“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі
№ 833 қаулысына толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1178 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Комиссия белгіленген ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлік осы Ережеде анықталған тәртіппен жойылады.";
мынадай мазмұндағы 25-2-тармақпен толықтырылсын:
"25-2. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына енгізіледі. Бұл жағдайда, оларды одан әрі пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен реттеледі.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |