Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелерi бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2011.21.07. берілген өзгерістермен)
Осы Заңыды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 144-құжат; № 23, 173-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; 2009 ж., № 17, № 80, 81-құжаттар; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 8 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған» «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
1) 229-баптағы «импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендiк баждар, салықтар» деген сөздер «кедендiк баждар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
2) 235-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi сөйлемдегi «импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендiк баждар және салықтар» деген сөздер «кедендiк баждар» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлемдегi «және салықтар» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «және салықтар» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы және 4-тармақтың 2) тармақшасындағы «және салықтар», «және салықтарды» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi және 2009 ж. 1 шiлдеге дейiн қолданылды
3) 330-баптың 1-тармағының 15) тармақшасындағы «маркалар босатылады.» деген сөздер «маркалар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлетiн, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес экспортқа рента салығы салынуға жататын шикi мұнай босатылады.».
2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат):
1) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 12-баптың 3-тармағындағы «Қоршаған» деген сөз «Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссияларды қоспағанда, қоршаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 69-баптың 1-тармағындағы «Қоршаған» деген сөз «Жылжымалы көздерден туындайтын ластағыш заттардың шығарындыларын қоспағанда, қоршаған» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат):
1) бүкiл мәтiн бойынша:
«мемлекеттік тiлде және (немесе) орыс тілінде», «мемлекеттік тiлге немесе орыс тіліне», «мемлекеттік тiлдегi немесе орыс тiліндегі», «мемлекеттік және (немесе) орыс тiлдерiнде», «мемлекеттік және (немесе) орыс тiлдеріндегі» деген сөздер тиiсiнше «қазақ және (немесе) орыс тілінде», «қазақ немесе орыс тіліне», «қазақ немесе орыс тiліндегі», «қазақ және (немесе) орыс тiліндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(акционерлік)» деген сөз алып тасталсын;
2) мазмұнында:
6-тарау тақырыбының бiрiншi сөйлемi, 48, 49, 50 және 52-баптардың тақырыптары «төлеу» деген сөздiң алдынан «және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен толықтырылсын;
3 - 6 абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
197-баптың тақырыбында:
«Республикасында орналасқан» деген сөз «Республикасындағы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«жылжымайтын» деген сөз алып тасталсын;
«бағалы қағаздарды» деген сөздер «акцияларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
7 абзац 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
203-баптың тақырыбындағы «табыс ететiн жеке табыс салығы мен табыстардан әлеуметтiк салық бойынша» деген сөздер «бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8 - 22 абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
265-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«265-бап. Қосымша шот-фактураларды жазып беру»;
315 және 323-баптардың тақырыптарындағы «мерзiмi» деген сөздер «мерзiмдерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
347 - 351-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«347-бап. Жалпы ережелер
347-1-бап. Төлеушiлер
348-бап. Салық салу объектiсi
348-1-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс
348-2-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табыс
348-3-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс
348-4-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер
348-5-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы
349-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табыс салығының есеп айырысу сомасы
350-бап. Есептеу тәртібі
351-бап. Үстеме пайда салығының ставкалары, үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасын есептеуге арналған проценттердiң деңгейлерi мен мөлшерлерi»;
23 - 24 абзацтар 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
447-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«447-бап. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн салық декларациясын табыс ету мерзiмдерi»;
3) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
3) 12-баптың 1-тармағында:
11) тармақшаның үшiншi абзацында:
«қайырымдылық және» деген сөздер «қайырымдылық және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шетелдiк» деген сөзден кейiн «және қазақстандық» деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақшаның бiрiншi абзацындағы «заңды тұлғаны тарату кезiнде» деген сөздерден кейiн «немесе жарғылық капиталды қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен азайту кезiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
42) тармақша «заңдарында» деген сөзден кейiн «, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
4) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеушi (салық агентi) салық қызметi органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетiн қатынастарға өзге де қатысушылармен қатынастарда өз мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттiк берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) уәкiлеттi өкiлi болып танылады.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) - жеке тұлғаның, оның iшiнде дара кәсiпкердiң уәкiлеттi өкiлi нотариаттық куәландырылған сенімхат немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұндай салық төлеушi (салық агентi) берген нотариаттық куәландырылғанға теңестiрiлген сенімхат негiзiнде әрекет етедi, онда өкiл өкiлеттiктерiнiң нақты тiзбесi көрсетiледi.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) - заңды тұлғаның не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң уәкiлеттi өкiлi мұндай салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) құрылтай құжаттары және (немесе) оның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген сенімхаты негiзiнде әрекет етедi, онда өкiл өкiлеттiктерiнiң нақты тiзбесi көрсетiледi.»;
5) 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
5) 18-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Салық қызметi органдарының рәмiзi болады. Салық қызметi органдары рәмiзiнiң сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін уәкiлеттi орган бекiтедi.»;
6) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
6) 19-баптың 3-тармағындағы «осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
7) 20-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы «хабарлама» деген сөзден кейiн «және (немесе) осы Кодексте белгiленген жағдайларда оның көшiрмесiн» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
8) 23-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық Бюджет туралы Заңмен белгiленген» деген сөздер «Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
9) 36-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Егер мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шарты бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сенімгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлiкпен басқару құрылтайшысының салық мiндеттемесiн орындау толығымен сенімгерлiкпен басқарушыға жүктелген болса, сенімгерлiкпен басқару құрылтайшысының дара кәсiпкер ретiнде тiркелмеуге құқығы бар.»;
10) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
10) 37-баптың 2-тармағында:
3) тармақшадағы «түсiнiктеменi (қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда) табыс етедi.» деген сөздер «түсiнiктеменi;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар таратылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етiледi.»;
11) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
11) 39-бапта:
1-тармақта:
екiншi бөлiкте:
2) тармақшадағы «түсiнiктеменi (қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда) табыс етедi.» деген сөздер «түсiнiктеменi;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етiледi.»;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы «осы баптың 5-тармағында көрсетiлген құжатты алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, заңды тұлға мынадай жолмен қайта ұйымдастырылған жағдайда» деген сөздер «заңды тұлғаны мынадай жолмен қайта ұйымдастыру туралы сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнiң мәлiметтерiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
12) 40-баптың 1-тармағында:
екiншi бөлiкте:
3) тармақшадағы «түсiнiктеменi (қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда) табыс етедi.» деген сөздер «түсiнiктеменi;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етiледi.»;
13) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
13) 41-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiкте:
4) тармақшадағы «(қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда)» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «құжатты табыс етедi.» деген сөздер «құжатты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 4) және 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар қызметiн тоқтататын дара кәсiпкер қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етiледi.»;
14) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
14) 6-тарау тақырыбының бiрiншi сөйлемi «төлеу» деген сөздiң алдынан «және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 47-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк:
«басқасын)» деген сөзден кейiн «және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен толықтырылсын;
«төлеу» деген сөздiң алдынан «және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiк «төлеу» деген сөздiң алдынан «және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «Салық» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, салық және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 48-бапта:
тақырып «төлеу» деген сөздiң алдынан «және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
«Республикалық» деген сөз «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«салықты» деген сөзден кейiн «және (немесе) өсiмпұлдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «салықты» деген сөзден кейiн «және (немесе) өсiмпұлдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 49-бапта:
тақырып, 1-тармақ, 3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары «төлеу» деген сөздiң алдынан «және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «Салық» және «салықтың» деген сөздерден кейiн тиiсiнше «және (немесе) өсiмпұлдар», «және (немесе) өсiмпұлдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «Салық» деген сөзден кейiн «және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 50-бапта:
тақырып, 1-тармақ, 2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары «төлеу» деген сөздiң алдынан «және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «Салық» және «салықтың» деген сөздерден кейiн тиiсiнше «және (немесе) өсiмпұлдар», «және (немесе) өсiмпұлдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «Салық» деген сөзден кейiн «және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 51-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы «төлеу» деген сөздердiң алдынан «және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 52-баптың тақырыбы, 1 және 2-тармақтары «төлеу» деген сөздiң алдынан «және (немесе) өсiмпұлдар» деген сөздермен, 2-тармағы «салықтың» деген сөзден кейiн «және (немесе) өсiмпұлдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
21) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
21) 55-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшiн қосылған құн салығы, акциздер - жанама салықтар деп танылады.»;
22) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
22) 57-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Шетелдiк валютадағы операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгеге қайта есептеледi.»;
23) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
23) 63-баптың 3-тармағында:
2) тармақшада:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«кезеңдерi үшiн» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда - салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «бөлiну жолымен» деген сөздер алып тасталсын;
24) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
24) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер әрбiр қызмет түрi бойынша бөлек салық есептілігiн жасайды.
Күнтiзбелiк жыл iшiнде ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiнен жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан салық төлеушiлер көрсетiлген күнтiзбелiк жылда:
арнаулы салық режимiн;
жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолданған кезеңi үшiн салық есептілігiн жеке-жеке жасайды.»;
25) тармақша 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
25) 65-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мыналарды:
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшықтар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратындарды;
осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;»;
2-тармақтың үшiншi бөлiгiнiң 16) тармақшасындағы «жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкiн.» деген сөздер «жөніндегі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) өздерiне қатысты осы Кодекстiң 58-бабында және (немесе) 448-бабының 4-тармағында бөлек есепке алуды жүргiзу көзделген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы, қызмет түрлерi бойынша корпоративтiк табыс салығын есептеу жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкiн.»;
26) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
26) 67-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзац «нысандарын» деген сөзден кейiн «осы декларацияға қосымшалармен бiрге» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшаның алтыншы абзацындағы «Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары бойынша осы декларацияға қосымшалармен бiрге», «бойынша» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша», «жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның төртiншi абзацындағы «осы декларацияға қосымшалармен бiрге» деген сөздер алып тасталып, «бойынша» деген сөз «жөніндегі» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларация салық агенттерi үшiн мынадай:»;
3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларация салық агенттерi үшiн мынадай:»;
27) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
27) 68-бапта:
6-тармақтың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлемi «тарату» деген сөзден кейiн «, бөлiну жолымен қайта ұйымдастыру» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
бiрiншi бөлiк «270,» деген цифрлардан кейiн «296,» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына сәйкес салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлерге қолданылады.»;
28) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
28) 70-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігiн табыс еткен кезде салық төлеушi (салық агентi) немесе осы Кодекстiң 586, 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органы анықтаған салықтың, басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың сомалары айыппұл есепке жазылмай бюджетке енгiзiлуге жатады.»;
29) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
29) 71-баптың 6-тармағындағы «мониторинг бойынша есептіліктi» деген сөздер «электрондық түрдегi салық есептілігiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
30) 72-бапта:
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлеміндегі «мерзiмге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей» деген сөздер «мерзiм өткенге дейiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы «түрлерi» деген сөзден кейiн «, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық есептілігiн табыс ету мерзiмiн ұзарту салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.»;
31) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
31) 73-бапта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Салық есептілігiн табыс етудi тоқтата тұру туралы шешiмде көрсетiлген, қызметтi тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн, егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi (салық агентi) салық органына осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық есептілігiн табыс етуге мiндеттi.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы бiрiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Салық төлеушi салық есептілігiн табыс етудi тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңiнiң аяқталу күнiнен кешiктiрмей салық есептілігiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.»;
32) 77-баптың 4-тармағында:
1, 2 абзацтары 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi шегерiмге жатқызған басқарушылық және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомалары;»;
4 абзац 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
4) тармақшадағы «шығарылған» деген сөз «жазып берiлген» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
33) 86-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 87 - 98-баптарына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгiзiлетiн табыстардан, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында көрсетiлген шығыстардың сомасынан аспайтын бөлiкте осы Кодекстiң 111-бабының 2-тармағында көрсетiлген табыстардан басқа, өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құны өткізуден түсетiн табыс болып табылады.
Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құнына қосылған құн салығының және акциздiң сомасы енгiзiлмейдi.»;
34) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
34) 87-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«87-бап. Құн өсiмiнен түсетiн табыс
1. Құн өсiмiнен түсетiн табыс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшiн сатып алынған активтердi қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізу;
2) амортизацияға жатпайтын активтердi жарғылық капиталға салым ретiнде беру;
3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесiнде амортизацияға жатпайтын активтердiң шығып қалуы кезiнде құралады.
2. Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге:
1) жер учаскелерi;
2) аяқталмаған құрылыс объектiлерi;
3) орнатылмаған жабдық;
4) табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, бiр жылдан астам қызмет мерзiмi бар активтер;
5) бағалы қағаздар;
6) қатысу үлесi;
7) құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерiмге жатқызылған негiзгi құралдар;
8) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген, құны толығымен шегерiмге жатқызылған активтер;
9) осы Кодекстiң 97-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтiк сала объектiлерiне жатқызылған мүлiк жатады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбiр актив бойынша өткізу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбiр актив бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.