23-бап. Құжаттардың есепке алынуы және сақталуы
1. Астық қабылдау кәсiпорындары өздерiнiң астықпен жасаған операцияларын көрсететiн құжаттардың қатаң есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмдерi заңдармен белгiленедi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
13.10.03 ж. № 488-II ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред . қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 24-1-бап өзгертілді
24-1-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының жауапкершiлiгi
1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөніндегі, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкiн заңсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына мынадай жауапкершiлiк түрлерiнiң бiрiн қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;
2) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) осы Заңның 28-бабында белгiленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгізуге құқылы.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметтi тиiстi лицензиясыз жүргiзген жағдайда, осы операциялардан (қызметтен) түскен табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi бюджетке алынады.
3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред . қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді; 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
26-бап. Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру
Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республиккасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
27-бап. 2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару
1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында олар жөнiнде әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдықтехникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу болып табылады.
2. Уәкiлеттi органның дербес қабылдаған шешiмi бойынша не астық қолхаттарын ұстаушылардың жолданымы бойынша астық қабылдау кәсiпорны мынадай негiздемелердiң бiрi бойынша:
1) астық сақтау жөніндегі шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы;
2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астық мөлшерiнiң астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерiнен асып кетуі бойынша ғана уақытша басқаруға берiлуi мүмкiн.
3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды уақытша басқару жөніндегі комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.
4. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорнының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
5. Уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен астық қабылдау кәсiпорнына келтiрген залал үшiн уақытша басқару жөніндегі комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.
29-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгізу
1. Уәкiлеттi органның астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмi бұйрықпен ресiмделедi және онда мыналар:
1) астық қабылдау кәсiпорнының атауы, оның орналасқан жерi мен мекен-жайы;
2) уақытша басқаруды енгізу үшiн негiздеме;
3) уақытша басқарудың қолданыла бастауы және мерзiмi;
4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау мақсатында астық қабылдау кәсiпорнының қызметiне қойылатын шектеулердiң тiзбесi;
5) уақытша басқару жөніндегі комиссияның адам құрамы;
6) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару режиміндегі астық қабылдау кәсiпорнының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы жөнiнде есеп дайындап, бұл құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке табыс ету туралы және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушыларға уақытша басқарудың енгiзiлуi жөнiнде мiндеттi түрде хабарлау туралы нұсқама болуға тиiс.
2. Мүдделi тұлғалар уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмге сот тәртібімен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым жасау уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтатып қоймайды.
3. Уәкiлеттi органның уақытша басқаруды енгізу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган осы Заңның 28-бабының 4-тармағында аталған қаражат есебiнен үш жұмыс күнi iшiнде кемiнде екi газетте мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жариялайды.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
30-бап. Уақытша басқару жөніндегі комиссия
1. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уәкiлеттi органның облыстың жергілікті атқарушы органының, астық қабылдау кәсiпорнының, сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың өкілдерінен тұрады.
2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешiм қабылданғанға дейiн уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың бәрiне 3 күн мерзiмде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатураларын беру туралы ұсыныс жiбередi.
Кандидатуралар берiлмеген не беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган уақытша басқару жөніндегі комиссияны өз бетiмен құруға құқылы.
3. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретiне:
1) уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн тағайындау (босату);
2) уақытша әкiмшiлiктiң қызмет нәтижелерi туралы есебiн бекіту;
3) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылау жасау кiредi.
4. Шешiмдердi қабылдаған кезде уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкiлдердiң дауыстары проценттiк қатынаста былайша бөлiнедi:
1) астық қолхаттарын ұстаушылар - елу процент;
2) астық қабылдау кәсiпорны - жиырма бес процент;
3) уәкiлеттi орган - жиырма бес процент.
5. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның жалпы дауыстар санының кемiнде үштен екiсiн иеленетiн өкiлдер қатысқан жағдайда шешiм қабылдауға құқығы бар.
Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешiмдерi көпшiлiк дауыспен қабылданады.
6. Уақытша басқару жөніндегі комиссияны құрудың, оның қызметiн ұйымдастырудың өзге мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
31-бап. Уақытша әкiмшiлiк
1. Уақытша әкiмшiлiктi уақытша басқару жөніндегі комиссия тағайындайды.
2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару қолданылған кезеңде:
1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөніндегі барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi;
2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнің өкілеттiгi тоқтатыла тұрады;
4) уақытша әкiмшілiкке айтпай және оның жазбаша келісімiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
3. Уақытша әкiмшiлiк:
1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға;
2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға;
3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;
4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға;
5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға;
6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;
7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.
4. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
32-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау
Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшілiктiң қызметiн бақылауды уақытша басқару жөніндегі комиссия жүзеге асырады, ол:
1) уақытша әкiмшiлiкке астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңіндегі қызметтiң негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкiмшiлiктен оның қызметi және астық қабылдау кәсiпорнының қызметi туралы ақпарат берудi талап етуге;
3) уақытша әкiмшiлiктiң атқарылған жұмыс туралы есебiн тыңдап, бекітуге;
4) уақытша басқару енгiзiлген себептер жойылмаған жағдайда оның мерзiмiн ұзартуға;
5) уәкiлеттi органға уақытша басқаруды аяқтау туралы ұсыныс енгізуге құқылы.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды тоқтату
1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздемелер:
1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi;
2) уақытша басқарудың мерзiмiнен бұрын аяқталуы туралы уәкiлеттi органның шешiм қабылдауы;
3) соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша тоқтатылады.
2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату да) уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты белгiлеген барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Егер астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау қабiлетiн қалпына келтiруге жеткiзбесе, лицензиат заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылады және уәкілетті орган астық қабылдау кәсiпорнының таратылуына бастама жасай алады.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007 жылдың 9 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау
кәсіпорындарының қызметін тексеру
33-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру
1. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеруді уәкілетті орган өз бетімен не басқа да мемлекеттік органдарды тарта отырып жүргізеді.
2. Астықты экспортқа шығарушылар және астық қабылдау кәсіпорындары тексеруге берілген тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша тексеруді жүргізуге уәкілетті органға жәрдемдесуге, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
3. Уәкілетті органның қызметкерлеріне астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
4. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру барысында алынған және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
33-2-бап. Мемлекеттік астық инспекторы және оның өкілеттігі
1. Уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымдарына «Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік астық инспекторы» және «Мемлекеттік астық инспекторы» деген қосымша арнайы атауларды беруге құқылы.
2. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы мынадай функцияларды:
1) мыналарды:
астықтың қауіпсіздігі мен сапасын;
астықтың мөлшерлік-сапалық, соның ішінде мемлекеттік ресурстар астығының жай-күйін;
астықтың сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін;
астықты экспортқа өткізу және астық нарығы мониторингі бойынша есептіліктің дұрыстығы жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау нысанына уәкілетті орган бекіткен кесте негізінде жыл сайынғы жоспарлы тексеру түрінде астықты экспортқа шығарушылардың қызметін;
мемлекеттік органдардың ресми өтініштері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы нысанасына жоспардан тыс тексеру түрінде астықты экспортқа шығарушылардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2) астық қабылдау кәсіпорындарын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысуды;
3) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) лицензиядан айыру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізуді;
4) астық қабылдау кәсіпорынына уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар беруді;
5) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорынын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберуді;
6) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, астықты экспортқа шығарушылар мен астық қабылдау кәсіпорындарына нұсқама беруді;
7) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады.
3. Уәкілеті органның мемлекеттік астық инспекторы астықты өсіру, сақтау және өңдеу орындарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен (қызметтік куәлігін және құқықтық статистика жөніндегі органда тіркелгені туралы белгісі бар тексеру тағайындалу туралы актіні көрсеткен кезде) кедергісіз баруға және мемлекеттік бақылау мен астық нарығы мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға құқылы.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 7-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарын тарату
және олардың астық қоймаларын
(элеваторларды, астық қабылдау пункттерiн) иелiктен шығару тәртібі
34-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын таратудың түрлерi мен негiздемелерi
1. Астық қабылдау кәсiпорны:
1) құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) шешiмi бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда өз еркiмен таратылуы мүмкiн. Бұл орайда уәкiлеттi органға хабарлама жiберiледi;
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн (мәжбүрлеп тарату).
2. Астық қабылдау кәсiпорындары қызметiнiң тоқтатылуы банкроттық туралы заңдар мен осы Заңның талаптары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асырылады.
35-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын мәжбүрлеп тарату негiздемелерi
Астық қабылдау кәсiпорындарын таратуды мына жағдайларда:
1) банкрот болған;
2) қызметтi тиiстi рұқсатсыз (лицензиясыз) не заң актілерінде тыйым салынған қызметтi, не заңдарды әлденеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
3) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда сот жүргiзедi.
36-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын банкрот деп тану
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Астық қабылдау кәсіпорны белгіленген тәртіппен тек қана сот шешімі бойынша банкрот деп танылуы мүмкін.
2. Астық қабылдау кәсiпорнының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келісімiн жасасу мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
37-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иелiктен шығару ерекшелiктерi
1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады және сатып алушының (алушының) оны астық сақтау мақсаты үшiн пайдалану шарты бойынша бiрыңғай кешенмен иелiктен шығарылады.
2. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сатуға кем дегенде екi ай қалғанға дейiн астық қабылдау кәсiпорны өзiне белгiлi астық қолхаттарын ұстаушыларды мүлiктік кешеннің иелiктен шығарылатыны туралы жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық баспа басылымдарында мемлекеттік тiлде және орыс тілінде бұл туралы хабарландыру беруге тиiс.
3. Астық қабылдау кәсiпорны мүлiктiк кешендi иелiктен шығарған жағдайда астық қолхаттарын ұстаушыда сақтау шартын мерзiмiнен бұрын бұзу және астықты белгiленген тәртiппен алу не астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) бұрынғы иесiмен жасасқан шарт талабымен бiрдей астық қоймасының жаңа иесiмен де қайта шарт жасасу құқығы сақталады.
4. Астық қабылдау кәсiпорнының осы баптың 1-3-тармақтарын бұза отырып жасаған астық қоймаларын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сату жөніндегі мәмiлелерiн астық қолхаттарын ұстаушылар мен өзге де мүдделi тұлғалардың талап-арызы бойынша сот заңсыз деп тануы мүмкiн.
5. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иеленген не оны сот (аралық сот) шешiмiн орындау тәртібімен алған тұлға бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелер бойынша астықты қабылдап-өткізу жөніндегі комиссия жасаған және уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiнiң мемлекеттік астық инспекторы бекiткен астық қалдықтарын түгендеу актiсiмен белгiленген мөлшерде жауапты болады.
Егер астық қалдықтарын түгендеу актiсi жасалмаған болса, астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) жаңа иесi бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген барлық астық қолхаттары бойынша жауапты болады.
38-бап. Мәжбүрлеу тәртібімен таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігi
1. Мәжбүрлеп таратылатын, соның iшiнде банкроттығына байланысты таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
2. Таратудың жүргiзiлуiне байланысты, соның iшiнде астық қабылдау кәсiпорнын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шығындар, сондай-ақ таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының негiзгi мiндеттерiн қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайтын шығындар кезектен тыс және тұрақты жүргiзiледi.
3. Кредиторлардың белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезекпен қанағаттандырылуға тиiс:
1) бiрiншi кезекте өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн таратылушы астық қабылдау кәсiпорны жауап беретiн азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушi адамдармен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу жүргiзiледi;
3) үшiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi бар астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi жоқ астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;
5) бесiншi кезекте кредиторлардың таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;
6) алтыншы кезекте бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;
7) жетiншi кезекте заң актілеріне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргiзiледi.
8-тарау. Астық қолхаттары
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
39-бап. Астық қолхаты
1. Астық қабылдау кәсiпорны астықты сақтауға қабылдағанын растайтын астық қолхатын бередi.
2. Астық қолхаты қажет болған жағдайда бiр-бiрiнен бөлiнуi мүмкiн екi бөлiктен - қойма куәлiгiнен және кепiл куәлiгiнен тұрады. Астық қолхаты және оның бөлiктерiнiң әрқайсысы эмиссиялық емес ордерлiк бағалы қағаз болып табылады.
3. Астық қолхатының әрбiр бөлiгi мынадай мiндеттi деректемелердi бiрдей қамтуға тиiс:
1) облыстың жергілікті атқарушы органы берген код;
2) астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы мен нөмiрi;
3) астықты сақтауға қабылдап алған астық қабылдау кәсiпорны салық төлеушiсiнiң атауы, тұрған жерi мен тiркеу нөмiрi;
4) астық қабылдау кәсiпорнының тiзiлiмi бойынша астық қолхатының ағымдағы нөмiрi;
5) салық төлеушi заңды тұлғаның атауы, тұрған жерi, мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi, тiркеу нөмiрi не аты-жөнi, сондай-ақ салық төлеушiнiң тiлегi бойынша әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi, тiркеу нөмiрi, астықты сақтауға тапсырған жеке адамның жеке басын куәландыратын құжат;
6) астықтың түрi, оның сандық және сапалық сипаттамалары;
7) егер ондай белгiленген болса, астықтың сақтауға қабылданған мерзiмi;
8) сақтау төлемi туралы белгi;
9) куәлiктiң берiлген күнi;
10) уәкiлеттi адамның қолы мен астық қабылдау кәсіпорнының мөрi.
4. Осы баптың талабына сай келмейтiн құжат астық қолхаты болмайды.
5. Кепіл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде қойма куәлiгiне мынадай ақпарат бар белгi жасалынады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша - әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаларға қатысты индоссаттың атауы және тұрған жерi;
2) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақының ставкасы, орындалу мерзiмi;
3) индоссаттың қолы;
4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.
6. Кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде кепiл куәлiгiне мынадай ақпарат бар белгi жасалынады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаларға қатысты индоссаттың атауы және тұрған жерi;
2) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақының ставкасы, орындалу мерзiмi;
3) индоссанттың қолы;
4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.
7. Астық қолхаты жазылатын бланкiлерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау, айналымы, өтеу және жою тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгiсiне қойылатын талаптарды уәкілеттi орган белгiлейдi.
8. Астық қабылдау кәсiпорны облыстың жергілікті атқарушы органына астық қолхатына қол қоюға уәкiлеттi адамдардың аты-жөнi және әкесiнiң аты жазылған карточканы, олардың қолтаңбаларының үлгiлерiн, сондай-ақ астық қолхатына қойылған мөрдiң бедер-таңбасының үлгiсiн табыс етуге мiндеттi.