Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 552 және 2009 жылғы 10 наурыздағы № 275 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 1123 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 552 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 258-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі; |
Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Школьник Владимир Сергеевич, Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы шығарылсын;
2) «Дағдарысқа қарсы кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 275 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарысқа қарсы кеңестің құрамына:
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша) енгізілсін; |
мына:
«Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі»; |
көрсетілген құрамнан Школьник Владимир Сергеевич шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі | К. Мәсімов |