Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция
жасау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 21 ақпандағы № 237 қаулысы
(2008.23.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесі бекітілсін.
2. Құпия.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 21 ақпандағы
№ 237 қаулысымен
бекітілген
Өзгеріс енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2008.15.01. № 17 Қаулысын қара
Мемлекеттік материалдық резервтің
материалдық құндылықтарымен операция жасау
ережесі
Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық меншік болып табылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізудің, сақтау және шығарудың тәртібін белгілейді. Ереже "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік материалдық резерв - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдауға, ізгілік көмек көрсетуге және нарыққа реттеушілік ықпал етуге арналған материалдық құндылықтар қоры;
2) ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңарту, қарызға беру және броньнан шығару мерзімін көрсете отырып, оларды жеткізуді, сақтауды және шығаруды регламенттейтін құжат (бұдан әрі - операция жасау жоспары).
Мемлекеттік материалдық резервке материалдық
құндылықтарды жеткізу
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке жеткізіп беруге тапсырыстар оларды жеткізіп берушілер арасында:
республикалық бюджет қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен;
Бюджет қаражаттары есебінен мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізіп беруге уәкілетті орган тапсырыс беруші болады.
4. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткізу номенклатураға қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
5. ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен тиеп жіберу және оған жеткізіп берудің қағидалары ИНКОТЕРМС талаптарын есепке ала отырып, шарттарда қамтылады.
7. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын әрбір жеткізіп беру (тиеп жіберу) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың немесе мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктінің басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты тұлғасы қол қойған және мөрі басылған шартпен және қабылдау актісімен расталады.
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Мемлекеттік материалдық резервке жеткізілетін материалдық құндылықтары техникалық регламенттер сәйкес болу, ұзақ уақыт сақтауға дайын болуы, ал олардың сапалық жағдайы өнімнің сертификаттарымен, паспорттарымен, сынақ хаттамасымен немесе басқа да тиісті құжаттармен расталуы тиіс.
9. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізуге тапсырыстарды орналастыруда отандық өндірушілер басымдыққа ие.
Мемлекеттік материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды шығару
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару:
1) броньнан шығару тәртібімен;
2) қарызға беру тәртібімен;
3) жаңалауға байланысты;
4) ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару тәртібімен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңалау тәртібімен шығару туралы шешімді уәкілетті орган Операция жасау жоспарына сәйкес қабылдайды.
Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңалау тәртібімен шығару материалдық құндылықтардың сақтау мерзімдері өтіп кетуін болдырмау мақсатында, сол тақылеттес материалдық құндылықтардың сондай мөлшерін және сондай сапасын сонымен бір мезгілде немесе жеткізіп және сала отырып, жүргізіледі.
12. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару нарық бағалары бойынша жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту не броньнан шығару тәртібімен шығару тендер нысанында, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығарудың міндетті шарты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің кепілдік беруі болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 14-1-тармақпен толықтырылды
14-1. Материалдық құндылықтарды шығару броннан алу тәртібімен жүзеге асырылады: жұмылдыру мұқтаждары үшін; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау кезінде; ізгілік көмек көрсету кезінде; нарыққа реттеушілік ықпал етуді қолданған кезде; мемлекеттік резерв номенклатурасынан алып тасталған, сондай-ақ тұтынуға (қолдануға) жарамсыз материалдық құндылықтарды жою кезінде.
Адамдардың денсаулығына, өміріне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін, тұтынуға (қолдануға) жарамсыз материалдық құндылықтарды жою Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
15. ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Мемлекеттік резервтегі материалдық құндылықтарды иеліктен алу олардың құны толық төленген немесе аккредитив ашылған не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің кепілдігі берілген жағдайда жүргізіледі.
Мемлекеттік резервтен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары үшін есеп айырысу ақшалай немесе айырбасқа тауарлар жеткізіп беру арқылы жүргізілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды
16-1. Материалдық құндылықтарды сақтау пунктінен немесе уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымының филиалынан шығару кезінде беру наряд негізінде жүзеге асырылады.
Нарядтың нысаны мен беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
17. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруға шарт (келісім-шарт) тендерлік комиссияның шешімі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде уәкілетті орган не уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым мен шаруашылық жүргізуші субъектілер - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын алушылар арасында жасалады.
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. Материалдық құндылықтардың техникалық регламенттер талаптарына, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігін растау мақсатында мүдделі тұлғаларға уәкілетті органның шешімі бойынша жаңарту және броннан шығару тәртібімен шығаруға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының үлгілері ақылы негізде берілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.23.01. № 59 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін ақы төлеу жөніндегі берешекті өтеу ретінде алынған ақшалай және басқа да қаражат бюджетте есептелуге жатады.
Материалдық құндылықтармен операциялар жасау бойынша
жауапкершілік
20. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік резерв туралы нормативтік құқықтық кесімдерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес жауапты болады.