Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 452 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімнің «Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері» деген жолында «17 968 226», «11 771 595», «4 866 664», «1 309 964» деген сандар тиісінше «22952853», «13053606», «7822020», «2077227» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімнің үшінші абзацында «17 968 226», «11 771 595», «4 866 664», «1 309 964» деген сандар тиісінше «22952853», «13053606», «7822020», «2077227» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
«Ресурстарды басқарудың мемлекеттік жүйесін құру» деген 1-кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 6-жолда «2009**; 2010**» деген сандар «2009 - 391841; 2010 - 70070» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолда:
«Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат» деген сөздер «Ахуалдық орталықты өндірістік пайдалануға енгізу актісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«АБА,» деген аббревиатура алынып тасталсын;
«2009 жылғы 4-тоқсан» деген сөздер «2010 жылғы 4-тоқсан» деген сөздермен аустырылсын;
«Болжамды шығыстары (мың теңге)» деген бағандағы «2009 - ТЭН сәйкес***» деген сөздер «2010 - 200128» деген сандармен ауыстырылсын;
«Мемлекеттік қызметтердің базалық санаттарын автоматтандыру» деген 2-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 1.1-жолда:
«АБА» деген аббревиатурадан кейін « , мүдделі мемлекеттік органдар» деген сөздермен толықтырылсын;
«2008 - 68596; 2009 - ТЭН сәйкес***» деген сандар «2008 - 93597; 2009 - 99778» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 1.2, 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.2 | Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін БАЖ құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АБА, Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2010 жылғы 4-тоқсан | 2008 - 1074500; 2009 - 870000; | РБ |
2. | «КААЖ» және «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесін құру | АБА-ға ақпарат | Қаржымині | Жыл сайын 4-тоқсан | 2008 - 1260756; 2009 - 733758; 2010 - 500000 | РБ |
»;
реттік нөмірі 3.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.1 | салық заңнамасының өзгеруіне байланысты салық органдарының ақпараттық жүйелерін жаңғырту | аба-ға ақпарат | қаржымині | жыл сайын 4-тоқсан | 2008 - 3164943; 2009 - 1270435; 2010 - 607392 | рб |
»;
реттік нөмірлері 3.2, 4, 4.1, 4.2, 6.1, 6.3-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 9.2-жолда «2009**» деген сандар «2009 — 734054» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 10-жолда «2008 - 448570; 2009 - 665722; 2010 - 414542» деген сандар «2008 - 401435; 2009 - 414135; 2010 - 269713» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 11-жолда «2009 - 147820; 2010 - 28825» деген сандар «2008 - 58250; 2009 - 183421; 2010 - 75861» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 12.1, 12.2, 12.3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
12.1 | «е-Кадрлар» және «еңбек ақы» кіші жүйесіне ТЭН әзірлеу | ТЭН | Қаржымині, МҚА | 2008 жылғы 4-тоқсан | 2008* | РБ |
12.2 | «е-Кадрлар» және «еңбек ақы» бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу | «е-Кадрлар» және «еңбек ақы» бағдарламалық қамтамасыз ету | Қаржымині, МҚА | 2009 жылғы 4-тоқсан | 2009 - 586204 | РБ |
12.3 | «е-Кадрлар» және «еңбек ақы» бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу | ЭҮ РБАЖ «е-Кадрлар» және «еңбек ақы» кіші жүйесінің жұмыс істеуі | Қаржымині, МҚА | 2010 жылғы 4-тоқсан | 2010 - 227978 | РБ |
»;
«ЭҮ базалық инфрақұрылымын дамыту және қол жеткізу тетіктері» деген 3-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолда «БҒМ, «Каzsаtnеt» ҰК» АҚ (келісім бойынша)» деген сөздер «АБА, жергілікті атқарушы органдар, «Зерде» АҚ» (келісім бойынша)» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 2, 3.2, 3.3-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.1-жолда «2008 - 569912» деген сандар «2008 - 556781» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4-жолда «2008 - 394213; 2009 - 744213; 2010 - 320000» деген сандар «2008 - 394212; 2009 - 521000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолда «2008 - 192979; 2009 - 442979; 2010 - 250000» деген сандар «2008 - 170354; 2009 - 217946» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жолда «2008 - 89898; 2009**; 2010 - талап етілмейді» деген сөздер «2008 - 387123; 2009 - 102455; 2010 - 126085» деген сандармен ауыстырылсын;
«ЭҮ базалық құрамдас бөліктерін дамыту» деген 4-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 1.1-жолда «2008 - 161941; 2009 - ТЭН сәйкес***» деген сөздер «2008 - 159816; 2009 - 298700» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.2-жолда «2008 - 108318» деген сандар «2008 - 97707; 2009 - 61000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолда:
«инфрақұрылымын дамыту» деген сөздер «инфрақұрылымын құру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2008 - 839913; 2009 - 857831» деген сандар «2008 - 364746; 2009 - 64350» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда «2009 - 148750; 2010 - 35500» деген сандар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 5.1-жолда «2008 - 211262; 2009 - 1174942,832» деген сандар «2009 - 1174943» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5.2-жолда «2009 - ТЭН сәйкес***» деген сөздер «2009 - 10000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын;
«Электрондық үкімет» сәулетін әзірлеу және әлеуметтік институттарын қалыптастыру, АКТ саласындағы стандарттардың қорын дамыту» деген 5-кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 5-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 2-жолда «Әділетмині,» деген аббревиатурадан кейін «ЭБЖМ,» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда «2009 - ТЭН сәйкес***; 2010 - талап етілмейді» деген сөздер «2009 — 15000» деген сандармен аустырылсын;
реттік нөмірі 4-жолда «2009 - ТЭН сәйкес***; 2010 - ТЭН сәйкес***» деген сөздер «2009 - 48000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жолда «2008 жылғы 4-тоқсан» деген сөздер «2009 жылғы 2-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ЭҮ дамытудың нормативтік құқықтық базасын қамтамасыз ету» деген 6-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2. | «Кейбір заңнамалық актілерге «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тұжырымдамасы мен жобасын әзірлеу | ВАК-қа ҚРЗ-ның тұжырымдамасын енгізу | АБА, ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2008 жылғы 4-тоқсан | 2008 - талап етілмейді; 2009 - талап етілмейді; | Талап етілмейді |
«;
реттік нөмірлері 3, 4, 6-жолдар алынып тасталсын;
«ЭҮ дамыту және жай-күйін бақылау және мониторингінің жүйесін құру және енгізу» деген 7-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 2-жолда «АБА,» деген аббревиатурадан кейін «ЭБЖМ,» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
«Бағдарлама бойынша барлығы оның ішінде:» деген жолда «11771595», «4866664», «1309964», «17968226» деген сандар тиісінше «13053606», «7822020», «2077227», «22952853» деген сандармен ауыстырылсын;
«Аббревиатуралардың толықтай жазылуы» деген жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Зерде» АҚ - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |