Салық есептілігi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) көрсетiлген салықтық өтiнiшi негiзiнде, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайда салық қызметi органының салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнен керi қайтарып алуына жатады.
Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының негiзiнде табыс етiлетiн салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiшпен бiр мезгiлде салық төлеушi (салық агентi) осы Кодекстiң 68-бабының 2-тармағына сәйкес салық есептілігiн табыс етуге мiндеттi.
Салықтық өтiнiште көрсетiлген салық кезеңi үшiн табыс етiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу мынадай әдiстердiң бiрiмен:
1) салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабынан керi қайтарылатын салық есептілігi жойылатын жою әдiсiмен;
2) бұрын табыс етiлген салық есептілігiне салық төлеушi (салық агентi) мәлiмдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгiзiлетiн өзгерту әдiсiмен жүргiзiледi.
2. Жою әдiсiмен мынадай:
1) салық төлеушi осы Кодекстiң 37, 38, 40-43-баптарына сәйкес салықтық тексерудi жүргiзу басталғанға дейiн қызметiн қайта бастау туралы шешiм қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігiн;
2) осы Кодекстiң 68-бабы 2-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн;
3) осы Кодекске сәйкес осындай салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттемесi жоқ салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн;
4) осы Кодекстiң 584-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етiлмеген деп есептелетiн салық есептілігiн керi қайтарып алу жүргiзiледi.
Салық есептілігiн жою әдiсiмен керi қайтарып алу кезiнде тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында керi қайтарылатын салық есептілігi бойынша салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың есептелген (азайтылған) сомасына түзету жасауды жүзеге асырады.
Салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 4-тармағында көрсетiлген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігiн керi қайтарып алуды салықтық өтiнiшсiз жою әдiсiмен жүргiзедi. Керi қайтарып алу мұндай хабарламаны орындау үшiн көзделген мерзiм аяқталған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
3. Өзгерту әдiсiмен мынадай:
1) валютаның коды көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмiрi және (немесе) күнi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;
3) резидент мәртебесi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген салық есептілігiн;
4) салық төлеушi осы Кодекстiң 37, 38, 40-43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргiзiлгеннен кейiн қызметiн қайта бастау туралы шешiм қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігiн керi қайтару жүргiзiледi.
Салық есептілігiн өзгерту әдiсiмен керi қайтарып алу кезiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында керi қайтарылатын салық есептілігi бойынша салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың есептелген (азайтылған) сомасына түзету жасауды жүзеге асырады.
4. Егер салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етпесе, салық органы салық төлеушiге (салық агентiне) осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгiленген мерзiмде жiбередi. Хабарлама осы Кодекстiң 608-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмде орындалуға жатады.
5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай:
1) тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде - тексерiлетiн салық кезеңiнiң;
2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнiң қате берiлген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.
6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық есептілігiн керi қайтарып алуды жүргiзуге және салық төлеушiге (салық агентiне) уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.»;
5-тармағының 12) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
12) 70-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы «жүргiзу кезеңiнде» деген сөздерден кейiн «(ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармағының 13) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
13) 73-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Егер кезектi салық есептілігiн табыс ету мерзiмi салықтық өтiнiштi табыс еткеннен кейiн басталса, онда осындай кезектi салық есептілігiн табыс ету салықтық өтiнiштi табыс еткен күнге дейiн жүргiзiледi.»;
2-тармақ «салық органы» деген сөздерден кейiн «уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармағының 14) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
14) 74-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Салық есептілігiн табыс етудi тоқтата тұру мерзiмi, оны ұзарту ескерiле отырып, осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген мерзiмнен аспауға тиiс.»;
5-тармағының 15) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
15) 76-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «қабылдау» деген сөзден кейiн «және өңдеу» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармағының 16) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
16) 78-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лизинг нысаналары лизинг шарты бұзылған (лизинг шарты бойынша мiндеттемелер тоқтатылған) күннен кешiктiрiлмей мынадай:»;
5-тармағының 17) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
17) 88-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыс сомасы салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарына сәйкес:
осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда есептен шығарылған;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда тарату балансын бекiткен күнi төленуге жататын мiндеттемелердiң сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.»;
5-тармағының 18) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
18) 96-бапта:
бiрiншi бөлiктегi «Салық» деген сөз «Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салық» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
«Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, өтеусiз» деген сөздер «өтеусiз» деген сөзбен ауыстырылсын;
«талаптарына сәйкес» деген сөздерден кейiн «бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармағының 19) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
19) 97-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «тұлғалар» деген сөз «тараптар» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармағының 20) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
20) 102-баптың 2-тармағындағы «, өкiлдiк шығыстардың сомасы есептелмей,» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармағының 21) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
21) 106-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы «тұлғалардың» деген сөз «тараптардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы «тұлғалардың» деген сөз «тараптардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармағының 22) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
22) 107-баптың 2-тармағындағы «шартты депозиттiк арнайы» деген сөздер «арнайы депозиттiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 23) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
23) 120-баптың 2-тармағындағы «шектi» деген сөз «осы тармақта белгiленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 24) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
24) 122-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiк «көрсетiлгендерiн» деген сөзден кейiн «сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтердiң бастапқы құнын осы Кодекстiң 87-бабының 3-тармағына сәйкес ұлғайтатын келесi шығыстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктiң 2) тармақшасындағы «шегерiмге жол берiледi» деген сөздер «осы тармақтың ережелерi қолданылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 25) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
25) 133-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында салық салынатын табысты азайту сомасын айқындау кезiнде:
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден туындайтын залалдар сомасына азайтылады;
агенттiк облигацияларды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар агенттiк облигацияларды өткізуден туындайтын залалдар сомасына азайтылады.
Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасын қолдану мақсатында салық салынатын табысты азайту сомасын айқындау кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құрайтын заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерiн өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құрайтын заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерiн өткізуден туындайтын залалдар сомасына азайтылады.
Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасын қолдану мақсатында салық салынатын табысты азайту сомасын айқындау кезiнде өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізуден туындайтын залалдар сомасына азайтылады.»;
5-тармағының 26) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
26) 134-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдық түріндегі табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
Осы тармақтың мақсаты үшiн:
ортақ мүлiктi күтiп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң мiндеттi төлемдерi;
тұтастай үйдi қажеттi пайдалануға мiндеттi және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерiне олардың келісімiмен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң төлемдерi;
үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi мiндеттi төлемдер мерзiмiн өткiзiп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде есептелген өсiмпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.
Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшерi және оларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативi мүшелерiнiң жалпы жиналысында бекітіледi.»;
5-тармағының 27) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
27) 137-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi бөлiк «өзгеше белгiленбесе,» деген сөздерден кейiн «осы баптың 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарында көрсетiлген бағалы қағаздарды өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түсетiн табыстарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi «он жылға дейiнгi мерзiмге алға» деген сөздер «, қоса алғанда келесi он жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден туындайтын залалдар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыс есебiнен өтеледi.
4-2. Агенттiк облигацияларды өткізуден туындайтын залалдар агенттiк облигацияларды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыс есебiнен өтеледi.»;
5-тармақтағы «3 және 4-тармақтарында» деген сөздер «3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «он жылға дейiнгi мерзiмге алға» деген сөздер «, қоса алғанда келесi он жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 141-бапта:
5-тармағының 28) тармақшасының екiншi - төртінші абзацтары 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
2-тармақта:
3) тармақшасындағы «кезеңi iшiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемеуге және төлемеуге құқылы» деген сөздер «кезеңi iшiнде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстiң 134-бабы 1-тармағының және 135-баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемейдi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.»;
5-тармағының 28) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есептi салық кезеңiнiң бiрiншi тоқсаны iшiнде теңдей үлестермен төленедi.
Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 6 және 7-тармақтарына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есептi салық кезеңiнiң екiншi, үшiншi, төртiншi тоқсандары iшiнде теңдей үлестермен төленедi.
Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргiзiлетiн корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң түзетiлген сомасы корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеу мерзiмi басталмаған есептi салық кезеңiнiң айларына тең бөлiнедi.»;
5-тармағының 28) тармақшасының тоғызыншы, оныншы абзацтары 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Егер салық төлеушi алдыңғы салық кезеңiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемесе, алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығының болжамды сомасы негiзге алына отырып есептеледi.»;
5-тармағының 28) тармақшасының он бірінші - он үшінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
7-тармақтағы «Алдыңғы» деген сөз «Корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеу және төлеу бойынша осы бапта көзделген мiндеттілік қолданылатын, алдыңғы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Салық төлеушiлер есептi салық кезеңi iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы. Бұл ретте, алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы есептi салық кезеңіндегі табыстың болжамды сомасын негiзге ала отырып жасалады және корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеу мерзiмi басталмаған есептi салық кезеңiнiң айлары үшiн табыс етiледi.»;
5-тармағының 28) тармақшасының он төртінші абзацы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
10-тармақ алып тасталсын;
5-тармағының 29) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
29) 142-баптың 2-тармағында:
«ағымдағы» деген сөз «әр» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ай сайын» деген сөздер «әрбiр ай үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармағының 30) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
30) 143-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы «резидент еместердiң осы Кодекстiң 192-бабына сәйкес айқындалатын, мұндай резиденттердiң» деген сөздер «осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, резидент еместердiң осы Кодекстiң 192-бабына сәйкес айқындалатын, осындай резидент еместердiң» деген сөздер ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген, резидент еместiң филиалына, өкiлдiгiне немесе тұрақты мекемесiне төленетiн табыстар;»;
5-тармағының 31) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
31) 147-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Резидент еместердiң осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 1) - 8), 10) - 29) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген табыстарға осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.»;
5-тармағының 32) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
32) 155-баптың 3-тармағында:
4) тармақшаның бiрiншi абзацы «қызметтiк» деген сөзден кейiн «, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы ёлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;
6) Қазақстан Республикасы ёлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртiппен жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;»;
7) тармақшадағы «қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан (не көшкен)» деген сөздер «қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге көшкен» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде» деген сөздер «мұндай жұмыстың әрбiр тәулiгi үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi еселенген мөлшерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес жұмыс берушiмен жасалған, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;»;
19) тармақшадағы «бiр жыл және одан да ұзақ уақыт меншiк құқығында» деген сөздер «меншiк құқығында бiр жыл және меншiк құқығын тiркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы «кезiнен» деген сөз «күнiнен» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) заңды тұлғалардан және дара кәсiпкерлерден алынған, оның iшiнде қызметкердiң өз жұмыс берушiсiнен алған кредиттердi (қарыздарды, микрокредиттердi) пайдаланғаны үшiн сыйақыны үнемдеуден түсетiн материалдық пайда.»;
5-тармағының 33) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
33) 156-бапта:
1-тармақта:
24) тармақшада:
бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның біліктілігiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберген кезде осы қызметкердiң қызметтiк iссапарын ресiмдемей жасалған жұмыс берушiнiң шығыстары:
оқытуға, оның біліктілігiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстары мөлшерiнде;»;
үшiншi абзацта орыс тiліндегі мәтiнге түзету енгiзiлдi, қазақ тiліндегі мәтiн өзгермейдi;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, біліктіліктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуға жұмсалған нақты шығыстары жатады;»;
жетiншi абзацта орыс тiліндегі мәтiнге түзету енгiзiлдi, қазақ тiліндегі мәтiн өзгермейдi;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатында басқа жерге жiберген кезде жұмыс берушiнiң осы қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау үшiн төлеуге нақты жұмсаған шығыстары;»;
35) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстар:
жеке тұлғаның осы бапта белгiленген шектерде осындай түзетудiң сомасын көрсете отырып, салық салуға жататын табыстарға түзетулердi қолдануға өтiнiшiнiң;
растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң негiзiнде салық салуға жататын табыстардан алып тасталады.»;
5-тармағының 34) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
34) мынадай мазмұндағы 161-1-баппен толықтырылсын:
«161-1-бап. Мемлекеттік мекемелердiң салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң табыстары бойынша салық агенттерi ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң табыстары бойынша салық агенттерi ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Бұл ретте, осы бапта белгiленген тәртiппен салық агенттерi деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстiң 12-бөлiмiнiң мақсаты үшiн әлеуметтiк салық төлеушiлер деп танылады.
Салықты төлеу салық агентiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерде жүргiзiледi.
2. Салық агентi жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi осы Кодекстiң 161, 163-167-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзедi.
3. Салық агентi жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстiң 162-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде табыс етедi.»;
5-тармағының 35) тармақшасы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлдi
35) 162-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық агенттерi бөлiмшенiң орналасқан жеріндегі салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияға құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығының және әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етедi.»;