Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 Қаулысы
(2014.11.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 449 Қаулысымен күші жойылды
«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 321-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы № 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 317-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.08.05. № 589 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 шілдедегі
№ 1061 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу үдерісі:
1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының жобасын әзірлеуді және оны жергілікті атқарушы органның мақұлдауын;
1-1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;
2) жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын;
3) жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуді қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі мен мерзімдеріне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.
ҚР Үкіметінің 2014.11.04. № 342 Қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы үшжылдық кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
2. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-бөлімнің атауы жаңа редакцияда
3. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттік өтінімдерді әзірлеу
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ жаңа редакцияда
10. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Нәтижелерді бағалау жүргізілген жағдайда Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.
11. ҚР Үкіметінің 2014.11.04. № 342 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлінеді.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ трансферттер төлеуге және жергілікті атқарушы органның басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
1) кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;
2) макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
ҚР Үкіметінің 2014.11.04. № 342 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері шығыстарының көлемін базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның ұсыныстары негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөледі.
Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде есептелген кезекті жоспарлы кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды көлемдерді қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары шығыстарының бекітілген көлемі негізінде айқындалады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген өңірдің даму басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып бөлінуге тиіс.
14. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, алдыңғы жоспарлы кезеңде облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.
15. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы мәслихат шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) шығыстарының түрлері бойынша есептеулер жасалмайды.
Осы бағдарламалар шығыстарының түрлері бойынша есептеулер үшінші жылға ғана жасалады.
Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы мәслихат шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгеретін болса, онда шығыстар түрлері бойынша есептер осы бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) жоспарланатын жоспарлы кезең жылдары бөлінісінде жасалады және ұсынылады.
16. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ жаңа редакцияда
17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.11.04. № 342 Қаулысымен 17-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-1. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;
2) ҚР Үкіметінің 2014.11.04. № 342 Қаулысымен алып тасталды (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім берген шығыстарды оның негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есепке облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары берген қорытындылары мен ұсынымдарын ескереді;
4) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингілеу мен бағалау нәтижелері ескеріледі;
5) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарының орындалуы және бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы ескеріледі;
6) нысаналы трансферттер бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді талдау ескеріледі, олардың шешілуіне нысаналы трансферттер бойынша келісім жобаларында көзделген нысаналы трансферттер бөлінеді.
Бюджеттік өтінімнің жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ жаңа редакцияда
18. Қайтарылған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді пысықтайды және оларды қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойынша келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына жолдайды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы 17 және 18-тармақтарда көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
ҚР Үкіметінің 2014.11.04. № 342 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде пысықталған бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
4. Мәслихаттың облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы шешімінің жобасын әзірлеу
21. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының негізінде облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей аяқталады.
22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджет комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстары негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын әзірлейді және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.
23. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 72-бабында көзделген талаптарды ескере отырып әзірленеді.
ҚР Үкіметінің 2014.11.04. № 342 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
24. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын;
2) ҚР Үкіметінің 2014.11.04. № 342 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
4) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.
5. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-бөлім атауы жаңа редакцияда
6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттік өтінімдерін әзірлеу
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.04. № 342 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
32. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Нәтижелерге бағалау жүргізілген жағдайда, аталған Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 33-тармақ өзгертілді
33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстары базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлінеді.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге және де жергілікті атқарушы органның басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға:
1) кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;
2) макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.
34. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының көлемі базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның ұсыныстары негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлінеді.
Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде есептелген кезекті жоспарлы кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды көлемдерді қоса отырып ағымдағы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары шығыстарының бекітілген көлемі негізінде анықталады.
Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген өңірдің даму басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып бөлінуге жатады.
35. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебі сияқты бұған дейінгі жоспарлы кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.
36. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бұған дейінгі жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) шығыстарының түрлері бойынша есептер жасалмайды.
Осы бағдарламалар шығыстарының түрлері бойынша есептер тек қана үшінші жылға жасалады.
Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бұған дейінгі жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгеретін болса, онда осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстар түрлері бойынша есептер жоспарланған жоспарлы кезеңнің жылдары бөлінісінде жасалады және беріледі.
37. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 38-тармақ жаңа редакцияда
38. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылында бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен 38-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.11.04. № 342 Қаулысымен 38-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
38-1. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
1) өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және оларды келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімде ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың сомаларымен салыстыру жолымен өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылу нәтижелерін, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеп соқтырған себептерді;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өтінім берген шығыстарды олардың негізділігі тұрғысынан қарау бөлігінде өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есебіне облыстардың тексеру комиссиялары берген қорытындылар мен ұсынымдарды ескереді;
3) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингілеу мен бағалау нәтижелері ескеріледі;
4) бюджеттік кредиттер бойынша кредиттік шарт талаптарын орындау және нысаналы мақсат бойынша бюджеттік кредитті пайдалану ескеріледі;
Бюджеттік өтінім оның жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1571 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 39-тармақ жаңа редакцияда
39. Қайтарылған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді пысықтайды және оларды қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойынша келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жібереді.