12) конкурстық өтінімді енгізудің шартын және оның мазмұнын;
13) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу орнын, күні мен уақытын (бірақ конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі анықталған кезден бастап екі сағаттан кеш емес);
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді(бұр.ред.қара)
14) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу және оларды қарау үшін пайдаланылатын рәсімдерді қамтитын, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық құжаттаманы табыс етуге міндетті.
2. Конкурсты ұйымдастырушы табыс етілген конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай ақы алуға құқылы.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)
3. Ықтимал концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейінгі күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмеуге тиіс. Конкурсты ұйымдастырушы сауал тіркелген кезден бастап үш күн мерзімде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен түскенін көрсетпей-ақ, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал концессионерлерге осындай түсіндірмені хабарлауға міндетті.
Қайта конкурс өткізу кезінде ықтимал концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмеуге тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)
4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейінгі күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей, ал қайта конкурс өткізу кезінде күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде өз бастамасымен немесе ықтимал концессионердің сауалына жауап ретінде хаттама ресімдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал концессионерлерге осы өзгерістер туралы дереу хабарланады. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы ықтимал концессионерлердің осы өзгерістерді конкурстық өтінімдерде есепке алуы үшін конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімін кемінде күнтізбелік отыз күнге, ал қайта конкурс кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.
5. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта ықтимал концессионерлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы онда дереккөздері көрсетілмеген конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сауалдар, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптар қамтылатын хаттама жасайды. Хаттама дереу комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал концессионерлерге жіберіледі.
6. Конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы бекітеді.
18-бап. Ықтимал концессионерге қойылатын біліктілік
талаптары
1. Концессионерді таңдау бойынша конкурсқа қатысу үшін ықтимал концессионер мынадай біліктілік талаптарына сай келуге:
1) концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары болуға;
2) төлемге қабілетті, таратылмайтын болуға, оның мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатып қойылмаған болуға тиіс;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді(бұр.ред.қара)
3) соңғы үш жыл ішінде жасасылған концессия шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапқа тартылмаған болуға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) іске асыруға ұсынылатын концессиялық жобаның құнына қатысты кемінде жиырма процентті құрайтын өз капиталы болуға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) өткен екі толық қаржы жылындағы аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі болуға тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Егер концессионер концессия жобасын іске асыру мақсатында бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Ықтимал концессионер өзінің осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сай келетіндігін растау үшін конкурсты ұйымдастырушыға тиісті құжаттарды табыс етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есепті де табыс етеді.
Егер концессионердің мемлекеттік кепілдікті және (немесе) мемлекет кепілгерлігін алуы көзделетін болса, концессия жобасын іске асыру мақсатында бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға ықтимал концессионер болып табылатын жағдайларды қоспағанда, ықтимал концессионердің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы аяқталған қаржы жылында немесе соңғы аяқталған үш қаржы жылының кез келген екеуінде таза кірісі болуға тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ықтимал концессионер біліктілік талаптары бойынша сенімді емес ақпарат табыс еткен жағдайда, осындай факт анықталған кезден бастап үш жыл ішінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Табыс етілетін ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы комиссия ықтимал концессионердің біліктілік талаптарына сай келетіндігін растайтын құжаттарды қараған кезде белгіленеді.
4. Конкурсты ұйымдастырушының ықтимал концессионерге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге құқығы жоқ. Ықтимал концессионер өзіне қойылатын біліктілік талаптарына қатысы жоқ ақпаратты табыс етпеуге құқылы.
19-бап. Концессионерді таңдау жөнінде конкурс өткізу
1. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау концессиялық жобалар жөнінде ашық конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органы коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Конкурс өткізу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау міндетті болып табылады. Конкурс өткізу туралы ақпарат концессия объектілері туралы, конкурсты ұйымдастырушыға табыс ету үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтерді, конкурс жарияланған объектінің сипатына қарай ықтимал қатысушыларға қойылатын талаптарды, конкурсты өткізу орны, уақыты мен күні туралы мәліметті қамтуға тиіс. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы ақпаратты конкурсты өткізу күніне дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын, ал қайта конкурс өткізу кезінде - күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде міндетті түрде жариялайды.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия жүзеге асырады.
Комиссияның жұмысшы органы конкурсты тиісті ұйымдастырушы болып табылады.
5. Егер белгіленген мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдер келіп түспеген не конкурсқа қатысуға бір өтінім табыс етілген жағдайда, онда концессияның осы объектісі бойынша үшінші және одан кейінгі конкурстарды қоспағанда, конкурс өтпеген болып есептеледі.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
20-бап. Концессионерді айқындау және концессия
шартын жасасу
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады.
Конкурсты ұйымдастырушы тиісті конкурстық өтінімдегі табыс етілген концессиялық өтінімдерді бағалау және оларға сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Конкурсты ұйымдастырушы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның қорытындысын ескере отырып, конкурсқа қатысушылар табыс еткен барлық конкурстық өтінімдерді қарайды.
Егер конкурс үшінші рет өткізілетін және конкурсқа қатысуға бір ғана конкурстық өтінім табыс етілген жағдайда, комиссия осы өтінімде табыс етілген концессиялық жобаны оның іске асырылу мүмкіндігі тұрғысынан қарайды.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Комиссия концессиялық өтінімі Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейтін жобаларға қойылатын өлшемдер негізінде үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба және концессия шарты бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды комиссия өтінім берушіге жазбаша нысанда жіберуге тиіс.
Келіссөздер жүргізудің қорытындылары бойынша оның нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.
Келіссөздер барысында конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамасына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер концессиялық жобасы үздік деп танылған қатысушы комиссияның ескертпелері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан, не оның ұсыныстары конкурс талаптары тұрғысынан пайдалануға келмейтін жағдайда, онда комиссия бұл концессиялық жобаны қарамайды және концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен үздік концессиялық жобаны қайтадан таңдайды.
6. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша комиссияның шешімімен концессиялық жоба бекітіледі, ал өтінім беруші конкурстың жеңімпазы болып танылады.
Комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
7. Конкурсты ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен концессия шартын жасасады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Концессия шартын жасасу мерзімі конкурстың қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.
9. Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстардың нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
4-тарау.
КОНЦЕССИЯ ШАРТЫ
21-бап. Концессия шартының мазмұны
1. Концессия шарты:
1) концессия объектісі туралы мәліметтерді;
2) концессионердің концессия объектісіне құқықтары және (немесе) белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға құқықтары туралы шарттарды;
3) концессионердің көрсетілетін қызметтердің қажетті саны мен сапасын ұсынуы мақсатында объектіге қажетті жақсартулар жүргізудің шарттары мен көлемін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны (тарифтерді) және бағаларды белгілеу тәртібін;
5) 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) инвестициялардың, соның ішінде негізгі қорларға салынатын инвестициялардың мөлшері туралы шартты, концессиялық жобаны әзірленген бизнес-жоспарға (жұмыс бағдарламасына) сәйкес қаржыландырудың мерзімдері, көздері мен шарттарын;
7) қызмет түрлерін (шарт талаптары бойынша ұсынылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);
8) концессия шарты бойынша концессионер ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапа стандарттарын;
9) шарттың қолданылу мерзімін;
10) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
11) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды;
12) концессия объектісін, сондай-ақ концессия шартының орындалуына байланысты берілген жер учаскелерін мемлекетке берудің тәртібі мен шарттарын;
13) тараптардың жауапкершілігін;
14) шартты өзгерту және тоқтату талаптарын;
15) тараптардың орналасқан жерін және банктік деректемелерін;
16) концеденттің концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) концессионердің қабылданған міндеттемелерді орындауын бағалаудың өлшемін және олар орындалмаған жағдайда айыппұлдар салу тәртібін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) осы Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау ұсынылған жағдайда, оның түрлерін, көлемін, мерзімдері мен ұсыну шарттарын қамтуға тиіс.
2. Концессия шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көзделуі мүмкін.
3. Шартқа тараптардың келісімі бойынша өзгерістер енгізілетін жағдайларды қоспағанда, шарттың талаптары концессия шартының барлық қолданылу мерзімінде күшін сақтайды.
4. Концессия шартында концеденттің қоғам мен мемлекет мүддесі үшін шарт талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту немесе шартты бұзу талабы көзделуі мүмкін, бұл ретте шарт мұндай талаптардың, оның ішінде мұндай іс-әрекеттер ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды және адамгершілікті қамтамасыз ету мақсатында жасалса, толық тізбесін қамтуға тиіс.
5. Концедент осы баптың 4-тармағында аталған құқықты іске асырған жағдайда, концедент концессионерге концессия шарты талаптарының өзгеруіне байланысты қосымша шығындарды өтеуге, сондай-ақ концессия шартының бұзылуына байланысты концессионер шеккен залалдардың орнын толтыруға міндетті.
22-бап. Концессия шартының нысаны
1. Концессия шарты жазбаша нысанда жасалады.
2. Концессия шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
23-бап. Концессия шартының қолданылу мерзімi
1. Концессия шарты отыз жылға дейінгі мерзімге жасалады.
2. Концессионер өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындаған жағдайда, концессия шарты тараптардың келісімімен белгіленетін қосымша кезеңге жаңа шарт жасасу арқылы ұзартылуы мүмкін.
Өз міндеттерін тиісінше орындаған концессионерге конкурссыз негізде жаңа келісім жасасу құқығы беріледі.
3. Жаңа мерзімге концессия шартын жасасу кезінде тараптар келісімі бойынша шарт талаптары өзгертілуі мүмкін.
24-бап. Концессия шартын тоқтату
Концессия шарты міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздемелерімен қатар:
1) концессия шартының бұзылуына немесе қолданылу мерзімінің өтіп кетуіне;
2) концессионердің таратылуына;
3) 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе концессия шартында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
25-бап. Концеденттің құқықтары мен міндеттерi
1. Концедент:
1) концессия шартының талаптары туралы концессионермен келіссөздер жүргізуге;
2) концессионердің кінәсінен концессия объектісінің жай-күйі нашарлаған жағдайда, концессионерден залалдарды өтеуін талап етуге;
3) концессионердің жедел қызметіне және концессия шартын іске асыру барысына араласпастан, концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тәуелсіз аудиторлық ұйымды тарту арқылы тексеруді жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының, концессия шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және жол берілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
5) концессионер концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда шартты бұзуды талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына және концессия шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Концедент:
1) концессия шартында көзделген жағдайларда және мерзімдерде концессионерге концессия объектісіне құқықтарды беруге;
2) концессия шарттарының жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге;
3) концессия шартында көзделген және концессионердің концессия объектісіне құқығын растайтын құжаттарды уақтылы беруге;
4) жасалған концессия шарттары туралы тізілім жүргізуді жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органға жыл сайын есептік ақпарат беріп отыруға;
5) концессия шартында көзделген талаптарды сақтауға;
6) концессия объектілерін үшінші тұлғалардың құқықтарынан еркін етіп беруге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
26-бап. Концессионердің құқықтары мен міндеттерi
1. Концессионер:
1) концессия объектісіне қатысты құқықтарды концессия шартында көзделген жағдайларда жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес берілетін инвестициялық преференциялардың субъeктici болуға;
3) концессия шартын орындауға байланысты келтірілген шығындардың өтемін алуға;
4) концедент концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда, концессия шартын бұзуды және міндеттемелерді бұзудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге;
5) егер концессия шартына енгізілген өзгеріс концессионердің шығынға ұшырауына әкеп соқтырған жағдайда, шығынның орнын толтыруды талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Концессионер:
1) концессия объектілерінің бейінін сақтауға;
2) шартта көзделген жұмыстарды жүргізуге (қызметтерді көрсетуге);
3) концессия объектісінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік сала объектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржыландыруға;
4) Қазақстан Республикасының еңбек, жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
5) концессия шарты жасалған мерзім аяқталғаннан кейін шарттың талаптарына сәйкес концедентке концессия объектісін тиісті техникалық қалпында және үшінші тұлғалардың құқықтарынан еркін етіп беруге;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңдарында және концессия шартында белгіленген өзге де талаптар мен жағдайларды сақтауға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылған қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.».
5-тарау.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
27-бап. Дауларды шешу
1. Мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беруге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында және концессия шартында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Концессия шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және концессия шартында келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер арқылы шешіледі.
2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешілмейтін болған жағдайда, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық коммерциялық төрелік туралы заңнамалық актісіне сәйкес халықаралық төрелікке жүгіну арқылы шешуге құқылы.
28-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар
туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
29-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған концессия шарттары осы шарттарда белгіленген мерзім өткенге дейін өзінің күшін сақтайды.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.
№ 167-III ҚРЗ