7) уранды, басқа да ыдырайтын материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды;
8) қару-жарақ пен әскери техника жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының, сондай-ақ іргелі іздестірушілік зерттеулер нәтижелерін;
9) шифрлау техникасын және оларды өндіру мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттамасын;
10) есірткі құралдарын, психотроптық, күшті әсер ететін, улы заттарды, сондай-ақ прекурсорларды;
11) радиоактивті материалдардың қалдықтарын;
12) жарылғыш заттардың қалдықтарын;
13) өнеркәсіп қалдықтарын;
14) энергияның электрлік, жылулық және өзге де түрлерін;
15) тұтыну мерзімі өткен тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
227-бап. Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінің аяқталуы
1. Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимі осы Кодекспен айқындалған тәртіппен және жағдайларда кедендік ресімдеумен аяқталады, бұл ретте кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін көрсетілген кедендік режимді өзгертуге жол берілмейді.
2. Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту кедендік режимге орналастырылған тауарларды кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін мұндай тауарлар осы Кодекстің 64-тарауына сәйкес мемлекеттік меншікке айналады.
228-бап. 2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
30-тарау. Еркін кеден аймағы
229-бап. Еркін кеден аймағының кедендік режимін тағайындау
Еркін кеден аймағы - бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.
230-бап. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етілетін тауарлар
Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті тауарларды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі.
Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленеді.
231-бап. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен жүргізілетін операциялар
Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен операциялар арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленген тізбе бойынша жасалады.
232-бап. Тауарлардың еркін кеден аймағының кедендік режимінде болу мерзімі
Арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеген жағдайда тауарлар мерзімдері шектелместен еркін кеден аймағының кедендік режимінде бола алады.
Арнайы экономикалық аймақ таратылған жағдайда, қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүргізілген және арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына жету үшін пайдаланылған тауарларды қоспағанда, бұрын еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған арнайы экономикалық аймақты тарату рәсімдерін жүзеге асыру мерзімі ішінде өзге кедендік режимге мәлімделуге тиіс.
233-бап. Арнайы экономикалық аймақтарда Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
Кеден органдары арнайы экономикалық аймақ аумағындағы еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асырады.
234-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы тауарлардың есебін жүргізу
Арнайы экономикалық аймақтарда қызметін жүзеге асыратын тұлғалар еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлардың және олармен жүргізілген операциялардың есебін жүргізеді және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептеме ұсынады.
235-бап. Кедендік баждар, салықтар алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану
1. Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыру кезінде импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар және салықтар алынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждар және салықтар алынады және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.
2. Еркін кеден аймағының кедендік режимінің шарттары мен талаптарын сақтай отырып, қазақстандық тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігінен арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелу, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының қалған кедендік аумағының бір бөлігіне әкету кезінде кедендік баждар және салықтар алынбайды және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкету таңдалған кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар кедендік төлемдер және салықтар алу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс орналасқан деп қарастырылады.
4. Тауарлардың арнайы экономикалық аймақтың аумағынан шығуы тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталады. Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда, тауар:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік әкету баждарын алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - қазақстандық тауар ретінде;
2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын және салықтарды алу, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - шетелдік тауар ретінде қаралады.
236-бап. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне тауарларды кедендік ресімдеудің ерекшеліктері
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін және еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар, сондай-ақ өздеріне қатысты еркін кеден аймағының кедендік режимі өзгертілетін тауарлар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кедендік ресімдеуге жатады.
2. Еркін кеден аймағының кедендік режимі өзге кедендік режимге өзгертілген жағдайда шетелдік тауарларды кедендік ресімдеу, тарифтік емес реттеу шараларын қолдану, кедендік баждарды және салықтарды төлеу таңдалған кедендік режимнің шарттары мен талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте қолданылатын (пайдаланылатын) тауарларға қатысты тауарлардың кедендік құны Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленген қолдану (пайдалану) уақыты ішіндегі амортизация нормаларын ескере отырып, еркін кеден аймағының кедендік режиміне сәйкес айқындалады.
237-бап. Еркін кеден аймағының кедендік режимінің аяқталуы
Еркін кеден аймағының кедендік режимі:
1) тауарларды өзге кедендік режимде кедендік ресімдеумен;
2) тауарлармен қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасалған және алынған тауарлар арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін пайдаланылған жағдайда аяқталады.
31-тарау. Еркін қойма
238-бап. Еркін қойманың кедендік режимін тағайындау
Еркін қойма - бұл тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, шетелдік және қазақстандық тауарлар еркін қойма ретінде танылған тиісті үй-жайларда (орындарда) кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданбастан орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.
239-бап. Еркін қоймаға орналастыруға жол берілетін тауарлар
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тауарларды қоспағанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды, сондай-ақ олардың көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарларды еркін қойманың кедендік режиміне орналастыруға жол беріледі.
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 240-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
240-бап. Еркін қоймалардағы тауарлармен жүргізілетін операциялар
1. Еркін қоймаларда қайта өңдеуге арналған тауарлар үшін қайта өңдеу жөніндегі:
әкелінген тауарлардың негізгі сипаттамалары сақталатын монтаждауды, жинауды және шақтауды қоса алғанда, басқа тауарды дайындау (өңдеу), бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын жағдайда, әкелінген тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендіруге мүмкіндік беретін сипаттамалар сақтала отырып, бұл ретте шетелдік тауарлар жеке сипатын жоғалтатын тауардың өзін қайта өңдеу; оларды қалпына келтіруді қоса алғанда, оларды жөндеу, қайта өңдеу процесінде тауарларды толық немесе ішінара тұтына отырып, қайта өңдеу өнімдері өндірісін жеңілдетуге арналған кейбір тауарларды пайдалану операцияларын жасауға жол беріледі.
2. Олардың көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарлар үшін технологиялық жабдық және оған қосалқы бөлшектер ретінде тиеу-түсіру техникасын, еркін қоймада пайдаланылатын өзге де техникалық құралдарды пайдалануға жол беріледі.
3. Қайта өңдеу өнімдері үшін тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі:
тауарлар партияларын бөлшектеу, жөнелтімдерді түзу, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жеткізе жинақтаумен немесе жұмыс жағдайына келтірумен байланысты қарапайым операциялар, тиімді орналастыру мақсатында қойма шегінде тауарлардың орнын ауыстыру, тауарларды көрсету стендтеріне орналастыру, тестілеу операцияларын жасауға жол беріледі.
4. Қайта өңдеуге арналған тауарлар және қайта өңдеу өнімдері үшін бұл тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі:
тазалау, желдету, кептіру (оның ішінде жылу ағынын келтірумен), сақтаудың қолайлы температуралық режимін жасау (суыту, мұздату, жылыту), қорғайтын орамаға орналастыру, қорғаныш майын және консерванттар жағу, коррозиядан қорғайтын жабынды жасау, сақтандырғыш заттарды енгізу операцияларын жасауға жол беріледі.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген еркін қоймаға орналастырылған тауарлармен операциялар кеден органына хабарлана отырып жүргізіледі және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодын өзгертпеуге тиіс.
241-бап. Тауарлардың еркін қоймаларда болу мерзімдері
Еркін қойма жұмыс істеп тұрған жағдайда тауарлар мерзімдері шектелместен еркін қоймаларда бола алады.
242-бап. Еркін қойманың кедендік режиміне орналастырылатын тауарларды кедендік бақылау және кедендік ресімдеу
Еркін қоймаларға орналастырылатын, сондай-ақ еркін қоймалардан әкетілетін тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
243-бап. Еркін қоймалардағы тауарлардың есебі
1. Еркін қоймалардың иелері еркін қоймаларға орналастырылатын тауарлардың, сондай-ақ мұндай тауарлармен жүргізілетін операциялардың есебін жүргізеді және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептеме ұсынады.
2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Еркін қоймадағы тауарлардың және олармен жасалған операциялардың есебін жүргізу үшін, мұндай құжаттарда тауарлардың атауы мен бірдейлендіру белгілері, олардың саны, тауарлардың еркін қойма шегіндегі қозғалысы туралы мәліметтер, еркін қоймада болған олардың кез келген өзгерістері көрініс тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау үшін қолданылатын құжаттар пайдаланылуы мүмкін.
244-бап. Еркін қойма иесінің міндеттері
Еркін қойманың иесі:
1) еркін қойма жұмыс істеп тұрған барлық мерзім ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етуге;
2) тауарлардың сақталуын және олармен жүргізілетін операциялардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) кеден бақылауын жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
4) қоймада тұрған тауарлардың кеден бақылауынсыз алып қойылмауын қамтамасыз етуге;
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5) еркін қойма құру үшін шешім шарттарын сақтауға және тауарларға қол жеткізуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
6) кеден бақылауы мен кеден ресімдеуін жүзеге асыру үшін кеден органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен үй-жайларды, еркін қоймадағы жабдықтар мен байланыс құралдарын беруге;
7) Осы Кодекстің 243-бабында белгіленген тәртіппен еркін қоймаларға орналастырылған тауарлардың және олармен жасалған операциялардың есебін жүргізуге және кеден органдарына олар туралы есептілікті ұсынуға міндетті.
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 245-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
245-бап. Кедендік баждар, салықтар алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану
Тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, шетелдік және қазақстандық тауарларды еркін қоймаларға орналастыру кезінде кедендік баждар және салықтар алынбайды және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Тауарларды еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде, қазақстандық тауарларды әкелуді қоспағанда, мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждар және салықтар алынады және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.
Тауарларды еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік баждар мен тарифтік емес реттеу шаралары:
1) шетелдік;
2) еркін қоймаларда өндірілген;
3) еркін қоймаларда қайта өңделген тауарларға қолданылмайды.
Тауарлардың еркін қоймалардан шығуы тауарлардың шығуы туралы сертификатпен расталады. Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда, тауар:
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік әкету баждарын алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - қазақстандық тауар ретінде;
2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын және салықтарды алу, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - шетелдік тауар ретінде қаралады.
Бұл ретте қайта өңделген тауарлардың кедендік құны қайта өңдеу үшін әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.
246-бап. Еркін қойма қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
1. Еркін қойма құруға арналған үй-жай мынадай талаптарға сай келуге:
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1) қойма иесінің меншігінде болуға не шешім алуға өтініш берілген кезден бастап кемінде үш жыл мерзімге жалға алынуына;
2) периметрі бойынша белгіленуге және қоршалуға;
3) еркін қойманың аумағында оның бөлігі болып табылмайтын үйлер (құрылыстар) мен ғимараттар орналаспауға;
4) тауарларды тексеруге арналған орындар болуға;
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасау үшін жайластырылуға және жабдықталуға
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлардың автоматтандырылған есепке алынуын жүргізу үшін осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютерлік құрал-жабдық болуға;»;
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық нормаларға сәйкес келуге тиіс.
2. Еркін қоймалар олар жұмыс істеп тұрған барлық мерзім ішінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 247-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
247-бап. Еркін қойманы құруға арналған шешім
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1. Еркін қойма уәкілетті орган берген шешім алынғаннан кейін құрылады. Мұндай шешім еркін қойма құруға арналған алаңдардың меншік иесі немесе оларға шаруашылық жүргізу мен жедел басқару құқығында иелік етуші болып табылатын қазақстандық тұлғаға беріледі.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті органның еркін қойма құру туралы шешімі осы орган белгілеген нысан бойынша ресімделеді.
3. Уәкілетті орган құрылған және жұмыс істеп тұрған еркін қоймалар туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.
4. 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 248-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
248-бап. Еркін қойманы құруға шешім алу үшін қажетті құжаттар
1. Еркін қойманы құруға арналған шешім алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) тұлғаның шешім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші;
2) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкестілікті растайтын құжаттар;
3) тіркеу құжаттарының нотариалды куәландырған көшірмелері;
4) 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5) сәйкес келетін үй-жайлар мен орындарға қатысты меншік немесе иелік ету және пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
6) еркін қойма ретінде мәлімделетін үй-жайлар және аумақтардың жоспарлары, сызбалары.
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) қызмет аймағында еркін қойма құрылатын кеден органының ол қойманың біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысы.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында айқындалған өтініштерде және құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде, еркін қойманың иесі кеден органын тиісті өзгерістер туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етеді.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 249-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
249-бап. Еркін қойма құруға берілген шешімнің қолданылуын
тоқтата тұру
1. Еркін қойманың иесі осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған жағдайда, шешімнің қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Шешімнің қолданылуын тоқтата тұру кезінде тауарларды еркін қоймаға орналастыруға жол берілмейді. Шешімнің қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін еркін қоймаға орналастырылған тауарлар кедендік бақылаумен басқа еркін қоймаға ауыстырылуға немесе өзге кедендік режимдерге орналастырылуға тиіс.
3. Шешімнің қолданылуы оның қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін мұндай шешім қабылданған күннен бастап уәкілетті орган басшысының бұйрығымен қайта жаңғыртылады.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 250-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
250-бап. Еркін қойманы құруға арналған шешімді қайтарып алу
1. Уәкілетті орган:
1) көрінеу жалған мәліметтер берілген;
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2) еркін қойманың иесі шешімдегі талаптарды орындамаған;
3) шешімді қолданудың бұрын тоқтатыла тұрған себептері жойылмаған;
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4) сот еркін қойманың иесіне еркін қойма қызметін көрсету жөніндегі қызметпен айналысуына тыйым салған жағдайларда шешімді қайтарып алуы мүмкін.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Шешімді қайтарып алу мұндай шешімді дәйектей отырып уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді және қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап қолданылады.
3. 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4. 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5. Шешім қайтарылған жағдайда, еркін қойманың иесі қайтарып алу туралы шешімді алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей шешімді уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
6. Еркін қойманы құруға шешім беру туралы қайта өтініш қайтарып алуға негіздеме болған себептер жойылған жағдайда белгіленген тәртіппен қаралуы мүмкін.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 251-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
251-бап. Еркін қойманы құруға берілген шешімнің қолданылуын тоқтату
1. Уәкілетті органның шешімі бойынша:
1) шешім қайтарып алынған;
2) уәкілетті органға еркін қойма иесінің жазбаша өтініш беруімен еркін қойманың қызметі тоқтатылған;
3) еркін қойма иесі болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда еркін қойманы құруға берілген шешім өзінің қолданылуын тоқтатады.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Еркін қойманы құруға арналған шешімнің қолданылуын тоқтату мұндай тоқтатудың себептері көрсетіле отырып, уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
3. Еркін қойманың қызметі тоқтатылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда еркін қойманың иесі шешімнің қолданылуы тоқтатылған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде шешімді уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
4. Еркін қойманың қызметі тоқтатылған жағдайда, шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданғанға дейін еркін қойманың кедендік режиміне орналастырылған тауарлар осы Кодекстің 12-тарауында айқындалған тәртіппен басқа еркін қоймаға ауыстырылуы мүмкін не осы тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік режимінің қолданылуы шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде аяқталуы тиіс.
Егер қайта өңдеу жөніндегі операцияларға жататын тауарлар еркін қоймада болған жағдайда кеден органы оның таратылатындығы туралы осы тауарларды еркін қоймаға орналастырған тұлғаны хабардар етеді. Бұл ретте осы тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік режимі қайта өңдеудің соңғы операциясы аяқталғанға дейін сақталады.
32-тарау. Арнайы кедендік режим
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 252- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
252-бап. Арнайы кедендік режимді тағайындау
Арнайы кедендік режим - экспорттық бақылау саласындағы талаптарды қоспағанда, тауарлардың жекелеген санаттары кедендік баждар және салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін кедендік режим.
253-бап. Арнайы кедендік режимге орналастырылатын тауарлар
Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мынадай тауарлар арнайы кедендік режимге орналастыруға жатады:
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің және өзге де ресми өкілдіктерінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған тауарлар;
2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасының әскери мекемелерінің арасындағы кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар;
3) теңіз, әуе және темір жол көлігі түрлерімен өткізілетін аталған көлік құралдарының қалыпты жұмыс істеуі мен оларға техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге, олардың экипажы мен жолаушыларының тіршілік қызметін қамтамасыз етуге арналған борттық запастар мен кеме қорлары;
4) кедендік шекара арқылы өткізілетін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған тауарлар, оның ішінде төтенше оқиғалардың нәтижесінде зардап шеккен адамдарға тегін тарату үшін, не осы мақсаттарда коммерциялық емес қайырымдылық ұйымдарына беруге арналған тауарлар; құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге қажетті тауарлар және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысатын азаматтық қорғаныс күштерінің тауарлары;
5) шикізаттың не өнеркәсіп өнімінің ықтимал сұранысын айқындау мақсатында зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін сол шикізаттың не өнеркәсіп өнімдерінің үлгілері. Бұл ретте мұндай зерттеулерді жүргізу үшін жеткілікті, коммерциялық құндылығы жоқ, шикізаттың не өнеркәсіп өнімінің ең аз саны үлгі деп ұғынылады.
7-Бөлім. Арнайы кедендік рәсімдер
33-тарау. Көлік құралдарын өткізу
254-бап. Көлік құралдарына қолданылатын кедендік режимдер
Осы Кодекстің 262, 267-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін көлік құралдары (бостарын қоса алғанда) кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан уақытша әкелу мен уақытша әкетудің режимдеріне сәйкес осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртіппен кедендік ресімдеуге жатады.