Қолдар қол мен мөр бедерінің үлгiлерi бар құжатқа сәйкес қойылады.
Қол қойылатын кезде жарыққа төзімді сиялар пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс.
«негiздеме құжат» ашық жолағында шарттың (қосымша келісімнiң) нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
«төлеу кестесі» бөлімі тек ағымдағы қаржы жылының деректері үшін толтырылады;
«аванстық (алдын ала) төлем мөлшері (%)» ашық жолағында шарттың талаптарында көзделген аванстық (алдын ала) төлем мөлшерiнiң пайыздық арақатынасы көрсетiледi;
«төлеу кезеңi» ашық жолағында жеткiзiліп берілген тауарларға (орындалған жұмыстарға, көрсетiлген қызметтерге) аванстық (алдын ала) төлемдi өтеудi есептей отырып, ақы төлеудi жүзеге асыру жоспарланып отырған уақыт кезеңi (ай ) көрсетiледi,
«сомасы» ашық жолағында сома санмен көрсетiледi.
өтінімнің деректемелерін қолмен қандай да бір түзетуге не дұрыстауға жол берілмейді.
171. Мемлекеттік мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеуге арналған өтiнiмдерiн тiркеу журналын (бұдан әрi - журнал) мемлекеттік мекеме осы Ереженің 68-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргiзедi.
Журнал беттердiң жалпы санын көрсете отырып, нөмiрленген, тiгiнделген және нықталған болуы тиiс, елтаңбалы мөр бедерімен және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе өзi өкiлеттiк берген тұлғаның қойылған қолымен нықталады.
Жазбалар хронологиялық тәртiппен жүргiзiледi, өтiнiмдi жасау күнi журналда көрсетiлген күнге сәйкес келуi тиiс.
Ағымдағы қаржы жылы аяқталғанда журналда бос беттер болған кезде оны келесi жылы пайдалануға болады, бұл ретте жазбалардың нөмiрлерi басынан басталады.
172. Шартты бiр бюджеттік бағдарлама шеңберiнде бiрнеше бюджеттік кiшi бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының бiрнеше ерекшелiгi бойынша жасасқан кезде өтiнiмдер бюджет шығыстарының әрбiр бюджеттік сыныптаманың әрбір коды (бұдан әрi - шығыстардың БСК-сi) бойынша шарт сомасын көрсете отырып, әрбiр бюджеттік кiшi бағдарлама бойынша немесе шығыстардың әрбiр БСК-сi бойынша шарт сомасы көрсетіле отырып жасалады және берiледi.
Бұл ретте мемлекеттік мекеме барлық өтiнiмдердi бiр уақытта бередi.
173. Өтінім онда көрсетілген күннен он күнтізбелік күн ішінде жарамды болады.
Өтiнiмдер қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлiмшесi жергiлiктi уақыт бойынша сағат 16.00-гe дейiн жүзеге асырады.
174. Қосымша келісімдi тiркеуге арналған өтiнiм қосымша келісімнiң деректемелерiн ескере отырып, осы Ережеде көзделген тәртiппен толтырылады.
Шарт сомасы, шарттың жалпы сомасы (жылдар бойынша бөлінген шығыстардың БСК бойынша сомасы) немесе тараптардың деректемелері (атауын қоспағанда) өзгерген кезде мемлекеттік мекеме бұрын орындалған мiндеттемелердi (кассалық шығыстарды) шегере отырып, шарттың жаңа сомасына арналған өтiнiмдi ұсынады.
Өткен қаржы жылында орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары есебiнен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуға қосымша келісімдi тiркеу үшiн өтiнiм өткен қаржы жылында тіркелген, іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және әзірлену және жеткізілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және берiледi.
Өткен қаржы жылында орындалмаған және өткен қаржы жылында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылындағы шығыстардың бюджет қаражаты қалдықтарының есебiнен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуға қосымша келісімдi тiркеу үшiн өтiнiм ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған сомасына жасалады және ұсынылады.
Өткен қаржы жылында республикалық бюджетке аударылмаған кепiлдiк берiлген трансфертер сомасы есебiнен ағымдағы қаржы жылында көзделген бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген шарттың сомасын ұлғайтатын қосымша шартты тiркеу үшiн өтiнiм өткен қаржы жылында тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және берiледi.
Тараптардың атауына, есеп айырысу тәртібіне және /немесе мерзіміне және /немесе тауарларды беру (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) мерзіміне өзгерістер енгізілетін қосымша келісімдерді ұсыну үшін өтінім жасалмайды.
21-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң шарттарын және азаматтық-құқықтық
мәмiлелердi тiркеуге арналған өтiнiмдердi тексеру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 175-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
175. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне тiркеуге берiлген шартты (қосымша келісімді) мыналарға:
мемлекеттік мекеме атауының көрсетiлу дұрыстығына;
ҚР ББС сәйкес бюджеттік бағдарлама, кiшi бағдарламалар, ерекшелiктер кодының және атауының болуына және дұрыстығына;
шарт мәнiнiң Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес шығыстардың бағытталуы сәйкестiгiне;
аванстық төлем пайызының осы Ережеде белгiленген мөлшерден асып түспеуiне;
жазумен көрсетiлген соманың санмен көрсетiлген сомаға сәйкестiгiне;
шарттағы қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгiлерi бар құжатқа сәйкестiгiне, бұл ретте, қолдар жарыққа төзімді сиялармен қойылуы тиіс, елтаңбалы мөрдің бедері дәл және анық болуы тиіс. Мемлекеттік мекемелер мен ақша алушыларға Ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс;
қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асуы мүмкін шарттарды қоспағанда, шарттың қолданылу мерзімін ағымдағы қаржы жылының шегінен асып кетпеуіне;
шарт сомасының қабылданбаған міндеттемелер сомасынан асып кетпеуіне;
қолданылу мерзімі тек осы Ережеде көзделген жағдайларда ғана ағымдағы қаржы жылынан асатын қосымша келісімдердің, сондай-ақ шарттардың жасалуына;
осы Ереженің 155-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бiр бюджеттік бағдарлама шеңберiндегі шарттарды тіркеуге ұсынуға;
қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың және жұмыстардың көлемдерінің жалпы сомасын тиісті қаржы жылдары бойынша шартты түрде бөлісудің бар-жоғына тексерудi жүзеге асырады;
шарттың (қосымша келісімнің) талаптарын қолмен қандай да бір түзетулерге не дұрыстауға жол берілмейді.
176. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi өтiнiмдi мыналарға:
белгiленген нысанға сәйкестiгiне;
өтiнiм деректемелерiнiң шарт деректемелерiне сәйкестiгiне;
мемлекеттік мекеме атауының және кодының оның Мемлекеттік мекемелер анықтамалығында көзделген атауына және кодына сәйкестiгiне;
ақша алушы деректемелерiнiң Ақша алушылар анықтамалығында көзделген деректемелерге сәйкестiгiне;
өтiнiмдегi қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгiлерi бар құжатқа сәйкестiгiне;
осы Ереженiң 165, 167-тармақтарында көзделген құжаттардың бар болуына;
жазылған соманың санмен берiлген сомаға сәйкестiгiне;
шартты бiрнеше бюджеттік бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының әрбір БСК бойынша бір бюджеттік бағдарлама шеңберiнде жасасқан жағдайда, барлық өтiнiмдердiң бiр уақытта берiлуіне;
өтiнiмнiң қолданылу мерзiмiнде берiлуiне тексерудi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 177-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
177. Өтінім оған қоса берілген құжаттарға не шарт осы Ереженің
175, 176-тармақтарында белгіленген талаптарына сәйкес келмеген кезде, аумақтық қазынашылық бөлімшесі өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды мынадай жағдайларда:
қабылдау кезеңінде сәйкессіздік байқалса, мемлекеттік мекеменің азаматтық құқықтық мәмілесін тіркеуге өтінім тізіліміне қайтару туралы соғылған белгімен хатты ресімдемей;
қабылдағаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік байқалса, оларды аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының қойылған қолымен жазбаша түрде қайтарады, бұл ретте өтінімнің екінші данасы хаттың екінші данасымен қалады.
22-тарау. Шартты тiркеу туралы хабарламаны
қалыптастыру және беру
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 178-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
178. Шартты тiркеу туралы хабарлама (бұдан әрi - хабарлама) мемлекеттік мекеменiң ақша алушымен жасасқан шартының тiркелуiн растайтын құжат болып табылады.
Хабарлама аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде шарт (қосымша келісім) нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеген кезде ғана берiледi.
Хабарлама ҚБАЖ-да бекітілген өтiнiм деректемелерiнiң негiзiнде ҚБАЖ-да қалыптастырылады.
5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға хабарландыруды сипаттау жолында төлемнің тағайындалуын сипаттаудан басқа бенефициардың ИИК-і және банктің БИК-і көрсетіледі.
179. Хабарлама аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне өтiнiмдi берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік мекемеге берiледi.
Шартты (қосымша келісімдi) тiркеу кезiнде хабарлама осы Ереженің 69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады (бұдан әрі - 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама).
180. Шартты (қосымша келісімдi) тіркеу кезінде мынадай:
5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға тiркеу кезiнде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама үш данада қалыптастырылады;
5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тiркеу кезiнде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама төрт данада қалыптастырылады.
181. Мыналар:
тiркелген шарттың сомасы;
шарттың қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн ағымдағы қаржы жылына арналған тiркелген шарттың сомасы;
тараптардың атауларын қоспағанда, тараптардың деректемелерi;
бұрын ҚБАЖ-да қалыптастырылған хабарлама жабылатын және 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа Хабарлама қалыптастырылатын қосымша келісім тіркелген жағдайда өзгертіледі.
Тараптардың атауы өзгергертілген қосымша келісім ұсынылған жағдайда, 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны жаппастан Хабарлама түзетiледi.
Есеп айырысу тәртібі және /немесе мерзімі және /немесе тауарларды беру (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) мерзімі өзгерген жағдайда, 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама түзетiлмейдi.
ҚБАЖ-да, оның негiзiнде қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан асып кететiн бұрын тiркелген шарттың ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасы тiркелетiн өтiнiмдi бекiткен кезде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама ағымдағы қаржы жылының сомасына қалыптастырылады.
182. 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаға аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің бірінші басшысы (немесе ол уәкілеттік берген тұлға) қол қояды, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің жауапты атқарушысының қолымен, мөртабан бедерімен және құжатты қайта өңдеу күнiнің қойылуымен ресімделеді, сондай-ақ елтаңбалық мөр бедерiмен куәландырылады.
Бұл ретте, хабарлама - 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiрнеше бетте қалыптастырылған жағдайда құжаттың әр бетіне қол қойылып, мөр бедерімен және құжатты қайта өңдеу күнiнің қойылуымен ресімделеді.
183. Хабарламаның 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiр данасы шарттың (қосымша келісімнің) көшірмесімен бірге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады, қалған даналары шарттың (қосымша келісімнің) әр бетi мөртабандалған түпнұсқасымен бірге мемлекеттік мекемеге беріледі.
184. Мемлекеттік мекеме ақша алушыға орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған және мемлекеттік мекеменiң елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылған мыналарды:
шартты (қосымша келісімдi) 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға тiркеу кезiнде алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi хабарламаның бiреуiн;
осы шартты (қосымша келісімдi) 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тiркеу кезiнде алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш хабарламаның екеуiн бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 185-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
185. Ақша алушы 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тiркелген шарт (қосымша келісім) бойынша алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi хабарламаны алғаннан кейін 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның бiр данасын оған ағымдағы шотты ашқан екiншi деңгейдегi банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрi - банк) бередi.
Ақша алушы 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның кейіннен мемлекеттік мекемеде қалатын екінші данасына қол қояды және дәл және анық мөр бедерімен куәландырады. Бұл ретте ақша алушы қол қоюды және мөр бедерін басуды мемлекеттік мекеменiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарт (қосымша келісім) бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзуi үшiн жүзеге асырады. Ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Мемлекеттік мекеме ақшаны алушымен тиісті бюджеттің кірісіне ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсім) сомасын мемлекеттік мекеменің аударуы туралы қосымша келісім жасасқан жағдайда 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға қол қойылмайды.
Егер ақша алушы жеке кәсiпкер ретiнде тiркелмеген жеке тұлға болып табылатын жағдайда 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламада оның қойылған қолы ғана болады.
186. Мемлекеттік мекеме «түпкiлiктi» мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шотқа қоса аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ақша алушының қойылған қолдары және мөр бедерлері бар 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаны ұсынады.
«Түпкiлiктi» мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шотты жүргiзгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi осы Ереженің 70-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарламаны (бұдан әрі - 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама) екi данада қалыптастырады. Хабарламаға 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің жауапты атқарушысы қол қояды және құжатты қайта өңдеу күнiн қоя отырып, оның мөртабанымен куәландырады. 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның бiр данасы орындалған және тіркелген міндеттемелердің есебін жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге, екінші данасы - мемлекеттік мекеменің қабылданған міндеттемелерін жабу үшін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
187. Бюджет қаражатының жұмсалуына мониторингті және мемлекеттік мекеменің қабылданған міндеттемелері бойынша егжей-тегжейлі ақпарат алуды қамтамасыз ету үшін аумақтық қазынашылық бөлiмшесi осы Ереженің
71-қосымшасына сәйкес 4-09 «Мерзімді міндеттемелер бөлшектері» нысанындағы есебін және қажеттілігіне қарай мемлекеттік мекеменің сұратуы бойынша берілетін осы Ереженің 72-қосымшасына сәйкес 4-12 «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері» нысанындағы есебін және ай сайын осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанындағы есепті қалыптастырады.
23-тарау. Төлемдер мен ақша аударымдарын ұлттық
валютамен жүзеге асыру тәртібі
188. Мемлекеттік мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелер шоттарындағы қалдықтар, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке жоспардың жоспарлы тағайындаулары мен шартты тіркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде жүргiзiледi. Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының және шетел валютасындағы шоттарының жеке сәйкестендiру кодтары осы Ережеде белгiленген тәртiппен берiледi және тиiстi аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi мен мемлекеттік мекемелердің қаперіне жеткiзiледi.
Жеке жоспар шығыстарының бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша жоспарлы тағайындау болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi төлеуге берiлетiн шотты орындаусыз қайтарады.
Тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесi шұғыл тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi айқындаған бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргiзiледi, қалған төлемдер төлеуге берiлетiн шоттардың түсу кезектiлiгiне қарай жүргiзiледi. Бұл ретте, ҚБАЖ-ға енгiзiлген төлеуге берiлетiн шотты орындау үшiн оның жұмыс iстеу мерзiмi iшiнде жеткiлiктi сомада ақша болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, төлеуге берiлетiн шоттар төлеуге берiлетiн шоттың қолданыс мерзімі біткен күнінен бастап келесі күні орындалмастан мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда салықтың және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің, салық органдары және (немесе) уәкілетті органдардың құзыреті шегіндегі салықтық емес төлемдердің артық төленген сомаларын салық төлеушілерге қайтаруға төлем тапсырмаларын аумақтық қазынашылық бөлiмшесi орындауға қабылдамайды.
БҚШ-дан ақшаны есептен шығару бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ белгiлеген тәртiппен ҚБЕО төлем жүйелерi арқылы жiберiлген электрондық төлем құжаттары негiзiнде жүргiзiледi.
189. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттік мекемелерден төлеуге берiлетiн шоттарды қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы бекiткен және мемлекеттік мекемелерге берілген мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесiне сәйкес жергiлiктi уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейiн жүзеге асырады. Бұл ретте, банк кассасынан чек бойынша қолма-қол ақшаны алуға арналған құжаттар жергiлiктi уақыт бойынша сағат 13.00-гe дейiн қабылданады.
190. Мемлекеттік мекеме:
мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесiнiң сақталуын;
төлеуге берілетін шотты ұсыну заңдылығы мен негізділігін;
төлеуге берілетін шотта көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелердің уақтылығы мен толық орындалуын;
жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе көрсетілген қызметтердің берілуінің шынайылығын растауды;
тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша түпкі төлем жүргізген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етеді.
191. Қолма-қол емес және қолма-қол ақша түрiнде төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру мыналардың:
бюджет қаражаты;
мемлекеттік мекемелер өздерiнiң билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша;
мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оны қайтарып алу не белгілі бір жағдайлар басталғанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретiн ақша;
мемлекеттік мекемелер үшін демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн, олар заңнамалық актілерге сәйкес алатын ақша есебінен төлеуге берілетін шоттарды мемлекеттік мекеменiң қалыптастыруын және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жүргiзуiн қамтиды.
192. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне төлеуге берiлетiн шотты ұсынғанға дейiн оны төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналына тiркейдi. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналы журналдағы беттердiң жалпы санын көрсете отырып, нөмiрленген, тiгiлген және елтаңбалы мөрi қойылған және мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол өкiлеттiк берген тұлғаның қолымен куәландырылған осы Ереженің 73-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналындағы жазу төлеуге берiлетiн шоттарды қалыптастыруға қарай хронологиялық тәртiпте жүргiзiледi. Бұл ретте, төлеуге берiлетiн шотта көрсетiлген күн төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналында көрсетiлген тiркеу күнiне сәйкес келуi тиiс. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналында ағымдағы қаржы жылы аяқталғанда бос беттер болған кезде келесi жылғы жазулар үшiн пайдалануға болады, бұл ретте, жазулардың нөмiрленуi басынан басталады.
193. Осы Ереженің 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берiлетiн шот аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне онда көрсетiлген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде ұсынылады.
194. Мемлекеттік мекеме төлемдердi жүргiзу және ақша аудару үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 75-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн, алдын-ала төлеу үшін төлеуге берілетін шоттарды қоспағанда, осы Ереженің 208 және 211 тармақтарда көзделген құжаттарды қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттарды ұсынады. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмi және төлеуге берiлетiн шоттардың аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ұсынылады.
Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiнде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынатын барлық төлеуге берiлетiн шоттар көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 195-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
195. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнiң жауапты орындаушысы осы Ережеде көзделген жағдайларда оларға қоса берілген төлеуге берілген шоттары мен құжаттармен бірге төлеуге берілген шоттар тізілімінің екі данасын қабылдайды, олардың жинақтылығын, 24-29-тарауларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiне қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар мен құжаттардың саны, төлеуге берілген шоттар тізілімінде көрсетілген олардың санына және 24-29-тарауларда белгiленген талаптарға сәйкес келген кезде тiзiлiмнiң екi данасына және тізілімге қоса берілген төлеу шоттарына қолын, күнiн және мөртабан бедерін қояды. Төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң қол қойылған және мөр таңбаланған данасы мемлекеттік мекемеге қайтарылады, төлеуге берілген шоттарға және құжаттарға қоса берілген төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнің екінші данасы одан әрi орындау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
ҚБАЖ -да ақша алушы болмай қалған кезде, жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелуін талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасаспай не шарт жасаса отырып тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жағдайында осы Ереженің 60, 62-қосымшаларына сәйкес, мемлекеттік мекеме Ақша алушылардың анықтамасына енгізуге өтінімді ақша алушының мынадай құжаттарын:
1) заңды тұлға:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесін;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болу туралы банктің анықтамасын.
ақшаны алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растама хатын (ақшаны алушы резидент емес болып табылатын жағдайда)
2) жеке тұлға:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесін;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болу туралы банктің анықтамасын қоса бере отырып ұсынады.
ҚБАЖ -да ақша алушының деректемелері болмаған кезде, ол бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінде жасалған шартты тіркеу талап етілмейтін шығыстардың БСК бойынша шарт жасаспай не шарт жасасып тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алған жағдайда, мемлекеттік мекеме, нөмірі көрсетілген банктің шотының болуы туралы банктің анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженің 63, 64-қосымшаларына сәйкес, ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінім береді.
Ақша алушыны ақша алушылардың анықтамасына енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуінің растығы мен дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.
196. Төлем жүргiзiлгеннен кейiн төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасы және осы Ереженiң 76-қосымшасына сәйкес 5-15 «Мемлекеттік мекемелердiң төлемдерiн жүргiзу жөніндегі күнделiктi көшiрмесi» нысаны бойынша қалыптастырылған есеп (бұдан әрі 5-15-нысан) төлеуге берiлетiн шотта төлем жүргiзiлген күнді және салыстыру жүзеге асырылған күнді көрсете отырып, салыстырылады, қазынашылық аумақтық бөлiмшесiнің жауапты орындаушысының қойылған қолымен және мөртабан бедерімен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге берiледi.