61) 389-баптың 5 және 6-тармақтарының екiншi бөлiктерi:
«3-тармағының» деген сөздерден кейiн «2),» деген цифрмен толықтырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;
5 тармақтын 62) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
62) 390 және 391-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудiң және салық есептілігiн табыс етудiң ерекшелiктерi
1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшiн жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.
2. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң бiр бөлiгiн не ғимараттың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бiр бөлiгi не ғимараттың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген салықтың базалық ставкалары бойынша есептелуге жатады.
4. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғалар, оның iшiнде жекеше нотариустар, адвокаттар, осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жер учаскелерiн қоспағанда, меншiк құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары орналасқан жер учаскелерi бойынша патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшiн осы бөлiмде белгiленген тәртiппен жер салығын есептейдi, төлейдi және жер салығы бойынша салық есептілігiн табыс етедi.
Осы тармақтың ережелерi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғалардың салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайлары орналасқан жер учаскелерiне қолданылмайды.
391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзiмдерi
1. Жеке тұлғалар (осы тармақтың екiншi бөлiгiнде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрмей жүргiзедi.
Осы тармақтың ережелерi:
дара кәсiпкерлерге;
салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайлар орналасқан жер учаскелерiн қоспағанда, меншiк құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары орналасқан жер учаскелерi бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғаларға, оның iшiнде жекеше нотариустарға, адвокаттарға қолданылмайды.
2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берiлген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстiң 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
4. Салық мiндеттемелерi ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейiн туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектiсiне меншiк құқығы мемлекеттік тiркелгеннен кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
5. Дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
6. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте, жер салығы салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей төленуге жатады.»;
63) 393-бапта:
5-тармағының 63) тармақшасының екiншi - жетінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушiлер (патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын және декларацияны табыс етпейдi.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелерi дара кәсiпкерлерге (патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғаларға қолданылады.»;
5 тармағының 63) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтары 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
4-тармақ:
«3-тармағының» деген сөздерден кейiн «2),» деген цифрмен толықтырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;
5 тармағының 64) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
64) 394-баптың 4-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:»;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.»;
5 тармағының 65) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
65) 397-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектiлерiн демонтаждау және жою жөніндегі мiндеттемелердi орындау көзделген болса, онда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай мiндеттемелердi бағалау салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кiрмейдi.»;
3-тармақта:
«3) тармақшаcында» деген сөздер «2)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;
5 тармағының 66) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
66) 398-баптың 4-тармағы «пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;
5 тармағының 67) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
67) 399-баптың 5-тармағында:
«3) тармақшаcында» деген сөздер «2)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;
5 тармағының 68) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
68) 401-баптың 2-тармағында:
«3) тармақшаcында» деген сөздер «2)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;
5 тармағының 69) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
69) 402-баптың 1 және 2-тармақтарының үшiншi бөлiктерiнде:
«3) тармақшаcында» деген сөздер «2)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;
5 тармағының 70) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
70) 407-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғалар, оның iшiнде жекеше нотариустар, адвокаттар (осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда) меншiк құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары бойынша осы Кодекстiң 398-бабының 2-тармағында белгiленген ставкаларды қолдана отырып, патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшiн осы Кодекстiң 57-тарауында белгiленген мүлiк салығын тәртiппен есептейдi, төлейдi және осы салық бойынша салық есептілігiн табыс етедi.
Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, мұндай тұрғын үй емес үй-жайлар бойынша салық базасы осы Кодекстiң 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Осы баптың ережелерi салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайлар бойынша жеке тұлғаларға қолданылмайды.»;
5 тармағының 71) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
71) 428-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнаулы салық режимi мынадай қызмет түрлерiне:
1) акцизделетiн өнiмдi өндiруге;
2) акцизделетiн өнiмдi сақтауға және көтерме саудада өткізуге;
3) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн - бензиндi, дизель отынын және мазутты өткізуге;
4) лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткізуге;
5) жер қойнауын пайдалануға;
6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;
7) түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге;
8) консультациялық қызметтер көрсетуге;
9) бухгалтерлiк есеп және аудит саласындағы қызметке;
10) қаржы және сақтандыру қызметiне қолданылмайды.»;
5 тармағының 72) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
72) 484-баптың 5-тармағындағы «15» деген цифрлар «25» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5 тармағының 73) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
73) 528-баптың 1-тармағындағы «плакаттар, стендiлер, жарық берушi табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiнде», «сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнде» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармағының 74) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болды
74) 530-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгіндегі «екi есе» деген сөздер «екi еседен асырмай» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 тармағының 75) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
75) 562-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын, осы Кодекстiң 189-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резидентi мәртебесiн иеленген резидент емес жеке тұлға мұндай мәртебенi иеленген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық төлеушi ретiнде тiркелуге тиiс. Салық төлеушi ретiнде тiркелу үшiн мұндай жеке тұлға өзi болатын (тұрғылықты) жердегi салық органына осы баптың 2-тармағында белгiленген құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн қоса бере отырып, тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiшiн бередi.»;
5 тармағының 76) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
76) 581-баптың 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
«өз өкiлеттiктерiн орындаған кезеңде мемлекеттік қызметтi атқаратын адамның және осы кезеңде оның жұбайының (зайыбының);»;
5 тармағының 77) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
77) 584-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстiң 69-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес керi қайтарып алынған салық есептілігiн қабылдаған күн осы Кодекстiң 69-бабының 1-тармағына сәйкес табыс етiлген салық есептілігiнiң табыс етiлген күнi болып табылады.»;
5-тармақта:
5) тармақша «көрсетiлмесе,» деген сөзден кейiн «немесе дұрыс көрсетiлмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «және оны куәландыруға» деген сөздер алып тасталсын;
5 тармағының 78) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
78) 591-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есепке жазылған соманы есепке алу салықтық тексерудiң аяқталған күнi көрсетiле отырып және осы Кодекстiң 93 және 94-баптарында белгiленген тәртiппен шағым беру мерзiмдерi ескерiле отырып жеке шотта жүргiзiледi.
Салық төлеушi осы Кодекстiң 608-бабының 3-тармағында көрсетiлген таратудың салықтық тексеруiнiң нәтижелерi туралы хабарламалармен келiскенi туралы өтiнiштi табыс еткен кезде, есепке жазылған сомаларын есепке алу осындай өтiнiштi табыс еткен күннен бастап салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шотында жүргiзiледi.»;
5 тармағының 79) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
79) 596-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«596-бап. Қаулыны орындаудың мерзiмi өтуiне байланысты айыппұл төлеу бойынша мiндеттеменiң тоқтатылуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қаулыны орындаудың мерзiмi өтуiне байланысты орындалуы мүмкiн емес салық салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасын салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шотынан салық органының шешiмi негiзiнде есептен шығаруға тиiс.»;
5-тармағының 80) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
80) 598-баптың 4-тармағындағы «оны ауыстыратын тұлғаның» деген сөздер «оны ауыстыратын адамның немесе басшы орынбасарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 тармағының 81) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
81) 608-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі
1. Хабарлама салық төлеушiге (салық агентiне) өзiнiң қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
Бұл ретте, төменде тiзбеленген тәсiлдердiң бiреуiмен жiберiлген хабарлама мынадай жағдайларда:
1) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде - салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде - салық қызметi органы хабарламаны жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң хабарлама салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылды деп есептеледi. Бұл тәсiл осы Кодекстiң 572-бабында белгiленген тәртiппен электрондық салық төлеушi ретiнде тiркелген салық төлеушiге қолданылады.
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, салық органдары осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 2)-4), 7)-9) тармақшаларында көрсетiлген хабарламаларды жiберген жағдайда, салық мiндеттемесi және (немесе) мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтiк аударымдарды есептеу және төлеу бойынша мiндеттемелер салық төлеушiге (салық агентiне) хабарлама табыс етiлген күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындалуға жатады.
3. Салық төлеушi осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген таратудың салықтық тексеруiнiң нәтижелерi туралы хабарламалармен толық келiскен жағдайда, салық төлеушi хабарламаларда көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша мiндеттемелердi орындау туралы растайтын құжаттармен қоса осындай келiсу туралы өтiнiштi табыс етедi.
Бұл ретте, салық төлеушi тарату салықтық тексерудiң нәтижелерi туралы хабарламалармен келiскенi туралы өтiнiштi салық органына хабарлама тапсырылған күннен кейiнгi күннен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.
4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында белгiленген хабарламаларды тапсыру және орындау тәртібі осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың көшiрмелерiне де қолданылады.
5. Салық органдары осы Кодекстiң 607-бабының 4-тармағында көрсетiлген жағдайда салық төлеушi өтiнiш жасаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мұндай салық төлеушiге осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағы 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың түпнұсқасын бередi.
6. Осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.»;
5 тармағының 82) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
82) 627-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қарсы тексеру - салық қызметi органы салық төлеушiмен (салық агентiмен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргiзетiн тексеру, салық қызметi органдары аталған салық төлеушiнi тексеру барысында пайдалану үшiн осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты кешендi немесе тақырыптық тексеру жүргiзедi.
Қарсы тексеру кешендi немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.
Тараптардың бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сауал салуы бойынша жүргiзiлетiн тексеру де қарсы тексеру деп танылады;»;
5-тармағының 83) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
83) 629-баптың 5-тармағында:
4) тармақшаның екiншi бөлiгіндегі «3)» деген цифр «5)» деген цифрмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша жүргiзiлетiн тексерудiң салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.»;
5-тармағының 84) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiледi
84) 632-баптың 5-тармағы «тексерудi жүргiзетiн тұлғалар» деген сөздерден кейiн «саны өзгертiлген және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
85) 635-бапта:
5 тармағының 85) тармақшасының екiншi абзацы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
6-тармақтың төртiншi бөлiгіндегі «мониторинг бойынша есептілік» деген сөздер «салық есептілігiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 85) тармақшасының үшiншi - сегiзiншi абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Салықтық тексеру аяқталған күнге:
өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге сауал салуға жауаптар алынбаған;
тексерiлетiн салық төлеушiнiң өнiм берушiсi бұрын жiберiлген сауал салу бойынша қарсы тексерулер жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтарды жоймаған;
бұрын жiберiлген сауал салу бойынша уәкiлеттi орган алған жауаптар негiзiнде мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған сомалардың шегiнде қосылған құн салығын қайтару жүргiзiлмейдi.
Бұл ретте, салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негiздемесi көрсетiледi.»;
5 тармағының 86) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
86) 667-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымы салық қызметiнiң жоғары тұрған органына салық төлеушiге (салық агентiне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.
Салық қызметi органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келу тәртібімен - салық қызметi органдары шағымды алған күн;
2) почтамен - почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.»;
5 тармағының 87) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
87) 668-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;».
6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат, № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
6-тармағының 1) тармақшасы 2009 жылғы 21 ақпаннан қолданысқа енгiзiлдi
1) 2-1-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгіндегі «Ұлттық басқарушы» деген сөздер «Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, ұлттық басқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде «Ұлттық басқарушы» деген сөздер «Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, ұлттық басқарушы» деген сөздермен ауыстырылып, «лауазымды адамдары» деген сөздерден кейiн «iрi акционерi ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң, сондай-ақ 2-тармағының ережелерi Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасының мақсаттары үшiн ескерiлмейдi.»;
2) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы
1. Банктiң жарғылық капиталы, осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды сату есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
2. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиiс. Бұл талап, акциялары:
1) банк кредиторлары арасында орналастырылатын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргiзген кезде банктiң тиiстi кредитор алдындағы ақшалай мiндеттемесi жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу жолымен төленетiн банктерге;
2) банктiң жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығару проспектi негiзiнде бағалы қағаздарды банктiң жай акцияларына айырбастау кезiнде қолданылмайды.
3. Банктi қайта құрылымдау рәсiмi шеңберiнде бағалы қағаздарды банктiң акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлерiне бағалы қағаздарды және (немесе) банктiң ақшалай мiндеттемелерiн оның акцияларына айырбастау арқылы өзiнiң акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берiлмейдi.
4. Жаңадан құрылған банктiң жарғылық капиталына оның акционерлерi осы банктi тiркеу кезiнде елу процент және ол тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде толық төлем жасауға тиiс.
5. Банктiң меншiк капиталын және инвестицияларын есептеу әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Банк мiндеттемелерiнiң сомасы оның активтерiнiң құнынан артық болған жағдайда, банктiң меншiк капиталы терiс болып табылады.
6. Банктiң меншiк капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына және инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған бағасымен дереу сатуға құқылы.
Уәкiлеттi органның банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы, ол банк акцияларын (акционерлердiң үлестерiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында оларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдаған күнгi оның мiндеттемелерiнiң сомасы шегерiле отырып, банк активтерiнiң құнын негiзге ала отырып айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган банктiң сатып алынған акцияларын олардың сатып алынған бағасымен дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.
Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған, бiрақ осы талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаған жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;