Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу
тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы
хаттама
(Санкт-Петербург қ., 2009 жылғы 11 желтоқсанда)
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 306-IV Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
халықаралық сауданың жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен ережелерін мойындай отырып,
2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімнің 4-бабын басшылыққа ала отырып,
тауарлардың экспорты мен импортына, кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттеріне жанама салықтардың уақтылы және толық түсуіне бақылауды күшейтуге өзара мүдделілікті негізге ала отырып,
осы мақсатпен бір-біріне жәрдемдесуді қалай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тауарлардың экспорты кезінде жанама салықтарды қолдану тәртібі
1. Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау кезінде аумағынан тауарлар әкетілген кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) (бұдан әрі - салық төлеуші) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды салық органына беру кезінде қосылған құн салығының (бұдан әрі - ҚҚС) нөлдік ставкасын және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолданады.
Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау кезінде салық төлеуші кеден одағынан тыс жерлерге осы мемлекеттің аумағынан экспортталған тауарларға қатысты қолданылатын, кеден одағына мүше мемлекеттің осыған ұқсас заңнамасында көзделген тәртіппен салықтық шегерімдерді (есепке жатқызуларды) жүргізуге құқылы.
Тауарларды өткізу орны кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Аумағынан тауарлар әкетілген кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің ҚҚС-ның нөлдік ставкасын және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолдануының негізділігін растау үшін салық органына салық декларациясымен бір мезгілде мынадай құжаттар (олардың көшірмелері) табыс етіледі:
1) өзгерістер, толықтырулар мен оларға қосымшалар ескеріле отырып, солардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісім-шарттар) (бұдан әрі - шарттар (келісім-шарттар); тауарлар лизингі немесе тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) жағдайында - лизинг шарттары (келісім-шарттары), тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарттары (келісім-шарттары); тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісім-шарттар); алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісім-шарттар);
2) егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, экспортталған тауарларды өткізуден түскен түсімнің экспорттаушы салық төлеушінің шотына нақты түсуін растайтын банктің көшірмесі - үзінді.
Егер шартта (келісім-шартта) қолма-қол ақша қаражатымен есеп айырысу көзделген жағдайда және мұндай есеп айырысу аумағынан тауарлар экспортталатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, салық төлеуші салық органына оның банктегі шотына алынған сомаларды салық төлеушінің енгізгенін растайтын банктің көшірме-үзіндісін (көшірме-үзіндісінің көшірмесін), сондай-ақ егер аумағынан тауарлар экспортталатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, аталған тауарларды сатып алушыдан түскен түсімнің нақты түсуін растайтын кассалық кіріс ордерлерінің көшірмелерін табыс етеді.
Тауарлар меншік құқығының лизинг алушыға өтуі көзделетін лизинг шарты (келісім-шарты) бойынша әкетілген жағдайда, егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық төлеуші салық органына экспорттаушы салық төлеушінің шотына лизинг төлемінің (тауардың (лизинг мәндерінің) бастапқы құнын өтеу бөлігінде) нақты түсуін растайтын банктің көшірмесін - үзінді (көшірме - үзіндінің көшірмесін) табыс етеді.
Сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялар, тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) беру жүзеге асырылған жағдайда экспорттаушы салық төлеуші салық органына көрсетілген операциялар бойынша алған (сатып алған) тауарлардың импортын (жұмыстардың орындалғанын, қызметтер көрсетілгенін) растайтын құжаттарды табыс етеді;
3) аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салықтық міндеттемелерді орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар кеден одағына мүше мемлекеттердің салық органдары бекіткен нысан бойынша толтырылған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (бұдан әрі - Өтініш) (кеден одағына мүше мемлекеттердің салық органдарының талабы бойынша түпнұсқада немесе көшірмесінде);
4) кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілгенін растайтын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген көліктік (тауарларға ілеспе) құжаттар. Егер тауарларды алып өтудің жекелеген түрлері үшін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында мұндай құжаттарды ресімдеу көзделмеген жағдайда көрсетілген құжаттар табыс етілмейді;
5) аумағынан тауарлар экспортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген ҚҚС-ның нөлдік ставкасын және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолданудың негізділігін растайтын өзге де құжаттар.
Егер салық декларациясымен бірге ҚҚС-ның нөлдік ставкасын және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды қолданудың негізділігін растайтын құжаттарды табыс етпеу аумағынан тауарлар экспортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, өтінішті қоспағанда, осы тармақта көзделген құжаттар салық органына табыс етілмейді.
Егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, егер осы тармақта көзделген құжаттар ҚҚС бойынша салық декларациясымен бірге берілген болса, олар акциздер бойынша тиісті салық декларациясымен табыс етілмейді.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттар тауарларды тиеп-жөнелткен (берген) күннен бастап 180 күнтізбелік күн ішінде салық органына табыс етіледі.
Бұл құжаттар белгіленген мерзімде табыс етілмеген жағдайда жанама салықтардың сомалары аумағынан тауарлар экспортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ҚҚС тиісті сомаларын шегеру (есепке жатқызу) құқығы беріле отырып, тауарларды тиеп-жөнелту күніне тұспа-түс келетін салық (есепті) кезеңі үшін не кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге салық (есепті) кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс.
Тауарларды өткізу кезінде ҚҚС есептеу мақсатында тиеп-жөнелту күні деп тауарларды сатып алушыға (бірінші тасымалдаушыға) ресімделген бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттың жасалу уақыты бойынша бірінші күн не ҚҚС салық төлеуші үшін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге міндетті құжаттың үзінді көшірмесінің күні танылады.
Егер аумағында акцизделетін тауарлар өндірілген кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, өз шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді есептеу мақсатында тауарларды тиеп-жөнелту күні деп тауарларды сатып алушыға (алушыға) ресімделген бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттың жасалу уақыты бойынша бірінші күн, алыс-беріс шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша тиеп-жөнелту күні деп акцизделетін тауарларды қабылдау-беру актісіне қол қойылған күн танылады.
Жанама салықтар төленбеген, толық төленбеген, осындай салықтар осы тармақта белгіленген мерзімдер бұзыла отырып төленген жағдайда салық органы аумағынан тауарлар экспортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жанама салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алады, сондай-ақ жанама салықтарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауапқа тарту шараларын қолданады.
Салық төлеуші осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды осы тармақта белгіленген мерзім өткеннен кейін табыс еткен жағдайда, төленген жанама салық сомалары аумағынан тауарлар экспортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес шегеруге (есепке жатқызуға), қайтаруға жатады. Жанама салықтарды төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін есептелген және төленген өсімпұлдар, айыппұлдар сомалары қайтаруға жатпайды.
4. Кеден одағына мүше мемлекеттерге әкетілетін акцизделетін тауарлардың көлемі, тиеп-жөнелту күніне қолданыста болған акциз ставкалары, сондай-ақ акциз сомалары акциздер бойынша тиісті салық декларациясында көрсетілуі тиіс.
5. Салық органы ҚҚС нөлдік ставкасын және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды, аталған салықтар бойынша салықтық шегерімдерді (есепке жатқызуларды) қолданудың негізділігін тексереді, сондай-ақ аумағынан тауарлар экспортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті шешім қабылдайды (шығарады).
Салық органына Өтініш табыс етілмеген жағдайда салық органы кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына экспортталған тауарларды өткізу бойынша операцияларға қатысты кеден одағына мүше бір мемлекеттің салық органында кеден одағына мүше екінші мемлекеттің салық органынан алынған жанама салықтарды толық көлемде төлеу (жанама салықтарды төлеуден босату) фактісін электронды түрде растауы болған кезде ҚҚС нөлдік ставкасын және (немесе) акциздерді төлеуден босатуды, аталған салықтар бойынша салықтық шегерімдерді қолданудың негізділігін растау туралы шешім қабылдауға (шығаруға) құқылы.
6. Егер салық төлеуші табыс еткен тауарларды өткізу және жанама салықтарды төлеу туралы мәліметтер кеден одағына мүше мемлекеттер арасында белгіленген ақпарат алмасу шеңберінде алынған деректерге сәйкес келмесе, салық органы аумағынан тауарлар экспортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде жанама салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алады, сондай-ақ жанама салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және осы мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауапқа тарту шараларын қолданады.
7. Осы баптың ережесі ҚҚС бөлігінде аумағында оларды шығару бойынша жұмыстар орындалған кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына әкетілетін, оларды шығару жөніндегі шарттар (келісім-шарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларға қатысты да қолданылады. Көрсетілген тауарларға алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлар жатпайды.
8. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу туралы шарт (келісім-шарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларға акциздерді салу үшін салық базасы оларға қатысты тіркелген (ерекше) акциз ставкалары белгіленген табиғи мәніндегі алыс-беріс шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлардың көлемі, саны (өзге де көрсеткіштері) ретінде не оларға қатысты адвалорлық акциз ставкалары белгіленген алыс-беріс шикізатынан өндірілген акцизделетін тауарлардың құны ретінде айқындалады.
9. Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісім-шарт) бойынша, тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарты (келісім-шарты) бойынша, тауарларды шығару туралы шарт (келісім-шарт) бойынша тауарларды (лизинг мәндерін) әкету кезінде салық органына осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен жағдайда ҚҚС нөлдік ставкасы және (немесе) акциздерді төлеуден босату (егер мұндай операцияға кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес акциздер салынатын болса) қолданылады.
Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына лизинг шарты (келісім-шарты) бойынша тауарларды (лизинг мәндерін) әкету кезінде ҚҚС бойынша салық базасы әрбір лизингтік төлемдерді алған күні лизинг шартында (келісім-шартында) көзделген тауардың (лизинг мәнінің) бастапқы құнының бөлігі мөлшерінде, бірақ нақты алынған төлем сомасынан аспайтын мөлшерде айқындалады.
Салықтық шегерімдер (есепке жатқызулар) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен, алынған лизингтік төлем бойынша тауарлардың (лизинг мәндерінің) құнына келетін бөлігіне жүргізіледі.
Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарты (келісім-шарты) бойынша тауарларды әкету кезінде ҚҚС бойынша салық базасы шартта (келісім-шартта) көзделген берілген (ұсынылған) тауарлардың құны, шартта (келісім-шартта) құны болмаған жағдайда - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шартта (келісім-шартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны болмаған жағдайда - бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны болып табылады.
10. Жанама салықтардың толық төленуін қамтамасыз ету үшін салық салу мақсатында кеден одағына мүше мемлекеттің бағаларды айқындау принциптерін реттейтін заңнамасы қолданылуы мүмкін.
2-бап
Тауарлардың импорты кезінде жанама салықтарды алу тәртібі
1. Егер осы Хаттамада өзгеше белгіленбесе, кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды алуды аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің салық органы мынадай ерекшеліктерді ескере отырып, арнаулы салық режимдерін пайдаланатын салық төлеушілерді қоса алғанда, салық төлеуші тауар иелерін есепке қою орны бойынша жүзеге асырады.
Осы Хаттаманың мақсаты үшін тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісім-шартпен) көзделген тұлға тауарлардың иесі болып танылады.
1.1. Егер тауарлар кеден одағына мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі мен кеден одағына мүше екінші бір мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт (келісім-шарт) негізінде сатып алынса, жанама салықтарды аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлардың иесі, не, егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, комиссионер, сенім білдірілген адам немесе агенті төлейді.
1.2. Егер тауарлар кеден одағына мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі мен кеден одағына мүше екінші бір мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт негізінде сатып алынса және сонымен қатар тауарлар кеден одағына мүше үшінші бір мемлекеттің аумағынан импортталса, жанама салықтарды аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлардың иесі төлейді.
1.3. Егер тауарларды кеден одағына мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі комиссия шарты (келісім-шарты), тапсырма немесе агенттік шарт (келісім-шарт) негізінде кеден одағына мүше екінші мемлекеттің салық төлеушісіне өткізсе және кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, жанама салықтарды аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлардың иесі не, егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, комиссионер, сенім білдірілген тұлға, агент төлейді.
1.4. Егер кеден одағына мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі осы кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына бұрын кеден одағына мүше екінші мемлекеттің салық төлеушісі импорттаған, ол бойынша жанама салықтар төленбеген тауарларды сатып алса, жанама салықтарды аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлардың иесі не, егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, комиссионер, сенім білдірілген тұлға, агент (егер тауарлар комиссионер, сенім білдірілген тұлға, агент арқылы өткізілген жағдайда) төлейді.
1.5. Егер тауарлар кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі мен кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт (келісім-шарт) негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар кеден одағына мүше екінші бір мемлекеттің аумағынан импортталса, жанама салықтарды аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - тауарлар иесі не, егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, комиссионер, сенім білдірілген тұлға, агент (егер тауарлар комиссионер, сенім білдірілген тұлға, агент арқылы өткізілген жағдайда) төлейді.
2. ҚҚС төлеу мақсаттары үшін салық базасы сатып алынған тауарлардың (оның ішінде оларды шығару туралы шарт (келісім-шарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың), сондай-ақ тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарты (келісім-шарт) бойынша алынған тауарлардың, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын тауарлардың және акцизделетін тауарлар бойынша төленуі тиіс акциздердің құны негізінде салық төлеушідегі импортталған тауарларды есепке алуға қабылдау күніне (бірақ аумағына тауарлар импортталатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей) айқындалады.
Сатып алынған тауарлардың, оның ішінде оларды шығару туралы шарт (келісім-шарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың құны шарт (келісім-шарт) талаптарына сәйкес тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін жеткізушіге төленуге тиіс мәміле бағасы болып табылады.
Тауар айырбас (бартерлік) шарты (келісім-шарты) бойынша, сондай-ақ тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарты (келісім-шарты) бойынша алынған тауарлардың құны шартта (келісім-шартта) көзделген тауарлардың құны, шартта (келісім-шартта) құны болмаған жағдайда - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шартта (келісім-шартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда құн болмаған жағдайда - бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны болып табылады.
Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан қайта өңдеу өнімдері кеден одағына мүше екінші бір мемлекеттің аумағына әкелінген кезде салық базасы алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны ретінде айқындалады.
3. Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағына меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісім-шарты) бойынша тауарларды (лизинг мәндерін) әкелу кезінде салық базасы лизинг шартымен (келісім-шартымен) оны төлеген күнге көзделген тауардың (лизинг мәні) құнының бір бөлігі мөлшерінде (төлемнің нақты мөлшері мен жүзеге асырылған күнге қарамастан) айқындалады. Шетел валютасындағы лизингтік төлем ұлттық валютаға кеден одағына мүше мемлекеттің орталық (ұлттық) банкінің салық базасын айқындаудың тиісті сәтіне (күніне) тұспа-тұс келетін күндегі бағамы бойынша қайта есептеледі.
4. Оларға қатысты тіркелген (ерекше) акциз ставкалары белгіленген табиғи мәніндегі импортталған акцизделетін тауарлардың көлемі, саны (өзге де көрсеткіштері) не оларға қатысты адвалорлық акциз ставкалары белгіленген импортталған акцизделетін тауарлардың құны акциз салу үшін салық базасы болып табылады.
Акциздерді есептеу үшін салық базасы импортталған акцизделетін тауарларды салық төлеуші есебіне қабылдаған күні (аумағына акцизделетін тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей) айқындалады.
5. Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші бір мемлекеттің аумағына импортталған тауарлар бойынша төленуі тиіс жанама салықтардың сомасын салық төлеуші аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген салық ставкалары бойынша есептейді.
6. Жанама салықтарды төлеудің толықтығын қамтамасыз ету үшін салық салу мақсатында бағаларды айқындау принциптерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін.
7. Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді қоспағанда, жанама салықтар:
импортталған тауарларды есепке қабылдаған;
лизинг шартымен көзделген төлем мерзімі айынан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.
Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
8. Салық төлеуші салық органына аумағына тауарлар импортталған, оның ішінде лизинг шарты (келісім-шарты) бойынша импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген нысан бойынша импортталған тауарларды есепке қабылдаған айдан (лизинг шартымен (келісім-шартымен) көзделген төлем мерзімінен) кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей тиісті салық декларациясын табыс етуге міндетті. Салық декларациясымен бірге салық төлеуші салық органына мынадай құжаттарды табыс етеді:
1) қағаз тасығышта (төрт данада) және электронды түрде Өтініш;
2) егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың нақты төленгенін растайтын банктің көшірме-жазбасы немесе жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын растайтын өзге құжат. Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші бір мемлекеттің аумағына тауарларды импорттау кезінде, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу кезінде салық төлеушіде қайтаруға (есепке жатқызуға) жататын артық төленген (өндіріліп алынған) салықтардың, алымдардың сомалары не жанама салықтардың сомалары болған жағдайда салық органы аумағына тауарлар импортталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оларды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу есебіне есепке жатқызу туралы шешім қабылдайды (шығарады). Бұл жағдайда импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың нақты төленгенін растайтын банктің көшірме-жазбасы (оның көшірмесі) табыс етілмейді. Лизинг шарты (келісім-шарты) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар лизинг шартымен (келісім-шартымен) көзделген төлем мерзімі болған кезде табыс етіледі;
3) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші бір мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын көліктік (тауарларға ілеспе) құжаттар. Көрсетілген құжаттар егер тауарларды өткізудің жекелеген түрлері үшін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында мұндай құжаттарды ресімдеу көзделмеген жағдайда табыс етілмейді;
4) егер шот-фактураларды жазып беру (шығарып беру) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда тауарларды тиеп-жөнелту кезінде кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
5) кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше екінші бір мемлекеттің аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісім-шарттар); тауарлар (лизинг мәндері) лизингі жағдайында - лизинг шарттары (келісім-шарттары); тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) жағдайында - тауарлық кредит (тауарлық қарыз, зат түріндегі қарыз) шарттары (келісім-шарттар); тауарларды шығару туралы шарттар (келісім-шарттар), алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісім-шарттар);
6) кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісіне кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі не кеден одағына мүше үшінші бір мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізуші кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі берген кеден одағына мүше үшінші бір мемлекеттің салық төлеушісі туралы және импортталған тауарларды сатып алу туралы осы кеден одағына мүше үшінші бір мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісім-шарт) туралы мынадай мәліметтер жөнінде ақпараттық хабарлама (басшысы (жеке кәсіпкер) қол қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған) (осы баптың 1.2, 1.3, 1.4 және 1.5-тармақтарында көзделген жағдайларда):
тұлғаны кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіруші нөмір;
кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның/жеке кәсіпкердің) толық атауы;
кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) орны;
шарт (келісім-шарт) нөмірі мен күні;
ерекшелік нөмірі мен күні.
Егер тауарлар сатып алынатын кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізетін тауарлардың иесі болып табылмаған жағдайда (комиссионер, сенім білдірілген тұлға, агент болып табылса), онда осы тармақшаның 2-6-абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың иесіне қатысты да табыс етіледі.
Ақпараттық хабарлама шет тілінде табыс етілген жағдайда орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.
Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген шартта (келісім-шартта) қамтылған жағдайда ақпараттық хабарлама табыс етілмейді;
7) комиссия шарттары (келісім-шарттары), тапсырма немесе агенттік шарт (келісім-шарт) (олар жасалған жағдайда);