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотын, бюджеттік инвестициялық жобасының арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашуға үш данада рұқсат қалыптастырады, олардың екеуін республикалық бюджет бағдарламаларының әкімшісіне, ол өз кезегінде бір данасын мемлекеттік мекемеге, екіншісін екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға беру үшін беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 117-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
117. Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотын, бюджеттік инвестициялық жобасының арнайы шотына шоттар ашуға рұқсат Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі - қарыз/грант туралы келісім) немесе байланысты гранттар жөніндегі келісімнің қолданылу мерзіміне беріледі.
118. Бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын ашуға рұқсат бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңіне беріледі.
119. Бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты қарыз/грант туралы келісімде айтылған шетел валютасында беріледі.