Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 757 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 613 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 316-құжат) 1-тармағының және 2-тармағының 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақсатан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 757 қаулысымен
бекітілген
Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленген және өсімдіктерді қорғау саласында пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялауды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
3. Осы қызмет түріне белгіленген біліктілік талаптарына біліктілік деңгейі сай жеке немесе заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
4. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
5. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметке арналған лицензия қолданылу мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия болып табылады.
Лицензия күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі
6. Лицензия алу үшін өтініш берушілер лицензиарға мына құжаттарды:
1) өтінішті;
2) заңды тұлғалар үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
3) жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) дара кәсіпкерлер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
6) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды тапсырады.
7. Лицензия беру туралы тиісті құжаттармен қоса өтінішті қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап есептеледі. Өтініш беру фактісі лицензиар жүргізетін өтінімдерді арнайы тіркеу журналында тіркеледі.
8. Лицензия алу үшін қажетті құжаттарды өтініш берушінің өзі немесе сенімхат бойынша оның өкілетті өкілі тапсырады.
9. Қоршаған ортаны қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы органдардың қорытындыларын алу үшін лицензиар лицензияны алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша қоршаған ортаны қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы органдарға өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну жөнінде сауал жібереді.
Қоршаған ортаны қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы органдар лицензиардың сауалының негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды жібереді.
10. Лицензиар лицензияны осы Ереженің 6-тармағында белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
11. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген не өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, лицензияны беру үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті.
12. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздерде қаралады;
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда, лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
13. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
14. Лицензиясы жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның телнұсқасын алуға құқылы.
Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкі лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
15. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол күнтізбелік отыз күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру
16. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
17. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияны алып қойғанда;
2) бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, қайта ұйымдастырылғанда;
3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
4) лицензияланатындардың тізбесінен пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызмет алынып тасталса тоқтатылады.
Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
4. Есепке алу және бақылау
18. Лицензиаттың лицензиялық ережелерді сақтауын лицензиялық бақылауды лицензиар лицензиаттың лицензияланатын қызметті жүзеге асыру кезеңінде жылына екі реттен аспайтын және ұзақтығы екі күннен аспайтын аралықта жүргізеді.
19. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын лицензиялар тізілімін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 757 қаулысымен
Бекітілген
Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
1) өндірістік-техникалық базаның - экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс ережелері мен нормаларына сәйкес келетін, өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі және техникалық жоба талаптарына жауап беретін меншікті немесе жалға алу құқығындағы арнайы өндірістік үй-жайлардың, технологиялық желілердің, арнайы қоймалық үй-жайлардың (өткізу және қолдану үшін - арнайы қоймалық үй-жайлардың);
2) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы берген пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған арнайы қоймалық үй-жайларға арналған санитарлық паспорттың;
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) арналған технологиялық регламенттің;
4) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндірудің (формуляциялаудың) экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс ережелері мен нормаларына сәйкес келетін техникалық жобасының;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) арналған ұйым стандартының;
6) өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) сапасының техникалық регламенттерге, стандарттар мен нормаларға сәйкестігін бақылауды жүргізу үшін аккредиттелген зертхананың немесе аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың;
7) көлік саласындағы уәкілетті орган берген, қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензияның, көлік құралын жалға алған жағдайда - қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көлік құралын жалға алу шартының нотариалды куәландырылған көшірмесінің;
8) жеке қорғау құралдарының, өртке қарсы мүкәммалдың, өндірістік-техникалық базаның және арнайы қоймалық үй-жайлардың күзет және өрт дабылы құралдарымен жарақтандырылуы және белгіленген тәртіппен бекітілген техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтардың (өткізу және қолдану үшін - арнайы қоймалық үй-жайлардың күзет және өрт дабылы құралдарымен жарақтандырылуының);
9) денсаулық сақтау және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес медициналық тексеруден және техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамадан өткен, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар, тиісті арнайы білімі бар (химик-технолог) техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының (өткізу және қолдану үшін - тиісті (агрономиялық) білімі бар мамандардың болуы);
10) химиялық өңдеудің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану үшін меншікті немесе жалға алу құқығындағы арнайы техника мен жабдықтың;
11) дайындаушы зауыт берген, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған арнайы техника мен жабдықтар паспорттарының;
12) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған арнайы техника мен жабдықты тасымалдау үшін меншікті немесе жалға алу құқығында пайдаланылатын көлік құралының;
13) меншікті немесе жалға алу құқығындағы аэрозольдік генераторлардың және аккредиттелген машина-сынау станциялары берген, аэрозольдік генераторлардың химиялық өңдеудің қауіпсіздігі мен сапа талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының болуын қамтиды.