әлемдік өндірушінің сәйкестендіру кодын (WMI) беру туралы құжат (Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған автокөлік құралдары үшін);
автокөлік құралының таңбасын сипаттау;
тексерулер мен қорытынды сынақтардың көлемі мен мерзімділігін, тексерілетін үлгілердің санын, сондай-ақ тексеру жүргізілетін орындарды көрсете отырып, сериялы шығарылатын өнімнің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігіне бақылау жүргізу жоспары.
Өнімді дайындаушы болып табылмайтын өтініш иесі сонымен қатар:
сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге өтініш иесінің өкілеттіктерін;
ұсынылатын өнімнің осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді дайындаушының өзіне қабылдауын;
Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарына сатудан кейін кепілдік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі дайындаушының міндеттемелері растайтын дайындаушының сертификация жөніндегі органға хатын ұсынады.
2. Ұсынылған құжаттарды, сәйкестікті растау жөніндегі орган өтінім бойынша қабылдаған шешімнің негізінде жүргізілген сәйкестікті растау бойынша сынақ нәтижелерін талдау, сондай-ақ өндірістің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган жекелеген қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті растау туралы құжаттарды ресімдейді;
Сәйкестікті растау жөніндегі орган «көлік құралының типін мақұлдауды» ресімдейді.
3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың ұсыным хаты бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «көлік құралының типін мақұлдау» тіркеледі және оның құжаттарының тізілімі жүргізіледі. Тіркелгеннен кейін «көлік құралының типін мақұлдау» өтініш иесіне беріледі.
«Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» техникалық регламентіне
7-қосымша
Еуропа Одағы елдерінде көлік құралдарына қатысты қолданылатын
Еуропалық Одақ (ЕО) директиваларының тізбесі және олардың
БҰҰ ЕЭК ережелеріне баламалылығы жөніндегі мәліметтер
№ | Реттеу мәні | ЕО директи- васының нөмірі | БҰҰ ЕЭК балама ереже- лерінің нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сыртқы шу деңгейі | 70/157/ЕЕС | 51-02 59-00 |
2. | Сыртқы ауаны ластайтын шығарындылар | 70/220/ЕЕС | 83-03 103-00 |
3. | Отын бактары және артқы қорғаныш қондырғылары | 70/221/ЕЕС | 58-00 34-02 |
4. | Рульдік басқару/руль дөңгелегіне күш салу | 70/311/ЕЕС | 79-01 |
5. | Есіктің құлыптары және ілмектері | 70/387/ЕЕС | 11-02 |
6. | Дыбыс сигналдары | 70/388/ЕЕС | 28-00 |
7. | Артқа шолу | 71/127/ЕЕС | 46-01 |
8. | Тежеу қасиеттері | 71/320/ЕЕС | 13-09 13Н-00 90-01 |
9. | Радиоқабылдауға кедергілерді басу/ электромагнитті үйлесімділік | 72/245/ЕЕС | 10-02 |
10. | Дизельдердің түтінділігі | 72/306/ЕЕС | 24-03 |
11. | Ішкі жабдықтың жарақаттау қауіпсіздігі | 74/60/ЕЕС | 21-01 |
12. | Айдап әкетуге қарсы қондырғылар және иммобилайзерлер | 74/61/ЕЕС | 18-02 97-00 |
13. | Рульдік басқарудың жарақаттау қауіпсіздігі | 74/297/ЕЕС | 12-03 |
14. | Орындықтардың беріктігі | 74/408/ЕЕС | 17-06 80-01 |
15. | Сыртқы шығыңқылардың жарақаттау қауіпсіздігі | 74/483/ЕЕС | 26-02 |
16. | Спидометрлер | 75/443/ЕЕС | 39-00 |
17. | Қауіпсіздік белдіктерін бекіту орындары | 76/115/ЕЕС | 14-04 |
18. | Жарық техникалық қондырғыларын орнату | 76/756/ЕЕС | 48-01 |
19. | Жарық қайтарғыштар | 76/757/ЕЕС | 3-02 |
20. | Алдыңғы, артқы және бүйірдегі габаритті оттар, тежеу сигналдары, күндізгі жүріс оттары | 76/758/ЕЕС | 7-02 87-00 91-00 |
21. | Бұрылуды көрсеткіштер | 76/759/ЕЕС | 6-01 |
22. | Артқы тіркеу белгісін жарықтандыру фонарьлары | 76/760/ЕЕС | 4-00 |
23. | Шамдар | 76/761/ЕЕС | 1-01 5-02 8-04 20-02 31-02 37-03 98-00 99-00 |
24. | Тұманға қарсы алдыңғы шамдар | 76/762/ЕЕС | 19-02 |
25. | Тұманға қарсы артқы шамдар | 77/538/ЕЕС | 38-00 |
26. | Артқы жүріс шамдары | 77/539/ЕЕС | 23-00 |
27. | Тұру оттары | 77/540/ЕЕС | 77-00 |
28. | Қауіпсіздік белдіктері | 77/541/ЕЕС | 16-04 44-03 |
29. | Бас сүйеуіштер | 78/932/ЕЕС | 25-04 |
30. | СО2 шығарындылары/ Отынның жұмсалуы | 80/1268/ЕЕС | 101-00 |
31. | Қозғалтқыш қуаты | 80/1269/ЕЕС | 85-00 |
32. | Дизельдердің шығарындылары | 88/77/ЕЕС | 49-02 |
33. | Бүйірден қорғау | 89/297/ЕЕС | 73-00 |
34. | Қауіпсіз әйнектеу | 92/22/ЕЕС | 43-00 |
35. | Шиналар | 92/23/ЕЕС | 30-02 54-00 64-00 |
36. | Жылдамдықты шектеуіштер | 92/24/ЕЕС | 89-00 |
37. | Автобустар | 2001/85/ЕС | 36-03 52-01 66-00 |
38. | Фронтальды соққы кезінде жүргізуші мен жолаушыларды қорғау | 96/79/ЕС | 94-00 |
39. | Бүйірден соққан кезде жүргізуші мен жолаушыларды қорғау | 96/27/ЕС | 95-00 |
40. | Алдыңғы қорғаныш | 2000/40/ЕС | 93-00 |
41. | Тіркелу қондырғылары | 94/20/ЕС | 55-01 |
42. | Сыртқы шығыңқылардың жарақаттау қауіпсіздігі | 92/114/ЕЕС | 61-00 |
Ескертпе:
редакцияда, «БҰҰ ЕЭК балама ережелерінің нөмірі» бағанында көрсетілген түзетулер серияларынан бастап БҰҰ ЕЭК ережесі тиісті ЕО директиваларына балама болып табылады.