2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:
1) тендер рәсiмдерiн өткізудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестiк принциптерiн сақтай отырып өткiзедi.
2-1. Табиғи монополия субъектісі:
электр энергиясы мен қуаттылықтың орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткізу жағдайы болмаған кезде тиісті тауар нарығында электр энергиясы тапшы болған;
тұтынушыларға ұсынылатын электр энергиясының көтерме нарығына қатысудың шарттарына табиғи монополиялар субъектісінің сай келмеуі;
электр энергиясын беру және бөлу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын сатып алу;
газ тапшы болған кезде оның импортын жүзеге асырушы ұйымнан газ сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды тікелей стратегиялық тауарларды өндірушілерден сатып алуды жүзеге асырады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сатып алуды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бұл талап сатып алуды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес;
акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополия субъектілері жүргізген жағдайларға қолданылмайды.
Жанама тиесілілік табиғи монополия субъектілері акцияларының (қатысу үлестерінің) үшінші тұлғалар арқылы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі екенін білдіреді.
3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, табиғи монополия субъектісі екі кезеңдік рәсімдерді, баға ұсыныстары сауалын қолдану арқылы бір көзден, жабық тендерден, тендерден сатып алуды жүзеге асыра алады.
2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Электр және (немесе) жылу энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымнан сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Табиғи монополия субъектiсi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi уәкілетті орган белгiлеген шектi мөлшерден асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көбiрек аффилиирленген тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкіметі белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.
7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңдарын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткізуге мiндеттеуге құқылы.
8. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берген өтiнiмiн, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тендер өткізу туралы талаптарды бұзған жағдайда, қабылдамай тастауға құқылы.
9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықтардағы, спот рыногындағы электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-5-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-5-бап. Табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
1. Табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-6-баппен толықтырылды
18-6-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-7-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-7-бап. Табиғи монополия субъектісін және реттелетін нарық субъектісін тексеру нәтижелерi бойынша уәкілетті органның шешімi
Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін немесе реттелетін нарық субъектісін тексеру қорытындылары туралы актісін қарау нәтижелері бойынша:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздердің жоқтығы туралы қорытынды жасайды;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;
3) табиғи монополия субъектісіне немесе реттелетін нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактілерін жою туралы нұсқама шығарады;
4) материалдарды қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарау үшін құқық қорғау органдарына береді;
5) материалдарды қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін өзге де мемлекеттік органдарға береді.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары
1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополия субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары:
1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;
2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;
3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға;
4) осы Заңға сәйкес келмейтiн актiлердi жоюға немесе өзгертуге мiндеттi.
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешiм қабылданған күнгi қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiне өзi жүргiзген тексеру материалдары негiзіндегі , сондай-ақ табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын талдау қорытындысы бойынша уақытша өтемдiк тарифтi белгiлейдi. Уақытша өтемдiк тарифтi енгізу тексеру жүргiзiлген айдан кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге айырылады.
ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1 бап. Уәкiлеттi органның ұйғарымдары
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкiлеттi органның ұйғарымдарын табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары шешiмдерде (ұйғарымдарда) көзделген мерзiмде, бiрақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей орындайды.
2. Мемлекеттік органдар осы Заңды бұза отырып қабылданған актiлердi жою немесе өзгерту туралы, не бастапқы жағдайдағы қалпына келтiру жөніндегі ұйғарымдарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы актiлердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) бастапқы жағдайдағы қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсi ұйғарымды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiн ұйғарымда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсынуға құқылы.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 21-бап өзгертілді; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрiлген залалды өтеуi
Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн көтеру, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 22-баппен толықтырылды; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу
Егер табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.
2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен 23-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Өтпелі ережелер
Реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларды жасалған шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарымен (суды есепке алатын жеке аспаптармен) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етуге міндетті.
Табиғи монополия субъектілері нормативтен тыс ысырап болған кезде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын 2009 жылғы 1 наурызға дейін әзірлеуге міндетті.
Реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері және реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтынушылар 2009 жылғы 1 тамызға дейін үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға міндетті.
Қазақстан Республикасының