116) денсаулық сақтау саласындағы салалық көтермелеу жүйесі мен құрметті атақтар беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
117) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу;
118) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
119) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыретін және қызмет тәртібін айқындау;
120) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен тыйым салу;
121) жекелеген объектілерде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілеу;
122) мүмкіндігі шектеулі балаларды диагностикалау және емдеу бойынша халықаралық тәжірибені пайдалануға жәрдем көрсету;
123) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
124) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында бағдарламалар әзірлеу;
125) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдау;
126) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды іске асыру бойынша салааралық үйлестіруді, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
127) йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
128) Қазақстан Республикасының халқы арасында йод тапшылығы ауруларының мониторингін жүзеге асыру, тиісті алдын алу және емдеу іс-шараларын жүргізу тиімділігін талдау;
129) йод тапшылығы ауруларының тізбесін бекіту;
130) өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту;
131) тұзды және басқа да йод қосындыларымен байытылған тамақ өнімдерін йодтау жөнінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілеу;
132) йодталған ас тұзы және басқа да йод қосындыларымен байытылған тамақ өнімдері сапасының, өндірісінің, сақталуының, әкелінуінің және өткізілуінің мониторингін жүзеге асыру;
133) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында мамандар даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
134) халық арасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
135) йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөніндегі халықаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу.
15. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалды сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікке басшылықты ол өзіне бағынысты Министрліктің жұмысына дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.
17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Министр:
1) денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастырады;
2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) өз орынбасарларының өкілеттіліктерін айқындайды;
4) ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
5) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
6) Министрлікті барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
7) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
8) регламенттерді және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекітеді;
9) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
10) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
19. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің немесе оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресімделеді.
20. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
21. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының
өкілеттіктерін тоқтатуға әкелмейді.
22. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
23. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын денсаулық сақтау саласындағы саясатты іске асырады және оның тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде Министрліктің және оның ведомстволарының, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомстволардың басшыларын тағайындау үшін ұсынылатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің Республика Президенті, Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының әзірленуін қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есептің әзірленуін қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрмен келіскеннен кейін Министрлікті қаржыландыру жоспарларын және оның қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) регламенттер мен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлікті білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.
25. Министрліктің консультациялық-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
26. Министрліктің қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттілігі жауапты хатшы бекітетін Министрліктің жұмыс регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
27. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптастырылады.
28. Министрліктің бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
29. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңда өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
30. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитетiнiң қайта ұйымдастырылатын аумақтық
бөлiмшелерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Ақмола облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Ақмола облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Ақтөбе облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінiң Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Алматы облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Алматы облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Шығыс Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Жамбыл облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қарағанды облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Фармация комитетінің Қарағанды облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Қостанай облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қостанай облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Павлодар облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Павлодар облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Астана қалалық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Астана қаласы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Алматы қалалық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы қаласы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын.
13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Атырау облыстық фармацевтикалық бақылау бөлімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Атырау облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлімі болып қайта ұйымдастырылсын.
14. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Батыс Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi болып қайта ұйымдастырылсын.
15. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қызылорда облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi болып қайта ұйымдастырылсын.
16. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнің Маңғыстау облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінiң Маңғыстау облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi болып қайта ұйымдастырылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 40, 508-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнің «Қазақстанның денсаулық сақтауы» журналының баспа үйі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 20 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 6-құжат) 3-тармағының 3) тармақшасы.
3. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң «Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» және «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» мемлекеттік мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 28 наурыздағы № 366 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 мамырдағы № 500 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.
5. «Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана» республикалық мемлекеттік мекемесiнiң жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 22 мамырдағы № 553 қаулысының 3-тармағы.
6. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөнiндегі агенттігінің Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы» мемлекеттік мекемесiн қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 17 шілдедегi № 795 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгізілетiн өзгерістердiң 3-тармағы.
7. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Дәрi-дәрмек» дәрілiк құралдар орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 қазандағы № 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 354-құжат) 6-тармағының 2) тармақшасы.
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 123 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 5, 57-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Ақмола мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 14 наурыздағы № 249 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 123-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.
10. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің «Денсаулық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 210-құжат) 4-тармағының 2) тармақшасы.
11. «Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 19 маусымдағы № 577 қаулысы.
12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Республикалық клиникалық аурухана» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 989 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 39, 403-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 қарашадағы № 1465 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 7 қарашадағы № 1111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 43, 454-құжат).
ҚР Үкіметінің 2004.01.12. № 1247; 15.12.04 ж. № 1327; 2005.14.04. № 354 (бұр. ред. қара); 2005.15.10. № 1032 (бұр. ред. қара); 2006.28.02. № 139 (бұр. ред. қара); 2006.13.06. № 543 (бұр. ред. қара); 2006.26.07. № 708 (бұр.ред.қара); 2006.28.07. № 716 (бұр.ред.қара); 2006.09.10. № 967; 2007.28.03. № 237 (бұр. ред. қара); 2007.21.08. № 723 (бұр.ред.қара); 2007.17.09. № 811 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.01.03. № 209 Қаулысымен өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.19.03. № 268; 2008.06.05. № 421 (бұр. ред. қара); 2009.19.02. № 188 (бұр.ред.қара); 2009.12.03. № 294 (бұр.ред.қара) ; 2009.14.05 № 708 (бұр.ред.қара); 2009.08.07. № 1037 (бұр.ред.қара); 2009.23.07. № 1121 (бұр.ред.қара); 2009.11.09. № 1352 (бұр.ред.қара); 2009.11.09. № 1353 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1117 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. Мемлекеттік кәсіпорындар
1. Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты
2. ҚР Үкіметінің 2009.12.03. № 294 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
4. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
5. «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
6. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты
7.ҚР Үкіметінің 2009.14.05 № 708 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
9. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
10. ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1353 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы
12. С.Ж. Сұбханбердин атындағы Қазақстан медицинасы мен денсаулық сақтау тарихы мұражайы
13. А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы
14. Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы
15. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы
16. ҚР Үкіметінің 2009.14.05 № 708 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
17. «Денсаулық сақтауды дамыту институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
18. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы
19. Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты
20. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты
21. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы
22. Республикалық қан орталығы
23. Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі
24. «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы
25. «Алатау» балалар клиникалық санаторийі
26. Республикалық аллергология орталығы
27. Республикалық оқу-әдістеме орталығы
28. Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
29. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы
30. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі
31. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
32. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы
33. Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты
34. ҚР Үкіметінің 2008.01.03. № 209 Қаулысымен жол алынып тасталды (бұр.ред.қара)
35. Ұлттық ғылыми медициналық орталық
36. Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы
37. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Шаруашылық басқармасы
38. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы
39. ҚР Үкіметінің 2009.12.03. № 294 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
39-1. ҚР Үкіметінің 2009.12.03. № 294 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
39-2. ҚР Үкіметінің 2009.12.03. № 294 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
39-3. Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь
39-4. Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы
39-5. Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь
39-6. «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы
39-7. Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы
39-8. «Қарағай» республикалық оңалту орталығы
39-9. Сот медицинасы орталығы
2. Мемлекеттік мекемелер
40-49. ҚР Үкіметінің 2009.14.05 № 708 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
50. Қазақ республикалық лепрозорийі
51. ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
52. ҚР Үкіметінің 2009.23.07. № 1121 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)