Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң 2003-2005
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 263 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. № 132 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 6.6.1-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекітілсiн.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай толықтыру енгізiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтілген республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
"14. Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз eту".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
18 наурыздағы № 263 қаулысымен бекітілген
Инновациялық өндірістерді ғылыми-техникалық
қамтамасыз етудің 2003-2005 жылдарға
арналған бағдарламасы
Астана, 2003 ж.
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі
бағыттары мен тетігі
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. № 132 қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Инновациялық өндiрiстердi
техникалық қамтамасыз ету
Мемлекеттік Қазақстан Республикасының Бiлiм және тапсырысшы- ғылым министрлігі бағдарлама әкімшiсi Iске асыру мерзiмi 2003-2005 жылдар Бағдарламаның мақсаты Ғылыми-техникалық бағдарламаларды
орындау барысында әзiрленген ғылым мен
жаңа отандық технологиялардың
жетiстiктерi базасында ғылымды
қажетсiнетiн, импортты алмастыратын
және экспортқа бағдарланған жаңа
өндiрiстердi ұйымдастыруды ғылыми
қамтамасыз ету
Бағдарламаның Инновацияларды ғылыми-техникалық, мiндеттерi тәжiрибелiк-конструкторлық,
тәжiрибелiк-өнеркәсiптік, маркетингілік
қолдауды қамтамасыз ету, бұрынғы
жылдардағы ғылыми-техникалық
бағдарламаларды орындау барысында
алынған әзiрлемелердi өнеркәсiптiк
iске асыруға жеткізу;
инновациялық жобалардың iске асырылу
тетiктерiн, өндiрiстердi iрiктеу
iске қосу жүйесiн реттеу;
инновациялық жобаларды iске асыруға
дайындауды қамтамасыз ететiн
құрылымдарды құру;
отандық технологиялардың бәсекелестiк
қабiлетiн арттыру, өндiрiстiң ғылымды
қажетсiнетiн салаларын орнықты дамыту
үшiн жағдайлар жасау
Қажеттi ресурстар Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету және оларды бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi қаржы қаржыландыру жылдарына республикалық бюджетте көздерi көзделген қаражат шегіндегі мемлекеттік
тапсырыс шеңберiнде, 2003-2005 жылдардың
iс-шараларын iске асыруға қажеттi
бюджеттік қаражаттың көлемiнде жүзеге
асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты
көзделген қаржылық шығындар барлығы
545,0 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде
жылдар бойынша: 2003 жылы - 169,0 млн.
теңге; 2004 жылы - 184,0 млн. теңге; 2005
жылы 192,0 млн. теңге
Күтiлетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру қорытындысында
рынокта тауар түрiнде қолданылатын қазiргi
заманғы технологиялар әзiрленетiн болады,
Қазақстанның Даму банкi, екiншi деңгейдегi
банктер арқылы, отандық немесе шетелдiк
инвесторларды тарту есебiнен қаржыландыру
үшiн өндiрiс жобаларын,
техника-экономикалық негiздеме немесе
белгіленген нысандағы бизнес жоспарды қоса
алғанда, жоғары дайындық дәрежесіндегі
ауқымды ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi
құрудың жобалары дайындалатын болады.
Бағдарламаны iске асыру ғылыми
зерттеулерге бөлiнетiн қаражаттан нақты
қайтарымды арттыруға мүмкiндiк бередi
және республиканың әлеуметтiк-экономикалық
дамуына ықпал ететiн болады.
2. Кіріспе
XXI ғасырда елдер мен мемлекеттердiң экономикалық әлеуетi ғылыми-техникалық прогреспен және экономиканың барлық салаларында және ең бастысы өнеркәсiпте өндiрiстiң негiзгi құрауыштарын зияткерлендiрiлуiмен айқындалатын болады. Экономикалық дамыған елдерде XX ғасырдың аяғына қарай жаңа білімдерден немесе шешiмдерден тұратын жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялардың, өнiмнiң, құрал-жабдықтардың үлесiне iшкi жалпы өнiмнiң өсiмi 70-тен 85 %-ға дейiн келедi.
Дамыған елдердегi инновациялық қызметтiң қарқындылығы экономикалық даму деңгейiн айқындайды. Ғаламдық экономикалық бәсекелестiкте инновациялық қызмет үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететiн мемлекеттер ұтады.
Қазақстанда соңғы он жылдың жүзiнде экономиканың технологиялық даму деңгейiн (машина жасау, электрондық және электртехникалық, қорғаныс, жеңіл, тамақ өнеркәсiбi, құрылыс материалдарының өнеркәсiбi) айқындайтын әлеуеттi инновациялық салалардағы өндiрiс көлемi 5-15 есе азайды. Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттi жаңа түрлерiнiң, қазiргi заманғы технологиялардың және оларды өндiрiске енгізу жүйесiнiң болмауы көптеген кәсiпорындарды қысқартуға және бiрқатар жағдайларда олардың толық тоқтауына әкеліп соқты.
Қазақстанның экономикасы көбiне-көп импорттан алынатын техника мен технологияларға технологиялық жағынан кiрiптар болып отыр. Шикiзаттық емес салаларды қамтамасыз ететiн ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық құрылымдардың негiзгi массасы шын мәнiнде жұмыс iстеуiн тоқтатты және оларды бұрынғы қалпына келтiру ендi мүмкiн емес.
Бәсекелестiк күрес жағдайларында машина жасау, электрондық және электртехникалық, қорғаныс, жеңiл, тамақ өнеркәсiбiн, құрылыс материалдарының өнеркәсiбiн дамыту өнiмдi жаңалау мен өндiрiстердi жаңғыртуды үздiксiз жүргiзбейiнше, мүмкiн емес.
Елдiң технологиялық дамуында Қазақстанның таяу жылдарда ел экономикасының қажеттiлiктерiн өз күшiмен, ұлттық ғылыми-технологиялық әлеуеттiң көмегiмен қамтамасыз етуге қабiлетсiздiк проблемасымен бетпе-бет келетiнi айқын бола түсуде. Бұл iшкi проблемаларды техника мен технологияны перманенттiк сатып алу есебiнен шешудi сөзсiз күйретеді, бұл ретте, ақыр аяғында елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн бүлдiрумен бара бар сыртқы көздерге ұзақ уақыт технологиялық кiрiптарлықта болады.
Бұл салалар өнімдерінің бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету және олардың бұрынғы деңгейiн қалпына келтiру түбегейлi шаралар қабылдамайынша, мүмкін емес.
Осыған байланысты ел басшылығы ел экономикасын инновациялық жолмен дамытуды қамтамасыз ету жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдады:
1999 жылы - Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтi дамыту тұжырымдамасы мақұлданды (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi мәжілісiнiң № 19 хаттамасы);
2001 жылы - Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасы бекітілдi (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 10 мамырдағы № 617 қаулысы), инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдау туралы бабы бар "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 9 шiлдедегi Заңы қабылданды.
2002 жылы мемлекеттік инновациялық саясатты iске асырудың негіз қалаушы қағидаттарын, бағыттарын және нысандарын айқындайтын, "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5 шiлдеде қабылданды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберiнде инновациялық қызметтi одан әрі дамыту үшiн ел экономикасының мүдделеріне отандық ғылыми әзiрлемелердiң базасында инновациялық өндірістер құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң нақты мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарламаны қалыптастыру мақсаты қойылады.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
1990 жылдан бастап 2000 жылдарға дейiнгi кезеңдегi өндiрiстiң екi мәрте дерлiк құлдырауы технологиялық салалардың (машина жасау, жеңiл, химия, қорғаныс) есебiнен болды, бұл жаппай жұмыссыздықты тудырады, өнеркәсiпте жұмыс iстейтiндердiң саны 1990 жылы 1800 мың адамнан 1999 жылы 642 мыңға дейiн азайды. Экономиканың нақты секторында жұмыс істейтiндер санының күрт азаюы салық салу базасының, әлеуметтiк және зейнеткерлiк мұқтаждарға аударымдардың тарылуына, халықтың көшi-қонына және басқа да терiс салдарларға соқтырды. Отандық өндiрiстердiң тоқырауымен бiр мезгiлде көпшiлiк тұтынатын тауарлар импортының көлемi ұлғайды. Технологиялық салалардың негiзгi құралдарына инвестиция тарту шикiзат салаларына салынған инвестициялардың бiрлi-жарымы мен пайыздар үлесiн ғана құрады, бұл экономиканың шикiзаттық кереғарлығын туғызды және шикiзаттық емес салалардың жағдайын одан бетер қиындатып жiбердi.
Технологиялық өндiрiстердiң құлдырауының негiзгi себебi ескiрген технологияларға, құрал-жабдықтарға негiзделген өндiрiлетiн өнiмнiң бәсекеге қабілеттiлiгiнiң, нарық талаптарын қанағаттандырмайтын кадрлардың біліктiлiк деңгейiнiң төмендiгi болды.
Соңғы уақытта қол жеткен өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсуi едәуiр дәрежеде шикiзат бағасының көтерiлуiне байланысты әлемдiк рынок конъюнктурасына жағымды әсер еткен сыртқы жағдайлармен байланысты. Өнеркәсiп салаларында техникалық және технологиялық деңгейдi айқындайтын, ғылымды қажет ететiн өнiм түрлерiн өндiру көлемiнiң азаюы жүрiп жатыр.
Соның өзiнде әлемдiк қоғамдастықтың даму үрдiстерi инновациялық қызметтiң экономикалық өсу қарқынына әсерiнiң күшейе түскендiгiн бiлдiредi. Әлемдiк нарықта зияткерлiк еңбек өнiмдерiнiң басқа да экономикалық қызмет салаларымен салыстырғанда құны едәуiр жоғары. Нарық талаптары жаңа енгiзiлiмдердi кеңiнен пайдалануды, инновациялық белсендiлiктi күшейтуге жағдай жасауды қажет етедi. Инновациялық дамудың халықаралық тәжiрибесi оның ғылыми-техникалық қайта жарақтандырылуының және өндiрiстi кезең-кезеңiмен әртараптандырудың оңтайлы жолы болып табылатынын көрсетедi.
Қазақстанда инновациялық қызметтiң дамуы шикiзаттық экономикаға тән бiрқатар проблемалармен тежелуде, оның iшiнде:
өнеркәсiптiк кәсiпорындардың көпшiлiгiнiң қанағаттанғысыз қаржылық жай-күйi;
ғылыми зерттеулердiң көбiнесе минералдық шикізат ресурстарын шығару мен қайта өңдеуге шоғырландырылуы;
экономиканың жоғары технологиялық салаларының бiрқатарында жоғары біліктi кадрлардың iс жүзiнде мүлдем болмауы;
ғылыми-техникалық сала ұйымдарының нарықтық қатынастарға баяу көшуi; инновациялық қызметтiң дамуын ынталандыратын заңнамалық базаның жоқтығы.
Соның өзiнде Қазақстанда дамудың инновациялық жолына көшуге барлық алғы шарттар бар. Бұл шикiзатқа және энергия тасушыларға деген iшкi қажеттiлiктiң үлкен бөлiгiн қамтамасыз ететiн бай табиғи ресурстар; ғылымды қажет ететiн өндірiстердi iске қосу үшiн едәуiр бос өндiрiстiк қуаттардың болуы арзан жұмыс күшiнiң оның жалпы білім беру деңгейiмен жеткiлiктi жоғары ұштастырылуы; жеткіліктi дамыған ғылыми-техникалық әлеует; бiрқатар технологиялық укладтар бойынша босалқа дайындамалардың болуы.
Осыған байланысты ел экономикасын ғылым мен техника жетістіктерiнiң негiзiнде дамыту, теңгерiмдi өндiрiстiк инфрақұрылымды қалыптастыру және елдiң жалпы ұлттық өнiмiнiң шикізаттық құрауыштарының бiр бөлiгiн жоғары технологиялық экспорттық өнiмге кезең-кезеңiмен ауыстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 10 мамырдағы № 617 қаулысымен 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстанның инновациялық даму бағдарламасы бекітілдi.
Қазiргi кезде республикада инновациялық қызмет мемлекет тарапынан да, сондай-ақ экономиканың мемлекеттік емес секторы тарапынан да ғылыми-техникалық өнiмге төлем қабiлетi төмен сұраныстың әсерiнен кешеуiлдеп отыр, өйткенi экономиканың мемлекеттік емес секторы үлкен коммерциялық тәуекелге барудың салдарынан және оны көбiнесе техникалық жағынан анағұрлым қарапайым және арзан технологияны сатып алумен ауыстыратындықтан, ғылыми әзiрлемелердi өнеркәсiптiк өндiрiске дейiн жеткізуге әзiрге қабiлеттi емес, сонымен бiр мезгiлде инновациялық қызметтi дамыту үшiн мемлекеттік қолдау қажет. Экономикалық дамыған елдердiң тәжiрибелерi осыны көрсетедi. Бұл елдерде жедел қайтарым бермейтiн, алайда көп қаражатты, уақытты талап ететiн базистiк жаңа енгiзiлiмдердi құрумен байланысты және технологиялық прогрестiң негiзi болып табылатын қызмет мемлекет үшiн басым болып табылады.
Мұндай жағдайдың себептерiнiң бiрi ғылыми-техникалық әзiрлемелердiң көпшiлiгiнiң инновациялық жобаларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi болып табылады. Осыған байланысты ғылыми-техникалық өнiмдi оған нарықта тауар түрiнде шығаруға мүмкiндiк беретін даярлық дәрежесiне дейiн жеткізу қажет. Бұл үшiн тиiстi ғылыми-техникалық және конструкторлық құжаттама әзiрлеу, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк сынақтар өткізу мен технологиялық регламенттi қалыптастыру; өнiмнiң тәжiрибелiк партиясын шығару, инновациялық қызметтiң қажеттi инфрақұрылымын жасау және ақырында өнiмнiң тәжiрибелiк партиясын рынокта өткізудi мақұлдау қажет.
Мұнымен бiрге ғылымды мемлекеттік қолдаудың жеткiлiксiздiгiне қарамастан, бiрқатар ғалымдар мен ғылыми ұжымдарға соңғы жылдары өз әзiрлемелерiн оларды өндiрiске енгізудiң басталу деңгейiне дейiн жеткізуге мүмкiндiк туды. 2O01 жылға патенттелген өнертабыстардың саны 1993 жылмен салыстырғанда 5 еседен астам өстi. Аяқталған республикалық мақсатты және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша оларды экономиканың нақты секторында пайдаланылуға болатын көп нәтижелер алынды. Сондықтан оларды өнеркәсiптiк пайдалануға дейiн жеткізу жөнiнде шаралар қабылдаудың нақты қажеттiлiгi пiсiп жетiлдi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты - ғылымды қажет ететiн, импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған жаңа өндiрiстердi ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау барысында әзiрленген ғылым жетістіктерi мен жаңа отандық технологиялардың базасында ұйымдастыруды ғылыми қамтамасыз ету.
Бағдарламаның мiндеттерi:
ғылыми әзiрлемелердi ғылыми-техникалық, тәжiрибелiк-конструкторлық, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк, маркетингтiк қолдауды қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау барысында бұрынғы жылдары алынған әзiрлемелердi өнеркәсiптiк iске асыруға жеткізу;
инновациялық жобаларды iрiктеу мен iске асыру тетiктерiн жасау, өндiрiстердi iске қосу;
отандық технологиялардың бәсекеге қабілеттiлiгiн арттыру, өндiрiстiң ғылымды қажет ететiн салаларын тұрақты дамыту үшiн жағдай жасау.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі
бағыттары мен тетігі
Бағдарламаны iске асыру қазақстан экономикасы үшiн айтарлықтай мүдделi болып табылатын мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады.
5.1. Жаңа материалдар және оларды өндiру технологиясы
Қазақстан минералдық ресурстардың айтарлықтай қорына ие. Металдар, кендер, концентраттар, көмiрсутегi шикiзатының экспорты шын мәнінде елдің өнеркәсіптік әлеуетінің негізін құрайды.
Мұнымен бiрге шикiзатты тереңдете қайта өңдеу экономикалық та, сол сияқты әлеуметтiк тұрғыдан да анағұрлым тиiмдi.
Қорытпалар, лигатуралар, прокат - кен-металлургия кешенiнiң тереңдете қайта өңделген өнiмi сыртқы рынокта едәуiр жоғары қосымша құнға, тасымалдауға кететiн шығыстардың аз үлесiне ие және бағаның конъюнктуралық ауытқуына аз ұшырайды.
Осының бәрiн көмiрсутегi шикiзатының тереңдете қайта өңдеу өнiмдерiне де толығымен жатқызуға болады.
Кен-металлургия кешенi, энергетика, құрылыс материалдары өндiрiсiнiң кәсiпорындары отқа төзiмдi материалдар мен солардың негiзiнде жасалған бұйымдарды импорттау кезiнде едәуiр шығынға ұшырайды.
Машина жасау кешенiнiң кәсiпорындары тегiстеу, жемiр және аса қатты материалдардың айтарлықтай көлемiн тұтынады.
Қазақстан ғалымдары әзiрлеген берiлген қасиеттерi бар органикалық материалдардың жебiр ортадағы электрөткiзгiштiк, төзiмдiлiк сияқты және т.б. сипаттамалары бойынша баламалары жоқ.
Қазақстандық ғалымдар мен мамандар өзiнiң сапалық сипаттамалары мен тұтыну қасиеттерi бойынша импортталатындардан кем түспейтiн жаңа технологиялар мен материалдар жасау саласында үлкен көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiздi.
Осы зерттеулердiң бiрқатары қазiрдiң өзiнде iшкi тұтынуға ғана емес, сондай-ақ сыртқы рынокқа да бағытталған өнеркәсiптiк өндiрiстердi құруға ұсынылуы мүмкiн.
5.2. Материалдарды өңдеудiң жаңа технологиялық процестерi
Бәсекеге қабiлеттi тауарлар мен өнiмдердiң технологиялық өсуi және оларды технологиялық қамтамасыз ету металдар, синтетикалық материалдар, ағаш, әйнек, бетон және т.с.с. материалдарды өңдеудiң ескiрген технологияларының базасында мүмкiн емес.
Сапасы, өнiмдiлiгi, жаңа мүмкiндiктерi жағынан бәсекеге қабiлеттi технологиялық процестер жаңа өндiрiстер құрудың негiзi болып табылады.
Инновациялық дамудың әлемдiк тәжiрибесi ескiрген технологияның базасында өнiмдер мен тауарлардың жаңа түрлерiнiң өндiрiсiн құруға деген талпыныстың сәтсiздiкке ұшырайтынын көрсетедi.
Материалдарды өңдеудiң қазiргi заманғы технологиялары мен әдiстерi инновациялық өндiрiстердiң негiзi болуға тиiс, өйткенi қазақстандық ғалымдар көрсетiлген бағытта көп уақыттан берi зерттеулер жүргiзiп келедi.
Материалдарды (металдар, ағаш, пластмассалар және басқалар лазерлiк өңдеу өңделетiн бұйымдардың басқа да дәл әдiстерi үшiн қол жетпейтiн кесудiң шын мәніндегі таза сапасын алуға мүмкiндiк бередi. Көптеген жағдайларда материалдарды өңдеудiң бұл әдiсiнiң бәсекелесi жоқ және басқа технологиялар жете алмайтын қасиеттерi бар бұйымдар алуға мүмкiндiк бередi. Лазерлiк технология әлемдiк практикада жасанды көшiрмеден қорғау үшiн кеңiнен қолданылатын голографиялық белгiлеу өндiрiсiне пайдаланылатын голографиялық бейнелер жасауға мүмкіндiк бередi.
Металдардың сыртын электрондық-иондық тозаңдандыру және модификациялау өңдеудiң басқа әдiстерi жете алмайтын сыртының берiк сипаттамасын алуға мүмкiндiк бередi. Бақылаудағы гелий атмосферасында электрондық сәулелену бiрқатар аса қатты материалдардың негiзіндегі кескіштердiң тозу төзiмділiгiн бiрнеше есе арттыруға мүмкiндiк бередi.
Плазмалық кесу мен тысты өңдеу технологиясының өзiнiң өнiмдiлiгi және аз еңбек шығындары бойынша iрi бұйымдарды өңдеу кезiнде бәсекелесi жоқ.
Қазақстандық мамандар мен ғалымдар айтарлықтай нәтижелерге жеткен бұл тiзбе жалғасуы мүмкiн.
Материалдарды өңдеудiң жаңа әдiстерiнiң негiзiнде өндiрiстер құру тиiсті ғылыми-техникалық пысықтауды және өнеркәсiптiк пайдалануға жеткізудi талап ететiнi анық. Мұнымен бiрге бұл бағыт жаңа инновациялық өндiрiстердi дамытуға айтарлықтай қарқын беруге қабілеттi.
5.3. Ақпараттық технологиялар, арнайы техника және бағдарламалық