3) 14-баптың 2-тармағының бесінші абзацындағы «статистиканы» деген сөз «деректерді» деген сөзбен ауыстырылсын.
74. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республика-сының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-баптың 1-тармағының 8-3) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
75. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң-намалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасындағы «және статистикалық карточканың» деген сөздер алып тасталсын.
76. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 27-2) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын;
2) 45-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы «туралы» деген сөзден кейін «алғашқы» деген сөзбен толықтырылсын.
77. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат):
5-баптың 10-1) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
78. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-баптың 1-тармағының 51) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
79. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат):
7-баптың екінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
80. «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Рес-публикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
26-бап алып тасталсын.
81. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен то-лықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
82. «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» 2005 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 9, 25-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 80-құжат):
16-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «және статистикалық есептілікті жүргізуді» деген сөздер «есептілікті жүргізуді, алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыруды» деген сөздермен ауыстырылсын.
83. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2009 жылғы 25 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 15) тармақшасындағы «жөніндегі статистикалық операция» деген сөздер «мақсатында жүргізілетін ұлттық санақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацындағы «статистикалық деректерге» деген сөздер «статистикалық ақпаратқа» деген сөздермен ауыстырылсын.
84. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-бапта:
тақырыптағы «Статистикалық есептілік» деген сөздер «Алғашқы статистикалық деректер» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
«статистикалық есептілігі» деген сөздер «алғашқы статистикалық деректері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«беріледі» деген сөз «табыс етіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 20) және 21) тармақшаларындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын;
3) 18-баптың 3-тармағының екінші абзацындағы «статистикалық,» деген сөз алып тасталсын;
4) 38-бапта:
1-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі «статистикалық» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақта:
екінші және үшінші бөліктердегі «статистикалық» деген сөз алып тасталсын;
төртінші бөліктегі «статистикасын» деген сөз «есепке алу деректерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) көрсетілген Заңға қосымшаның 37-тармағындағы «Статистика», «статистика» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік статистика», «мемлекеттік статистика» деген сөздермен ауыстырылсын.
85. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат):
6-баптың 1) тармақшасындағы «статистикалық карточкалар,» деген сөздер алып тасталсын.
86. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
5-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «және статистикалық» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
1) тармақша «мерзімін» деген сөзден кейін «белгілейді» деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшада:
«статистикалық есептілік» деген сөздер «алғашқы статистикалық деректерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«белгілейді» деген сөз «айқындайды» деген сөзбен ауыстырылсын.
87. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-баптың 19) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
88. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат):
8-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын.
89. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат):
8-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда өзге де есептер береді;».
90. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат):
6-баптың 18) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
91. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат):
8-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
92. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат):
3-баптың 4-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) статистикалық тіркелімдерді жүргізу;».
93. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 20, 88-құжат):
1-баптың 8-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
94. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
1) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға;»;
2) 20-баптың 5-тармағының 21) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
95. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 25 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 21) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын;
2) 16-бапта:
2-тармақтағы «статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Ведомстволық статистикалық байқауларды уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес жүргізеді.».
96. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
6-баптың 12) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
97. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
8-баптың 13) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
98. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; 2009 жылғы 25 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 12 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
4-баптың 1-тармағының 39) тармақшасындағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын.
99. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
6-баптың 8) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
100. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
5-баптың 45) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
101. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккре-диттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республи-касы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат):
6-баптағы «3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық» деген сөздер «4) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық» деген сөздермен ауыстырылсын.
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
102. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-1-бап мынадай мазмұндағы жиырма бірінші абзацпен толықтырылсын:
«16) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды (алуға жататынды) өткізуден түскен табыс алып тасталуға жатады.»;
2) 3-3-бап мынадай мазмұндағы отыз бірінші абзацпен толықтырылсын:
«22) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен көрсетілетін резидент еместің қызметтер көрсетуі қосылған құн салығынан босатылады.».
103. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат):
1) 39-баптың 18) тармақшасындағы «статистика органдарынан» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 47-бапта:
2-тармақтағы «мемлекеттік статистикалық есептіліктің деректері» деген сөздер «статисти-калық ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «статистика органдары» деген сөздер «мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
104. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
8-баптың 6) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
105. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат):
4-баптың 3-1) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң:
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1-баптың 10-тармағының 1), 3), 4), 5), 7) тармақшаларын;
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1-баптың 10-тармағының 2), 6) тармақшаларын;
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 102-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ | |
Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 19-ы.
№ 258-ІV ҚРЗ