24) автокөлік құралдарының ішкі жабдықтарының және басқару органдарының орналасуына (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 21; 35; 121);
25) жолаушылар автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасында қабылданған жол қозғалысы жағдайлары кезіндегі қауіпсіздігіне қатысты қосымша ұйғарымдардың үлкен сыйымдылығын орындауына;
26) қоңыржай-суық климат жағдайларында пайдалануға арналған автокөлік құралдарының ауа температурасы төмен жағдайларда пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты қосымша ұйғарымдарды орындауына;
27) автокөлік құралдары конструкциясының және ол жасалған материалдардың тиімді және экологиялық қауіпсіз пайдаға асырылуын қамтамасыз ету қабілетіне;
28) автокөлік құралдарын эксплуатациялау материалдары ретінде озонды бұзатын заттарды қолдануды болдырмауға;
29) автокөлік құралдарының конструкциясында пайдаланылатын материалдардың санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне қатысты белгіленеді.
6. Пайдалану қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Автокөлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі автокөлік құралдарын мерзімді техникалық байқаудан өткізу және автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуге уәкілетті лауазымды адамдардың тікелей жолдар мен көшелерде тексеру жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Мерзімді техникалық байқаулар мынадай жалпы қағидаттарды сақтай отырып жүргізілуі тиіс:
техникалық байқау көлік құралының ешқандай бөлігін бөлшектемей және алмай жүргізілуі тиіс;
бақылау-диагностикалау жабдығы мен өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берілген Өлшеу құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілуі, өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификаттары және тексеру туралы белгіленген құжаттары болуы тиіс;
техникалық байқау шектеулі уақыт шегінде жүргізілу керек. Техникалық байқау жүргізу үшін қажетті нақты уақыт тексерістен өтіп жатқан көлік құралының санаты мен жай-күйіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ 30 минуттан аспау керек.
Автокөлік құралдарын мерзімді техникалық байқау визуалды түрде, автокөлік құралы құрамдас бөліктерінің әрекеті мен жұмыс істеуін көру, сондай-ақ құрамдас бөліктерді аспапты бақылау құралдары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Мерзімді техникалық байқау бағдарламасы жиынтығына қатысты тексеруден; пайдалану қауіпсіздігінің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын параметрлердің шекті мәндерін; жекелеген құрамдас бөліктердің тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етілген шектеулерді; жұмыс қабілеттілігі көрсеткіштерінің шекті ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлік құралдарының конструкцияларын өзгертудің рұқсат етілген шегін шектеуді; оның ішінде:
1) тежеуді басқаруды:
жұмыс тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;
қосымша тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;
тұрақта тұру тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;
қосалқы тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын;
блоктауға қарсы тежеу жүйесінің жұмыс істеуін;
2) рульді басқаруды:
руль тетігінің және оны бекітетін картердің, руль приводының, руль дөңгелегінің және руль колонкасының механикалық жай-күйі мен жұмыс істеуін;
жалпы люфті;
дөңгелектерді орнату бұрыштарын реттеу;
3) көру:
көру аясы;
әйнектердің жай-күйі;
артқы көру айнасы және аспаптар;
әйнек тазалағыштар;
әйнек жуғыштар;
4) сыртқы жарық аспаптарының, шашыратқыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстері, көру бұрыштары, жай-күйі, жұмыс істеуі және сипаттамалары:
фаралар;
алдыңғы және артқы габариттік оттары, бүйір сигналдық шамдары;
тежеу сигналдары;
бұрылу көрсеткіштері;
алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;
артқа жүру шамдары;
артқы нөмірлік белгіні жарықтандыру кіші лампалары;
жарық шашыратқыштар, бүйірлік шашыратқыштар, артқы тану белгілері;
бақылау сигналдары;
сүйреуіш пен тіркеменің немесе жартылай тіркеменің арасындағы электр қосылғыштар;
электр сымдары; міндетті емес оттар;
аккумуляторлар;
5) осьтер, дөңгелектер, шиналар мен аспалар:
осьтердің механикалық жай-күйі;
дөңгелектер мен шиналардың өлшемі, сипаттамалары және тозуы;
аспа элементтерінің және оларды бекіткіштердің (рессорлар, амортизаторлар, түтіктер, беруші айналмалы моменттің, итергіш штангалар мен аспа тетіктерінің, сондай-ақ шарнирлік элементтердің) механикалық жай-күйі;
6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекіту элементтерінің:
түтін түтіктері мен тұншықтырғыштардың;
автокөлік құралының салоны мен кабинасында зиянды заттар құрамының;
отын багы мен түтіктердің (жылытуға және түтіктерге арналған отын багын қоса алғанда);
бамперлердің, бүйірлік қорғану және артқы сырғанауға қарсы құрылғының;
қосалқы дөңгелектің кронштейндерінің;
тіркеу құрылғысының;
трансмиссиялардың;
қуат агрегатын бекіткіштің;
аудару тетігінің;
кабина немесе шанақ қондырғыларының;
есіктер және есік құлыптарының;
еденнің;
жүргізуші мен жолаушылар орындықтарының;
басқару органдарының;
кабина мен шанақ басқыштарының;
өзге де ішкі және сыртқы фитингілердің;
шашыратқыштардың (қанаттардың), шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйі мен жұмыс істеуі;
7) өзге де жабдықтың:
қауіпсіздік белдіктерінің, балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекіту орындарының;
өрт сөндіру құралдарының;
құлыптар мен айдап әкетуге қарсы құрылғылардың;
апаттық тоқтау белгілерінің;
алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының;
дөңгелектердің астына салынатын сырғанауға қарсы тіреуіштердің;
дыбыстық сигнализация жүйесінің;
спидометрдің;
тахографтың;
жылдамдықты шектеуге арналған құрылғының бар-жоғы, жай-күйі және жұмыс істеуі;
8) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар:
шу;
пайдаланылған газдар;
радиокедергілер деңгейі;
сұйықтықтардың ағуы;
9) М2 және М3 санатындағы автокөлік құралдарына қойылатын қосымша талаптар:
есіктер мен апаттық шығулардың;
терлеуге және мұздануға қарсы құрылғылардың;
желдету жүйесінің;
орындықтардың;
ішкі жарық құрылғылары және бағытты көрсететін тақтайшалардың;
түрегеп тұратын жолаушыларға арналған өтпелердің, жолдың, орындардың;
тұтқыштардың;
баспалдақтар мен басқыштардың;
жүргізушінің жолаушылармен байланыс жүйесінің;
жазулардың;
жүріп-тұруға қабілеті шектеулі жолаушыларды тасымалдауға қатысты М2 және М3 санатындағы автокөлік құралдарының конструкциясы және қосымша жабдығы;
арнайы жабдықты тексеруден тұрады.
Автокөлік құралдарын пайдалануға дайындау кезіндегі жұмыстарды жүргізу процестері қолданыстағы заңдарда және техникалық регламенттерде белгіленген биологиялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, машиналар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану және кәдеге жарату, ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану және оларға жақын аумақты қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес келу керек.
Автокөлік құралдарын өткізу кезінде жұмыстарды жүргізу процестеріне сату алдындағы дайындық жөніндегі автокөлік құралдарын дайындаушының нұсқаулықтарға жазылған техникалық әсерлер кіруі тиіс.
Автокөлік құралдарын техникалық байқау шеңберінде бақылау-диагностикалық жұмыстарды жүргізу процесіне осы Техникалық регламентте белгіленген осы санаттағы автокөлік құралдарына қойылатын барлық талаптарды бақылау кіруі тиіс.
Автокөлік құралдары техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу аяқталғаннан кейін пайдалану қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу процесіне:
автокөлік құралдарының, оның құрауыштарының, жүйелерінің ақаусыз жай-күйін автокөлік құралы иесінің өтініміне сәйкес қалпына келтіру жөніндегі қажетті техникалық әсер ету;
жалпы автокөлік құралдарына немесе оны құрамдас бөліктері мен жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу жүргізгеннен кейін автокөлік құралдарының ақаусыз жай-күйін қалпына келтіру бойынша жүргізілген техникалық әсер етулердің номенклатурасына қарай автокөлік құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бақылау кіруі тиіс.
Автокөлік құралдарының және оның құрамдас бөліктерінің ақаусыз жай-күйін қалпына келтіру бойынша техникалық әсер ету автокөлік құралдарын дайындаушылар әзірлеген нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүргізілуі тиіс.
Автокөлік құралдарын өткізу және техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу кезінде жұмыстар жүргізу процесін жүзеге асыруда:
сәйкес келуін құжаттық растауы бар қосалқы бөлшектер мен материалдар;
техникалық реттеу және өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келетін мамандандырылған жабдық (бақылау-диагностикалық жабдық, көлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін техникалық диагностикалау құралдары) қолданылуы тиіс.
Мамандандырылған жабдықтың сипаттамасы олар үшін осы жабдық қолданылатын автокөлік құралдарының немесе олардың құрамдас бөліктерінің типіне, салмақ және габариттік параметрлеріне сәйкес болуы тиіс.
Осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарға автокөлік құралдарының сәйкес келуін бақылау үшін қолданылатын мамандандырылған жабдық қажетті дәлдікпен белгілі бір диапазонда автокөлік құралдарының қажетті параметрлерін өлшеуге мүмкіндік беруі тиіс.
7. Автокөлік құралдарын сақтау процесіне қойылатын талаптар:
1) қауіпті жүктерді, улайтын немесе улы заттарды автомобильмен тасымалдауға арналған және сол үшін пайдаланылатын мамандандырылған автокөлік құралдары олар үшін арнайы бөлінген алаңдарда басқа автокөлік құралдарынан бөлек сақталуы тиіс;
2) автокөлік құралдарын сақтау орындарына орналастыру олардың және ғимараттар мен имараттардың элементтері арасындағы ара-қашықтық қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетіндей және олардың еркін шығуын қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Сақтау аймағында автокөлік құралдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге және техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ сүрту және пайдалану материалдарын сақтауға жол берілмейді;
3) сұйықтандырылған мұнай газымен жұмыс істейтін газбаллонды автокөлік құралдарын сақтау өртке қарсы сигнализациямен және өртке қарсы бекеттермен жабдықталған ашық алаңшаларда жүзеге асырылуы тиіс. Газбаллонды автокөлік құралдарын сақтауға арналған алаңшаларды конструкциясы оларда орнатылған газ баллондарын қызу мүмкіндігін болдырмайтын жылыту жүйесімен жабдықтауға рұқсат етіледі;
4) сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін газ баллонды автокөлік құралдарын сақтау ашық тұрақтарда да, сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін көлік құралдарын пайдаланатын кәсіпорындарға арналған өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, жабық үй-жайларда да жүзеге асырылуы мүмкін;
5) автокөлік құралдарын сақтау инфрақұрылымдарының объектілері қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
8. Автокөлік құралдарын пайдаланудан шығару және кәдеге жарату
1) автокөлік құралдарын пайдалану аяқталғаннан кейін кәдеге жарату тәртібі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс;
2) кәдеге жаратылатын автокөлік құралдарының қайта қолдану үшін пайдаланылатын құрамдас бөліктері пайдалану қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі тиіс;
3) кәдеге жарату жөніндегі кәсіпорындар кәдеге жаратылған автокөлік құралдарының меншік иелеріне немесе олардың уәкілетті өкілдеріне кәдеге жарату туралы анықтама береді.
9. Автокөлік құралдарын маркалау кезінде қойылатын талаптар
1) дайындалған және бұрын пайдалануда болмаған әрбір көлік құралына мемлекеттік және орыс тілдерінде басып шығарылған мыналар қоса берілуі тиіс:
дайындаушының кепілдік міндеттемелері және автокөлік құралын пайдаланудың кепілді мерзімі ішінде оны пайдаланушы сақтауға міндетті ережелер;
пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды сипаттауды қамтитын пайдалану бойынша нұсқаулық (басшылық). Пайдалану бойынша нұсқаулықтың (басшылықтың) мазмұнына қойылатын талаптар осы техникалық регламентке 4-қосымшада келтіріледі;
автокөлік құралын пайдалану процесінде ауыстыратын оның кәдеге жаратылатын пайдалану материалдары мен құрамдас бөліктері бойынша мәліметтерді қамтитын құжат;
2) әрбір автокөлік құралына (шасси) көлік құралының бірегей сәйкестендіру VIN нөмірі берілуі тиіс;
3) әрбір автокөлік құралында оқу үшін қолайлы жерде орналасқан және арнайы құралды қолданбай алынбайтын, мемлекеттік, орыс және (немесе) ағылшын тілінде кемінде мынадай:
дайындаушының атауы;
көлік құралының сәйкестендіру VIN нөмірі;
автокөлік құралының рұқсат етілген ең жоғары салмағы;
егер автокөлік құралы тіркемені (жартылай тіркемені) сүйреп тарту үшін пайдаланылуы мүмкін болса, автопоездың рұқсат етілген ең жоғары салмағы;
алдыңғы осінен бастап автокөлік құралының әрбір осіне келетін рұқсат етілген ең жоғары салмағы;
отыру-тіркеу құрылымына (бар болса) келетін рұқсат етілген ең жоғары салмағы туралы ақпаратты қамтитын дайындаушының тақтайшасы болуы тиіс.
Дайындаушының тақтайшасын конструкциялық орындауға қойылатын талаптар осы Техникалық регламентке 5-қосымшада келтіріледі.
Егер дайындаушының тақтайшасындағы ақпарат ағылшын тілінде берілсе, оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (басшылықта) келтірілуі тиіс.
Сонымен қатар дайындаушының тақтайшасында мына ақпарат болмаса, ол қосымша тақтайшаларда (жапсырмаларда) орналасады:
дайындалған жылы немесе модельдік жылы;
экологиялық кезең;
тасымалданатын жолаушылардың рұқсат етілген ең көп саны (осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес М2 және М3 санатындағы автокөлік құралдары үшін);
4) автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне әсер ететін олардың конструкциялық ерекшеліктері туралы тұтынушыларды ескерту немесе ақпараттандыру мақсатында автокөлік құралының сыртқы немесе ішкі жағына дайындаушы жазған ағылшын тіліндегі мәтін мемлекеттік және орыс тілдеріне қайталанған болуы тиіс;
5) автокөлік құралдары борттық электрондық автокөлік құралын сәйкестендіру жүйесімен жабдықталған жағдайда ол дайындаушының тақтайшасы деректерінің, автокөлік құралының жиынтығы, автокөлік құралын пайдалану қауіпсіздігі параметрлерінің шекті мәндері және оларды тексеру режімі туралы мәліметтердің көрінуін қамтамасыз етуі тиіс;
6) ауыстыратын (қосалқы) бөлшектер ретінде жеткізілетін автокөлік құралдары құрамдас бөліктерінің таңбасында дайындаушының атауы немесе сауда белгісі болуы керек;
7) техникалық регламент талаптарына сәйкес келуі белгіленген тәртіппен бекітілген автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктері осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына автокөлік құралдарының сәйкес келуін растайтын сәйкестік белгісімен маркаланады.
Автокөлік құралдарын маркалау кезінде сәйкестік белгісі дайындаушының тақтайшасында немесе жеке тақтайшада {жапсырмада) орналасады. Сәйкестік белгісінің астында автокөлік құралына ресімделген «көлік құралының типін мақұлдау» немесе «шасси типін мақұлдау» нөмір көрсетіледі.
Тақтайшалардың орналасу орны «көлік құралының типін мақұлдауда» («шасси типін мақұлдауда») көрсетіледі.
Құрамдас бөліктерді маркалау кезінде сәйкестік белгісі өнім бірлігіне және/немесе затбелгіге, сондай-ақ орамаға және ілеспе техникалық құжаттамаға тікелей жазылады.
Маркалау айқын көрінуін қамтамасыз ететін және өшірілуін болдырмайтын кез келген қолайлы тәсілмен жүзеге асырылады.
3. Сәйкестік презумпциясы
10. Егер осы автокөлік құралына, сондай-ақ оның әрбір құрауышына қатысты осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына олардың әрбір сипаттамасы мен конструкциялық қасиеттері осындай талаптарға сәйкес келетінін анықталса, автокөлік құралы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.
Автокөлік құралын айналымға шығару олардың конструкциялық қауіпсіздігіне қатысты техникалық регламентте белгіленген барлық талаптарға олар сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады. «Көлік құралының типін мақұлдаудың» («көлік құралының шассиі типін мақұлдаудың»), сәйкестік туралы сертификаттың немесе декларацияның тіркелген күні айналымға шығару күні болып есептеледі.
Осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарын көлік құралдарының қанағаттандыратын шарты осы Техникалық регламентпен үйлестірілген стандарттарды қолдану болып табылады.
4. Сәйкестікті растау
11. Автокөлік құралын айналымға шығару кезінде олардың типінің Техникалық регламент талаптарына сәйкес келуін бағалау
1) бұрын пайдалануда болмаған автокөлік құралы типінің оны айналымға шығару кезінде техникалық регламенттің белгіленген талаптарына сәйкестігін растау типті мақұлдау рәсімін орындау арқылы жүзеге асырылады;
2) типті мақұлдау рәсімінің құрамдас бөлігі болып табылатын автокөлік құралы (шасси) типінің немесе автокөлік құралы (шасси) құрамдас бөліктері типінің қасиеттері мен сипаттамаларының сәйкестігін растау сәйкестікті міндетті растау немесе сәйкестікті декларациялау нысанында жүзеге асырылады.
«Көлік құралының типін мақұлдау» үлгі рәсімі осы Техникалық регламентке 6-қосымшада баяндалған.
3) автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерінің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін жалпы растаған жағдайда оған:
өнім үлгілерін сәйкестендіру;
ең нашар жағдайларда (күтілетін қауіпсіздіктің ең төмен көрсеткіштеріне ие нұсқалар мен болжамдарда) көлік құралының (құрамдас бөліктің) типі үшін репрезентативті болып табылатын өнімнің үлгілерінде қауіпсіздік талаптарын орындауды тексеру;
барлық сериялы шығарылатын өнім қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз ету бөлігінде репрезентативтік үлгілерге қарағанда төмен емес көрсеткіштерге ие екенін растау кіреді.
4) көлік құралының типін білдіретін үлгінің Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдеме материалдар ретінде:
аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізген көлік құралдарын сертификациялық сынау хаттамалары және осы сынақтардың нәтижелері бойынша ресімделген сәйкестік сертификаттары;
оларға қатысты қауіпсіздік талаптары белгіленген көлік құралдарының құрамдас бөліктеріне сәйкестік сертификаттары;
осы Техникалық регламенттің 11-тармағының 5) тармақшасына сәйкес балама дәлелдеме материалдар қаралады.
Басқа көлік құралдарының базасында немесе шассиінде дайындалған көлік құралдарының сәйкестігін бағалау кезінде сондай-ақ тиісінше базалық көлік құралына немесе шассиге ресімделген «көлік құралының типін мақұлдау» немесе «шасси типін мақұлдау» дәлелдеме материал болып табылады.
5) Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау мақсаттары үшін балама дәлелдеме материалдар ретінде сондай-ақ:
1958 жылғы Женева Келісіміне қатысушы елдердің Әкімшілік органы берген БҰҰ БЭК Ережесіне қатысты типті ресми бекіту туралы хабарлама;
БҰҰ БЭК Ережесіне эквивалентті сәйкес келетін Еуропалық одақтың Директивасына сәйкестік сертификаты;
1958 жылғы Женева Келісімі шеңберінде аккредиттелген шетелдік сынақ зертханалары жүргізген сынақ хаттамалары танылады;
БҰҰ БЭК Ережесінің және Еуропалық Одақтың тиісті Директиваларының эквиваленттігі осы техникалық регламентке 7-қосымшада белгіленеді.
Балама дәлелдеме материалдарды қарау нәтижелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган осы Техникалық регламенттің талаптарына ұлттық сәйкестік сертификатын ресімдейді.
Жалпы көлік құралының типіне не болмаса оның жекелеген модификацияларына қатысты балама дәлелдеме материалдарды пайдалану үшін негіздер жеткіліксіз болған жағдайда жетпейтін дәлелдеме материалдар алу мақсатында қосымша сынақтар жүргізілуі тиіс. Көрсетілген ереже сондай-ақ көлік құралдарының құрамдас бөліктеріне қатысты қолданылады.
6) Техникалық регламент талаптарына сәйкестікті куәландыратын құжаттар және оларды пайдалану:
«Көлік құралының типін мақұлдау» («шасси типін мақұлдау») сәйкестікті растау кезінде автокөлік құралының БҰҰ БЭК Ережесін қоса алғанда, осы Техникалық регламентте белгіленген нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының тізбесіне сәйкестігін куәландырады. «Көлік құралының типін мақұлдаудың» («шасси типін мақұлдаудың») болуы автокөлік құралын айналымға шығару және оны жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органдарда тіркеу арқылы жол қозғалысына қатысуға жіберу үшін қажетті талап болып табылады. «Көлік құралының типін мақұлдау» нөмірі Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі анықталған типке жататын әрбір автокөлік құралының көлік құралын тіркеу туралы куәлігіне енгізіледі;
Көлік құралын тіркеу туралы куәлікке «көлік құралының типін мақұлдаудағы» автокөлік құралын қолдануда шектеу бойынша барлық ерекше белгілер, сондай-ақ белгілі бір экологиялық типке сәйкестігі туралы мәліметтер енгізіледі.
«Көлік құралының типін мақұлдау» автокөлік құралының осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін куәландыруы және барлық жекелеген сипаттамалары мен конструкциялық қасиеттері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;
Автокөлік құралының әрбір жекелеген сипаттамасының және конструкциялық қасиеттерінің, сондай-ақ құрамдас бөлік типінің оларға қатысты Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкестігі, сәйкестікті растаудың белгіленген нысанына қарай:
сәйкестік сертификатымен;
сәйкестігі туралы декларациямен;
көлік құралы конструкциясының типі бойынша ресми бекітуге қатысты хабарламамен (1958 жылғы Женева Келісімі шеңберінде БҰҰ БЭК ережесі бойынша сертификациялаған жағдайда) расталады;
«Көлік құралының типін мақұлдауда» («шасси типін мақұлдауда») оның әрекет етуінің аяқталу мерзімі көрсетілген жағдайда осы құжат оның әрекет ету кезеңінде дайындалған автокөлік құралдарына (шасси, құрамдас бөліктері) ғана қолданылады;
«Көлік құралының типін мақұлдау» («шасси типін мақұлдау», сәйкестік сертификаты) автокөлік құралдарының (шасси, құрауыштар) партиясына құжаттың әрекет ету мерзімі көрсетілмей ресімделген жағдайда оның әрекеті тек осы партияға ғана қолданылады.
12. Жеке автокөлік құралдарын айналымға шығару кезінде және автокөлік құралдарының конструкцияларына өзгерістер енгізгеннен кейін олардың Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау
1) дайындалуы аяқталған жеке автокөлік құралдарын айналымға шығару кезінде және автокөлік құралдарының конструкцияларына өзгерістер енгізгеннен кейін олардың Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау оны міндетті сертификациялау немесе сәйкестігін декларациялау нысанында сәйкестендіргеннен кейін әрбір автокөлік құралына қатысты жеке жүзеге асырылады;
2) өтініш иесінің сәйкестігі оның өтінімі бойынша расталған сол типке жататын автокөлік құралының сәйкестігін бағалауға өтінім беруіне 12 айдан кейін рұқсат етіледі;
3) дайындалуы аяқталмаған жеке автокөлік құралдары сәйкестігін бағалауға жатпайды;
4) сәйкестігін бағалау көлік құралының нақты данасына қатысты жүргізіледі;
5) жеке көлік құралының сәйкестігі бағаланған жағдайда осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдеме материалдар ретінде:
сәйкестігін растау жөніндегі орган немесе осыған аккредиттелген өзге ұйым жүргізген конструкцияны сараптау хаттамасы;
сәйкестігін растау жөніндегі орган берген сол типтегі немесе сол типтің шассиінде дайындалған автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасында бұрын жүргізілген сәйкестігін растау рәсімінің нәтижелері туралы анықтама;
аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізген сынақ хаттамалары қаралуы мүмкін;
6) құрамдас бөлік типін білдіретін үлгінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдеме материалдар ретінде:
аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізген сынақ хаттамалары;
осы Техникалық регламенттің 11-тармағының 5) тармақшасына сәйкес балама дәлелдеме материалдар қаралуы мүмкін;
дәлелдеме материалдарды дайындау мақсатында өтініш иелері кез-келген аккредиттелген сынақ зертханаларына өтініш беруге құқылы.
7) Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар және оларды пайдалану:
жеке автокөлік құралдарының осындай автокөлік құралдарына қатысты белгіленген Техникалық регламент талаптарына сәйкестігі сәйкестікті растау туралы құжаттармен - сәйкестік туралы сертификаттармен және декларациялармен расталады;