Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 Қаулысы
(2009.31.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қол жетімділігін қамтамасыз ету және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Мемлекеттік, орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылдың қорытындылары бойынша жылына екі рет 10 қаңтарға және 10 шілдеге Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 қарашадағы
№ 1155-1 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2007 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспеа
3. Проблеманың қазіргі заманғы жай-күйін талдау
«Электрондық үкімет» қалыптастыру бағдарламасын іске асыру нәтижелері
Қазіргі проблемалар және шетелдік оң тәжірибені шолу
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
5.1. Мемлекеттік ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру
Корпоративтік басқару функцияларын автоматтандыру
е-Қаржының кіші жүйесі
е-Экономиканың кіші жүйесі
е-Кадрлардың кіші жүйесі
5.2. Мемлекеттік қызметтердің базалық санаттарын автоматтандыру
G4C электрондық қызметтерін дамыту
G4B электрондық қызметтерін дамыту
G4G электрондық қызметтерін дамыту
«Электрондық әкімдіктер» құру және дамыту
5.3. Электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымын және қол жеткізу тетіктерін дамыту
Бірыңғай көліктік ортаны дамыту
«Электрондық әкімдіктер» инфрақұрылымын құру және дамыту
Қол жеткізу тетіктерін дамыту
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
5.4. «Электрондық үкімет» базалық құрамдас бөліктерін дамыту
Ұлттық есепке алу жүйелерін құру және дамыту
«Электрондық үкімет» порталы мен шлюздерін дамыту
Ашық кілттердің инфрақұрылымын дамыту
5.5. «Электрондық үкімет» сәулетін әзірлеу және әлеуметтік институттарын қалыптастыру, АКТ саласындағы
стандарттардың қорын дамыту
«Электрондық үкімет» сәулеті элементтерін әзірлеу
«Электрондық үкімет» әлеуметтік институттарын қалыптастыру
АКТ саласындағы стандарттар мен регламенттердің қорын дамыту
5.6. «Электрондық үкімет» нормативтік-құқықтық базасын қамтамасыз ету
5.7. «Электрондық үкімет» дамыту және жай-күйін бақылау және мониторингі жүйесін құру
АКТ дамыту және жай-күйінің индикаторлары жүйесі
«Электрондық үкімет» тиімділігін бағалау
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
7. Күтілетін нәтижелер және Бағдарламаның индикаторлары
Қосымша
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
ҚР Үкіметінің 2009.31.03 № 452 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
Бағдарламаның атауы | Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы |
Әзірлеуге арналған негіздер | 1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 150-тармағы. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламаларын және Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 364-тармағы |
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
Мақсаты | Әлеуметтік мәні бар мемлекеттік қызметтерді ұсынудың үдерістерін және мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру. |
Міндеттері | Мемлекеттік корпоративтік басқарудың қағидаттарын енгізу; бизнес үшін талап етілетін және азаматтар үшін әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді ұсынудың үдерістерін автоматтандыру және ықпалдастыру; «электрондық үкімет» базалық инфрақұрылымы мен қол жеткізу тетіктерін кеңейту және дамыту; «электрондық үкімет» базалық құрамдас бөліктерін дамыту; «электрондық үкіметтің» сәулетін әзірлеу және әлеуметтік институттарын қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттардың қорын дамыту; ақпараттандыру үдерістерінің нормативтік құқықтық базаларын қамтамасыз ету және электрондық мемлекеттік қызметтерді беру; мемлекеттік органдардың қызметін бақылау мен мөлдірлігін арттыру |
Іске асыру мерзімі | 2008-2010 жылдар |
Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері | 2008-2010 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 22952853 мың теңге көлемінде бөлінген, оның ішінде Республикалық Бюджеттік Комиссиямен 2008 жыл үшін - 13053606 мың теңге, 2009 жыл үшін - 7822020 мың теңге, 2010 жыл үшін - 2077227 мың теңге қаражат бағытталатын болады. Бағдарламаның іс-шаралары жоспарымен көзделген 2009 және 2010 жылдар үшін нақты жобаларды қаржыландырудың көлемі бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелермен анықталатын болады, бірақ алдын-ала талдауларды талап етеді. |
Күтілетін нәтижелер | Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде: мемлекеттік ресурстарды басқарудың тиімділігін 20 % дейін арттыру; автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде: мемлекеттік ресурстарды басқару үдерістерінің шынайылығы мен автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді көрсету 30 % дейін жоғарылайтын; шағымдардың саны 90 % дейін; көрсетілетін қызметтердің нәтижесін күтудің уақыты 50 % дейін қысқартылатын болады; әлеуметтік маңызды электрондық қызметтер - 14 санаттар бойынша, бизнеске аса қажетті 8 санаттары бойынша, ресурстарды мемлекеттік басқарудың тиімділігіне жету үшін 4 санаттары бойынша көрсетілетін болады; электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғау үшін қазіргі құқықтық база қамтамасыз етілетін болады; мемлекеттік органдарды ақпараттандыруға бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың тиімділігі 30 % дейін жоғарылайтын болады; пилоттық аумақта ресурстарды басқарудың мемлекеттік автоматтандырылған жүйесі енгізілетін болады; «электрондық үкімет» инфрасәулеті кеңейтілетін болады, Қазақстан Республикасының барлық қалаларын, сондай-ақ аудан орталықтарын қамтитын, 2008 жылдың аяғына қарай осындай нүктелердің саны кемінде 200-ді құрайды; Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру жүйесінің ашық кілттерінің инфрасәулеті құрылатын болады; ұлттық электрондық есепке алу жүйесі құрылатын болады; 2008 жылы «электрондық үкімет» төлем шлюзі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілетін болады, 2010 жылы транзакциялық қызметтердің саны автоматтандырылған интерактивтік қызметтердің санынан 70% - дейін жеткізілетін болады. |
2. Кіріспе
Осы Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 150-тармағы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаларын және Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 364-тармағына сәйкес әзірленді.
«Электрондық үкімет» (бұдан әрі - «ЭҮ») бағдарламасы негізіне іске асырудың кезекті кезеңінің - мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында оны дамыту халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, әкімшілік реформаны жеделдетіп жүргізу - Президенттің 2007 жылғы 27 ақпандағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауынан (бұдан әрі - Президент Жолдауы) туындайтын тоғызыншы міндеттерді шешімі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) құралдарының көмегімен қолдау тұжырымдамасы қаланды. Бұл үшін Президенттің Жолдауында айтылғанындай «қоғамға корпоративтік басқару нәтижелігін, мөлдірлік пен есептілік қағидаттарында мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін құру қажет. Корпоративтік басқару қағидаттары, бірінші кезекте мемлекеттік ресурстарды басқару тәртібінің және мемлекеттік органдардың (бюджеттік бағдарламалары, тапсырыстары) жобаларының портфелінің мемлекеттік болуын болжамдайды. Мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - МО) қызметін басқару үшін нәтижелерге бағытталған бюджеттеу (бұдан әрі - НББ) және үдерістік әдіс мемлекеттік корпоративтік мәдениеттің нормалары болуы тиіс.
ЭҮ шеңберіндегі әкімшілік реформа - бұл ережелер мен нұсқаулықтарға негізделген әкімшілік басқару әдістерінен мемлекеттік қызметтерді, мемлекеттік функцияларды және ведомствоаралық өзара іс-қимылды үдерістік регламенттеу негізіне ұйымдастырушылық басқару әдістеріне көшу мақсатында АКТ негізінде мемлекеттік басқарудың тетіктерін тиімді қайта айқындау. ЭҮ дамыту шеңберіндегі әкімшілік-ақпараттық реформаның мақсаты «қағаздық» іс жүргізуден арылуда, мемлекеттік ресурстарды корпоративтік басқаруда, МО-ға үдерістік әдісті енгізу үшін әдістеме мен ақпараттық-технологиялық құралдарды құруға негізделеді. ЭҮ іске асырудың - оны қалыптастырудың бірінші кезеңінің нәтижелері - халық пен бизнеске сапалы қызметтерді көрсетудің тиімді үдерістерінің негізі сияқты мемлекеттік органдарды корпоративтік басқарудың функцияларын автоматтандыру үшін ықпалдастырылған платформаларды құрудың қажеттілігін көрсетті.
Қоғамның тұтынушылығын қамтамасыз ету мақсатында, Бағдарламаның негізінде - МО іске асырылған функцияларының орындалуы немесе Президенттің Жолдауында айтылғанындай мемлекеттік қызметтердің (базалық) санаттарына аса талап етілетін автоматтандыруға бағытталған, ЭҮ бағытталған моделіне - қызмет көрсетуді дамытудың тұжырымдамасы жасалды, барлық азаматтар мен бизнес - мемлекеттік қызметтердің бас тұтынушыларының талаптарына бағынуы тиіс. Осы тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Бағдарлама ықпалдастырылған ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі - ЫАЖ) енгізу және ЭҮ технологиялық инфрақұрылымын дамыту, ЭҮ ресурстары мен қызмет көрсетулеріне қол жеткізудің түрлерін кеңейтуге, экономикалық дамуға ықпал ететін бизнес үшін аса талап етілетін қызметтерді автоматтандыру, азаматтардың өмірінің сапасын арттыру мақсатында халыққа әлеуметтік-маңызды электрондық қызметтерді көрсетудің үдерістерін автоматтандыруды және МО қызметінің реинжинирингін көздейді.
Іске асырылған мемлекеттік функциялардың көпшілігінің төменгі тиімділігі және атап айтқанда, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің бытыраң қылығынан «қағаздық» құжат айналымның шарттасқан мемлекеттік қызметтері. Сондықтан мемлекеттік қызметтерді көрсету тіркеу құжаттарының көшірмесін, анықтама нысанында ақпаратты растау, немесе ведомствоаралық жинауды талап етеді. Бұдан басқа ақпараттарды жинауға немесе растауға байланысты барлық шығындар өтінім берушіге немесе қызмет алушыға жүктеледі.
ЭҮ құру және дамыту мұндай шығындардан құтылуға мүмкіндік береді - тіркеу және (немесе) рұқсат құжаттарын ұсыну қажет, артық анықтамалардың санын қысқартады, рутиндік, стандартталған мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және бюджеттік шығындарды біршама қысқартады. Сондықтан да МО ақпараттандыру әкімшілік реформасыз жүргізілуі мүмкін емес. Жалпы мемлекеттік, әкімшілік және ведомствалық есепке алу жүйелерін бір бірыңғай ортаға біріктіретін ұлттық электрондық есепке алудың ықпалдастырылған жүйесі құрылатын болады. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың тізбегі мен кезеңінің анықтамасы, автоматтандырудың басымдығын анықтау және олардың жіктемесінің негізінде МО ақпараттандырудың ведомствоаралық бағдарламаларының негізінде болады. МО, өздерінің бизнес-процестерін реинжинирингтеу және автоматтандырудың нәтижесінде ЭҮ инфрақұрылымының ықпалдастырылған мүмкіндіктерін - шлюзді, ұлттық электрондық есепке алу жүйесін, МО бірыңғай көліктік ортаны пайдаланылатын болады. Бұл халыққа және бизнеске электрондық қызмет көрсетудің айтарлықтай қажетті (базалық) санатын көрсету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, ЭҮ шеңберінде азаматтардың дербес деректерінің қауіпсіздігін, транзакциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінетін болады. ЭҮ сервис - бағытталған моделін іске асырудың адекваттық нормативтік құқықтық базасы құрылатын болады. Нәтижелері бойынша басқарудың, мемлекеттік басқарудың стратегиялық бақылаудың құралдарын енгізу үшін қажетті жағдайлар жасау және үдерістік әдіс негізіне МО бизнес-үдерістерін басқару тәртібін жүйелі енгізуге мүмкіндік беретін ЭҮ сәулетінің негізгі элементтері құрылатын болады. Бұл мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға жалпы шығындарын қысқартады және тиімділігін біршама арттыруға мүмкіндік береді - ЭҮ енгізудің экономикалық мәнін ақтайды, мемлекеттің бәсекеге қабілеттігін жоғарылатады.
АКТ тұтас және ЭҮ бөлігінде дамыту индикаторларының жүйесі әзірленетін болады. МО қызметінің мөлдірлігі мен тиімділігін бағалау үшін индикаторлардың әзірленген жүйесі негізінде Қазақстан Республикасында ақпараттандыру саласындағы бағдарламалардың іске асырылуын бақылау және тұрақты мониторингі жүргізілетін болады.
Бағдарламада мынадай қысқартулар мен ұғымдар пайдаланылады:
ЭҮРБАЖ | - Ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі - (өз қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен пайдаланылатын қаржылық, материалдық және адамзаттық ресурстар), барлық мемлекеттік органдар үшін және «электрондық үкімет» қолданбалы базалық құрамдас бөліктері болып табылатын автоматтандырылған бизнес-үдерістері |
ВРМ | - бизнес-үдерістерді басқару (Business Process Management) - бұл ұйымдастырудың стратегиялық мақсаттарымен келісетін тұрақты нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін бизнес-үдерістердің автоматтандырылғандары мен автоматтандырылмағандары сияқты айқындауға, бейнелеуге, құжаттандыруды орындауға, мониторингке, бақылау және өлшеуге тәртіптік қадамы; |
ВРМN | - бизнес-үдерістерді моделдеудің арнайы тілі (Business Process Modeling Language); |
ІТ | - Ақпараттық технологиялар (Information Technologies) |
МДҚ | - мемлекеттік деректер қоры; |
ГАЖ | - геоақпараттық жүйе; |
МО | - мемлекеттік орган; |
БАЖ | - бірыңғай анықтамалар мен жіктеуіштер; |
ЭҚАБЖ | - электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі; |
БКО | - бірыңғай көліктік орта; |
АКт | - ақпараттық-коммуникациялық торап; |
АКИ | - ашық кілттердің инфрақұрылымы; |
СЖ | - ұлттық сәйкестендіру жүйесі; |
ҰЕЖ | - ұлттық есепке алу жүйесі |
ҰКО | - ұлттық куәландырушы орталық; |
СМЖ | - сапа менеджменті жүйесі; |
МО КО | - мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығы; |
ХҚО | - халыққа қызмет көрсету орталығы; |
ЭЦҚ | - электрондық цифрлық қолтаңба; |
ЭӘ | - электрондық әкімдік; |
G4C | - азаматтарға мемлекетпен ұсынылатын қызметтердің түрі (Government For Citizen); |
G4В | - бизнес-секторға мемлекетпен берілетін қызметтердің түрі (Government For Business); |
G4G | - мемлекеттік органдарға мемлекетпен берілетін қызметтердің түрі (Government For Government); |
«Электрондық үкімет» сәулеті | - мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құрудың бірыңғай үдерістерін, мемлекеттік ұйымдар арасындағы ақпарат алмасуы мен үйлесімділігінің бірыңғай қағидаттарын сипаттайтын тұжырымдамалық құрылған моделі; |
Бизнес-үдеріс (үдеріс) | - өзара байланысқан қызмет түрлерінің белгілі бір технологиялар арқылы тұтынушы үшін құндылықты елестетуде шығысты кірісті қайта жасайтын орнықты, мақсатты жиынтығы; |
Медиа-ажыраулар | - құжаттарды электрондық нысаннан қағазға және керісінше нысаннан түрленгізу қажет болғанда қызметтерді беру үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі; |
Модель | - графиктік, кестелік, мәтіндік, нышандық суреттеу немесе олардың өзара байланысқан жиынтығы; |
Ұлттық есепке алу жүйесі | - 1) есепті енгізудің заңнамалық бекітілген ережесі; 2) іс жүргізу қаражатын, есеп логикасын іске асыратын АКТ қосымшасын қоса алғанда есептің енгізілуін қамтамасыз ететін қаражат; 3) есептің барлық түрін (жалпымемлекеттік, әкімшілік және ведомстволық есеп жүйелері) біріктіретін жүйе. |
Есепке алудың пәні | - Есепке алуды жүргізу шеңберінде деректерді жинақтауға және сақтауға жататын субъектілер, заңды фактілер, объектілер немесе нақты жағдаяттар; |
Үдерістік әдіс | - өзара байланысқан үдерістер жүйесі ұйымының қызметін және ресурсын басқару үшін қолдану; |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенті | - мемлекеттік органдардың, басқа мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет тәртібін, олардың құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі лауазымды тұлғаларды анықтайтын нормативтік құқықтық акті; |
Реинжиниринг | - қызметінің негізгі көрсеткіштерінде түбегейлі жақсаруға қол жеткізу үшін ұйымдастырудың бизнес-үдерістерін орнықты өзгерту; |
Есептік оқиға | - есеп деректерінің кез келген өзгерісі; |
Электрондық мемлекеттік қызметтер | - толық немесе айтарлықтай автоматтандырылған (медиа-ажыраулар ұстамайтын) мемлекеттік қызметтер; |
ХМL | - ақпараттарды сипаттау үшін белгілеудің кеңейтілген тілі (Extensible Markup Language); |
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Ақпараттық қоғамды құру - 2003 жылғы 21 желтоқсанда ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейде Бүкіләлемдік кездесудің женевалық кезеңі барысында әлемдік жетекшілермен қабылданған женева декларацияда айтылғандай, жаңа мың жылдықтың ғаламдық міндеті. Қазақстан ақпараттық қоғамды құру жолында. Осы бөлімнің мақсаты - шешілмеген міндеттерді анықтау, өткен жолдың нәтижелерін сыны талдау.
ЭҮ қалыптастырудың бағдарламасын іске асырудың нәтижелері.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған бірінші бағдарламасы электрондық үкіметтің техникалық инфрақұрылымын құруды өзінің негізгі міндеттері деп санады, сондай-ақ, ЭҮ базалық құрамдас бөліктерін (портал, шлюздер, БКО, МДҚ) құру. ЭҮ қалыптастырудың бағдарламасын іске асыру нәтижелері бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
Астана қаласы бойынша МО БКО пилоттық аймағы тұрақты пайдалануға қабылданды;
барлық облыс орталықтарын, сондай-ақ Алматы, Астана қалаларын қамтитын деректерді беру мультисервистік спутниктік желісінің пилоттық жобасы іске асырылды;
орталық мемлекеттік органдар арасында ЭҚАБЖ енгізу аяқталды, атап айтқанда ЭҚАБЖ 38 мемлекеттік органдарда енгізілді;
деректер қорының жүйесін құрайтын «Жеке тұлға» МДҚ, «Заңды тұлға» МДҚ, «Мекен-жай тіркелімі» МДҚ, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ, «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесі, ЭҮ порталы мен шлюзіне жататын, ЭҮ базалық құрамдас бөліктері құрылды;
төлем шлюзін, ҰБЖ құруды аяқтау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде;
мемлекеттік органдардың электрондық қызметіне аса кеңейтілген қол жеткізілімді қамтамасыз ету мақсатында 1186 қоғамдық қол жеткізу пункттері құрылды;
ЭҮ ақпараттық кезеңін іске асыру аяқталды, ЭҮ веб-порталы арқылы берілетін ақпараттық қызметтерді тұрақты өзектілеу қамтамасыз етілуде;
мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтерін іске асыру қамтамасыз етілді;
саны 50 адамнан асатын халқы бар 7305 ауылдық елді мекеннің 6643-і телефондандырылды, телефондық тығыздық 100 тұрғынға 18,5 телефонға дейін жеткізілді;
2007 жылдың соңында Интернетке қосылған мектептердің саны 95%-ға жеткізілетін болады;
АКТ саласындағы білім деңгейін арттыру шеңберінде мектептердегі 1 компьютерге келетін 54 оқушылар саны 25-ке азайтылды, қашықтан оқытудың спутниктік арнасына қосылған мектептер саны 8,7%-дан 21%-ға көбейтілді;
Мобилдик телефон байланысының абоненттері жылдық өсімінің жоғарғы көрсеткіштері - 123,5% жетті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 42 мемлекеттік органы МО БКО желісіне қосылған, олар қамтамасыз ететіндер:
Астана қаласы бойынша электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін;
«Жеке тұлға», «Заңды тұлға», «Мекен-жай тіркелімі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорының жұмыс істеуін;
ЭҮ веб-порталының жұмыс істеуін;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары арасында бейнеконференцбайланысты қамтамасыз ету;
ЭҮ басқару институттары АКТ (бұдан әрі - АКТ) саласындағы кез келген табысты бизнес-институттары сияқты эволюциялық кемелдену: бастапқы, басқарушы, анықталған және оңтайландырылған деңгейінен өтеді. ЭҮ бір кемелдену деңгейінен басқасына көшу мынадай тіке нәтижелер: - Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» іске асыру жөніндегі кезекті бағдарламаларды қабылдаумен және бұрынғы құрамдас бөліктерін жетілдірумен, жаңа сапалы технологиялық құрамдас бөліктерін толықтырумен, аймақтық кеңейтумен белгіленеді.
ЭҮ қалыптастырудың бағдарламасын іске асырудың нәтижелері бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
ЭҮ кемелденуінің екінші деңгейіне толықтай қол жеткізілді. ЭҮ контурлары анықталды - табыстың әртүрлі дәрежелерінің базалық құрамдас бөліктері, сондай-ақ, ЭҮ негізгі технологиялық сәулеті анықталды және соңғы және тікелей нәтижелерінің терминдерінде ЭҮ іске асырудың стратегиялық көрінімі қалыптастырылды.
Кемелденудің үшінші кезеңіне жету кезінде ЭҮ базалық құрамдас бөліктері мен электрондық қызметтердің дербес жобаларының қосындысы сияқты болжанбайды, стандартталған талаптар мен іске асырудың жоспарының бірыңғай ортасы ұсынылады. Кемелденудің жоғарғы деңгейіне өту мемлекеттік корпоративтік басқарудың базалық элементтерін енгізуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтердің көптеген басымдық санаттарының сапасы мен тиімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте ЭҮ сәулеті осы кезеңдегі міндеттерді тиімді шешудің негізгі құралдары болып табылады.
Төменде кестелік нысанда ЭҮ-ті іске асырудың жүйелік ландшафты ЭҮ-нің сапалы жаңа технологиялық құрамдастары терминдерде, өрістету мен тиісті іс-қимылдар - қалыптасу, даму және оңтайландыру деңгейлерінде берілген.
Кесте. ЭҮ технологиялық құрамдас бөліктерінің жүйелік ландшафты.
Жылдары | 2005-2007 | 2008-2010 | 2011-2013 |
Таралу деңгейі | Т1 | Т1-Т2 | Т1-Т2-Т3 |
Базалық құрамдас бөліктері | Қ1 | Д1-Қ2 | О1-Р2-Қ3 |
Инфрақұрылым | Қ1 | Д1-Қ2 | О1-Р2-Қ3 |
е- G4С, G4B, G4G қызметтері | Қ1 | Д1-Қ2 | О1-Р2-Қ3 |
ААЖ | - | Қ1 | Д1-Қ2 |
ЭҮРБАЖ | - | Қ1 | Д1-Қ2 |
МО БҰБ жүйесі | - | Қ1 | Д1-Қ2 |
ЭҮ басқару жүйесі | - | Қ1 | Д1-Қ2 |
ҚР ЭҮ бағдарламасы | Қалыптастыру | Дамыту | Оңтайлан- дыру |
ЭҮ кемелдену деңгейі | Белгіленген ІІ | Басқарылатын ІІІ | Оңтайлан- дырылған IV |
Мында келесі белгілер пайдаланылады: Қ - қалыптастыру, Д - дамыту, О - оңтайландыру; Т1 - орталық, Т2 - облыс орталықтары, Т3 - аудан орталықтары; Қі, Ді, Оі - ЭҮ технологиялық құрамдас бөліктерін қалыптастыру, дамыту мен оңтайландырудың тиісті бағдарламаға қарасты, і= 1, 2, 3 деңгейдегі Ячейкадағы сызық осы құрауыштың ЭҮ кемелденуінің осы деңгейінде іске асырылмағанын (іске асырылмаған, ұсынылмайды немесе іске асырылуы мүмкін емес) білдіреді.