Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген ведомстволық
бағыныстағы ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1352 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып анықталсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1352 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 9-80, 9-81, 9-82, 9-83, 9-84, 9-85-жолдармен толықтырылсын:
«9-80. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Алматы қаласы;
9-81. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Алматы қаласы;
9-82. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Алматы қаласы;
9-83. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті;
9-84. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті;
9-85. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Астана қаласы».
2. «Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 48, 450-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың тізбесінде:
«Қазақ мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Сот медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Ақмола филиалы» деген жолдағы «мемлекеттік мекемесінің» деген сөздер «республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің клиникалық базалары» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы» деген жолдағы «мемлекеттік мекемесінің» деген сөздер «республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің клиникалық базалары» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Сот медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Семей филиалы» деген жолдағы «мемлекеттік мекемесінің» деген сөздер «республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің клиникалық базалары» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Ақтөбе филиалы» деген жолдағы «мемлекеттік мекемесінің» деген сөздер «республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 39-4, 39-5, 39-6, 39-7, 39-8, 39-9-жолдармен толықтырылсын:
«39-4. Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы
39-5. Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь
39-6. «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы
39-7. Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы
39-8. «Қарағай» республикалық оңалту орталығы
39-9. Сот медицинасы орталығы»;
«Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірлері 51, 53, 54, 58, 60, 62-жолдар алынып тасталсын.
4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 257-1-4, 257-1-5, 257-1-6, 257-1-7, 257-1-8, 257-1-9-жолдармен толықтырылсын:
«257-1-4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
257-1-5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
257-1-6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
257-1-7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
257-1-8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағай» республикалық оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
257-1-9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
5. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
13-бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолда 3-бағандағы «13 439» деген сандар «10 308» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда 3-бағандағы «6732» деген сандар «3601» деген сандармен ауыстырылсын;
«Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь - 167»,
«Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы - 221»,
«Сот медицинасы орталығы - 1708»,
«Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы - 690»,
«Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы - 135»,
«Қарағай» республикалық оңалту орталығы» - 210» деген жолдар алынып тасталсын.