2) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірiнiң бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады;
3) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірiнiң бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi/зайыбы, ерi/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірiншi басшысы не бір заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады не iрi қатысушының, аффилиирленген тұлғаның, жақын туыстың, ерi/зайыбының, ерi/зайыбының жақын туысының немесе басқа заемшының бірiншi басшысының не басқа заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлғаның мәмiле жасауға мүдделi тұлғасы болып табылады;
4) заемшылардың бірi банктен заемға алған ақшасын басқаға пайдалануға заемшының меншiктi капиталынан асатын мөлшермен бергендiгiн растайтын жеткiлiктi негіздеме бар болса;
5) заемшылар банктен банктiң заемшысы болып табылмайтын сол бір ғана үшiншi тұлғаға пайдалануға осы заемшылары жиынтығы меншiктi капиталынан асатын мөлшердегi заемды бірлесiп немесе жекелей бергендiгiн растайтын жеткiлiктi негiздеме бар болса;
6) заемшылар бір-бірiмен мынадай байланыста, яғни заемшылардың бірiнiң (Қазақстан Республикасының банктерiнен басқа) ортақ не басқа заемшының мiндеттемелерi бойынша оның активтерiнiң он процентiнен асатын сомада субсидиарлық жауапкершiлiгi бар болса;
7) бір заемшының лауазымды тұлғасы банктiң басқа заемшыларының қызметiне қаржылық жағынан мүдделi болса;
8) заемшылар бір-бірiмен өзара бірлескен қызмет туралы шарт не бірлескен қызмет туралы шарттың белгiлерi бар өзге құжат арқылы байланысса;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.24.10. № 242 Қаулысымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) заемшылар:
мынадай мемлекеттердің: Андорра князьдігі, Лихтенштейн князьдігі, Либерия Республикасы, Монако князьдігі, Маршалл аралдары (Маршалл аралдары Республикасы) аумақтарында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не
Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не
ірі қатысушылары, аффилиирленген тұлғалары, жақын туыстары, бірінші басшылары не осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары болып табылатын немесе тіркелген, осы заемшылармен мәмілелер жасасуға мүдделі тұлғалары бар;
10) заемшылар өзара бір-бірiмен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа негiздемелер бойынша байланысса;
11) тармақша 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
11) заемшылар салынып жатқан объект құрылысына қатысушылар үлесiнiң және қатысушылар үлесiнiң кепiлдiктерiн қосқандағы жылжымайтын мүлiк құрылысы жөніндегі тапсырыс берушiнiң жобасының қатысушылары болып табылады. Осы тармақшада аты аталған заемшылар тобы құрған бір заемшының тәуекел мөлшерi жеке тұлғалардың қатысушылар үлесi кепiлдiктерiнiң және/немесе салынып жатқан объектiнiң құрылысына қатысушылар үлесiнiң - жеке тұлғалардың қатысуымен жасалған топ үшiн осы тармақтың 1)-10) тармақшаларына сәйкес бір заемшының тәуекел мөлшерiнiң жиынтық есебiне қабылданбауы тиiс.
33. Егер мемлекет (уәкiлеттi орган атынан) екi немесе одан да көп заңды тұлғалардың iрi қатысушысы болып табылған жағдайда, осы топқа қатысты тәуекел мөлшерi жиынтықты түрде алғанда егер басқа iрi қатысушылар болмаса, сондай-ақ бір заемшыға арналған тәуекел мөлшерi ретiнде есептелген жағдай бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағында белгiленген өзге де жағдайлар кездеспеген жағдайда осы топқа арналған тәуекелдiң мөлшерi бір заемшыға арналған тәуекелдiң мөлшерi ретiнде есептелмейдi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 33-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 33-1-тармақ жаңа редакцияда
33-1. Заемшылар тобын тану бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағының талаптары мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына төлем жасауға берілген заңды тұлғаларға таралмайды.
Банктермен ерекше қарым-қатынаспен байланысты бір заемшы және (немесе) тұлға ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік ету (банктер бойынша - жанама) нәтижесінде аффилиирленген болып табылатын екі және одан астам ұйым (оның ішінде банктер) танылмайды.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың бірімен аффилиирленген немесе көрсетілген банктердің бірімен ерекше қарым-қатынаспен байланысты заңды және (немесе) жеке тұлғалар сонда-ақ бір заемшы басқа ұйымның аффилиирленген тұлғаларының бір зайымшысы немесе көрсетілген банктердің басқаларымен ерекше қарым-қатынаспен байланысты тұлғалар ретінде танылмайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 33-2-тармақпен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді)
33-2. Банктің екі және одан артық еншілес ұйымдарынан тұратын тобы мынадай жағдайларда заемшылар тобы деп танылмайды, егер:
олар банкта ірі қатысулары арқылы банктің жарғылық капиталымен байланысты болса;
банктің лауазымды тұлғалары осындай еншілес ұйымдардың лауазымды тұлғалары болып табылса.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 қаулысымен (бұр .ред. қара ); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34 тармақ өзгертілді
34. Бір заемшыға тәуекел мөлшері (Р), оның ішінде банктің, мынадай талаптар сомасы түрінде есептеледі:
1) заемдар, салымдар, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар (осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген банк инвестицияларынан басқа);
2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.04 № 58 қаулысымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) заемшыларға қатысты секьюритирлендірілген активтер, олар бойынша банкте секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.04 № 58 қаулысымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) секьюритилендіру позициялары;
3) аталған қаржы құралдары мен ондағы кредиттік тәуекелдің рыноктық құнының сомасы ретінде есептелген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар.
Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының рыноктық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:
сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы рыноктық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;
сатуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы рыноктық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды шартты құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне белгіленген қаржы құралдарының құны ретінде көрсетіледі. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды шартты құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар бір заемшының тәуекел мөлшеріне енгізілмейді;
4) заемшыға банк балансынан шығарылған банктің қоятын талаптары;
5) мынадай түрдегі заемшының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде:
осы міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде банк өкімімен ұсынылған салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған қымбат металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан кем емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар басқа банктердің кепілдіктері.
Бір заемшының тәуекел есебіне мыналар енгізілмейді:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Ұлттық Банкке, Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына қойылатын талаптар, Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ»-дан кем емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша қоятын талаптары.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35. Банктiң меншiктi капиталының мiндеттемелерi бойынша бір заемшы үшiн банк тәуекелiнiң мөлшерiне қатысы мынадан аспауы тиiс:
банкпен айрықша қатынастар бойынша (k3.1) байланыстары бар тұлғалар болып табылатын заемшылар үшiн - 0,10. Банкпен айрықша қатынастар бойынша байланыстары бар заемшылар үшiн тәуекелдердiң жиынтық сомасы банктiң меншiктi капиталының мөлшерiнен аспауы тиiс;
басқа заемшылар үшiн (k3) - 0,25 (оның iшiнде заемшы алдындағы қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттеменiң бланктiк заемдары бойынша 0,10 астам не заемшыға банктiң ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде талап етуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына, сондай-ақ Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осы деңгейдегi рейтингiнiң Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнiң бір тармағынан төмен болмайтын және Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар резидент еместерiнiң мiндеттемелерi бойынша).
Банктің меншікті капиталынан әрбірінің мөлшері 10 пайыздан асатын бір заемшыға банк тәуекелдерінің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталынан бес есе астамнан аспауы тиіс.
36. Банктiң заемшыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгi жалпы көлемi осы Нұсқаулықпен белгiленген шектеулер шегiнде болса, бірақ соңынан соңғы үш ай iшiнде банктiң меншiктi капиталының деңгейi бес проценттен артық төмендеуiне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай iшiнде заемшыға қойылатын талаптар он процент деп көрсетiлген теңгенiң шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктiң заемшыға қоятын талаптарының өсуiне байланысты бір заемшыға деген тәуекел нормативiнiң барынша жоғары мөлшерi орындалды деп есептеледi.
Аталған жағдайларда банк шектеулерден асып кету фактiсi туралы уәкiлеттi органды дереу хабардар етедi және ағымдағы және одан кейiнгі айларда шектен асып кетудi жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзiмде жойылмаған болса, онда бір заемшының барынша жоғары тәуекел мөлшерiнiң нормативi шегiнен асып кету осы аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы деп қарастырылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
37. Егер банк заемшысы жағдай пайда болған сәтте банкпен айырықша қатынасы бар тұлға болмай, соңынан ондай болып табылған жағдайда, осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екiншi абзацында белгіленгендей, осы заемшының аталған шектен асып кеткен тәуекел мөлшерi мына талаптарға сәйкес келсе, тәртiп бұзу ретiнде қарастырылмайды:
банк осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосымша қамтамасыз етудi ұсыну жөніндегі заемшының қабiлеттiлiгiн растай отырып, осы шектен асып кету туралы немесе норматив мөлшерiн сақтау үшiн қажеттi мөлшерге дейiнгi банк талап етулерінiң бөлiгiн орындайтындығы және уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде осы тәртiп бұзуды жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдағандығы туралы уәкiлеттi органды дереу хабарландырған жағдайда;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеуге және оларға қарсы провизияларды құруға қойылатын талаптарға сәйкес заемшының қаржылық жағдайы қанағаттанарлықтан төмен емес деп бағаланады.
38. Осы Нұсқаулықтың 37-тармағының шарттары сондай-ақ мына жағдайларда, егер заемшылар мiндеттемелер пайда болған сәтте бір заемшы ретiнде қаралмай, соңынан солай болған жағдайларда қолданылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен 4-тарау жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Өтiмдiлiк коэффициентi
2008.29.12. № 233 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
39. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:
банктің ағымдағы өтімділік коэффициентімен;
к4-1, к4-2 және к4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерімен;
к4-4, к4-5 және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерімен.
k4 - 0,3;
Мерзімді өтімділік пен мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің барынша төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
К4-1 - 1;
К4-2 - 0,9;
К4-3 - 0,8;
К4-4 - 1;
К4-5 - 0,9;
К4-6 - 0,8.
2008.29.12. № 233 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен 40 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 сәуірде қолданысқа енгізіледі)
40. Банктің k4 ағымдағы өтімділік коэффициенті банктің орташа айлық жоғары өтімді активтерінің есептелген сыйақыны ескергендегі талап етуге дейінгі міндеттемелердің орта айлық мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі.
Ағымдағы өтімділік коэффициентін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшеріне барлық талап етуге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер, банктерден алынған, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» зайымдары мен банпен бір түнге тартылған салымдар және кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен мерзімді шартсыз міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін, тазартылған құнды металдарды қоспағанда бантердің мерзімді және шартты депозиттері кіргізіледі.
к4-1 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-2 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-3 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
(к4) ағымдағы өтімділік коэффициентін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшерінен және жоғары өтімді активтердің мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.
41. k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне шетел валютасындағы жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
42. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жиынтықта шетел валюталары және «Еуро» бойынша есептеледі, оларда алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.
Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, онда алдыңғы есептік айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.
43. Жоғары өтiмдi активтер есебiне мыналар енгiзiледi:
1) қолма-қол ақша;
2) тазартылған қымбат металдар;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 233 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;
4) Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердегi талап ету бойынша салымдар;
5) ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 233 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының банктерінде және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008 ж. 28 сәуірдегі№ 58 қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4717 тіркелген) қаулысымен (бұдан әрі - № 128 қаулы) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттік бағалы қағаздары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 233 Қаулысымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) № 128 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен талап етілетін барынша төмен рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 233 Қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен 9) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара)
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі 7 күнге дейінгі өтеу мерзімі бар мерзімді депозиттер;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен тармақ 10) тармақшамен толықтырылды
10) Standard&Poor's рейтинг агенттігінің «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент банктерге және Қазақстан Республикасының резиденті еместерге берілген «овернайт» заемдары.
Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар, банк оларды кері сатып алу шарттарымен сатқан немесе кепiлге берген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше ауыртпашылық түскен бағалы қағаздарды қоспағанда, жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.
44. Өтімді активтер есебіне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) сәйкес арнайы қалыптасқан провизияларды, оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген, заңды тұлға немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды алып тастап, жоғары өтімді активтерді қоса, барлық қаржылық активтер енгізіледі. Заемдар заем шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша енгізіледі.
Жоғары өтімді активтерді есептеуге енгізілмейтін осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылады деген шартпен өтімді активтер есебіне кіреді.
Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізгенде, өтегенге дейін бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылатын міндеттемелердің өтеуге дейінгі мерзімі алынады.
44-1. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есепті жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер енгізіледі.
Талап ету бойынша міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» заемдар және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
44-2. Өтімділік коэффициенттерін есептегенде жоғары өтімді активтерді қоса, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықтар, әділ құнды оң/теріс түзетудің шоттары енгізіледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45. ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45-1. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының төлем және ақшаны аударым жасау туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактілері болған жағдайда, орташа айлық негiзде анықталатын өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қатыссыз өтiмдiлiк нормативтерi орындалмаған деп есептеледi.