ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 25-1 тармақпен толықтырылды
25-1. Бөлшектелген көлiк құралдары, өнеркәсiптiк және өзге жабдық, құрылысы аяқталмаған объектiлер не мәнi жағынан ұқсас басқа мүлiк қосалқы бөлшектер немесе қара және түсті металдардың сынықтары ретiнде бағаланады және сатылады.
ҚР Үкіметінің 2004.10.11. № 1178 қаулысымен 25-2 тармақпен толықтырылды
25-2. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) тұрғын үйлер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына енгізіледі. Бұл жағдайда, оларды одан әрі пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен реттеледі.
ҚР Үкіметінің 2008.29.05 ж. № 511 қаулысымен 25-3-тармақпен толықтырылды
25-3. Жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүлік республикалық меншік объектілерін басқару саласындағы мемлекеттік органның (бұдан әрі - арнайы орган) шешімімен мемлекеттік меншікке өтеусіз қабылдануы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.29.05 ж. № 511 қаулысымен 25-4-тармақпен толықтырылды
25-4. Мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі мәселесін қарау кезінде негізгі өлшемдер мыналар болып табылады:
1) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың экономикалық орындылығы;
2) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейінгі мақсаты мен пайдалану.
ҚР Үкіметінің 2008.29.05 ж. № 511 қаулысымен 25-5-тармақпен толықтырылды
25-5. Мүлікті мемлекеттік меншікке өтеусіз беру кезінде уәкілетті орган мен арнайы орган арасында қабылдап алу-беру актісін (беру актісін) ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада қабылдап алу-беру актісі (беру актісі) жасалады.
Арнайы орган мемлекеттік меншікке өтеусіз берілген мүлікті есепке алуды жүргізеді.
5. Қорытынды ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1329 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
26. Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті сатқаннан кейін ақша, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бес жұмыс күні ішінде бюджетке аударылуы тиіс.
27. Мүлiктi есепке алумен, бағалаумен, сақтаумен, салып жiберумен, сатуларды ұйымдастырумен және одан әрi пайдалану жөніндегі өзге де шығындармен байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
28. Тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазынаны тауып алғаны үшiн сыйақыны төлеудi уәкiлеттi орган заңнамада айқындалған тәртiппен республикалық бюджет қаражатынан жүргiзедi.
29. Сот оның негiзiнде Мүлiк мемлекет меншiгiне түскен актiнi жойған (тиiстi бөлiкке өзгерістер енгiзген) жағдайда уәкілеттi орган Мүлiктi заттай қайтаруды жүргiзедi. Егер Мүлiктi уәкілеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен сатқан жағдайда, оны сатудан алынған қаражат шегiнде оның құнының орнын толтыруды жүргiзедi.
30. Осы Ережеде көзделген тәртiппен уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкілеттi орган алған Мүлiктi ұйымдарға немесе жекелеген адамдарға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.
31. Уәкілеттi органның және коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары осы Ереженiң қағидаларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершiлiкте болады.
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1329 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-қосымша өзгертілді
Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру
АКТIСI
200 __ ж. "___"________________ ________________________
(жасалған күнi) (акті жасалған жерi)
Мына құрамдағы комиссия:
Уәкiлеттi орган өкiлi (коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(уәкiлетті органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi
органның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_______________________________________________________________________
(жауапты қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
___________________________________________________________________ өкiлi
(мүлiктi өткізушi ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_______________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
___________________________________________________________________ өкiлi
(мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_______________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
__________________________________________________________ баға берушiсi
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы, лицензияның күнi
және нөмiрi)
_______________________________________________________________________
(мүлiк бағалауды жүзеге асырушының аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы,
лицензияның күнi және нөмiрi)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы "___"___________ № ____
қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне
айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi
пайдалану ережесi негiзiнде
_______________________________________________________________________
(мүлiктiң бұрынғы иесінің аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы немесе ұйымның
атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
иелiгiне жататын ______________________________________________________
(соттың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, сот шешiмiнiң
нөмiрi, күнi)
сот актілерінiң негiзiнде тәркiленген (оның iшiнде заттай дәлелдер) немесе
_______________________________________________________________________
(соттың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)
иесiз деп танылған немесе _____________________________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе
_______________________________________________________________________
мүлiкті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)
мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен мүлiктiң _____________________________
_______________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе мүлiкті берген тұлғаның
аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)
оның iшiнде жүк кеден декларациясына сәйкес "тауарды мемлекет пайдасына
беруден бас тарту" кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк
құралдары, сыйлықтар
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(кеден органының атауы, мекен-жайы, СТН-ы, ЖКД күнi және нөмiрi)
немесе ________________________________________________________________
(нотариустың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi)
нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекет меншiгiне
өткен деп танылған, сондай-ақ _________________________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе
_______________________________________________________________________
мүлікті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)
құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекеттік меншiк құқығы туындағанын
растайтын өзге де құжаттардың негiзіндегі өзге де мүлiк
Мүлiктi тiзімдеу және бағалау
P/c № | Әрбiр заттың жан-жақты сипаттамасымен мүлiктiң атауы | | Саны | Мүлiктi қабылдау кезiнде бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге* | Бар- лық сома- сы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 7 |
| Жиыны | | | | |
Жиыны (жазумен): _________________________________
Бюджетке аударуға жататын жиыны __________________
Осы акт ____ данада жасалды.
Комиссия мүшелерi: ______________ _____________________
(қолы) (аты-жөнi)
______________ _____________________
(қолы) (аты-жөні)
______________ _____________________
(баға бepyшi- (аты-жөні)
сарапшының қолы және мөрi)
______ ж. "___"_________ Иесiнiң қолы __________________
Осы актіде көрсетiлген Mүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым.
Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылуы, жасырылуы, жоғалуы, ауысуы немесе
бүлiнуi үшiн ҚР ҚК 357-бабы бойынша қылмыстық және материалдық
жауапкершiлiк туралы ескертiлдi
_______ ж. "___"_________ __________________
(қолы)
________________________________________________________________________
(ұйымның атауы, СТН-ы, мекен-жайы немесе мүлiкті қабылдаған
адамның аты-жөнi)
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
─────────────────────────
* Бұл бағам егер мүлiкті уәкiлетті органға (коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті органға) берушi ұйым алдын-ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.
2-қосымша
200__ жылға арналған __________________ уәкiлетті орган (коммуналдық
меншіктi басқаруға уәкiлеттi орган) есепке алуға қабылдаған мүлiктi
тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерінiң
ЕСЕПКЕ АЛУ КIТАБЫ
Р/с № | Жазба жүргі- зілген күн | Мүлікті тiзiмдеу, бағалау, қабылдау- беру ак- тiсiнiң нөмiрi және күні | Жазба жүргізудің негіздемесі (құжаттың атауы, нөмірі және күні) | Бұрынғы иесінің атауы немесе өтініш берушінің аты-жөні | Мүліктің атауы (санаты) | Мүліктің бастапқы бағасы, теңге | Мүліктің қайта бағалаудан кейінгі құны | Мүлiктердi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау- беру актiсi кiмге және қашан жiберiлдi | Мүлік үшін түпкілікті есеп айырысу күні | Бюджетке түскен нақты сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1. 2. ... | | | | | | | | | | |
Ескерту: 8-баған қайта бағалау жүргiзiлген жағдайда толтырылады.
3-қосымша
2000 жылғы "___"___________________
мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi бойынша
есепке алуға қабылданған мүлiктің
№ ___ түгендеу кәртешкесi
Сауда немесе басқа ұйымның толық атауы
______________________________________________
СТН __________________________________________
Ұйымның мекен-жайы ___________________________
Телефоны ____________ Есеп-шоты ______________
Банктiң атауы ________________________________
(теңгемен)
| Операция мен құжаттардың атауы | Мүлікті тізімдеу, бағалау, қабылдау- беру актісі бойынша құны | Мүлікті қайта бағалау |
| Опера- цияны жасау | Бағалауға дейінгі сомасы (+) | Арзандатыл- ған сомасы (-) |
| | | | | |
таблицаның жалғасы:
Қайта бағалаудан кейінгі бағасы | Сатылғаны | Қалғаны | Бюджетпен түпкілікті есеп айырысу | |
Төлем құжатының күні мен нөмірі | Сомасы | Төлеуге | | |
Төлем құжатының күні мен нөмірі | Бюджетке түскен сомасы | |
| | | | | | | |
Ескерту: түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбында мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ мүлiктi беру уақыты көрсетiлетiн нұсқау болуға тиiс. Көрсетiлген түгендеу кәртешкесiне мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсiнiң нөмiрiне сәйкес нөмiр берiледi.