Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік
статистика және салық салу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік-құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 13 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 18 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің және оның меншігінің иммунитеті, аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1017-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттік статистикалық есеп беру ретінде» деген сөздер «статистикалық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 25 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 12 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 16 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 179-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацындағы «органдарының,» деген сөз «саласындағы уәкілетті органның,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 356-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «статистикалық» деген сөзден кейін «(алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 381-бапта:
тақырыптағы «Статистикалық есептілікті» деген сөздер «Алғашқы статистикалық деректерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статисткалық деректерді уақтылы ұсынбау, дәйексіз алғашқы статисткалық деректерді ұсыну -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Тиісті статистикалық органдарға мемлекеттік статистикалық есептілікті» деген сөздер «Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 381-2-баппен толықтырылсын:
«381-2-бап. Әкімшілік деректер ұсыну тәртібін бұзу
1. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді уақтылы ұсынбау, дәйексіз деректер ұсыну -
әкімшілік дереккөздердің лауазымды адамдарына ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді ұсынбау, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
әкімшілік дереккөздердің лауазымды адамдарына жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 382-бапта:
тақырыптағы «Мемлекеттік статистикалық бақылаулар» деген сөздер «Статистикалық байқаулар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтіндегі «бақылаулар» деген сөз «байқаулар» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 383 және 384-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«383-бап. Лауазымды адамның алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі
Мемлекеттік статистика органдары лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
384-бап. Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау
Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау -
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) мынадай мазмұндағы 384-1-баппен толықтырылсын:
«384-1-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау
Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау -
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8) 569-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«569-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган
1. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 381, 381-2, 382, 383, 384 және 384-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазаларды қолдануға құқылы.»;
9) 572-баптың бірінші бөлігінде:
«мемлекеттік статистикалық есеп беру мен бақылаудың, жиналуы мен өңделуі» деген сөздер «жиналуы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«деректері» деген сөз «алғашқы статистикалық деректер» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 724-баптың екінші бөлігіндегі «органына» деген сөз «саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 144-құжат; № 23, 173-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; 2009 ж., № 17, 80, 81-құжаттар; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 16 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-1-баптың 11) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын;
2) 381-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын.
4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар):
1) 12-баптың 30) тармақшасындағы «мемлекеттік статистика деректеріне» деген сөздер «ресми статистикалық ақпаратқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын;
3) 148-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «белгіленген тәртіппен бекітілген,» деген сөздер алып тасталып, «есепті» деген сөз «ақпаратты» деген сөзбен ауыстырылсын.
5. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
1) 13-баптың 1-тармағының 18) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын;
2) 38-баптың 20) тармақшасындағы «статистика органдарына» деген сөздер «статистика саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орман қорын мемлекеттік есепке алудың нысанын уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді.».
6. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
37-баптың 1-тармағының 28) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын.
7. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-баптың 38) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын;
2) 78-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
3) 115-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік материалдарын» деген сөздер «статистикалық ақпаратты» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 151-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен есептік материалдар, объект паспорты және статистикалық ақпарат;»;
5) 171-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік статистика саласындағы;»;
6) 221-баптың 15-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітетін статистикалық әдіснамаға сәйкес жер асты суларын пайдалану туралы алғашқы статистикалық деректерді табыс етеді.»;
7) 227-баптың 11) тармақшасындағы «статистика органдарына» деген сөздер «статистика саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 296-баптың 6-тармағындағы «статистикалық есептер» деген сөздер «алғашқы статистикалық деректер» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 315-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«315-бап. Атмосфераға парниктік газдар шығарындылары көздерінің және озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік есебі
Атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының көздері бар және озонды бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға жатады.».
8. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 16-баптың 25) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын;
2) 306-баптың 13) тармақшасы алып тасталсын;
3) 326-бапта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды және денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына жазылады. Журнал еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жүргізіледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық және жарақаттану туралы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес беріледі.»;
9-тармақ алып тасталсын.
9. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; 2009 жылғы 25 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметі;»;
2) 55-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы «статистикалық» деген сөз алып тасталсын;
3) 204-баптағы «есеп» деген сөз «ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын.
10. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
10-тармақтың 1) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
1) 12-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің мақсатына орай, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберінде осындай келісіммен айқындалған мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін Қазақстанның үкіметтік емес қоғамдық қорлары өтеусіз негізде алған мүлік те грант деп танылады;»;
10-тармақтың 2) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
2) 99-баптың 1-тармағы 14) тармақшасындағы «табыстар алып тасталуға жатады.» деген сөздер «табыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды (алуға жататынды) өткізуден түскен табыс алып тасталуға жатады.»;
10-тармақтың 3) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
3) 156-баптың 1-тармағында:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) егер осы тармақтың 11-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, гранттар қаражаты есебінен төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;»;
10-тармақтың 4) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
4) 193-баптың 5-тармағы 13) тармақшасындағы «табыстар салық салуға жатпайды.» деген сөздер «табыстар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер салық салуға жатпайды.»;
10-тармақтың 5) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
5) 201-баптың 8-тармағы 12) тармақшасындағы «табыс салық салуға жатпайды.» деген сөздер «табыс;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер салық салуға жатпайды.»;
10-тармақтың 6) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады
6) 248-баптың 21) тармақшасындағы «айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «айналымдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен көрсетілетін резидент еместің қызметтер көрсетуі қосылған құн салығынан босатылады.»;
10-тармақтың 7) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады