46. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-тарау. Ашық валюталық позиция лимиттерi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы банктiң талап етулерінiң (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (талап етулерінiң) шегiнен асып кетуi.
Ұзын валюталық позиция - бұл талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция - бұл мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебiне мөлшерi валюталардың айырбас бағамының өзгеруiмен белгiленетiн, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) енгiзiледi (тазартылған қымбат металдардың құнын).
Мөлшерi бір шетелдiк валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен анықталатын, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позицияның мейлiнше төмен лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебiне енгiзiледi.
Әрбір шетелдiк валюта бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.
Жеке шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер тобының) (тазартылған қымбат металдарға) валюталарының есебi кезiнде бірiншi кезекте олар бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегергендегi активтер шоттарындағы әрбір шетелдiк валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашылған шоттардың сальдосы және банктiң мiндеттемесi бойынша шоттары есептеледi. Соңынан ол бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегере отырып, шартты талап етулер шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдiк валюта бойынша шоттар сальдосы анықталады. Мiндеттемелерден (талап етулерден) шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) талап етулер (мiндеттемелер) шегi асып кеткендiгiн көрсеткен сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған қорытынды банктiң шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) ашық позициясының мөлшерiн және түрiн анықтайды.
Банктiң валюталық нетто-позициясы банктiң барлық шетелдiк валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдiк валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.
Шетел валютасымен көрсетiлген талап етулер және мiндеттемелер осы талап етулер және мiндеттемелер көрсетiлген (белгiленген) шетел валюталары бөлiгіндегі валюта позициясы есебiне енгiзiледi.
Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргiзу кезiнде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
48. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерiн белгiлейдi:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 (бұр.ред.қара); 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1) тармақша өзгертілді
1) StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен емес тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 12,5 процентiнен аспайтын мөлшердегi «Еуро», сондай-ақ тазартылған қымбат металл валютасы бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
2) StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 25 процентiнен аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.
49. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
50. Ашық валюталық позицияның лимиттерi кез-келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейiнгi үш апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттерi осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 проценттiк тармаққа кемуiмен айқындалады.
Жекелеген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша банк белгiлеген лимиттердiң 0,09 проценттiк шектен асып кетуi ашық валюталық позицияның лимитiнiң бұзылуы болып есептелмейдi.
51. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-тарау. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы
инвестициясының барынша жоғары мөлшерiнiң коэффициентi
және басқа қаржылық емес активтер
52. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы инвестициясының мөлшерiнiң және басқа қаржылық емес активтердiң меншiктi капиталға (k6) қатысы 0,5-тен аспауы тиiс.
53. Негiзгi құрал-жабдықтар және басқа қаржылық емес активтерге мыналар жатады:
1) жер, үй және ғимарат;
2) салынып жатқан (орнатылып жатқан) негiзгi құрал-жабдықтар;
3) банк жалға алған үйлер бойынша күрделi шығындар;
4) компьютерлiк жабдықтар;
5) көлiк құрал-жабдықтары;
6) жалға беруге арналған негiзгi құрал-жабдықтар;
7) қаржы лизингiне қабылданған негiзгi құрал-жабдықтар;
8) басқа да негiзгi құрал-жабдықтар;
9) банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн және сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;
10) басқа да материалдық қорлар;
11) күрделi салымдар бойынша дебиторлық берешек.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-тарау.Қазақстан Республикасының резидент еместері
алдындағы міндеттемелеріне банктердің капиталдандыруы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 53-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-1. Қазақстан Республикасы резидент еместері алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандырылуы к7, к8 және к9 коэффициенттерімен сипатталады.
к7 коэффициенті - Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің барынша жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Қазақстан Республикасы резидент еместер алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына
қатынасы ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер, бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда;
Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер, кредитордың міндеттемелерді мерзімнен бұрын өтеуді талап ету шартсыз құқығымен, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімдік және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімдік және шартты депозиттері.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алынып тасталады:
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) (бұдан әрі - № 388 қаулы) сәйкес экономиканың «басқа қаржы ұйымдары - коды 5», «мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар - коды 6», «мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар - коды 7» және «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар - коды 8» секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының
Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінiң Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру
және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын, халықаралық ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкін құру туралы 2006 жылғы 12 қаңтардағы Келісімге сәйкес құрылған Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі - Еуразиялық даму банкі) алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 қаулысымен 53-2 тармақ өзгертілді (бұр .ред. қара ) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007 ж. 27 тамыздағы № 224 Қаулысымен 53-2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қазанда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-2-тармақ өзгертілді
53-2. k8 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің меншікті капиталға қатысы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k8 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде банк арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдары арқылы шығарған бағалы қағаздар;
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі алдындағы міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес банктің Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банк алдындағы алынған заемдар бойынша міндеттемелері.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 қаулысымен 53-3 тармақ өзгертілді (бұр .ред. қара ); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен 53-3-тармақ өзгертілді (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-3-тармақ өзгертілді
53-3. k9 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасына және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, айналысқа шығарған борыштық бағалы қағаздарының қатысы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k9 коэффицентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері , сондай-ақ Еуразиялық даму банкі алдындағы міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес банктің Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банк алдындағы алынған заемдар бойынша міндеттемелері.
53-4. k8 және k9 коэфиценттерін банктер 2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап сақтауға тиіс.
2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша k8 және k9 коэфиценттерінің нақты мәндері Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен асып түскен жағдайда, ол банктерге мынадай тәртіп белгіленеді:
1) 2008 жылғы 1 қаңтарға көлемі мынадай мәндерден барынша жоғарыдан аспауы тиіс:
осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;
2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде көлемі барынша жоғары мәнінен мынадай мәндер бойынша аспауы тиіс:
осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;
3) 2008 жылдың 1 сәуіріне өлшем осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
Осы тармақпен белгіленген k8 және k9 коэффиценттерін банктер сақтаған жағдайда бұл асып түсу 2008 жылдың 31 наурызына дейін пруденциалдық нормативтерді бұзу деп танылмайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 53-5-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Өзгерістерді қара - ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысы (2009 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі)
53-5. к8 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 2 аспауы тиіс.
к9 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 4 аспауы тиіс.
7-тарау. Қорытынды ережелер
54. Банктердiң пруденциалдық нормативтердi сақтауына бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
55. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56. Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда жауап бередi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 409 Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2006.27.05. № 120 Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2007.23.02. № 47 Қаулыcымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 (бұр .ред. қара ); 2007.24.10. № 242 (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.26.02. № 20 (қолданысқа енетін мерзімін қара)(бұр.ред.қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.17.06 № 58 (бұр. ред. қара) ; 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен ( бұр. ред. қара) 1-қосымша өзгертілді
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 1-қосымшасы
43 және 44 жолдары 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша
сараланған банк активтерiнiң кестесi
№ | Баптар атауы | Тәуекел дәрежесi процентпен |
I топ |
1 | Қолма-қол теңге | 0 |
2 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «AA»-дан кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингiнен кем емес рейтингi бар елдiң шетелдiк қолма-қол валютасы | 0 |
3 | Тазартылған қымбат металдар | 0 |
4 | Қазақстан Республикасының Үкіметіне берiлген заемдар | 0 |
5 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «AA»-дан кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингiнен кем емес рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген заемдар | 0 |
6 | Ұлттық Банкке берiлген заемдар | 0 |
7 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «АА»-дан кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингiнен кем емес рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген заемдар | 0 |
8 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «AA»-дан кем емес борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген заемдар | 0 |
9 | Ұлттық Банктегi салымдар | 0 |
10 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «АА»-дан кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингiнен кем емес рейтингi бар елдердiң орталық банктеріндегі салымдар | 0 |
11 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «АА»-дан кем емес борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 0 |
12 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі | 0 |
13 | Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының бюджетке салықтары мен басқа төлемдер туралы дебиторлық берешегi | 0 |
14 | Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары | 0 |
14-1 | «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар | |
15 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «АА»-дан кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздар | 0 |
16 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «АА»-дан кем емес борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 0 |
17 | І-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 0 |
II топ |
18 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «АА»-дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң шетелдiк қолма-қол валютасы | 20 |
19 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А»+дан «А-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерiне берiлген заемдар | 20 |
20 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А»+дан «А-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген заемдар | 20 |
21 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А»+дан «А-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейiндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген заемдар | 20 |
22 | Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарына берiлген заемдар | 20 |
23 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдарына берiлген заемдар | 20 |
24 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» кем емес борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдарға берiлген заемдар | 20 |
25 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А»+дан «А-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық банктеріндегі салымдар | 20 |
26 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А»+дан «А-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 20 |
27 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» кем емес борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдардағы салымдар | 20 |
28 | І-тәуекел тобына жатқызылған дебиторлық берешектен басқа Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарының дебиторлық берешегi | 20 |
29 | StaNdard & Poor's агенттiгінiң «АА-» кем емес борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдардың дебиторлық берешегi | 20 |
30 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А»+дан «А-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздар | 20 |
31 | StaNdard & Poor's агенттiгінiң «А»+дан «А-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
32 | Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
33 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» кем емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
34 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» кем емес борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 20 |
34-1 | Банкпен баланста ұсталынатын және Standard & Poor's агенттiгiнің «ААА»-дан «АА-»- дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтинг агенттiктерінiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегi рейтингi немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kzAAA»-дан «kzAA»-ға дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 20 |
35 | «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалық қағаздар | 20 |
36 | II-тәуекел тобына енгiзiлген активтер бойынша есептелген сыйақы | 20 |
III-топ |
37 | Тазартылмаған қымбат металдар | 50 |
38 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «ВВВ-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген заемдар | 50 |
39 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «ВВВ-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген заемдар | 50 |
40 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «ВВВ-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген заемдар | 50 |
41 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А»+дан «А-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдарына берiлген заемдар | 50 |
42 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А»+дан «А-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдарға берiлген заемдар | 50 |
42-1 | Мына шартқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары: берілген ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепіл құнына ара қатынасы кепіл құнының 50%-нен қоса алғанда аспайды | 50 |
43 | Мына шартқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй заемдары: берілген ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының кепіл құнына ара қатынасы кепіл құнының 51%-нен 60% қоса алғандағы шекте болады | 75 |
44 | Басқа ипотекалық тұрғын үй заемдары | 100 |
45 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «ВВВ-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық банктеріндегі салымдар | 50 |
46 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «ВВВ-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 50 |
47 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А»+дан «А-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдардағы салымдар | 50 |
48 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А»+дан «А-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 50 |
49 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «ВВВ-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар елдердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздар | 50 |
50 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «BBB-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
51 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А»+дан «А-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
52 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А»+дан «А-» дейiнгі борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 50 |
52-1 | Банкпен баланста ұсталынатын және Standard & Poor's агенттiгiнің «А+»-дан «А-»- дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтинг агенттiктерінiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzA+»-дан «kzA-» дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 50 |
53 | III-тәуекел тобына енгiзiлген активтер бойынша есептелген сыйақы | 50 |
IV-топ |
54 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-дан «В-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң орталық үкiметтерiне берген заемдар | 100 |
55 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-дан «В-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң орталық банктерiне берiлген заемдар | 100 |
56 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-дан «В-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген заемдар | 100 |
57 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «ВВ-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң жергiлiктi билiк органдарына берiлген заемдар | 100 |
58 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А-» дан төмен борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «ВВ-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар резидент емес ұйымдарға берiлген заемдар Sta№dard & Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейлі рейтингі бар банктің еншілес резидент емес банктеріне және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ банктің еншілес резидент емес банктеріне | 100 |
59 | ІII- және V тәуекел топтарына жататындардан басқа жеке тұлғаларға берiлген заемдар оның ішінде тұтынушылық кредиттер | 100 |
60 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-дан «В-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң орталық банктеріндегі салымдар | 100 |
61 | StaNdard & Poor's агенттiгінiң «ВВ+»-дан «В-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейiндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 100 |
62 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А-» дан төмен борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар, тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ резидент ұйымдардың және StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «ВВ-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес ұйымдардағы салымдар StaNdard & Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейлі рейтингі бар банктің еншілес резидент емес банктерінде және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ банктің еншілес резидент емес банктерінде | 100 |
63 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А-» дан төмен борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар, тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ резидент ұйымдардың және StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «ВВ-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес ұйымдарды дебиторлық берешегi StaNdard & Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейлі рейтингі бар банктің еншілес резидент емес банктерін және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ банктің еншілес резидент емес банктерін | 100 |
64 | Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегi | 100 |
65 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-дан «В-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттік мәртебесi бар бағалы қағаздар | 100 |
66 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «ВВ-» дейiнгi тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
67 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-дан «В-» дейiнгi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарының халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 100 |
68 | StaNdard & Poor's агенттiгінiң «А-» дан төмен борышты рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар, тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ резидент ұйымдардың және StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-дан «BB-» дейiнгi борыштық рейтингi бар резидент емес ұйымдардың немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар резидент ұйымдар шығарған бағалы қағаздар StaNdard & Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейлі рейтингі бар банктің еншілес резидент емес банктерімен және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ банктің еншілес резидент емес банктерімен | 100 |
68-1 | Банкпен баланста ұсталынатын және Standard & Poor's агенттiгiнің «ВВВ+»-дан «ВВВ-» дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтинг агенттiктерінiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB+»-дан «kzBBB-» дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 100 |
69 | IV-тәуекел тобына енгiзiлген активтер бойынша есептелген сыйақы | 100 |
70 | Төлемдер бойынша есептер | 100 |
71 | Негiзгi құрал-жабдықтар | 100 |
72 | Материалдық қорлар | 100 |
73 | Сыйақының және шығыстар сомасының алдын-ала төлемi | 100 |
V-топ |
74 | Заңды тұлғалардың банктiң инвестициясынан басқа акциялар бөлiгіндегі (жарғы капиталындағы қатысу үлесi) және реттелген борышқа салған салымдардағы әдiл құн бойынша ескерiлген инвестициялар | 100 |
75 | Банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз eту | 100 |
76 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «В-» дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерiне берiлген заемдар | 150 |
77 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «В-»дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктерiне берiлген заемдар | 150 |
78 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «В-»дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген заемдар | 150 |
79 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдарына берiлген заемдар | 150 |
80 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»дан төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдарға (банктің еншілес резидент емес банктеріне берілген заемдардан басқа) берiлген заемдар | 150 |
80-1 | ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) | |
80-2 | ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) | |
80-3 | Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген заңды тұлғалары немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне берілген заемдар: 1) Андорра Княздығы; 2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 3) Багам аралдары Достастығы; 4) Барбадос Мемлекеті; 5) Бахрейн Мемлекеті; 6) Белиз Мемлекеті; 7) Бруней Даруссалам Мемлекеті; 8) Вануату Республикасы; 9) Гватемала Республикасы; 10) Гренада Мемлекеті; 11) Джибути Республикасы; 12) Доминика Республикасы; 13) Индонезия Республикасы; 14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 15) Кипр Республикасы; 16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана); 17) Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары; 18) Коста-Рика Республикасы; 19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана); 20) Либерия Республикасы; 21) Лихтенштейн Княздығы; 22) Маврикий Республикасы; 23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 24) Мальдив Республикасы; 25) Мальта Республикасы; 26) Маршалл аралдары Республикасы; 27) Монако Княздығы; 28) Мьянма Одағы; 29) Науру Республикасы; 30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана); 31) Нигерия Федеративтік Республикасы; 32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана); 33) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана); 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті; 37) Сейшель аралдары Республикасы; 38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті; 39) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 40) Сент-Люсия Мемлекеті; 41)ӨҰлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана); 43) Тонга Корольдігі; 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | 200 |
81 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «В-»дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттіктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық банктеріндегі салымдар | 150 |
82 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «В-»дан төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 150 |
83 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»дан төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдардағы (банктің еншілес резидент емес банктеріндегі салымдардан басқа) салымдар | 150 |
83-1 | Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдарындағы салымдар: 1) Андорра Княздығы; 2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 3) Багам аралдары Достастығы; 4) Барбадос Мемлекеті; 5) Бахрейн Мемлекеті; 6) Белиз Мемлекеті; 7) Бруней Даруссалам Мемлекеті; 8) Вануату Республикасы; 9) Гватемала Республикасы; 10) Гренада Мемлекеті; 11) Джибути Республикасы; 12) Доминика Республикасы; 13) Индонезия Республикасы; 14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 15) Кипр Республикасы; 16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана); 17) Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары; 18) Коста-Рика Республикасы; 19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана); 20) Либерия Республикасы; 21) Лихтенштейн Княздығы; 22) Маврикий Республикасы; 23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 24) Мальдив Республикасы; 25) Мальта Республикасы; 26) Маршалл аралдары Республикасы; 27) Монако Княздығы; 28) Мьянма Одағы; 29) Науру Республикасы; 30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана); 31) Нигерия Федеративтік Республикасы; 32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана); 33) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана); 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті; 37) Сейшель аралдары Республикасы; 38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті; 39) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 40) Сент-Люсия Мемлекеті; 41) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана); 43) Тонга Корольдігі; 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | 200 |
84 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»дан төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдардың (банктің еншілес резидент емес банктерінің дебиторлық берешегінен басқа) дебиторлық берешегi | 150 |
84-1 | Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдарының дебиторлық берешегі: 1) Андорра Княздығы; 2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 3) Багам аралдары Достастығы; 4) Барбадос Мемлекеті; 5) Бахрейн Мемлекеті; 6) Белиз Мемлекеті; 7) Бруней Даруссалам Мемлекеті; 8) Вануату Республикасы; 9) Гватемала Республикасы; 10) Гренада Мемлекеті; 11) Джибути Республикасы; 12) Доминика Республикасы; 13) Индонезия Республикасы; 14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 15) Кипр Республикасы; 16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана); 17) Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары; 18) Коста-Рика Республикасы; 19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана); 20) Либерия Республикасы; 21) Лихтенштейн Княздығы; 22) Маврикий Республикасы; 23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 24) Мальдив Республикасы; 25) Мальта Республикасы; 26) Маршалл аралдары Республикасы; 27) Монако Княздығы; 28) Мьянма Одағы; 29) Науру Республикасы; 30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана); 31) Нигерия Федеративтік Республикасы; 32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана); 33) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана); 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті; 37) Сейшель аралдары Республикасы; 38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті; 39) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 40) Сент-Люсия Мемлекеті; 41) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана); 43) Тонга Корольдігі; 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | 200 |
85 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «В-» дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерi шығарған бағалы қағаздар | 150 |
86 | StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
87 | StaNdard & Poor's агенттiгінiң «В-»дан төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
88 | StaNdard & Poor's агенттiгінiң «ВВ-»дан төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдар (банктің еншілес резидент емес банктері шығарғандардан басқа) шығарған бағалы қағаздар | 150 |
88-1 | Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар: 1) Андорра Княздығы; 2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 3) Багам аралдары Достастығы; 4) Барбадос Мемлекеті; 5) Бахрейн Мемлекеті; 6) Белиз Мемлекеті; 7) Бруней Даруссалам Мемлекеті; 8) Вануату Республикасы; 9) Гватемала Республикасы; 10) Гренада Мемлекеті; 11) Джибути Республикасы; 12) Доминика Республикасы; 13) Индонезия Республикасы; 14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 15) Кипр Республикасы; 16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана); 17) Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары; 18) Коста-Рика Республикасы; 19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана); 20) Либерия Республикасы; 21) Лихтенштейн Княздыгы; 22) Маврикий Республикасы; 23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 24) Мальдив Республикасы; 25) Мальта Республикасы; 26) Маршалл аралдары Республикасы; 27) Монако Княздығы; 28) Мьянма Одағы; 29) Науру Республикасы; 30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде гана); 31) Нигерия Федеративтік Республикасы; 32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана); 33) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана); 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті; 37) Сейшель аралдары Республикасы; 38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті; 39) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 40) Сент-Люсия Мемлекеті; 41) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана); 43) Тонга Корольдігі; 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | 200 |
88-2 | Банкпен баланста ұсталынатын және Standard & Poor's агенттiгiнің «ВВ+»-дан «ВВ-» дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтинг агенттiктерінiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейіндегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB+»-дан «kzBB-» дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 350 |
89 | V-тәуекел тобына енгiзiлген активтер бойынша есептелген сыйақы | 150 |
| | | |