қамтамасыз ету
Ақпараттық технологиялар - неғұрлым серпiндi дамып келе жатқан бағыттардың бiрi, соңғы уақытқа дейiн қазақстандық ғалымдардың практикасында ол пайдаланушылар, жекелеген бағдарламалық өнiмдер мен деректер қорын қалыптастыру әзiрлеушiлер деңгейiнде шектелiп келдi.
Соңғы жылдары арнайы техниканы, дербес компьютерлердiң жаңа түрлерiн дайындауда, отандық әзiрлемелердi телекоммуникациялық жүйелерге белсендi түрде енгізудi әзiрлеуде және басқаларда оң тұрғыда кейбір алға басушылық болды.
Ақпараттық технологиялар мен жабдықтардың дамуы қазақстандық ғалымдар мен мамандардың әлемдiк компьютерлiк коммуникациялық рынокқа шығуының басты басымдықтарының бiрi. Телевизиялық таратқыштардың, бақылау, тұқырту жүйелерiнiң жекелеген әзiрлемелерiнiң сыртқы рынокта бәсекеге қабiлеттi және экспорт перспективасын шешу мүмкіндiгi бар.
Қорғаныс өнеркәсiбіндегі, авиациялық техникадағы, Каспий теңiзi айдыны бетiнiң мониторингi және тағы басқалары өз ақпараттық жүйелерi қарулы күштердiң қорғаныс қабiлетi мен әскери даярлығының ең басты шарттарының бiрi болып табылады.
5.4. Жаңа техника мен жабдық өндiрiсi
Қазақстан импортының құрылымы көбiне-көп жаңа техника мен жабдықтың импортын құрайды, соңғы жылдары оның көлемi ұлғайып келедi.
Мұнымен бiрге қазақстандық кәсiпорындардың халықаралық рынокқа электрондық, электр техникалық, қорғаныс, машина жасау өнiмдерiн шығару жөніндегі өндiрiстiк қуаты мен дәстүрлерi әлi де жеткілікті.
Басты мiндет iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабiлеттi техника мен жабдықтың жаңа түрлерiнiң әзiрлемелерiн ынталандыру және өндiрiске дайындау болып табылады.
Машина жасау, қорғаныс, электр техникалық кәсiпорындары азаматтық мақсаттағы жаңа техниканы әзiрлеу мен iске қосудың әлеуетiн әзiрше сақтап қалған.
Бұл тапсырманың мақсаты отандық және шетелдiк кәсiпорындар үшiн техника мен жабдықтың жаңа түрлерiн шығару базасында осы бейiндегі өндiрiстер мен кәсiпорындарды, атап айтқанда, кен-металлургия және мұнай-газ кешендерi қайта өркендетудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
5.5. Жаңа тұтыну тауарлары мен тағам өнiмдерiн өндiру
Тұтыну тауарларының, оның iшiнде дәрi-дәрмектiк препараттар мен тағам өнiмдерiнiң рыногы, әдетте өндiрушiлердiң едәуiр бөлiгiн тартатын ауқымды және тұрақты жүйе. Оның көлемi халықтың сатып алу қабiлетiне және оның санына қарай айқындалады. Өкiнiшке орай, Қазақстанның тұтыну рыногы халық санының аздығынан және сатып алу қабiлетiнiң төмендiгiнен шектеулi. Өнiмдi, әсiресе, тез бұзылатын өнiмдi тасымалдаудың едәуiр қашықтығы қосымша қиындықтар туғызады.
Қазақстан экономикасы үшiн көбiне бұл жаңа өндiрiс түрi болып саналады, өйткенi ол дәстүрлi тұтыну тауарлары ретiнде алыс және жақын шетелдерден әкелiнетiн импорт заттары болып келдi және бола бермек.
Мұнымен бiрге, жергiлiктi тұтыну өнiмдерiн өндiру көбiне әлеуметтiк мiндет, өйткенi өндiрiстiң бұл түрi халықтың едәуiр бөлiгi біліктi жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге қабiлеттi.
Тұтыну тауарлары рыногында қашанда күштi бәсекелестiк болып келдi, онда жаңа технологияларды, жабдықтарды пайдалануға және арзан бағамен жоғары сапаны қамтамасыз етуге қабілеттi өндiрушiлер жеңiмпаз болып табылды. Бұл тапсырманың мақсаты сыртқы рынокқа шығудың перспективаларын басты талап және шарт ретiнде қоя отырып, жергiлiктi инновациялық өнiм өндiрушiлердi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарламаны iске асыру Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келетiн және конкурстық iрiктеуден өткен жобаларды орындауға арналған мемлекеттік тапсырыстың негiзiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаның әкiмшiсi - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі:
Бағдарламаның тапсырмаларын орындауға арналған жобаларға конкурс өткізудi;
Бағдарлама тапсырмаларының орындалуын үйлестiрудi және ағымдағы бақылауды;
Бағдарлама бойынша аралық және қорытынды есептерді қабылдауды қамтамасыз етедi.
ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. № 132 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету бағдарламаның әкiмшiсі тиiстi қаржы жылдарына республикалық бюджетте көздеген қаражат шегіндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде, 2003-2O05 жылдардың iс-шараларын iске асыру үшiн қажет бюджеттік қаражат көлемiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар барлығы 545,0 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2003 жылы - 169,0 млн. теңге; 2004 жылы - 184,0 млн. теңге; 2005 жылы 192,0 млн. теңге.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру қорытындысында нарықта тауар ретiнде жүре алатын қазiргi заманғы технологиялар әзiрленедi, жоғары дәрежедегi дайындықтағы ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердiң жобалары дайындалады. Инновациялық өндiрiстi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету жобасы техника-экономикалық негiздемемен, толық ауқымдағы өндiрiстi құру жобасымен және отандық немесе шетелдiк инвесторлардың даму банкi, екiншi деңгейдегi банктер арқылы қаржыландыру және материалдық қамтамасыз ету үшiн белгiленген нысандағы бизнес жоспармен аяқталуға тиiс.
Осының барлығы ғылыми зерттеулерге бөлiнетiн қаражаттан нақты қайтарымын көтередi және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетiн болады.
Р/с N | Негізгi тапсырмалар | Күтілетін нәтижелер |
1 Жаңа материалдарды шығару Белгiленген нысанда TЭH және оларды өндiретін қамтитын (бизнес жоспар) толық технологиялардың әзiрлемесi ауқымды өндiрiстер құру жобалары бойынша өндiрiстер құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз eту |
2 Материалдарды өңдейтiн жаңа Іс жүзiнде қолдану үшiн технологиялық процестерді тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк әзiрлеу тексерістен өткен және дайын технологиялар |
3 Ақпараттық технологияларды, Жаңа ақпараттық технологиялар, арнайы техниканы және бағдарламалық өнiмдер, бағдарламалық қамтамасыз арнайы техника, дербес етудi әзiрлеу компьютерлердiң жаңа түрлерi, телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелер |
4 Жаңа техника мен жабдықтар Белгiленген нысанда TЭH өндiрiсiн құруды ғылыми- (бизнес жоспар) қамтитын техникалық қамтамасыз eту толық ауқымды өндiрiстер құру жобалары |
5 Жаңа тұтыну тауарлары Белгiленген нысанда TЭH өндiрiсiн құруды ғылыми- (бизнес жоспар) қамтитын техникалық қамтамасыз ету толық ауқымды өндiрiстер құру жобалары |
ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. № 132 қаулысымен 8-бөлім өзгертілді
(бұр. ред. қара)
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
───┬─────────────┬───────────┬──────────┬───────┬─────────┬─────────
Р/с│ Іс-шара │ Аяқтау │ Жауапты │Орындау│Күтілетін│Қаржы-
N │ │ нысаны │ орындаушы│(іске │шығыстар │ландыру
│ │ │ (іске │ асыру)│ (млн. │көздері
│ │ │ асырушы) │мерзімі│ теңге) │
───┼─────────────┼───────────┼──────────┼───────┼─────────┼─────────
1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
───┴─────────────┴───────────┴──────────┴───────┴─────────┴─────────
Ұйымдастыру іс-шаралары
────────────────────────────────────────────────────────────────────
1. Бағдарламаны Бұйрықтар, Бағдар. 2003 Талап
орындауға конкурстық ламаның жылғы етілмейді
мемлекеттік комиссияның әкімшісі ІІ
тапсырысты хаттамалары тоқсан
орналастыруға
арналған
жобаларды
іріктеу
жөніндегі
конкурсты
ұйымдастыру
және өткізу
2. Бағдарламаны Мемлекеттік -//- 2003 -//-
іске асыру сатып алу жылғы
жөніндегі туралы шарт ІІ
мемлекеттік тоқсан,
тапсырысты жыл
орындауға сайын
мемлекеттік
сатып алу
туралы шарт
жасасу
3. Бағдарламаның Бағдарлама Бағдар- IV -//-
әкімшісіне әкімшісіне ламаны тоқсан,
аралық есеп- есеп, тап- іске жыл
тер, тапсыру сыру-қабыл- асыру сайын
-қабылдау дау акті- жөніндегі
актілерін лері, есеп жауапты
және есеп беретін орындаушы
беретін жыл- жылдан
дан кейінгі кейінгі
жылға жылға
Бағдарламаның Бағдарла-
кеңейтілген маның ке-
нұсқасын ңейтілген
тапсыру нұсқасы
4. Бағдарламаны Бұйрықтар, Бағдар- IV -//- Талап
жыл сайын конкурстық ламаның тоқсан, етілмейді
конкурстық комиссияның әкімшісі жыл
негізде жаңа хаттамалары сайын
инновациялық
жобалармен
толықтыру
5. Бағдарламаны Қазақстан -//- IV -//- -//-
іске асыру Республика- тоқсан,
туралы сының жыл
ақпарат беру Үкіметіне сайын
ақпарат
────────────────────────────────────────────────────────────────────
Ғылыми-техникалық іс-шаралар
────────────────────────────────────────────────────────────────────
6. Жаңа матери- Белгіленген Бағдар- 2003 Барлығы Респуб-
алдар шығару нысанда ТЭН лама жылғы 123,12 млн. ликалық
жөніндегі (бизнес әкімшісі, ІІ теңге, оның бюджет
өндірістер жоспарды) Бағдар- тоқсан iшiнде жыл-
құруды ғылыми қамтитын ламаның - 2005 дар бойынша:
-техникалық толық жауапты жылғы 2003 жылы -
қамтамасыз ауқымды орындау- IV 38,18 млн.
ету және өндірісті шысы тоқсан теңге; 2004
оларды құру жылы - 41,99
өндіретін жобалары млн. теңге;
технологиялар 2005 жылы -
әзірлеу 42,95 млн.
теңге
7. Материалдар Тәжірибелік -//- 2003 Барлығы Респуб-
өңдейтін жаңа өнеркәсіптік жылғы 81,75 млн. ликалық
технологиялық тексеруден ІІ теңге, оның бюджет
процестер өткен және тоқсан iшiнде жыл-
әзірлеу іс жүзінде - 2005 дар бойынша:
қолдануға жылғы 2003 жылы -
дайын техно- IV 25,35 млн.
логиялар тоқсан теңге; 2004
жылы - 27,2
млн. теңге;
2005 жылы -
29,2 млн.
теңге
8. Ақпараттық Жаңа ақпа- -//- 2003 Барлығы Респуб-
технология- раттық тех- жылғы 98,1 млн. ликалық
лар, арнайы нологиялар, ІІ теңге, оның бюджет
техника және бағдарла- тоқсан iшiнде жыл-
бағдарламалық малық өнім- - 2005 дар бойынша:
қамтамасыз дер, арнайы жылғы 2003 жылы -
етуді әзірлеу техника, IV 30,42 млн.
дербес ком- тоқсан теңге; 2004
пьютерлердің жылы - 32,8
жаңа түрлері, млн. теңге;
телекоммуни- 2005 жылы -
кациялық 34,88 млн.
және ақпа- теңге
раттық
жүйелер
9. Жаңа техника Белгіленген -//- 2003 Барлығы Респуб-
мен жабдықтар нысанда ТЭН жылғы 136,25 млн. ликалық
өндірісін (бизнес ІІ теңге, оның бюджет
құруды ғылыми жоспарды) тоқсан iшiнде жыл-
-техникалық қамтитын - 2005 дар бойынша:
қамтамасыз толық жылғы 2003 жылы -
ету ауқымды IV 42,25 млн.
өндірісті тоқсан теңге; 2004
құру жылы - 46,52
жобалары млн. теңге;
2005 жылы -
47,48 млн.
теңге
10. Жаңа тұтыну Белгіленген -//- 2003 Барлығы Респуб-