Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1352 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып анықталсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1352 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2010.02.03. № 157 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
13-бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолда 3-бағандағы «13 439» деген сандар «10 308» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда 3-бағандағы «6732» деген сандар «3601» деген сандармен ауыстырылсын;
«Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь - 167»,
«Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы - 221»,
«Сот медицинасы орталығы - 1708»,
«Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы - 690»,
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы - 135»,
«Қарағай» республикалық оңалту орталығы» - 210» деген жолдар алынып тасталсын.