жол-көлiк оқиғасы кезiнде;
аялдама жасауға тыйым салынған жерлерде немесе жолдың көрiнуi 100 м кем болған жерлерде ең болмағанда бiр бағытта, дереу авариялық аялдама (немесе жыпылықтаған қызыл фонарь) белгiсiн қою керек.
Бұл белгi (немесе фонарь) нақты жағдайда басқа жүргiзушiлердi қауiптілік туралы уақтылы ескертудi қамтамасыз ететiн қашықтықта орнатылады. Сонымен қатар, бұл қашықтық көлiк құралынан елдi мекендерде - 15 м, және елдi мекеннен тыс жерде 30 м. кем болмауы тиiс.
7.3. Авариялық жарық сигналы болмағанда немесе оның ақауы болса, сүйретiлетiн механикалық көлiк құралының артқы жағына авариялық қауiптілік белгiсi бекітілуi тиiс.
8. Маневр жасау
8.1. Жүргiзушi маневрдi орындауды бастамас бұрын жарық көрсеткiштерiмен, егер олар жоқ болса немесе ақауы болса - қолмен, тиiстi мақсатта, сигнал беруге мiндеттi. Мұндайда маневр қауiпсiз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi туғызбауы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 8.2.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8.2. Сол жаққа маневр жасау сигналы - сол жақ бұрылыстың жарық көрсеткiшi не сол жаққа сол қолды созу, не жанына созылған тiк бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгiлген оң қол болып табылады. Оң жаққа маневр жасау сигналы - оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткiшi, не жанына созылған оң қол немесе жанына созылған және шынтақтан тiк бұрыш жасап жоғары бүгiлген сол қол болып табылады. Тежеу сигналы тоқтау-сигналымен не қолды жоғары көтеру арқылы берiледi. Артқы жүрiспен қозғалыс сигналы артқы жүрiс шамын жағумен және авариялық сигнализацияны қосумен берiледi.
Бұрылыс көрсеткiштерiмен немесе қолмен сигнал беру маневрдi орындауды бастауға дейiн кешiктiрмей берiлуi және оны аяқтағаннан кейiн сол бойда тоқтатылуы керек (сигналды қолмен беру маневрдi тiкелей орындау алдында аяқталуы мүмкiн). Мұндайда сигнал, қозғалысқа басқа қатысушыларды шатыстырмауы тиiс.
Сигнал беру жүргiзушiге артықшылық әпермейдi және оны сақтық шараларын қолданудан босатпайды.
8.3. Iргелес аумақтан жолға шығу кезiнде жүргiзушi жолда қозғалып келе жатқан көлiк құралдары мен жаяу жүргiншiлерге, ал жолдан кiрген кезде - жаяу жүргiншiлер мен велосипедшiлерге, ол кесiп өтетiн қозғалысқа жол беруi тиiс.
8.4. Аялдама немесе тұрақ орнына келу керек болғанда, жүргiзушi жүрiс бөлiгiнiң шетiмен немесе жағалауымен келе жатқан жаяу жүргiншiлерге, велосипед, мопед, көлiк-арба жүргізушiлерiне, мiнiс көлiгi үстiнде және жүк артып келе жатқандарға жол беруi тиiс.
8.5. Қатар ауыстыру кезiнде жүргiзушi қозғалыс бағытын өзгертпей қатарлас келе жатқан көлiк құралдарына жол беруi тиiс. Бiрге келе жатқан көлiк құралдары бiр мезгiлде қатар ауыстырған кезде, жүргiзушi оң жақта келе жатқан көлiк құралына жол беруi тиiс.
Қозғалып келе жатқан көлiк құралдары арасында қауiптi ара қашықтық болған жағдайда, қатар ауыстыруға тыйым салынады.
8.6. Айналысты қозғалыс ұйымдастырылған жол қиылысына шыққан кездегi бұрылыс жасау жағдайларын қоспағанда, оңға, солға немесе керi бұрылу алдында жүргiзушi осы бағытқа қозғалуға арналған жүрiс бөлiгiнде және жолақта тиiстi шеткi орынға уақтылы ыңғайлануы тиiс.
Егер жолда 5.8.1. немесе 5.8.2. белгiлерi қойылған болса, онда аталған маневрлердi тиiстi қозғалыс жол жолағы бойынша жасауға рұқсат етiледi; мұндайда шеткi жол жолағы бос болған кезде ортадағы жол жолағымен жүруге тыйым салынады.
Сол жатқан жүрiс бөлiгiмен бiр деңгейде орналасқан бiр бағыттағы трамвай жолдары болған кезде сол жаққа және керi бұрылыс, егер 5.8.1. немесе 5.8.2. белгiлерiмен жүрiс бөлiгiнiң жол жолағымен қозғалыс бағыты көрсетiлмесе, солардан бастап орындалуы тиiс. Мұндайда жүргiзушi трамвайға жол беруi тиiс.
8.7. Айналу жүрiс бөлiгiн кесiп өтумен шыққан кезде көлiк құралы қарсы қозғалыс жағына шықпайтындай болып жүзеге асырылуы керек.
8.8. Егер көлiк құралы қиылыста немесе одан тыс бұрылыс жасауды немесе қиылыста керi бұрылуды Ереженiң 8.6-тармағын сақтай отырып өзiнiң көлемiнен немесе басқа себептер бойынша орындай алмаса, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып және бұл басқа көлiк құралдарына кедергi туғызбайтын болса, көршi жол жолағына жартылай, ал қажет болғанда толықтай шығуына рұқсат етiледi.
8.9. Рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қиылыстан тыс жерде солға немесе керi бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлiк құралына жол беруi тиiс.
Егер қиылыстан тыс жерде керi бұрылған кезде сол жақ шеттен маневрдi орындау үшiн жүрiс бөлiгiнiң енi жеткiлiксiз боса, онда жүрiс бөлiгiнiң тек қана оң жақ шетiнен (оң жақ жағалаудан) бұрылуға жол берiледi. Мұндайда жүргiзушi бағыттас немесе қарсы келе жатқан көлiк құралына жол беруге мiндеттi.
8.10. Ережеде көлiк құралдары қозғалысының траекториясы қиылысатын, ал өту кезектілігi көрсетiлмеген болса, жүргiзушi оң жақтан жақындап қалған көлiк құралына жол беруге мiндеттi.
8.11. Тежеу жол жоғары болған жағдайда, бұрылуды көздеген жүргiзушi осы жолаққа уақтылы ауысуға және сонда ғана жылдамдықты азайтуға мiндеттi.
Жолға кiретiн жерде жүру сызығы болған кезде жүргiзушi соның бойымен қозғалуы және осы жолмен қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол бере отырып, көршi жолаққа ауысуға мiндеттi.
8.12. Жаяу жүргiншiлер өтпесi мен көше қиылыстарында тротуармен немесе жол жағалауы жиегiмен;
тоннельдерде;
көпiр үстiнде, жол құбырларында, эстакадаларда және солардың астымен;
теміржол өтпелерiнде;
ең болмағанда бiр бағытта кемiнде жол көрiнуi 100 метр жерлерде;
аялдама пункттерi орналасқан жерлерде бұрылуға тыйым салынады.
8.13. Көлiк құралдарына, егер бұл маневр қауiпсiз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi тудырмайтын болса, артқы жүрiске рұқсат етiледi.
Артқы жүрiспен қозғалуға көше қиылыстарында және Ереженiң 8.12-тармағына сәйкес керi бұрылуға тыйым салынған жерлерде тыйым салынады.
9. Көлiк құралдарының жүрiс бөлiктерiнде орналасуы
9.1. Рельссiз көлiк құралдарына арналған қозғалыс жол жолақтарының саны таңбалармен немесе 5.8.1, 5.8.2, 5.8.7, 5.8.8 белгiлерiмен, ал олар болмаған кезде жүрiс бөлiгiнiң енiн, көлiк құралдарының көлемiн және олардың арасындағы аралықты ескере отырып жүргiзушiлердiң өздерi айқындайды. Егер жол қозғалысы ұйымы өзгеше қозғалыс тәртібін белгiлемеген болса, жүрiс бөлiгiнiң (не жүрiс бөлiгiнiң шетiн айқындай мүмкiн болмағанда, жол полотносының) қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағы сол жақта орналасқан жартысы болып табылады. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жақтарды бөлетiн шартты сызықты айқындау кезiнде жүрiс бөлiгiнiң (жол полотносының) бiр жерiнде енiнiң кеңеюi назарға алынуға тиiс емес.
9.2. Төрт немесе одан да көп жол жолағы бар екi жақты қозғалысты жолдарда, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығуға тыйым салынады.
9.3. Екi жақты қозғалысқа арналған, ортаңғысы екi бағыттағы қозғалысқа пайдаланылатын таңбалармен белгiленген (1.9 таңбасын қоспағанда), үш жол жолағы бар жолдарда осы жол жолағында басып озуға, айналып өтуге, солға бұрылуға немесе керi бұрылу үшiн шығуға рұқсат етiледi. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған сол жоқ шеткi жол жолағына шығуға тыйым салынады.
9.4. Елдi мекеннен тыс, сондай-ақ елдi мекендерде 5.1. және 5.3. белгiлерiмен белгiленген жолдарда немесе 80 км/сағ. және одан жоғары жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етiлген жерлерде көлiк құралының жүргiзушiлерi мүмкiндiгiне қарай оларды жүрiс бөлiгiнiң оң жақ шетiне жақын жүргiзуi тиiс. Оң жақ бос болған кезде сол жақты алуға тыйым салынады.
Елдi мекендерде осы тармақтың және Ереженiң 9.5, 16.1 және 24.2.-тармақтарын ескере отырып, кез келген жол жолағымен қозғалуға рұқсат етiледi, дегенмен, сол жақ жол жолағының бойымен рұқсат етiлгеннен төмен жылдамдықпен келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi, мүмкiндiкке орай, осы жол жолағының бойымен неғұрлым жоғары жылдамдықпен жақындап келе жатқан және 19.12-тармаққа сәйкес ескерту сигналын берген көлiк құралына жолағын босатып, оң жаққа қатар ауыстыруы тиiс.
Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш және одан көп жол жолағы бар кез-келген жолда, басқа жол жолақтары бос болмаған кезде сол жақ шеткi жол жолағына неғұрлым үдемелi қозғалыс кезiнде, сондай-ақ басып озуға, солға бұрылуға немесе керi айналу үшiн шығуға, ал рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т артық болатын жүк автомобильдерiне - тек қана солға немесе керi бұрылуға рұқсат етiледi. Бiр жақты қозғалатын жолдың, аялдау немесе тұру үшiн, сол жағына шығу тек қана Ереженiң 12.1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Көлiк құралдарының көршi жол жолағындағы қарағанда үлкен жылдамдықпен бiр жол жолағында қозғалуы басып озуға жатпайды.
9.5. Қозғалыс жылдамдығын 40 км/сағ. асырмауға тиiстi немесе техникалық себептерге байланысты мұндай жылдамдық ала алмайтын көлiк құралдары айналып өту, басып озу, солға, керi бұрылыс немесе жолдың сол жағында аялдауға (тұруға) рұқсат етiлген жағдайларда, алдында қатар ауыстыру жағдайларынан басқа кезде өзiне керектi бағытпен осындай көлiк құралдарының қозғалысына арналған шеткi оң жақ жол жолағымен қозғалуы тиiс.
9.6. Бiр бағыттағы жүрiс бөлiгiмен сол жақта бiр деңгейге орналасқан трамвай жолымен қозғалуға осы бағыттағы барлық жол жолақтары бос болмаған кезде, сондай-ақ Ереженiң 8.6-тармағын ескере отырып айналып өтуге, озып шығуға солға бұрылғанда немесе керi айналу кезiнде рұқсат етiледi. Бұл кезде трамвайға кедергi жасалмауы керек. Қарама-қарсы бағыттағы трамвай жолына шығуға, сондай-ақ жолда 5.8.1. немесе 5.8.2. белгiлерi қойылған болса, трамвай жолымен қиылыс арқылы қозғалуға тыйым салынады.
9.7. Егер жүрiс бөлiгi таңбалау сызықтарымен жол жолағына бөлiнген болса, көлiк құралдарының қозғалысы белгiленген жол жолақтары бойынша жүзеге асырылуы тиiс. Үзiк сызықты таңбаларға қатар ауыстырған кезде ғана шығуға рұқсат етiледi.
9.8. Реверсивтi қозғалысты жолға бұрылған кезде, көлiк жүргiзушi көлiк құралын жүрiс бөлiгiнiң қиылысынан шыққан кезде көлiк құралы оң жақ шеткi жол жолағын алатындай жағдайда жүргiзуге тиiс. Қатар ауыстыруға, жүргiзушi осы бағыттағы қозғалысқа басқа жол жолақтары бойымен де рұқсат етiлетiндiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана, рұқсат етiледi.
9.9. Көлiк құралдарының жол жағалауымен, тротуарлармен және жаяу жүргiншiлер жолымен (Ереженiң 12.1. және 24.2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), ол елдi мекендерде - бұдан басқа, жүрiс бөлiгiнен тыс жерлермен қозғалуға тыйым салынады. Жол-пайдалану және коммуналдық қызмет машиналарының қозғалысына, жол жағалауына, тротуарларға немесе жаяу жүргiншiлер жолына, тiкелей жақын орналасқан объектiлерге жүктердi апаратын көлiк құралдарының қысқа жолмен баруына, басқа кiру жолы болмаған кезде рұқсат етiледi. Мұндай кезде қозғалыс қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 9.10.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9.10. Жүргiзушi қозғалыс жылдамдығына орай алда қозғалып бара жатқан көлiк құралымен арада, соқтығысудан сақтануға мүмкiндiк беретiндей және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi бүйiрлiк аралықты сақтауға мiндеттi.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 9.11.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9.11. Елдi мекендерден тыс жерде екi жолағы бaр екi жақты қозғалысты жолдарда олар үшiн жылдамдыққа шектеу белгiленген көлiк құралдарының, сондай-ақ ұзындығы 7 м-ден асатын көлiк құралдарының (көлiк құралдары құрамының) жүргізушілерi өз көлiгi мен алда кетiп бара жатқан көлiк құралының арасында оларды басып озатын көлiк құралы бұлар жүрiп келе жатқан жол жолағына кедергiсiз қатар ауыстыра алатындай аралықты сақтауға мiндеттi. Бұл талап, егер жүргiзушi басып озуды орындауға әзiрленiп келе жатса, сондай-ақ үдемелi қозғалыс кезiнде және ұйымдасқан көлiк колоннасының қозғалысы кезiнде қолданылмайды.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 9.12.-тармақпен толықтырылды
9.12. Екi жақты қозғалысты жолдарда жүрiс бөлiгінiң ортасында орналасқан қауiпсiздiк аралдарының бөлу жолағы, тумбалар және жол құрылыстарының элементтерi (көпір тiректерi, жол өткiзгiштерi және сол сияқтылар) болмаған кезде, егер белгiлер мен таңба өзгеше нұсқамаса, жүргiзушi оң жағынан айналып өтуге мiндеттi.
10. Қозғалыс жылдамдығы
10.1. Жүргiзушi көлiк құралын белгiленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда қозғалыс үдемелiлiгiн, көлiк құралы мен жүктiң ерекшелiгiн және жай-күйiн, қозғалыс бағытындағы көрiнуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргiзуi керек. Жылдамдық жүргiзушiге Ереженiң талаптарын орындау үшiн көлiк құралының қозғалысына тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкiндiк беруiн қамтамасыз етуi керек.
Қозғалысқа жүргiзушi анықтай алатындай кедергi және (немесе) қауiп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейiн азайтуға немесе қозғалысқа басқа қатысушылар үшiн қауiп төндiрмей, кедергiнi айналып өтуге шаралар қолдануы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 30.01.04 ж. № 115 қаулысымен ; 2009.26.01. № 47 (бұр.ред.қара) 10.2-тармақ өзгертілді
10.2. Елдi мекендерге 60 км/сағ. артық емес тиісті жол белгілерімен белгіленген, арнайы қозғалыс режімдерін қоспағанда, бірақ 90 км/сағ. артық емес, ал тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында - 20 км/сағ. аспайтын көлiк құралдары қозғалысына рұқсат етiледi.
Ескертпе: Елдi мекендерде егер жол жағдайлары үлкен жылдамдықпен қауiпсiз қозғалысты қамтамасыз ететiн болса, жолдың жекелеген учаскелерiнде қозғалыс жылдамдығын көтеруге болады (3.24 тиiстi белгiсiн қоюмен).
ҚР Үкіметінiң 2009.26.01. № 47 Қаулысымен 10.3-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
10.3. Елді мекендерден тыс мыналарға:
жеңіл автомобильдерге және мотоциклдерге автомагистральдарда 3.24 тиісті жол белгісімен белгіленген, бірақ 140 км/сағ. аспайтын, қалған жолдарда - 110 км/сағ. аспайтын;
рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т аспайтын жүк автомобильдеріне, қалааралық автобустарға, шағын автобустарға автоарналарда - 110 км/сағ. аспайтын, қалған жолдарда - 90 км/сағ аспайтын;
басқа автобустарға, оның ішінде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауды жүзеге асыратын, тіркеме сүйреткен кезде жеңіл автомобильдерге, рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдеріне автомагистральдарда - 90 км/сағ. аспайтын, басқа жолдарда - 70 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
10.4. Көлiк құралдарының жылдамдығы:
жүк автомобилiнiң кузовында жолаушыларды тасыған кезде - 60 км/сағ.; механикалық көлiк құралдарын сүйреткен кезде - 50 км/сағ.;
қауiптi, ауыр салмақты және iрi көлемдi жүктердi тасымалдау шарттарын келiскен кезде - белгiленген көлемнен аспауы тиiс.
ҚР Үкіметінiң 30.01.04 ж. № 115 қаулысымен 10.4-1-тармақпен толықтырылды
10.4-1. ҚР Үкіметінiң 2009.26.01. № 47 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
10.5. Жүргiзушiге:
көлiк құралының техникалық сипаттамасында анықталған ең жоғары жылдамдықтан асыруға;
көлiк құралында белгiленген "Жылдамдықты шектеу" айырым белгiсiнде көрсетiлген жылдамдықтан асыруға;
Осы жерде және бұдан кейiн айырым белгiлерi Негiзгi Ережелерге сәйкес көрсетiледi.
қажеттілік болмаған кезде өте аз жылдамдықпен қозғалып, басқа көлiк құралдарына кедергi тудыруға;
егер бұл жол-көлiк оқиғасын болдырмау үшiн талап етiлмесе, қозғалысты кенеттен тежеуге тыйым салынады.
11. Басып озу, алда кездескен жол айрығы
11.1. Басып озуды бастамас бұрын жүргiзушi:
ол шығуды көздеген қозғалыс жол жолағы басып озу үшiн жеткiлiктi аралықта бос екендiгiн және осы маневрмен ол қарама-қарсы және осы жол жолағында артта қозғалып келе жатқан, оның iшiнде 19.11 және 19.12-тармақтарға сәйкес ескерту сигналдарын берушi көлiк құралдарына кедергi келтiрмейтiнiне;
осы жол жолағындағы артта келе жатқан көлiк құралының басып озуды бастамағанына;
осы жол жолағы бойымен алда кетiп бара жатқан көлiк құралы жүргiзушiсiнiң солға маневр жасау туралы сигнал бермегенiне;
қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына (жағына) шығумен басып озуды аяқтағаннан кейiн, ол басып озған көлiк құралына кедергi тудырмай, бұрын жүрiп келе жатқан жол жолағына келе алатынына көз жеткiзуге мiндеттi.
11.2. Рельссiз көлiк құралын сол жағынан басып озуға рұқсат етiледi. Сөйте тұра, жүргiзушiсi солға бұрылуға сигнал берген және маневрдi орындауға кiрiскен көлiк құралын оң жағынан басып озады.
11.3. Қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына (жағына) шығумен басып озуды аяқтағаннан кейiн, жүргiзушi бұрын жүрiп келе жатқан қозғалыс жол жолағына қайтып оралуға мiндеттi.
11.4. Басып озатын көлiк құралының жүргiзушiсiне қозғалыс жылдамдығын көтерумен немесе өзге де әрекеттермен басып озуға кедергi жасауға тыйым салынады.
11.5. Мынадай жағдайларда:
реттелетiн жол қиылыстарында қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығумен, сондай-ақ реттелмейтiн қиылыстарда басты жолмен қозғалыс кезiнде, бағытын өзгертетiн (рұқсат етiлген оң жақтан басып озуды қоспағанда) және басты жол болып табылмайтын жол бойында (қиылыстарда шеңбер жасай басып озу қозғалыстарымен, бүйiр тiркемесi жоқ екi дөңгелектi көлiк құралдарын басып озуды және рұқсат етiлген оң жақты басып озуды қоспағанда);
жаяу жүргiншiлер өтпесiнде жаяу жүргiншi болған кезде;
темір жол өтпелерiнде және оның алдында 100 м. жақын жерде;
басып озып немесе айналып өтiп келе жатқан көлiк құралын;
өрлеудiң соңында және көруi шектелетiн жол учаскелерiнде қарама-қарсы қозғалыс жол жолағына шығумен басып озуға тыйым салынады.
11.6. Жай жүретiн немесе әрi көлемдi көлiк құралының жүргiзушiсi елдi мекеннен тыс жерлерде осы көлiк құралын басып озу қиындаған жағдайда мүмкiндiгiнше оңға ығыса жүруi, ал қажет болған жағдайда артта жиналып қалған көлiк құралдарын өткiзiп жiберу үшiн аялдауға мiндеттi.
11.7. Егер алда кездескен жол айырығы қиындатылған және жол айырығының басымдылығы 2.6 және 2.7 белгiлерiмен айқындалмаған болса, онда кедергi бар жақтағы жүргiзушi жол беруi тиiс. 1.13 және 1.14 белгiлерiмен белгiленген еңiсте кедергi болған жағдайда төмен қозғалып келе жатқан көлiк құралының жүргiзушiсi жол беруге мiндеттi.
12. Аялдама және тұрақ
12.1. Көлiк құралына жолдың оң жағындағы жол жағалауына, ал ол жоқ болғанда - жүрiс бөлiгiнiң шетiне аялдама жасауға және тұруға рұқсат етiледi.
Елдi мекендерде әр бағыт үшiн бiр-бiрден қозғалыс жол жолағы бар, ортасында трамвай жолы жоқ жолдарда және бiр жақты қозғалысты жолдарда жолдың сол жағына аялдауға және тоқтауға рұқсат етiледi (рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiне бiржақты қозғалысты жолдардың сол жағына аялдауға жүк тиеген немесе түсiрген кезде ғана рұқсат етiледi).
12.2. Көлiк құралдарын конфигурациясы (жүрiс бөлiгiнiң кеңейтiлген жерi) көлiк құралдарын өзгеше орналастыруға мүмкiндiк беретiн орындарды қоспағанда, жүрiс бөлiгiнiң шетiне параллель бiр қатарға қоюға рұқсат етiледi. Бүйiр тiркемесi жоқ екi дөңгелектi көлiк құралдарын екi қатар қоюға рұқсат етiледi.
Жүрiс бөлiгiмен шектесетiн, оған толықтай және iшiнара кiретiн тротуардың шетiнде, егер бұл жаяу жүргiншiлер қозғалысына кедергi келтiрмейтiн болса, жеңiл автомобильдерге, мотоциклдерге, мопедтерге және велосипедтерге тұруға рұқсат етiледi.
12.3. Елдi мекендерден тыс ұзақ демалу, түнеу және сол сияқты мақсаттарда тұруға осыған арнап көзделген алаңдарда немесе жолдан тысқары жерде рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.26.01. № 47 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12.4.-тармақ өзгертілді
12.4. Аялдама жасауға:
егер бұл трамвай қозғалысына кедергi жасайтын болса, трамвай жолына тiкелей жақын жерде;
темір жол өтпелерiнде, тоннелдерде, сондай-ақ эстакадаларда, көпiрлерде, жол құбырларында (егер осы бағыттағы қозғалыс үшiн кемiнде үш жол жолағы болса) және олардың астында;
аялдаған көлiк құралы мен тұтас таңбалау сызығының (жүрiс бөлiгiнiң шетiн белгiлейтiннен басқа) немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiмен, немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiнде тұрған көлiк құралымен ара қашықтық 3 метрден аз болатын жерлерде, егер бұл көлiк құралдарының қозғалысына кедергi тудыратын болса;
жаяу жүргiншiлер өтпесiнде және оның алдында 5 м. жақын жерде;
ең болмағанда бiр бағыттағы жол көрiнуi 100 м. кем болған кезде қауiптi бұрылысқа жақын жүрiс бөлiгiнде және жолдың ұзына бойына томпайған сыну болса;
жүрiс бөлiгiнiң қиылыстарында және бүйiр өтпенiң қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе айырым жолақтары бар үш жақты түйiсу (қиылыс) жағын қоспағанда, қиылысатын жүрiс бөлiгiнiң шетiнен 30 м. жақын жерде;
аялдама алаңынан, ал ол жоқ болғанда - егер бұл олардың қозғалысына кедергi тудыратын болса, маршруттық көлiк құралдары немесе такси аялдамасы көрсеткiшiнен 15 м. жақын жерде;
көлiк құралдары басқа жүргiзушiлерден бағдаршам сигналын, жол белгiлерiн тасалайтын немесе басқа көлiк құралдарының қозғалысына (кiруiне немесе шығуына) мүмкiндiк бермейтiн немесе жаяу жүргiншiлердiң қозғалысы үшiн кедергi келтiретiн жерлерде;
гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында тыйым салынады.
ҚР Үкіметінiң 2009.26.01. № 47 Қаулысымен 12.5.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12.5. Тұруға тыйым салынады:
аялдама жасауға тыйым салынатын жерлерде;
эстакадаларда, көпiрлерде, жол құбырларында;
елдi мекеннен тыс жерлерде жолдың 2.1 белгiсiмен белгiленген жүрiс бөлiктерiнде;
теміржол өтпелерiнен 50 м. жақын жерде;
егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызатын болса, двигателi iске қосулы механикалық көлiк құралдарының елдi мекендерде.
гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында.
12.6. Аялдама жасауға тыйым салынған жерде амалсыз тоқтаған кезде жүргiзушi көлiк құралын ол жерден әкетудiң мүмкiн болатын барлық шараларын қолдануға мiндеттi.
12.7. Мұның қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi және қауiп төндiрмейтiндiгiне көз жеткiзбейiнше көлiк құралының есiгiн ашуға, оларды ашық тастап кетуге немесе жолдың жүрiс бөлiгiне шығуға тыйым салынады.
13. Көше қиылысын өту
13.1. Оңға немесе солға бұрылған кезде жүргiзушi ол бұрылатын жолдың жүрiс бөлiгiн кесiп өтетiн жаяу жүргiншiге, оны велосипед жолымен кесiп өтетiн велосипедшiге және 5.9 (18.2-тармағын ескере отырып) белгiсiмен белгiленген жол жолағы бойымен қозғалып келе жатқан маршруттық көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi.
13.2. Көше қиылысына немесе жүрiс бөлiгi өтпесiне, егер жүргiзушiнi аялдауға мәжбүр ететiн тығылыс болса, көлiк құралдарының көлденең бағыттағы қозғалысы үшiн кедергi келтiре отырып шығуға тыйым салынады.
13.3. Жүргiзушiге шолуды шектейтiн, iлеспе бағытта қозғалатын көлiк құралының алдына түсуге тыйым салынады.
Егер көше қиылысында немесе оның алдында көлiк құралы аялдаса, онда көршi жол жолағымен қозғалып келе жатқан басқа көлiк құралдарының жүргiзушiлерi мұның қауiпсiз екендiгiне көз жеткiзгеннен кейiн ғана қозғалысты жалғастыра алады.
13.4. Қозғалыс кезектілігi бағдаршамның немесе реттеушiнiң сигналдарымен айқындалатын көше қиылысы реттелетiн болып есептеледi.
Жұмыс iстемей тұрған бағдаршамның жыпылықтаған сары сигналы кезiнде немесе реттеушi жоқ болса, көше қиылысы реттелмейтiн болып есептеледi және жүргiзушiлер реттелмейтiн көше қиылыстарын өту ережелерiн және көше қиылысында орнатылған басымдылық белгiлерiн басшылыққа алады.
Реттелетiн көше қиылыстары
13.5. Бағдаршамдардың рұқсат ететiн сигналдары бойынша солға немесе артқа бұрылған кезде рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қарама-қарсы бағыттан тiке немесе оңға қозғалатын, оның iшiнде Ереженiң 5.6-тармағына сәйкес көше қиылысына шығатын көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де осындай ереженi өзара басшылыққа алуға мiндеттi.