8) комиссия шарттары (келісім-шарттары), тапсырма немесе агенттік шарт (келісім-шарт) бойынша кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші бір мемлекеттің аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісім-шарттар) (жанама салықтарды комиссионер, сенім білдірілген адам немесе агент төлейтін жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1.2 және 1.3-тармақтарында көзделген жағдайларда).
Осы тармақтың 2) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелерде берілуі мүмкін.
Лизинг шарты (келісім-шарты) бойынша ҚҚС бірінші рет төлеген кезде салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды табыс етеді. Одан әрі салық төлеуші салық органына салық декларациясымен бірге осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) табыс етеді.
9. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлемеген, осындай салықтарды осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзіммен салыстырғанда әлдеқайда кеш мерзімде төлеген жағдайларда, сондай-ақ салық декларацияларын табыс етпеу, оларды осы баптың 8-тармағында белгіленген мерзімді бұза отырып, табыс ету фактілері анықталған жағдайда, не салық декларацияларында көрсетілген деректердің кеден одағына мүше мемлекеттердің салық органдары арасындағы ақпарат алмасу шеңберінде алынған деректермен сәйкеспеуі жағдайларында салық органы аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте және мөлшерде жанама салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алады, сондай-ақ жанама салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауапқа тарту шараларын қолданады.
Тауарларды есепке қабылдау айында әкелінген тауарлардың шартқа (келісім-шартқа) қатысушылар растаған тиісінше сапада болмауы және (немесе) тиісінше жиынтықталмауы себептері бойынша қайтарылған жағдайда бұл тауарлар салық декларациясында көрсетілмейді. Мұндай әкелінген тауарларды олар есепке қабылданған ай өткеннен соң қайтарған кезде тиісті нақтыланған (қосымша) салық декларациялары табыс етіледі.
10. Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден аумағына импорты оның заңнамасына сәйкес жанама салықтарынсыз жүзеге асырылған тауарлар босату немесе өзге төлеу тәртібі берілген мақсаттарында емес, өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда мұндай тауарлардың импортына осы бапта белгіленген тәртіпте жанама салықтар салынуы тиіс.
11. Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші бір мемлекеттің аумағына импортталған тауарлар бойынша төленген (есепке жатқызылған) жанама салықтардың сомалары аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен шегерулерге (есепке жатқызуларға) жатады.
12. Акциздік таңбалармен (есепке алу-бақылау таңбаларымен, белгілермен) таңбалануға жататын тауарлар бойынша акциздерді алуды, егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органдары жүзеге асырады.
3-бап
Өзгерістер мен толықтырулар
Осы Хаттамаға Тараптардың өзара келісімі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Тараптардың құзыретті органдары кемінде жылына бір рет осы Хаттамаға өзгерістер және толықтырулар енгізудің орындылығы туралы мәселені қарайды.
4-бап
Дауларды шешу
Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер мүдделі Тараптардың консультациялары немесе келіссөздері арқылы шешіледі. Осындай консультациялар немесе келіссөздер басталған күннен бастап алты ай ішінде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау мүдделі Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.
5-бап
Күшіне енуі
Осы Хаттама дипломатиялық арналар арқылы депозитарий Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
6-бап
Қолданылу күні
Осы Хаттама 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісім күшіне енген күннен бастап қолдануға жатады.
7-бап
Қорытынды ережелер
2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін | Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін | Ресей Федерациясының Үкіметі үшін |
Осымен 2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Кеден одағында жанама салықтарды төлету және тауарлардың импорты пен экспорты кезінде олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің кеңесшісі | М. Халимов |