Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен)
мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың
кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 шілдедегі
N 833 қаулысы (ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. N 1268 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 24 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы, ерекше бөлiмдер), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiне, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет
меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және
одан әрi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. N 1268 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетi республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi туралы ережедегi:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
"20) жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады.".
4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 шілдедегі
N 833 қаулысымен
бекiтiлген
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет
меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке
алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi (бұдан әрi - Мүлiк) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкілеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Ережемен айқындалатын тәртiппен республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады:
1) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген (бұдан әрi - тәркiленген мүлiк);
2) сот актiлерiнiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне айналдырылған заттай дәлелдердi (бұдан әрi - заттай дәлелдер);
3) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазыналарды (бұдан әрi - қазыналар);
4) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелерiне түскен және арнайы мемлекеттiк қорға өтeyciз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрi - сыйлықтар);
5) белгiленген тәртiппен республика меншiгiне өтеусiз өткен, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын.
3. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдар осы Ережеде айқындалған тәртiппен коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады:
1) белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған (бұдан әрi - иесiз мүлiк);
2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, оның iшiнде қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған (бұдан әрi - мұрагерлiк мүлiк);
3) олжаларды;
4) қараусыз жануарларды;
5) белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткен;
6) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерiн.
4. Уәкiлеттi орган мен коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті органдар салық органдарына салық қызметiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде Мүлiк туралы мәлiметтердi беруге мiндеттi.
2. Мүлiктi есепке алу және сақтау
5. Мүлiктi есепке алу мынадай негiздермен жүзеге асырылады:
1) тиiстi сот актілерi;
2) мемлекеттiң мұрагерлiкке нотариус беретiн құқығы туралы куәлiк;
3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiне сәйкес мәлiмделген жүк кеден декларациясы;
4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын куәландыратын өзге де құжаттар.
Мүлiк, сонымен қатар, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда есепке қойылады.
6. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (1-қосымша) негiзiнде Мүлiк беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi - Тiзiмдеу актiсi) Тiзiмдеу актiсiнде көрсетiлген тараптардың саны бойынша санда жасалады.
7. Тiзiмдеу актiлерiн есепке алу үшiн тiзiмдеу актiлерiнiң есепке алу кiтабы (2-қосымша) жүргiзiледi. Тiзiмдеу актілерiнiң есепке алу кiтабына (бұдан әрi - Есепке алу кiтабы) Тiзiмдеу актілерi олардың түскенiне қарай тiркеледi. Есепке алу кiтабындағы Тiзiмдеу актiлерiнiң реттiк нөмiрлерi Мүлiк жазбаларының нөмiрлерiне сәйкес келуi тиiс. Есепке алу кiтабындағы жазбалар уақтылы, анық және былғанбай жүргiзiлуi тиiс. Есепке aлy кiтабы нөмiрленуi, баулануы және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның мөрiмен бекiтiлуге тиiс.
8. Тiзiмдеу актiсiн Есепке алу кiтабына енгiзгеннен кейiн әр жазбаға түгендеу кәртешкесi (3-қосымша) ашылады. Түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбы Мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ Мүлiктi беру уақыты туралы мәлiметтен тұруға тиiс. Мүлiктi сатқан кезде түгендеу кәртешкесiнде бюджетпен есеп айырысу мерзiмдерi, төлем құжатының (тарының) нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
Түгендеу кәртешкесiне Тiзiмдеме актiсiнiң нөмiрiне сәйкес келетiн нөмiр беріледi. Мүлiк бiр Тiзiмдеме актiсi бойынша бiрнеше ұйымдарға берiлген жағдайда түгендеу кәртешкелерi әр ұйымға бiр нөмiрмен жеке ашылады.
9. Уәкiлеттi орган және сот атқарушысы заңды күшiне енген мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмi мен атқарушы парақты алған күнiнен бастап 30 күн өткеннен кейiн тәркiленген мүлiктi Тiзiмдеу актiсiн жасай отырып, қабылдау-беру жүргiзуге тиiс.
Егер көрсетілген мерзiмдерде мүлiктi қабылдау-беру жүргiзілмеген жағдайда, уәкiлеттi орган он күн iшiнде атқарушы құжаттың орындалмағаны немесе уақтылы орындалмағаны бойынша сот атқарушысының iс-әрекетiне сот атқарушысы қызмет көрсететiн аудандық сотқа шағым беруге мiндеттi.
10. Мүлiктi сақтау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен белгiленетiн талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
3. Мүлiктi бағалау
11. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату үшiн бағалау (қайта бағалау) бағалау қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi. Бағалаушыны таңдау заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
12. Ақша мен төлем құжаттары баға берушiнi тартусыз атаулы құны бойынша бағаланады.
13. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды бағалау алдын ала жасалған болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау орталығы" (бұдан әрi - Орталық) филиалында тасымалдау (қайта жiберу) мақсатында жүргiзiледi.
14. Республика меншiгiне айналдырылған (түскен) Мүлiктi бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды уәкiлеттi орган жүргiзедi.
Коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) Мүлiктi бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату
15. Мүлiктi сату мынадай тәртiптi сақтай отырып жүргiзiледi:
1) сауда ұйымдары арқылы сатылады:
жарамдылық (сақталу) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;
бұрын пайдаланылған өнеркәсiптiк тауарлар (көлiк құралдарын, антикварлық бұйымдар мен тауарларды қоспағанда);
мемлекет меншiгiне жекелеген даналарда өткен тауарлар (көлiк құралдарын, антикварлық бұйымдар мен тауарларды қоспағанда);
2) өзге де Мүлiк аукциондарда сатылады.
Баға берушi белгілеген Мүлiктiң құны осы тармақтың 2) тармақшасында белгiленген тәртiппен Мүлiктi сату кезiнде бастапқы және осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген тәртiппен Мүлiктi сату кезiнде тіркелген болып табылады.
Егер Мүлiктi сатуға қойғаннан кейiн толықтай немесе iшiнара сатылмай қалса, уәкілеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган қосымша ақысыз бастапқы бағалауды жүргiзген баға берушiнi тарта отырып, қайта бағалауды жүргiзедi.
16. Тарихи, ғылыми, әдеби немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкiн Мүлiкке уәкiлеттi органның өкiлдерi мен мәдениет саласындағы мемлекеттiк органның өкiлдерi құрамына мiндеттi түрде кiретiн, уәкiлеттi орган құратын арнайы комиссия сараптама жасайды.
Тарихи, ғылыми, әдеби немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған Мүлiк мәдениет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша мұражайларға өтеусiз берiледi.
17. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар үкiмет (бюджет) резервiне кейiннен есептеу үшiн Орталыққа тапсырылады.
18. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар арнайы байланыстың жергiлiктi бөлiмдерi арқылы немесе өз күштерiмен жөнелтiлiмдерде Орталыққа жiберiледi және ағаш жәшiкте немесе iшкi тiгiсi материалмен қапталатын, сүргiштi мөр басылатын картон қорапта (құндылық сипатына қарай) қатталуы тиiс. Бағалы металдардан жасалған монеталарды тiгілуi, пломбылануы немесе мөр басылуы тиiс екi қапта (бiрiнiң iшiне бiрi салынған) қаттауға рұқсат етіледi. Жөнелтілiмдерде (немесе қапқа таңбада) бағасы, алушының және жiберушiнiң мекен-жайы көрсетiледi.
Бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды почтамен және қағаз пакеттерге салып жiберуге рұқсат етiлмейдi.
Орталыққа бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды салып жiберу Тiзiмдеме актici негiзiнде жүргiзiледi. Керi салып жiберу кезiнде бағалы металдың немесе тастың санын, салмағын, үлгiсiн, түрiн (атауын) және тиiстi уәкілеттi органның басшысы қол қоятын оның әрқайсысын толық сипаттаумен әрбiр заттың айырмашылық белгiлерiн көрсете отырып тiзiмдеме жасалады.
Тiзiмдеме үш данада жасалады, олардың: бiр данасы уәкiлеттi органда қалады, бiреуi - жөнелтiлiмге құндылықтармен бiрге салынады және бipeyi жөнелтiлiммен бiр уақытта iлеспе хатпен Орталыққа жiберiледi. Iлеспе хатта мыналар көрсетiледi: Мүлiк құндылықтың қай түрiне жатады (тәркiленген, мұрагерлiк, иесiз немесе қазына), мемлекет меншiгiне қандай негiзде өттi, құндылықтарды тәркiлеуге құжаттардың көшiрмелерi қоса берiле отырып (алып қою актiсi, сот шешiмi, сот сараптамасының актiсi және т.с.с.) ол кiмге тиесiлi (егер бұл белгілi болса).
Құндылықтарды алуды растауға Орталық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiне құндылықты жiберген жiберушiге алдын-ала қабылдау актiсiн және қабылдау мен сұрыптау актiсiн жiбередi.
Құндылықтарды қабылдау уақытында құндылықтарды жiберген уәкiлеттi органның ілеспе құжаттарының деректерiмен алшақтық табылған кезде, оған тиiстi шаралар қабылдау үшiн анықталған алшақтықтарды көрсете отырып наразылық жiберiледi.
19. Ақша түрiндегi мүлiк мемлекеттiк бюджет кiрiсiне есептеледi. Шетел валютасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы операция жасау күнi белгiленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша мемлекеттiк бюджет кiрiсiне есептеледi. Айырбасталмайтын шетел валютасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына сақтауға беріледi.
20. Мемлекет меншiгiне келiп түскен салымдар (депозиттер) сомасы бiрiншi талап бойынша олардың қайтарылуы қажеттiгiне қарамастан немесе уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның жазбаша талабы бойынша депозиторларға алдын-ала келiсiлген үстемеақымен не ондайсыз қандай-да бiр мерзiм арқылы банктер атаулы құнда толық көлемде мемлекеттiк бюджет кiрiсiне аударады.
21. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi, сондай-ақ шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық капиталдарына қатысу үлесi мемлекеттiк мүлiктi басқаруға уәкiлеттi мемлекеттiк органға беруге жатады.
22. Лотерея билеттерi бойынша ұтыс түрiндегi Мүлiктi лотерея ұйымдастырушысы болып табылатын тұлға мемлекеттiк бюджет кiрiсiне есептейдi.
Лотерея билеттерiн беру лотерея атауы, шыққан күнi, ұтыс ойынын жүргiзген органның атауы, билеттердiң сериялары, нөмiрлерi және ұтыс сомасы көрсетiлетiн тiзiмдеме актiсi бойынша жүргiзiледi.
23. Уәкілеттi органға тапсырылған сыйлықтар арнайы мемлекеттiк қорды құрайды. Арнайы мемлекеттiк қордан сату Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамасында және осы Ережеде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып белгіленген тәртiппен жүргiзiледi.
24. Сыйлықтарды тапсырған тұлға сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейiн уәкілеттi орган сыйлықты сатуды жүргiзедi.
25. Олардың сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтiн азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн, темекi өнiмдерiн және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу экономикалық жағынан тиiмдi емес тауарлардың азғантай партияларын заңнамаға сәйкес уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкілеттi орган құрған комиссия жояды. Қажет болған жағдайларда комиссия құрамына санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң қызметкерлерiн және жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да мүдделi ұйымдардың өзге де мамандарын тартуға болады.
5. Қорытынды ережелер
26. Мүлiктi сатудан түскен қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне толық көлемде есептеледi.
27. Мүлiктi есепке алумен, бағалаумен, сақтаумен, салып жiберумен, сатуларды ұйымдастырумен және одан әрi пайдалану жөнiндегi өзге де шығындармен байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
28. Тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазынаны тауып алғаны үшiн сыйақыны төлеудi уәкiлеттi орган заңнамада айқындалған тәртiппен республикалық бюджет қаражатынан жүргiзедi.
29. Сот оның негiзiнде Мүлiк мемлекет меншiгiне түскен актiнi жойған (тиiстi бөлiкке өзгерiстер енгiзген) жағдайда уәкілеттi орган Мүлiктi заттай қайтаруды жүргiзедi. Егер Мүлiктi уәкілеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен сатқан жағдайда, оны сатудан алынған қаражат шегiнде оның құнының орнын толтыруды жүргiзедi.
30. Осы Ережеде көзделген тәртiппен уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкілеттi орган алған Мүлiктi ұйымдарға немесе жекелеген адамдарға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.
31. Уәкілеттi органның және коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары осы Ереженiң қағидаларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жауапкершiлiкте болады.
1-қосымша
Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру
АКТIСI
200 __ ж. "___"________________ ________________________
(жасалған күнi) (акті жасалған жерi)
Мына құрамдағы комиссия:
Уәкiлеттi орган өкiлi (коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(уәкiлетті органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi
органның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_______________________________________________________________________
(жауапты қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
___________________________________________________________________ өкiлi
(мүлiктi өткізушi ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_______________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
___________________________________________________________________ өкiлi
(мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
_______________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және аты-жөнi)
__________________________________________________________ баға берушiсi
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы, лицензияның күнi
және нөмiрi)
_______________________________________________________________________
(мүлiк бағалауды жүзеге асырушының аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы,
лицензияның күнi және нөмiрi)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы "___"___________ N ____
қаулысымен бекiтiлген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне
айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi
пайдалану ережесi негiзiнде
_______________________________________________________________________
(мүлiктiң бұрынғы иесінің аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы немесе ұйымның
атауы, мекен-жайы, СТН-ы)
иелiгiне жататын ______________________________________________________
(соттың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, сот шешiмiнiң
нөмiрi, күнi)
сот актiлерiнiң негiзiнде тәркiленген (оның iшiнде заттай дәлелдер) немесе
_______________________________________________________________________
(соттың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)
иесiз деп танылған немесе _____________________________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе
_______________________________________________________________________
мүлiкті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)
мемлекет меншiгінe өтеусiз өткен мүлiктiң _____________________________
_______________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе мүлiкті берген тұлғаның
аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)
оның iшiнде жүк кеден декларациясына сәйкес "тауарды мемлекет пайдасына
беруден бас тарту" кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк
құралдары, сыйлықтар
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(кеден органының атауы, мекен-жайы, СТН-ы, ЖКД күнi және нөмiрi)
немесе ________________________________________________________________
(нотариустың атауы, мекен-жайы, СТН-ы, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi)
нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекет меншiгiне
өткен деп танылған, сондай-ақ _________________________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы, СТН-ы немесе
_______________________________________________________________________
мүлікті берген тұлғаның аты-жөнi, мекен-жайы, СТН-ы)
құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекеттiк меншiк құқығы туындағанын
растайтын өзге де құжаттардың негiзiндегi өзге де мүлiк
Мүлiктi тiзімдеу және бағалау
P/c N | Әрбiр заттың жан-жақты сипаттамасымен мүлiктiң атауы | | Саны | Мүлiктi қабылдау кезiнде бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге* | Баға берушiнiң бiрлiктi алғашқы бағалауы** | Бар- лық сома- сы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| Жиыны | | | | | |
Бюджетке аударуға жататын жиыны __________________
Осы акт ____ данада жасалды.
Комиссия мүшелерi: ______________ _____________________
(қолы) (аты-жөнi)
______________ _____________________
(қолы) (аты-жөні)
______________ _____________________
(баға бepyшi- (аты-жөні)
сарапшының қолы және мөрi)
______ ж. "___"_________ Иесiнiң қолы __________________
Осы актіде көрсетiлген Mүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым.
Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылуы, жасырылуы, жоғалуы, ауысуы немесе
бүлiнуi үшiн ҚР ҚК 357-бабы бойынша қылмыстық және материалдық
жауапкершiлiк туралы ескертiлдi
_______ ж. "___"_________ __________________
(қолы)
________________________________________________________________________
(ұйымның атауы, СТН-ы, мекен-жайы немесе мүлiкті қабылдаған
адамның aты-жөнi)
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
─────────────────────────
* Бұл бағам егер мүлiкті уәкiлетті органға (коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті органға) берушi ұйым алдын-ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.
** Бұл баған баға берушінiң қорытындысы негiзінде толтырылады.
2-қосымша
200__ жылға арналған __________________ уәкiлетті орган (коммуналдық
меншіктi басқаруға уәкiлеттi орган) есепке алуға қабылдаған мүлiктi
тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiлерiнiң
ЕСЕПКЕ АЛУ КIТАБЫ
Р/с N | Жазба жүргі- зілген күн | Мүлікті тiзiмдеу, бағалау, қабылдау- беру ак- тiсiнiң нөмiрi және күні | Жазба жүргізудің негіздемесі (құжаттың атауы, нөмірі және күні) | Бұрынғы иесінің атауы немесе өтініш берушінің аты-жөні | Мүліктің атауы (санаты) | Мүліктің бастапқы бағасы, теңге | Мүліктің қайта бағалаудан кейінгі құны | Мүлiктердi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау- беру актiсi кiмге және қашан жiберiлдi | Мүлік үшін түпкілікті есеп айырысу күні | Бюджетке түскен нақты сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1. 2. ... | | | | | | | | | | |
Ескерту: 8-баған қайта бағалау жүргiзiлген жағдайда толтырылады.
3-қосымша
2000 жылғы "___"___________________
мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi бойынша
есепке алуға қабылданған мүлiктің
N ___ түгендеу кәртешкесi
Сауда немесе басқа ұйымның толық атауы
______________________________________________
СТН __________________________________________
Ұйымның мекен-жайы ___________________________
Телефоны ____________ Есеп-шоты ______________
Банктiң атауы ________________________________
(теңгемен)
| Операция мен құжаттардың атауы | Мүлікті тізімдеу, бағалау, қабылдау- беру актісі бойынша құны | Мүлікті қайта бағалау |
| Опера- цияны жасау | Бағалауға дейінгі сомасы (+) | Арзандатыл- ған сомасы (-) |
| | | | | |
Қайта бағалаудан кейінгі бағасы | Сатылғаны | Қалғаны | Бюджетпен түпкілікті есеп айырысу |
Төлем құжатының күні мен нөмірі | Сомасы | Төлеуге | |
Төлем құжатының күні мен нөмірі | Бюджетке түскен сомасы |
| | | | | | |
Ескерту: түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбында мүлiктiң кiмге
берiлгенi, сондай-ақ мүлiктi беру уақыты көрсетiлетiн нұсқау болуға тиiс.
Көрсетiлген түгендеу кәртешкесiне мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және
қабылдау-беру актiсiнiң нөмiрiне сәйкес нөмiр берiледi.