Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын
іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 316 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Жоспар да белгіленген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына бір рет 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылына бір рет 10 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 сәуірдегі
№ 316 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орында- луына жауаптылар | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Заңнаманы экологияландыру |
1. | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы талдауды, жүйелендіруді және жетілдіруді жүргізу және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу | Қазақстан Республика- сының Үкіметіне ақпарат | Қоршаған- ортамині (жинақ- тау), басқа мүдделі мемлекет- тік органдар | Жыл сайын 10 ақпан, 2008 жылдан бастап |
Қоғамды экологияландыру |
2. | Ақпараттандырудың түрлі нысандарын пайдалану және Қоғамдық бірлестік- тер мен үкіметтік емес ұйымдар арқылы жұртшы- лықтың өткізілетін табиғат қорғау іс-шара- ларына қатысуын арттыру | Қоршаған- ортаминіне ақпарат | МАМ (жинақ- тау), облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкімдік- тері | Жыл сайын 20 қаңтар, 2008 жылдан бастап |
3. | Табиғатпен үйлесімдікте салауатты өмір салтын енгізу жөнінде шаралар қабылдау | Қоршаған- ортаминіне ақпарат | ТСМ (жинақ- тау), ДСМ, облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкімдік- тері | Жыл сайын 20 қаңтар, 2008 жылдан бастап |
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту |
4 | Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық табиғат қорғау шарттары мен келісімдерінің (конвенцияларының) орындалуына талдау жүргізу және оларды практикада іске асыруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республика- сының Үкіметіне ақпарат | Қоршаған- ортамині | Жыл сайын 10 ақпан, 2008 жылдан бастап |
5 | Қазақстанның қабылдауы үшін орынды үлкен қашықтықта ауаны трансшекаралық ластау туралы конвенцияға хаттамалар тізбесін айқындау | Қазақстан Республика- сының Үкіметіне ұсыныстар | Қоршаған- ортамині | 2008 жылғы 10 ақпан |
Жаһандық экологиялық проблемалар |
6. | Қызған газдар шығарын- дыларын қысқарту жөнін- дегі Қазақстан Республикасының әлеуетін бағалау | Қазақстан Республика- сының Үкіметіне есеп | Қоршаған- ортамині (жинақ- тау), ЭМРМ, ИСМ, АШМ, облыстар- дың, Астана, Алматы қалалары- ның әкімдік- тері | 2008 жылғы 10 ақпан |
7. | Экологиялық жүйелердің орнықты жұмыс істеуі үшін биоәртүрліліктің жай-күйін бағалауды жүргізу | Қазақстан Республика- сының Үкіметіне ақпарат | АШМ, (жинақ- тау), Қоршаған- ортамині | Жыл сайын 10 ақпан, 2008 жылдан бастап |
8. | Біріккен Ұлттар Ұйымының Биоәртүрлілік жөніндегі конвенциясына Биоқауіпсіздік жөнін- дегі Картахена хаттама- сына Қазақстанның қатысуы жөнінде іс-шаралар жүргізу | Қазақстан Республика- сының Үкіметіне қаулысының жобасы | АШМ, (жинақ- тау), Қоршаған- ортамині, СІМ | 2007 жылғы ІІІ тоқсан |
Жергілікті экологиялық проблемалар |
9. | Қазақстан Республика- сының аумағындағы радиациялық жағдайдың жай-күйін бағалау және энергетикалық кешендер- дің экологиялық қауіп- сіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу | Қазақстан Республика- сының Үкіметіне ақпарат | Қоршаған- ортамині (жинақ- тау), ЭМРМ, БҒМ, ДСМ | 2008 жылғы 10 ақпан |
10. | Қалдықтарды есепке алу және басқаруды бақылау жүйесін және қалдықтар- ды өңдеу мен қайталама пайдалану жөніндегі модельдік бағдарламаны ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республика- сының Үкіметіне ұсыныстар | Қоршаған- ортамині | 2009 жылғы IV тоқсан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»19 сәуірдегі
№ 315 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 74-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 492 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 258-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 436 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 177-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қаңтардағы № 41 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 14-құжат).