Интернет желісі қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 358 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Интернет желісі қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Интернет желісі қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 17 сәуірдегі
№ 358 қаулысымен
мақұлданған
Интернет (Қазнет) желісі қазақстандық сегментінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастырудың және дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Қазіргі жай-күйін талдау
2.1. Халықаралық тәжірибе
2.2. Қазнеттің қазіргі жай күйі
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
4. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
4.1. Интернет желісінің ұлттық сегментін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
4.2. Ұлттық заңнаманы жетілдіру
4.3. Қазнеттің инфрақұрылымын дамыту
4.4. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту, оны ұйымдастыруды жетілдіру
4.5. Қазнетті дамыту мониторингі және бағалау
4.6. Қазақстанның ғаламдық ақпараттық желілер мен жүйелерді құру мен пайдалану үдерістеріне қатысуы
5. Күтілетін нәтижелер
1. Кіріспе
Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр». Көптеген дамыған және дамушы елдер АКТ-ң дамуы мен таратылуы алып келетін зор артықшылықты түсініп отыр. Ақпараттық қоғамға қозғалыс - бұл адамзат өркениетінің болашағына жол болатындығы ешкімді де күмән туғызбайды.
Қазақстан өз егемендігін алған сәтінен бастап, әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу позициясынан нақты орын алды, өзін өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін тең деңгейдегі халықаралық кооперацияның мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қоғамды құрудың белсенді қатысушы екенін көрсетті.
Қазақстанның «индустриалды» қоғамнан «ақпараттық қоғамға» өтуі ақпараттық теңсіздікті жеңуі, Қазақстандағы азаматтық қоғам мен демократиялық дәстүрдің дамуына, ақпараттық теңсіздікті еңсеруге байланысты. Бұл міндеттерді шешу тұрақты экономикалық өсуді, қоғамдық жағдайдың көтерілуін, демократияны нығайту саласында әлеуметтік келісімді ынталандыру, ашық және жауапты басқаруды, адам құқығы және бүкіл әлемде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығын нығайтуда және Қазақстанның азаматтарының тең дәрежеде ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа енуін қамтамасыз ететін мақсаттарға жету негіз болып табылады. Республикада жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің ақпараттық сегментін, оның рөлін және қазақстандық қоғамда алатын орны туралы түсінікті қайта қарауды талап етеді.
Бұған елді тұрақты компьютерлендіруден ақпараттандыруға және Интернеттің ғаламдық желісінде Интернет-Қазнеттің (бұдан әрі - Қазнет) қазақстандық сегментінің бірыңғай дамыған ақпараттық кеңістігін құруға өту әрекеті негіз болып отыр.
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту осы үдеріске көптеген қатысушылардың қызметін үйлестіруді талап ететін салааралық, ведомоствоаралық және мемлекеттік міндеттер болып табылады. Мұндай үйлестірулер тек қажетті әрекеті мен олардың тізбегін анықтайтын және негіздейтін бірыңғай тұжырымдамасының негізінде болуы мүмкін.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістікке орнықты, жоспарлы, қауіпсіз және тиімді қозғалысын қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін әзірлеуге, Қазнетті дамыту үшін негізгі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және техникалық-технологиялық алғы Шарттары мен жағдайын, оның динамизмі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың ережелері мен басымдығын айқындауға бағытталған.
2. Қазіргі жай-күйін талдау
2.1. Халықаралық тәжірибе
Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің эмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі.
Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық ақпараттық интернет желісі бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістігінің ең көлемді және жаппай жайылған сегменті болып табылады. Сонымен бірге, уақыт өте, ғаламдық ақпараттық интернет желісі ақпарат алу және алмасудың, сондай-ақ жаппай пайдаланушылардың коммуникациясы үшін ең қол жетерлік құралы болғаны айдан анық.
Қазіргі уақытта Интернеттің ақпараттық кеңестігінің жұмыс істеуіне сай келетін халықаралық ұйымдарға мыналар жатады:
1) The Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (бұдан әрі - ICANN) - IP-адрестерін, протоколдардың параметрлерін бөлу, домендік атаулардың жүйесін әкімшілеу (Domain Name System, DNS), түбірлік серверлер (Root Server System) деп аталатын жүйенің жұмыс істеуін әкімшілеу және қолдау үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;
2) Интернет желісінде нөмірлеуді бөлу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - IANA, The Internet Assigned Numbers Authority);
3) Еуропалық желілік үйлестіру орталығы (бұдан әрі - RIPE NCC) - тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлуді және тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлу мен тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC қызмет көрсету аймағында Интернеттің ғаламдық ресурстарын әділетті бөлуге кепілдеме бере отырып, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Азияның бөлігінің тіркеушілеріне қызмет көрсетеді;
4) The Internet Engineering Task Force (бұдан әрі - IETF) - Интернет сәулетін дамыту және қолданыстағы инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуінің біріктірілген міндеттерін дамытуға жұмыс жасайтын желілік хаттамаларын дайындаушылар, операторлар, өндірушілер және зерттеушілердің халықаралық ашық бірлестігі болып табылады;
5) Дүниежүзілік зияткерлік жеке меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗЖҰ).
Жоғарғы деңгейдегі домендер (бұдан әрі - TLD, Top Level Domain) екі үлкен бөлікке бөлінеді: Біріншісі - жалпы пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі - ұлттық екі әріпті домендер (country code TLD немесе ccTLD). Жалпы пайдаланатын домендерге COM, NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа да домендер жатады.
Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халықаралық стандартқа сәйкес елдер мен аумақтардың екі әріпті кодтар саны бойынша ұлттық домендер - 250 (RU - Ресей үшін, DE - Германия үшін, UK - Ұлыбритания үшін) Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының келісімдері бойынша IANA ұйымымен беріледі.
Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері мынадай: біріншіден, академиялық желілерден ұлттық домендердің операторлар (провайдерлер) бірлестігіне өтуі, сондай-ақ қатар тіркеу ережелерін дайындауға елдің интернет-қауымдастығының қатысуы: нарықтың кәсіби қатысушылары, тұтынушылар, қоғамдық (кейде үкіметтік) ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп өтуі, шектеулердің алынуы.
Кез-келген субъектінің Интернеттегі қызметі құқықтық проблемалардың тұтас сериясын қалыптастырады. Олар пайдаланушының қызметін, сайттың мәртебесін және оның мазмұнын реттеуге (рұқсат етілген, реттелмеген, заңсыз); авторлық және аралас құқықтардың орындалуына; «киберэкономиканы» қалыптастыру (электрондық ақшалар, төлемдік жүйелер, құнды қағаздар, электрондық банктер, жарнама, маркетинг, электрондық контрактілер, салықтар); жеке және мемлекеттік мүдделердің ақпараттық қауіпсіздігіне бөлінеді.
Интернет желісін құру және нормативтік негіздерінің ұтымдылығы бойынша үдеріс 80 жылдардың басынан бастап Еуропа және АҚШ-та (және бірқатар басқа да шет елдерде) басталған.
Қазіргі уақытта Интернет желісі қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірнеше деңгейі қалыптасты:
1) халықаралық;
2) өңірлік (Еуропалық одақ және ТМД шеңберінде);
3) ұлттық.
Осы деңгейлердің әрқайсысында өкілетті заң шығарушы қарастырып отырған құқықтық қарым-қатынастар саласын реттеуге ұмтылады.
Интернет желісінің трансшекаралылығы Интернет желісіндегі құқықтық қарым-қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу, қолданыстағы ережелер мен әдеттегіліктерді біріздендіру қажеттілігін құрайды.
Біріздендірудің нормалары ЕО шеңберінде, сондай-ақ БҰҰ шеңберіндегі (УНИДРУА жеке құқықты біріздендіру институты) халықаралық деңгейде, Дүниежүзілік Зияткерлік Жеке меншік Ұйымы (ДЗЖҰ), Халықаралық сауда палатасы (ХСП), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, сауда және электрондық бизнеске ықпал ету БҰҰ Орталығымен жүргізіледі.
ТСР/ІР желі хаттамаларының ыңғайсыз цифрлық адрестерінің жеңіл есте қалатын әріптік сөз тіркестеріне ауыстыруға мүмкіндік берген домен атаулары жүйесінің пайда болуы, интернеттің белсенді түрде коммерциализациялануы мен әйгілі болуы соңғы жылдары домен өздерінің белгілері бойынша олардың қолданыстағы түрлеріне ұқсас - тауар белгілері, фирманың атаулары бойынша материалдық емес актив белгілерін иеленді. Мазмұнында домендік атауы ғана берілген жарнамалық тақталар жиі кездеседі. Қымбат тұратын интернет-жобалар жүзеге асырылып жатыр, олар үшін домен олардың коммерциялық табыстарының едәуір бөлігін құрайды, өйткені тұтынушылар доменді электрондық бизнес субъектісінің қандай да бір тауар, жұмыс немесе қызмет көрсетулерімен байланыстырады.
2.2. Қазнеттің қазіргі жай күйі
Қазнет ақпараттық ресурстар желісінің, ақпараттық-телекоммуникациялар жүйесі мен желісінің, ұйым мен азаматтардың ақпаратпен қарым-қатынасын қамтамасыз ететін бірыңғай қағидаттар мен жалпы ережелер негізінде жұмыс істейтін, оларды жүргізу және пайдалану технологияларының, сондай-ақ олардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру жиынтығынан тұрады. Осылайша, Қазнет бірыңғай ақпараттық кеңістігі мынадай басты құрамдас бөліктерден тұрады:
1) Қазнеттегі ақпаратты, деректерді, мәліметтерді және білім беруді құрайтын ақпараттық желілік ресурстар;
2) бірыңғай ақпараттық кеңістіктің (ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, іздеу және беру бөлігінде) жұмыс істеуі мен дамытуды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдардан тұратын және тиісті технологиялар мен бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланумен, олардың ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ететін азаматтар мен ұйымдардың өзара ақпараттық іс-қимылының құралдарынан тұратын ақпараттық инфрақұрылым;
3) Қазнетті қалыптастыруға және дамытуға қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынасы мен қызметін реттейтін құқықтық, ұйымдастырушылық, нормативтік және ақпарат құжаттары.
Қазнетті дамыту және реттеу объектілеріне мыналарды жатқызуға болады:
1) сақтау және меншік түріне тәуелсіз ақпараттық ресурстар, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер, құпиялы ақпараттар сияқты және ашық қолжетімді ақпараттық ресурстар;
2) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік ақпараттарды алу, тарату және пайдалану құқығы, құпия ақпарат пен зияткерлік меншікті қорғау;
3) Интернет ғаламдық желіде таратылатын ақпаратқа негізделген қоғамдық сананы (көзқарастар, саяси көзқарастар, моральдық және этикалық құндылықтар және басқалар) қалыптастыру жүйесі;
4) көп жағдайда ақпаратпен қамтамасыз ету мен сапасына тәуелді болып келетін саяси шешімдерді қабылдау үдерісіне әсер ету жүйесі;
5) мемлекеттік органдардың халықты елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілерімен ақпараттау жүйесі;
6) Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарына өзінің көзқарастарын насихаттайтын қоғамдық ұйымдардың қатысу жүйесі;
7) мәлімет беру желісінің жалпы ұлттық, өңірлік және жергілікті ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе, оның ішінде арнайы мақсаттағы, сондай-ақ спутниктік байланыс жүйесі;
8) электрондық сауда жүйесі - Интернет арқылы тауарлармен және қызметтермен сауда-саттық.
Желілік ақпарат ресурстар - веб-сайттары Қазнеттің негізгі бөлігі болып табылады. Қазнеттің ресми тарихы 1994 жылғы 19 қыркүйектен басталады. Бұл күні IANA дерекқорында жоғарғы деңгейдегі KZ домені тіркелді. Ал 1995 жылы маусым айында бірінші қазақстандық веб-сайттардың - Kazakh Internet Yellow & White Pages (қазір жұмыс істемейтін) каталогы шықты. 1997 жылы желтоқсан айында қазіргі уақытта ең танымал қазақстандық веб-ресурстар рубрикаторы каталогының - "Весь WWW Казахстан" (Catalog.Site.KZ) жобасы шықты.
Қазнет кеңістігі ресурстардың мынадай түрлерін:
1) KZ домен аймағындағы дербес интернет-ресурстарды;
2) қазақстандық провайдерлердің алаңында орналасқан басқа домен аймақтарының желілік ресурстарын;
3) Қазақстан аудиториясына бағытталған шетелдік ресурстарды;
4) басқа домен аймағында орналасқан қазақстандық компаниялардың ресурстарын біріктіреді.
Қазіргі уақытта КZ аймағында домен атауларды әкімшілендіру, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығымен бекітілген «Интернет желісі қазақстан сегментінің домен кеңістігін бөлу ережесіне» сәйкес жүргізіледі.
Қазақстанда үш деңгейдегі - Тіркеу орны, тіркеуші және тіркеленуші - домендер тіркелімін бөлу жүйесі (Shared Registry System - SRS) қолданылады. KZ доменін басқару және реттеумен екі ұйым айналысады: іс-жүзінде - доменнің техникалық жағынан жұмыс істеуіне жауапты Қазақ желілік ақпарат орталығы (бұдан әрі - KazNIC) және де-юре - құрамында ұлттық доменді тіркеу және дамыту идеологиясы әзірлеумен айналысатын Қазақстандық ІТ-компаниясының қауымдастығы. Қазіргі уақытта домендерді тіркеу нарығында KZ аймағында "Жұмыс істеп тұрған тіркеуші" мәртебесі бар 9 компания тіркелді.
SPS-ті пайдалана отырып, домен атауларын тіркеу мүмкіндігі бар шексіз тіркеушілердің санын көрсететін моделіне қарамастан, тұтынушыларға тұрақты және үздіксіз қызметтерді ұсыну аккредитацияның жеткілікті қатаң талаптарымен қамтамасыз етіледі. Тіркеушілерді аккредитациялау рәсімі домен атауларын тұтынушыларға тіркеу және қолдау бойынша қызметтерді ұсыну ретінде қажетті сенімділікті алуға мүмкіндік береді.
Электрондық ақпараттық ресурстар туралы мәліметтерді жүйелеу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды мәліметтермен хабардар ету және мемлекеттік органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысымен Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі бекітілді.
Қазнет желісі ресурстарын контентпен толықтыру бірінші кезектегі және басым роль атқарады. Кез келген ресурстың ақпараттылығы, оған қол жеткізу, ашықтығы негізінен оны құрушылар мен иелері қамтамасыз етеді. Интернеттегі желілік ресурс Интернет ғаламдық желісінің пайдаланушылары үшін құрылатынын, өмір сүретінін түсіну маңызды сәт. Қазнет те жүйелік құрылым құру үдерісі оған келіп-кетушілер, яғни еркін қолжетім ақпаратын ізденушілерге нақты бағытталуы керек. Қазақстандық контентті бүгінгі ресурстарын "дамымаған" және "әлсіз" деп сипаттауға болады. Контенттің "дамымағаны" ресурсты контентті құру және қалыптастыруға қажет білім мен ережелердің жоқтығымен, ал контенттің "әлсіздігі" ресурстағы ақпаратқа релеванттықты елемеу және контентті уақтылы жаңартпаумен негізделген. Ресурс контенті және оның маңыздылығы Google, Yahoo, MSN және кириллица әрпіндегі Yandex, Rambler және т.б. ғаламдық ізденіс жүйесіне қол жетімділік және көріну қабілеттілігімен анықталатынын түсіну қажет.
Қазақстандық ресурстардың мазмұнды бөлігі стихиялық түрде қалыптасады, ақпаратты таратушылардың мүдделері мен торабына сәйкес құқықтық, моральды-этикалық және басқа нормалар мен ұлттық мүддені ескермейді.
Қазақстандық контенттерді дамыту маңыздылығы оның көп тілділігі. 2006 ж. Miniwatts Marketing Group компаниясы жүйеде нүкте қолданатын тілдердің рейтингін жариялады, онда орыс тілі 10 орын алды. 2006 жылғы 30 маусымдағы мәліметтер бойынша орыс тілді пайдаланушылар әлемдік интернет-аудиториясының 2,3 % құрайды. Жүйе ресурстарындағы орыс тілінің өсу динамикасы оның жетекшілік орындарын көрсетеді - тілдер арасында веб-аудиторияның өсуі бойынша (664,5%). Miniwatts Marketing орыс тілді веб-пайдаланушыларға 23,7 млн., ал орыс тілді ортаға Интернеттің өту деңгейі 16,5 % деп бағаланды. Пайдалану бойынша рейтингте ағылшын тілі (30 %, 1,12 млрд. пайдаланушылар), екінші орында - қытай тілі (13,8 %, 1,34 млрд. пайдаланушылар) үшінші орында - жапон тілі (8,3 %, 128 млн. пайдаланушылар). Көптеген интернетті пайдаланушылар екі немесе одан да көп тілдерді меңгергенін атап өткен жөн. Қазнеттегі кириллица контентінің дамуы болашақта перспективті және дамуы үшін жоғарғы әлеуетке ие.
Қазнетте мемлекеттік тілін пайдалану өте төмен деңгейде қалып отыр. Олар бұрын қазақ тілін кодтау және тану проблемасы болса, қазір ондай проблема жоқ. Қазнетте кітапхана жоқ, білім мен ғылым жүйесінің ресурстары әлсіз дамыған, Қазнеттің мультимедиялық контенті оны тек мобильді пайдалану бөлігінде пайдаланады. Осы уақытқа дейін мемлекеттік тілдің билік органдарына, күнделікті тұрмыста пайдалануға арналған сөздік, және глосарий терминдердің ресми жүйелік ресурсы жоқ. 2002 жылы құрылған Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы сайты (www.kazakhtili.kz) бүгінгі күні жоқ. Қазнет тарихын дамытудың және сақтаудың жалғыз ақпараттық ағартушы портал "Lyakhov.KZ - Қазнеттің үлкен энциклопедиясы - Александр Ляховтың жеке жобасы (www.lyakhov.kz)" болып отыр.
Халықтың көпшілік топтары арасында ақпараттық сұраныс қалыптаспаған немесе дәстүрлі сұраныстарды қанағаттандыруда ақпарат ролі білінбей отыр. Қазнеттің ақпараттық кеңістігі Қазақстан халқының көпшілігі үшін күнделікті өмірдің бөлігі болмай отыр. Қазнеттің контентті дамыту қолданушылар сұранысына ғана сәйкестенбей, потенциалды қолданушыларға арналуы керек, олардың өмірін жеңілдету және табысы үшін ақпараттық ресурстың қажеттілігін түсінуі керек. Контентті қалыптастырудағы мақсатты бағыт стратегиясы Қазнеттің ірі порталдар шеңберінде басталып отыр. Ол қолданушылар немесе потенциалды қолданушылар қалыптасқан сұранысқа сәйкес құрылмай, ақпаратқа маңызды ресурс ретінде қарау көзқарасын қалыптастырумен байланысты.
Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық нарығы қосалқы және бірінші провайдерлерді ұсынады. Бүгінгі күн қызметтің осы түріне 391 компанияның лицензиясы бар, оның ішінде 2007 жылы 34 лицензия берілді.
Интернеттің қазақстандық бөлігінің аудиториясы жылдан жылға өсуде, бұған елдегі компьютерлер паркінің қарқынды өсуі және күнделікті өмірде Интернетті қолдану қажеттілігін түсіну себепкер болып отыр.
2006 жылғы жүргізген зерттеулеріне сәйкес Қазақстан Республикасында Интернет жүйесіне қолжетімдік арасында ең танымалы 8 арқылы («Интернет зонасы») телефон желісіне (dial-up) қосылу, бұл туралы ҚР тұрғындарының 33,2 % хабардар. Екінші орында тасымалдығы жөнінен аванстық Интернет-карталар арқылы телефон желісі бойынша қосылу тұр. Интернеттің осындай қолжетімдігі туралы ҚР тұрғындарының 25,6 % хабардар. Ұялы телефон арқылы интернетке қосылу туралы хабардарлық ересек халықтың 18,7% үлесін құрайды.
Қазақстан халқының жартысы (53,1%) Интернетке кірудің жоғарғы аталған түрлерін білмейтіндігін атап өткен жөн. 2007 жылдың қорытындысы бойынша Интернет желісіне Қазақстандық мектептердің 7405 немесе 95% (барлық мектептер саны - 7724) қосылған, оның ішінде ауылдық мектеп - 5785 немесе 94% (барлық ауылдық мектептер саны - 6095). Алынған мәліметтер бойынша ҚР қалаларының 1 095 403 ересек тұрғындары немесе 6% ғана Интернет желісіне қолжетімділік қызметін пайдаланады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 519 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында Интернет желісіне жаппай, кең жолақты қол жетімділікті дамыту, Интернеттің қазақстандық контентін дамыту, сондай-ақ Интернет қызметтеріне «Қазақтелеком» АҚ тарифтерін төмендету көзделген. «Қазақтелеком» АҚ Интернет желісіне коммутирланған қол жеткізу қызметтерінің және Интернет желісінің кеңжолақты қол жетімділігі қызметтерінің (бір жалғы телемдерді қоспағанда) тарифтерді төмендету жөнінде біршама іс-шаралар жүргізілді.
Ағымдағы жылға ресурстардың хостингі қызметтеріне тарифтерді төмендету, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ ұсынатын тарифтік жоспарлардың құрылымын, яғни Қазнетті дамытуға және танымал етуге ықпал ететін қызметтерді кеңейту және қайта қарау жоспарланған.
«Nursat» АҚ Интернет желісінің ресурстарына сапалы қолжеткізуді қамтамасыз ету үшін Европа және Мәскеуге жоғарғы жылдамдықты спутник арналарын пайдаланады. Жетекші ресейлік сервис-провайдерлері мен өзара алмасу трафигінің нүктесіне қосылу интернет желісіндегі ресейлік ресурстарға тез жетуге мүмкіндік береді. Коммутацияланатын қолжетімдіге электрондық почта, түнде және демалыс күндері шексіз қолжетімділік, қол жеткізудің жылдамдығы 56 кбит/с (протокол V.90), Қазақстан бойынша роуминг кіреді.
«Kazakhstan-Online» деректерін берудің ұлттық желісі Қазақстан Республикасының 96 елді мекенін және 162 торапты қамтиды. Желінің жалпы өткізу қабілеттігі - секундына 698 мбит. «Kazakhstan-Online» желісіне кең жолақты АТМ - желісі болып табылады және АТМ - форумының әлемдік стандарттарына сәйкес. 1999 жылы қыркүйекте «Kazakhstan-Online» желісі базасында «Интернет - аймағы» жобасы коммерциялық пайдалануға берілді. Бұл қызмет түрі Қазақстанның, барлық аумағында Интернетке коммутациялық қолжетім мүмкіндігін ұсынады және ұтқыр және үйде пайдаланушыларға, сондай-ақ ұйымдардағы жеке пайдаланушыларға арналған. Интернет желісіне қол жеткізу қалалық телефон желісінің арналары бойынша «Kazakhstan-Online» торабына «нүкте-нүкте» қосуын орнату арқылы жүзеге асырылады. «Интернет-аймағы» жобасымен бірге 2000 жылы маусымда жалпы білім беру оқу орындарына бағытталған жаңа жоба енгізілді. Бұл жоба «Қазақстандық интернет» деп аталады және Қазақстандық интернет-ресурстарына коммутациялық қол жеткізу мүмкіндігін береді.
Қазіргі уақытта Интернеттің ғаламдық ақпараттық желісінде Қазнеттің саны жағынан да (операторлар мен пайдаланушылар саны) сапасы жағынан да (көрсетілетін қызметтер спектрінің кеңеюі) белсенді өсуі байқалады. Интернет саласындағы қазақстандық заңнама өз дамуының бастапқы кезеңінде тұр.
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
Тұжырымдаманың мақсаты Интернет Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту болып табылады.