Қазіргі заманғы білім берудің, кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың нақты экономикалық жағдайларға барабар бәсекеге қабілеттілік жүйесін дамыту үшін білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделін енгізу және білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
2008-2010 жылдары мыналар көзделеді:
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында
балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту деңгейін ұлғайту;
жалпы орта білім беру саласында - 12 жылдық жалпы орта білім беруге кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру;
үш ауысымда оқытуды жою;
Қазақстанның салыстырмалы халықаралық зерттеулерге қатысуын қамтамасыз ету;
педагогтарды, оның ішінде 12 жылдық білім беру жүйесі үшін қайта даярлау жөніндегі жұмысты жалғастыру;
отандық, оның ішінде электрондық оқулықтарды әзірлеу мен енгізу, білім беру процесіне ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды, оның ішінде оқу телевизиясын енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерін физика, химия және биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен одан әрі жарақтандыру.
кәсіптік жоғары білім беру саласында
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді үш сатылы: бакалавриат - магистратура - докторантура моделіне ауыстыруды жүзеге асыру;
техникалық білім беруді дамытуға ден қоя отырып, жоғары оқу орындары желісін оңтайландыруды жүргізу;
жоғары оқу орындарын аккредиттеудің халықаралық моделіне көшуді жүзеге асыру;
көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын бақылау жүйесін құру;
мамандық пен жоғары оқу орнының мәртебесіне қарай мемлекеттік білім гранттарын саралауды міндетті түрде енгізе отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырудың жаңа қағидатын енгізу;
«Болашақ» халықаралық стипендиясының шеңберінде азаматтарды әлемнің үздік жоғары оқу орындарында оқыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.
кәсібилігі жоғары жұмыс күшін даярлау саласында:
кәсіптік білім беру жүйесін ұлттық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес келтіруге мүмкіндік беретін өзара іс-қимыл жасаудың «мемлекет - оқу орындары - жұмыс берушілер» жаңа моделін құруға;
техникалық және кәсіптік білім берудің білім бағдарламаларын жоғары білім беру бағдарламаларымен үйлестіруді жүргізу;
экономиканың жекелеген салалары бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнінде өңірлік кәсіптік орталықтар құру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру көзделеді.
Іс-шараларды іске асыру нәтижесінде:
2009 жылға қарай кемінде 50 мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары жетілдіріледі және үйлестірілетін болады;
мектепке дейінгі ұйымдардың балаларды қамтуы кемінде 30 %-ды,
мектеп алдындағы даярлық 80%-ды құрайды;
республикада үш жылдың ішінде 228 мектеп салынатын болады;
жылына кемінде 31 мың педагог қайта даярлаудан өтеді;
2008 жылға қарай мектеп оқушыларының компьютерлермен қамтамасыз етілуі 20 оқушыға кемінде 1 компьютерден келетін арақатынасты құрайды;
2008 жылы 4 және 9-сынып оқушыларының кемінде 50 %-ы аралық мемлекеттік бақылаумен қамтылатын болады;
2009 жылға қарай экономиканың жекелеген салалары бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі 2 өңіраралық кәсіптік орталық құрылатын болады, сондай-ақ тағы да осындай 2 орталық құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады;
республиканың жоғары оқу орындарына шетелдік оқытушылар мен консультанттарды тарту жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады;
2009 жылы 10 білім беру бағдарламасы халықаралық аккредиттеуден өтеді және кемінде 5 жоғары оқу орны халықаралық аккредиттеуге қатысу рәсімдерін бастайды;
жоғары және жоғары кәсіптік білім беру оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде шет елдегі ең үздік оқу орындарына жыл сайын 3 мың қазақстандық азамат жіберіліп отырады.
3.2.5. 5-шара. Мәдениет және спортты дамыту
Мәдениетті дамыту
Мақсаты - мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу жағдайын қалыптастыру, ұлттың тұтастығы, орнықтылығы және серпінді дамуының негізі ретіндегі рухани-адамгершілік әлеуетін іске асыру.
Міндеттері:
елдің мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік тілдің ролін нығайту және басқа да тілдерді дамыту;
ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттігін арттыру;
үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің әріптестік тетігін жетілдіру;
ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, ішкі саяси тұрақтылықты арттыру.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу жолы
Елдің мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету міндеті бойынша мыналарға бағытталған кешенді шаралар іске асырылады:
елдің тарихи-мәдени мұраларының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
халықтың қалың бұқарасының тарихи-мәдени мұраларға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
әлемдік мәдени кеңістікке одан әрі кірігу және елімізде және шет елдерде отандық мәдениет пен өнерді танымалы ету;
әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару арқылы халықтың рухани-білім деңгейін арттыру.
Мемлекеттік тілдің ролін нығайту міндеті бойынша мынадай шаралар қабылданатын болады:
озық әдістерді пайдалану арқылы мемлекеттік тілге үйрету тиімділігін арттыру;
мемлекеттік тілді пайдалану саласын кеңейту;
орыс тілінің жалпы мәдени іс-әрекетін сақтау және ағылшын тілін енгізу.
Ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттігін арттыру міндеті бойынша мынадай шаралар кешені іске асырылады:
мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының сапасы мен көрсететін қызметтерінің мәнін жақсарту;
мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын кезең-кезеңімен жаңғырту.
Мемлекеттің және үкіметтік емес ұйымдардың әріптестік тетіктерін жетілдіру міндеті бойынша:
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру практикасын жалғастыру;
үкіметтік емес ұйымдардың диалогты тетіктерді одан әрі нығайтуы және дамытуы үшін жағдай жасау;
азаматтық қоғам институттарын дамытудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша шаралар қабылдау.
Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту міндеті бойынша қазақстандық патриотизм идеяларын насихаттау негізінде этникааралық келісімді одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Болжанатын нәтижелер:
Нәтижесінде 2010 жылға қарай халықты мәдениет саласындағы қызметтермен қамтамасыз етудің орнықты жұмыс істейтін және тұрақты дамып отыратын заманауи жүйесі қалыптасатын болады.
Тарихи-мәдени мұралардың жаңғыртылған ескерткіштерінің саны едәуір ұлғаятын болады.
Мемлекеттік тілді меңгермеген мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге үйретуге 100 %-бен қамту қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарымен ұсынылатын қызметтің сапасы артады.
Спорт пен дене тәрбиесінің дамуы
Мақсаты - халық денсаулығын нығайту және халықаралық спорт аренасында қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін дене тәрбиесі мен спорттың тиімді жүйесін құру.
Міндеттері:
салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бұқаралық спортты дамыту;
спорт резервін, халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру және жоғарғы жетістіктер спорты үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымдар құру;
жоғары жетістіктердегі дене шынықтыру мен спортты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
Алға қойылған мақсаттарға жету және міндеттерді шешу жолдары:
Жалпы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі және спортты дамытудың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурызда № 209 қаулысымен бекітілген 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының іске асырылуы қамтамасыз етіледі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бұқаралық спортты дамыту міндеттері бойынша мынадай іс-шаралар өткізіледі:
әсіресе ауылдық жерлердегі балалар мен жасөпірімдердің спорт мектептерінің, жеткіншектер клубының, дене тәрбиесі даярлығының балалар мен жасөспірімдер клубының желілерін дамыту жөніндегі жұмыстар жалғастырылады;
аудан мен қалаларда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу;
дене шынықтыру және спорт құралдарымен салауатты өмір салтын енгізуді жандандыру;
спорттың ұлттық түрлерін одан әрі дамыту.
Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру және жоғары жетістіктер спортының инфрақұрылымдарын дамыту міндеттері бойынша мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
спорт күнтізбесінде жоспарланған республикалық іс-шараларды өткізуді және құрама командалардың және әлем, Азия, олимпиадалық және Азия ойындары чемпионаттарын қоса алғанда, халықаралық жарыстардағы еліміздің күшті спортшыларының басқа да ресми және іріктелген халықаралық спорт жарыстарына қатысуларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
2011 жылы Алматы қаласында 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізу үшін объектілердің құрылысын қамтамасыз ету;
Болжанған нәтижелер:
Аталған шаралардың нәтижесінде 2010 жылға қарай халықтың дене тәрбиесінің тиімді жүйесі құрылады, материалдық-техникалық базасы нығаяды, халықтың, спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілу деңгейі едәуір артады.
Республика халқының дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылданушыларының саны 16,3% дейін өседі.
Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері ұлғаяды, олардың ішінде, шұғылданушылардың саны 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жеткіншектердің жалпы санынан 8,5 % дейін өседі.
Әлем, Азия чемпионаттарын, Азия, Әлем кубоктарын, Азия, азиялық және Олимпиада ойындарын қоса алғанда, ірі халықаралық жарыстарға спортшылардың даярлығы мен қатысуы қамтамасыз етіледі.
3.2.6. 6-шара. Халықтың әл-ауқатын арттыру
Мақсаты - жұмыспен тиімді қамтуды қамтамасыз ету, кедейшілік деңгейін төмендету, Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру.
Көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу алда тұр:
ана мен баланы әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту;
нарықтық қағидаттарға негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде көзқарасты жетілдіру;
сапалы әлеуметтік қызметтер көрсету арқылы мүгедектерді қолдау;
ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасын есептеу әдістемесін одан әрі жетілдіру;
өнімді және тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету арқылы еңбек нарығында белсенді саясат жүргізу, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс күшінің сапасын арттыру;
жұмыспен қамту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
бюджет саласындағы қызметкерлердің еңбек ақы жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.
Міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар:
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу әдістемесін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.
2007 жылы Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды лицензиялау ережесі айқындалатын болады.
Халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған 2008 - 2010 жылдарға арналған шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру.
2007 жылы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Үкіметтің қаулысы әзірленетін болады.
2008 жылы:
атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді күшейту, аз қамтылған азаматтарды қайта оқытуға, жаңа мамандық алуға ынталандыруға ықпал ететін тетіктерді әзірлеу бөлігінде «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
«Әлеуметтік қызметтер туралы» заң жобалары әзірленетін болады.
Лайықты еңбек мүмкіндіктерін кеңейту, икемді еңбек нарығын арттыру мақсатында:
өңірлік орталықтарда өндірісті оңтайлы орналастыру, салалардың кластерлік дамуы, экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту негізінде жұмыс орындарын құруды;
кәсіби оқыту, жұмыс берушілердің персоналды ішкі өндірістік оқытуды, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруда қатысуын ынталандыру арқылы жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік деңгейін арттыруды;
тұрмысы төмен халықтың жұмыссыз бөлігі арасында, оларды жұмысқа орналастыру арқылы жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын пайдалануды;
еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың икемді жүйесін құру;
жергілікті мамандарды кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға айрықша ден қоя отырып, шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру жөніндегі саясатты жүргізу;
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жағдайында ішкі еңбек нарығын қорғауға және Қазақстан мен Орталық Азия өңірі елдерінің арасында білікті жұмыс күшінің басқарылатын қозғалысына бағытталған тетіктерді қалыптастыруды көздейтін жүйелі шаралар қабылданатын болады;
мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды жетілдіру жөнінде жұмыстар жалғастырылатын болады.
2008-2010 жылдары, оның ішінде 2008 жылы күтілетін нәтижелер:
Қабылданатын шаралар нәтижесінде бала туу деңгейінің артуы, атаулы әлеуметтік көмекті, оған шын мәнінде мұқтаж аз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсету, еңбекке қабілетті жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, табысы кедейлік шегінен төмен азаматтардың үлесін қысқарту, мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсетудің стандарттары жүйесін, оларды халықаралық стандарттар мен нормативтерге жақындата отырып, одан әрі жетілдіру, еңбекақы деңгейін арттыру күтіледі.
Табысы кедейлік шегінен төмен азаматтардың үлесін 2008 жылы халықтың жалпы санынан 1,8 %-ға дейін, 2009 жылы 1,7 %-ға дейін, 2010 жылы 1,6 %-ға дейін төмендету күтіледі.
Базалық зейнетақы мөлшері 35 %-ға және шамамен жарты миллион зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері арттырылатын болады.
Халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтылуы ұлғаятын болады.
3.2.7. 7-шара. Халықтың тұрғын үй алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету
Мақсаты - халықтың қалың бұқарасының тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу.
Міндеттері:
тұрғын үйдің толыққанды теңгерімді нарығын құру;
жеке инвестицияларды тұрғын үй құрылысына тарту және жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру;
құрылыс индустриясының тиімді нарығын қалыптастыру;
халықтың қалың бұқарасы үшін ипотекалық кредиттің қол жетімділігін және тұрғын үй құрылыс жинақтарын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
2008 - 2010 жылдардың ішінде жалпы ауданы шамамен 26,1 млн. шаршы метр тұрғын үй салынатын болады, бұл ретте, коммерциялық тұрғын үйдің үлесі тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен 21 %-ға дейін төмендейді.
Салынатын тұрғын үйлердің жалпы көлемі 2008 жылы 8,2 млн. шаршы метрді, 2009 жылы 8,6 млн. шаршы метрді, 2010 жылы 9,3 млн. шаршы метрді құрайды.
2008-2010 жылдары шамамен 236 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Әкімшіліктерде кезекте тұрған 6400 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Бюджет саласының қызметкерлері үшін Астана қаласында 10 мың пәтер және Алматы қаласы мен облыстарда білім беру мен денсаулық сақтау қызметкерлері үшін 7300 пәтер салынатын болады.
Тұрғын үй салынатын аудандар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен қамтамасыз етіледі.
120 мыңнан астам адамға жаңа жұмыс орны жасалады, құрылыс қызметі бойынша салық салу базасы ұлғайтылатын болады.
Қалалардың және өзге де елді мекендердің сәулет кескіні жақсартылатын болады.
Құрылыс материалдары өнеркәсібінің, электротехникалық, металлургиялық және химиялық өнеркәсіптердің өнімдерін, сондай-ақ жаңа тұрғын үйді жарақтандыру заттарын шығаруды ұлғайту есебінен аралас салаларда мультипликативті тиімділік күтілуде.
3.2.8. 8-шара. Әлеуметтік-экономикалық дамуға жас азаматтарды белсенді тарту
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жас азаматтарды белсенді тарту мақсатында:
жастар үшін әлеуметтік қызмет көрсетудің өлшемдері мен индикаторлары әзірленеді, содан кейін жастар саясатын іске асыру саласындағы стандарттар әзірленетін болады;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастардың экономикалық бастамалары іске асырылатын болады;
әрбір облыстарда жастарға арналған әлеуметтік қызметтердің жұмыс істеуі одан әрі қамтамасыз етіледі.
Жастардың экономикалық бастамаларын іске асыру мақсатында «Жасыл Ел» ұлттық жобасын іске асыру жалғасады және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жастарды тартуға бағытталған жаңа жобалар әзірленеді.
Күтілетін нәтижелер:
2009 жылы жастарға әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай стандарты бекітілетін болады.
2009 жылы әрбір облыста облыс деңгейінде екіден, аудан көлемінде бірден кем емес әлеуметтік қызметтер жұмыс істейді.
Жыл сайын әрбір өңірде кемінде бір жастар бизнес жобасы іске асырылады.
Жастар ұйымдарының 60 % кем емес қызметтері жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталады.
3.2.9. 9-шара. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету
2008-2010 жылдары гендерлік дамудың негізгі мақсаттары қоғам өмірінің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарды іске асыруға бағытталған негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымда № 600 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру бойынша 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру;
отбасы жағдайын, некеге тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін зерделеу;
гендерлік мәселелер бойынша халықты ақпараттық ағарту;
гендерлік теңдікке қол жеткізу шаралары мен тетіктерін әзірлеу.
Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтуды одан әрі дамытуға ықпал ететін іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Қаржы ресурстарын алуда кәсіпкер әйелдердің қол жетімділігін кеңейту жөніндегі ұсыныстар әзірленетін болады.
Әйелдердің зорлық-зомбылықтан қорғалуға құқықтарының тұрақты мониторингі жүргізілетін болады.
Дағдарыс орталықтарының қызметін, сенім телефондарын зорлық-зомбылықтан құрбандарына арналған паналар мен баспаналауды дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.
3.2.10. 10-шара. Экология және табиғатты пайдалануды дамыту
Экологияны дамыту
Мақсаты - халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту, қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның орнықты дамуына көшу негіздерін құру.
Міндеттері:
қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту және табиғатты қорғау және оны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.
2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар.
Қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру саласында экологиялық заңнаманы жүйелендіруге және оның қолданылуын арттыруға бағытталған, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық заңнаманың осы заманғы талаптарына жауап беретін экологиялық заңнаманы одан әрі реформалау жалғастырылатын болады.
2008-2010 жылдары шөлейттенген жерлерді оңалтуға, биоәралуандықты сақтауға, биоқауіпсіздік жүйесін құруға, орнықты органикалық ластағыштарды түгендеуге және жоюға, парник газдарының шығарындыларын азайтуға, өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жаратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғастырылады.
Екі жақты және көп жақты келісімдерге, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциялары мен қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы жаһандық халықаралық форумдардың шешімдеріне сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау жөнінде шаралар қабылданады.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан бекіткен табиғатты қорғау конвенцияларын іске асырудың неғұрлым сапалы деңгейіне өту жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы әзірленетін болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығымен бекітілген 2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын (бұдан әрі - Орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 111-1 қаулысымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған екінші кезеңін іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде орта мерзімді кезеңде халықаралық стандарттарға сәйкес экологиялық орнықты қоғам негіздерін құру көзделеді.
Бұдан басқа:
Астана қаласында сияқты энергия және ресурс жинақтау және энергияның жаңартылған көздерін қолданудағы халықаралық тәжірибені тарату жөніндегі солярлық орталық (Германиядағы осыған ұқсас орталықтың үлгісі бойынша);
Астана қаласында Еуразия су орталығы құрылады.
Сондай-ақ 2010 жылға дейін:
қалдықтарды орналастыру полигондарында жиналған құнды материалдарды қалпына келтіру және пайдалану бағдарламасы;
өз көрсеткіштері бойынша отандық, сондай-ақ шетелдік ұқсастырылған озық технологияларды «серпінді» санатына жатқызу өлшемдері;
қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен болатын халық денсаулығына келетін зиянды айқындау және зиянның өтемақысын төлеудің әдістемелік тәсілдері;
Қазақстан Республикасының өңірлерінде қоршаған ортаның жай-күйінің индикаторлар жүйесі;
олардың орнықты молықтырылуын қамтамасыз ететін жаңғыртылатын биологиялық ресурстарды пайдаланудың ғылыми қағидаттары және технологиялары;
биологиялық әралуандықты сақтаудың тиімді әдістері әзірленетін болады;
Шаруашылық және өзге де қызметтердің қоршаған ортаға әсерін төмендету және табиғатты қорғауды қалпына келтіру мақсатында «2024 жылға дейін орнықты даму мақсатында Қазақстан Республикасының энергиясы мен жаңартылатын ресурстарын тиімді пайдалану» стратегиясы әзірленетін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 316 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005 - 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын орындау жалғастырылатын болады.
2008-2010 жылдары орнықты дамудың серпінді технологиялары бойынша тұрақты қолданыстағы көрмелерді ұйымдастыру жоспарланып отыр.
«Балқаш-Алакөл бассейнін орнықты дамытуды қамтамасыз етуге және осы өңір тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған су-экологиялық проблемаларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурызындағы № 163 қаулысымен бекітілген «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады.
Экологиялық сақтандыру және аудит, экологиялық білім беру дамытылады, экологиялық таңбалау және табиғатты қорғау қызметі мен оның өлшемдері ұғымы енгізіледі.
Жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа және шешімдер қабылдауға қол жетімділігі кеңейеді.
2008 жылға арналған іс-шаралар
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасына орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған өзгертулерді енгізу қажеттілігі тұрғысында талдау жүргізіледі;
көмірсутек ресурстарын өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды мейлінше қатаң экологиялық стандарттарға сәйкестікке сертификаттау туралы ереже;
өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жүйелері;
Бурабай кентінде Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі инновациялық жобаларды жинақтауға арналған орталық және Орнықты даму проблемалары орталығын құру тұжырымдамасы;
бассейн қағидаты негізінде халықаралық қатысумен орнықты дамудың трансшекаралық аймағын құру тұжырымдамасы әзірленетін болады.