18) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервi - мiндеттi жарналар, сондай-ақ Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымынан алған және кепiлдiк, өтемақы төлемдерiн, сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтiрiлген зиян мөлшерiн анықтауға байланысты шығыстар мен кепiлдiк және өтемақы төлемдерiн және жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі төлемдердi жүзеге асыруға байланысты шығыстарды және (немесе) осы Заңда көзделген жағдайларда жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын ақша есебiнен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы;
19) төтенше жарналар - осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қосымша төлейтiн ақша сомасы;
20) уәкiлеттi орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
21) шартты мiндеттемелер - қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарды төлеу үшiн ол қалыптастыратын Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры алдындағы мiндеттемелерi.»;
3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының қызметiн мемлекеттік реттеу және бақылау
1. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының (бұдан әрi - Қор) қызметiн мемлекеттік реттеу мен бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган Қорға және оның лауазымды адамдарына осы заңда көзделген тәртiппен шектеулi ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады.»;
4) мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-баптармен толықтырылсын:
«3-1-бап. Шектеулi ықпал ету шаралары
1. Уәкiлеттi орган Қордың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарын анықтаған, Қордың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерiн және әрекетсiздiктерiн анықтаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңмен көзделген уәкiлеттi органның өзге де талаптарын орындамаған жағдайда уәкiлеттi орган Қорға мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолданады:
1) орындалуы мiндеттi жазбаша ұйғарым бередi;
2) жазбаша келісім жасайды.
2. Анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қабылдау және анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды одан әрi болғызбау туралы Қорға нұсқау беру жазбаша ұйғарым болып табылады.
Қор жазбаша ұйғарымда белгiленген мерзiмде оны орындау жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
Уәкiлеттi органның жазбаша ұйғарымына сотта дау айту оның орындалуын тоқтатпайды.
3. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшiлiктердi жою қажеттілігi мен бұзушылықтарды және (немесе) кемшiлiктердi жою жөнiнде бiрiншi кезектегi шараларды бекіту туралы уәкiлеттi орган мен Қор арасында жасалатын келісім жазбаша келісім болып табылады. Жазбаша келісім екi тарапта болып жатқан бұзушылықтарды және (немесе) кемшiлiктердi жою үшiн оларды уәкiлеттi орган анықтаған кезден бастап екi айдан аса уақыт керек деген шешiмге келген жағдайда жасалады.
4. Уәкiлеттi орган Қорға осы бапта белгiленген шектеулi ықпал ету шараларының кез келгенiн, бұдан бұрын да оған қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, қолдануға құқылы.
5. Осы бапта келтiрiлген шаралар, егер уәкiлеттi орган қатысушы-сақтандыру ұйымдарының және олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерiнiң бұзушылықтары, заңсыз iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздiктерi Қордың қаржылық жай-күйiн нашарлатқан деп белгiлесе, онда қатысушы-сақтандыру ұйымдарына да қолданылуы мүмкiн.
3-2-бап. Санкциялар
Уәкiлеттi орган осы Заңның 4-бабының 8) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттету түріндегі санкцияны Қордың басшы қызметкерiнiң лауазымына тағайындауға (сайлауға) берiлген келісімдi мынадай негiздердiң бiрi бойынша керi қайтарып алумен бiр мезгiлде қолданады:
1) уәкiлеттi орган қолданған шектеулi ықпал ету шараларының талаптарын бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамау;
2) Қор активтерiн инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзу;
3) кепiлдiк және өтемақы төлемдерiн, сондай-ақ жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыру тәртібі мен мерзiмдерiн бұзу;
4) уәкiлеттi органға қатарынан екi күнтiзбелiк ай iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген есептіліктi (қаржы есептілігiн қоса алғанда) табыс етпеу;
5) бухгалтерлiк есепте Қордың осы Заңда көзделген қызметтi жүзеге асыруы жөніндегі операцияларды тиiстi дәрежеде көрсетпеуiне, сондай-ақ есептiң өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) анықтау;
6) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген дұрыс емес мәлiметтер мен есептіліктiң табыс етiлуiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) белгiлеу;
7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың оған белгiлi болған фактілері туралы уәкiлеттi органды бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) хабардар етпеу;
8) өз функцияларын жүзеге асыру барысында қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметi туралы алынған мәлiметтердi үшiншi тұлғаларға (уәкiлеттi органды қоспағанда) жария ету немесе беру;
9) Қордың жүргiзiлген аудит туралы аудиторлық ұйымның есебiнде көрсетiлген бұзушылықтарды Қордың аудиторлық есептi алған күннен бастап үш ай iшiнде жоймауы.»;
5) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
1. Уәкiлеттi орган:
1) Қордың және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттейтiн, оның iшiнде кепiлдiк және өтемақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртібі мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
2) барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшiн сатндартты болып табылатын қатысу шартының талаптарын айқындайды;
3) Қор активтерiн инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн белгiлейдi;
4) Қор есептілігiнiң (қаржылық есептіліктi қоспағанда) көлемiн, оны табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды;
5) Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға рұқсаттарды бередi және беруден бас тартады, сондай-ақ осындай рұқсаттарды беру тәртібін айқындайды;
6) Қор акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібі мен талаптарын белгiлейдi;
7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қорға төлеуiне жататын, Қордың директорлар кеңесi белгiлеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбiр күнтiзбелiк жылға арналған мiндеттi және қосымша жарналарының ставкаларын, сондай-ақ шартты мiндеттемелерiн келiседi;
8) Қордың басшы қызметкерлерiн сайлауға (тағайындауға) келісім бередi және оны керi қайтарып алады, сондай-ақ келісімдi беру және керi қайтарып алу тәртібін және Қордың басшы қызметкерлерiне біліктілік талаптарын белгiлейдi;
9) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына шектеулi ықпал ету шараларын және санкцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздерде қолданады;
10) Қор жарғысына енгiзiлетiн өзгерістердi және толықтыруларды келiседi;
11) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi органның мынадай:
1) Қордың жарияланған акцияларының санын арттыру;
2) Қордың өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметiне Қорға тиесiлi барлық активтердiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомадағы активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру арқылы қатысуы;
3) Қор мiндеттемелерiн оның өз капиталы мөлшерiнiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомаға ұлғайту;
4) Қордың өзiнiң орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;
5) iрi мәмiлелердi және Қордың жасауға мүдделiлiгi бар мәмiлелердi жасасу мәселелерi бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының және Қордың директорлар кеңесiнiң шешiмдерiне вето қою құқығы болады.
3. Акционерлердiң жалпы жиналысында және Қордың директорлар кеңесiнде қабылданатын шешiмдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгiленген мәселелер бойынша уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен және мерзiмде уәкiлеттi органмен келiсуге жатады.
4. Қордың осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын сақтамауы осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға әкеп соғады.»;
6) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары
1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңның және құрылтай құжаттарының негiзiнде жүзеге асырады.
Қор мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
2. Акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретi осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
3. Қордың әрбiр акционерi акцияларының саны Қордың орналастырылған акциялары жалпы санының он процентiнен аспауға тиiс.
4. Қор қызметiне жалпы басшылық жасауды тоғыз адамнан тұратын директорлар кеңесi жүзеге асырады.
Қордың директорлар кеңесiнiң құрамына дауыс беру құқығы бар уәкiлеттi органның өкiлi кiредi.
5. Қордың банк шоттары Қазақстан Республикасының ёлттық Банкiнде ашылады. Қордың ағымдағы қаржылық-шаруашылық және инвестициялық қызметтi жүзеге асыруы үшiн Қордың банк шоттары екiншi деңгейдегi банктерде ашылуы мүмкiн.»;
7) 6-бапта:
1) тармақшадағы «төтенше жарналарының, сондай-ақ осы Заңда көзделген қосымша жарналардың ставкаларын,» деген сөздер «қосымша жарналардың ставкаларын, сондай-ақ осы Заңда көзделген мiндеттi шартты мiндеттемелердi,» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1) тармақша алып тасталсын;
8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Қор акцияларына қатысу тәртібі және оларды сатып алу талаптары
1. Өтiнiш берушi сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн осы Заңда көзделген тәртiппен Қор акцияларын сатып алуға, сондай-ақ қатысу шартын жасасуға мiндеттi.
2. Өтiнiш берушi Қордың акцияларын сатып алу және қатысу шартын жасасу үшiн Қорға нотариаттық куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
2) статистикалық карточканың көшiрмесi;
3) жарғының көшiрмесi.
3. Қордың өтiнiш берушiсi акцияларды сатып алған кезден бастап ол мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияны алғанға дейiн өтiнiш берушi Қор шешiмiн айқындауға және Қорға тиесiлi акцияларға дауыс беруге құқылы емес.
4. Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымы мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру қызметiн тоқтатқан және мiндеттi сақтандыру шарттарының қолданысын тоқтатқан жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымы өзiне тиесiлi акцияларды Қор акционерлерiне сату жолымен иелiктен шығаруды жүзеге асыруға мiндеттi. Акционерлер Қор акцияларын сатып алудан бас тартқан жағдайда Қор акциялардың құнын айқындау әдiстемесiне сәйкес айқындалған баға бойынша акцияларды сатып алуға мiндеттi.
5. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және талаптары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң және осы Заңның талаптарына сәйкес келуге тиic.»;
9) 12-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Мiндеттi жарналардың ставкасын Қор жыл сайын айқындайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиядан айырылған күннен бастап қатысушы - сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарын төлеу мiндеттемесi қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатыла тұрады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарын төлеу мiндеттемесi оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап тоқтатылады.
Осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдары төлеген мiндеттi және төтенше жарналар қайтарылуға жатпайды.»;
10) 15-бапта:
2-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі «екi» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «бес» деген сөз «жетi» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 17-2-бапта:
1-тармақта:
«не қатысушы-сақтандыру ұйымына» деген сөздер алып тасталсын;
«беруге құқылы» деген сөздер «бередi» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «құжаттың көшiрмесi» деген сөздер «құжат» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жәбiрленушiнiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;»;
5) тармақшадағы «құжаттың көшiрмесi» деген сөздер «құжат» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «не қатысушы-сақтандыру ұйымы» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мынадай мөлшерде (айлық есептiк көрсеткiшпен) жүзеге асырылады:
1) өмiрiне зиян келтiрiлген жағдайда - 250;
2) денсаулығына ауыр зиян келтiрiлген жағдайда - 150;
3) жерлеуге жұмсалатын шығыстарға - 15.»;
8-тармақтағы «төлемдердi тiкелей Қор немесе агент-банк арқылы, сондай-ақ жәбiрленушiнiң не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда қатысушы-сақтандыру ұйымы жүзеге асырады» деген сөздер «төлемдер тiкелей Қор немесе агент-банк арқылы жәбiрленушiнiң не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бiрiншi бөлiктiң 3) тармақшасындағы «басталған болса, бас тартуға құқылы.» деген сөздер «басталған болса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн табыс етпеген не дұрыс емес құжаттарды берген болса, бас тартуға құқылы.»;
екiншi бөлiктегi «жетi» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында көзделген функцияны жүзеге асыру үшiн Қор Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан ақпарат сұратады.
Ақпаратты берудiң тәртібі, көлемi және мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң актiсiмен және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен белгiленедi.
Қор алған мәлiметтер жария етуге жатпайды.»;
12) 17-4-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға берiлген лицензиядан айырылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу мiндеттемелерi қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатыла тұрады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу жөніндегі мiндеттемесi оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап тоқтатылады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы Заңға сәйкес төлеген қосымша жарналары қайтаруға жатпайды.»;
13) 18-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «және төтенше» деген сөздер «, төтенше және қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 6) тармақшасындағы «және төтенше» деген сөздер «, төтенше және қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1- тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қор Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес өздерi жүргiзетiн операцияларды есепке алуды жүзеге асырады.»;
14) 19-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы Заңда көзделген жағдайларда өзiне тиесiлi Қор акцияларын иелiктен шығаруды жүргiзуге;»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен қосымша жарналарды төлеуге мiндеттi.»;
15) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру
1. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде көзделген Қорға сақтандыру ұйымдарының мiндеттi қатысуы жөніндегі талаптар алып тасталған жағдайда Қор таратылуы мүмкiн.
3. Қордың таратылуы кезiнде қалыптастырылған сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервiнiң және зиянды өтеу резервiнiң қаражаты Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының арасында олардың Қордың осы резервтерiне қатысу үлесiне барабар мөлшерде бөлiп берiледi.
4. Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша уәкiлеттi органның рұқсатымен жүзеге асырыла алады.
Осы Қор акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң болуы Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiш беру үшiн негiз болып табылады.
5. Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруды жүргiзуге уәкiлеттi органның рұқсатын алу туралы өтiнiшке мына құжаттар:
1) Қор акционерлерi жалпы жиналысының оны ерiктi түрде қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;
2) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген, Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастырудың ойластырылған шарттары, нысандары, тәртібі және мерзiмдерi жазылған құжаттар қоса берiлуге тиiс.
6. Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган оны қабылданған күнiнен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
7. Қорды таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi орган бұл туралы дәлелдi шешiм шығарады, ол жөнiнде Қорды хабардар етедi.
8. Қайта ұйымдастырылатын Қор уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсатын алған күннен бастап екi апта iшiнде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын, кемiнде екi мерзiмдi баспа басылымдарында тиiстi хабарландыру жариялауға мiндеттi.»;
16) 24-бап алып тасталсын.
12. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат):
мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны алғанға дейiн оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған қызметке жол берiлмейдi.».
13. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат):
мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны алғанға дейiн оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған қызметке жол берiлмейдi.».
14. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 17, 81-құжат):
8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн:
1) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетiлген Қорды құру және оның қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртiппен оның акционерi болуға;
2) оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.».
15. «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 17, 81-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган өзi белгiлеген тәртiпке сәйкес аккредиттеген, мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
2) «бонус-малус» жүйесi - көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн есептеген кезде осы жүйе бойынша тиiстi сыныпты бере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кiнәсiнен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай оған арттыратын немесе төмендететiн коэффициенттердi қолдану арқылы пайдаланылатын жеңiлдiктер мен үстемеақылар жүйесi;
3) жәбiрленушi - көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген, оны өтеу жөніндегі мiндет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк құралының иесi ретiнде сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген тұлға;
4) жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;
5) кешендi шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
6) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптілік көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетi;
7) көлiк құралын пайдалану - көлiк құралдарын жолмен жүру, сондай-ақ жайластырылып немесе ыңғайластырылып оларға iргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану;
8) көлiк құралының иесi - көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкіміне орай көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхатпен және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;