«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 175-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 175-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Акт нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2010 жылғы қаңтар |
2 | Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткерлерді біліктілік емтиханының өткізу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2010 жылғы қаңтар |
3 | Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру ережесін бекіту туралы | Әділетминінің бұйрығы | Әділетмині | 2010 жылғы қаңтар |
4 | Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру ережесін бекіту туралы | Әділетминінің бұйрығы | Әділетмині | 2010 жылғы қаңтар |
5 | Бағалау стандарттарын бекіту туралы | Әділетминінің бұйрығы | Әділетмині | 2010 жылғы қаңтар |
6 | Бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын бекіту туралы | Әділетминінің бұйрығы | Әділетмині | 2010 жылғы қаңтар |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі