Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 552 және
2009 жылғы 10 наурыздағы № 275 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 1123 Қаулысы
(2010.14.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 552 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 258-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі; |
Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Школьник Владимир Сергеевич, Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы шығарылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 308 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі | К. Мәсімов |