Уважаемый пользователь, документ к которому Вы обратились, не входит в Ваш комплект.
Для того чтобы получить документ, Вам необходимо заполнить расположенную ниже форму запроса,
и тогда документ будет отправлен Вам по электронной почте.
Так же Вы можете обратиться в центр обслуживания по тел.: +7 (495) 972-24-02 (в рабочие дни с 9:00 до 18:00 МСК).
Руководитель отдела по работе с клиентами: +7 (926) 108-92-64
ФИО или название орагинизации:
E-mail для ответа:
Сообщение:
Примечание: Название и реквизиты необходимого документа можно не указывать,
они вычисляются автоматически при нажатии вами на ссылку и передаются в вашем запросе.
Отправить
Отмена
С уважением к Вам, Служба поддержки «ИС Континент».
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 20.10.04 Ж. № 1077 ҚАУЛЫСЫ
Введите текст
Наверх
Сравнение редакций
2-кесте
Показать изменения
Инвестиция бағыттары
Показать изменения
млрд. теңге
Показать изменения
Іс-шаралар атауы
Қолданыстағы бюджеттік бағдарлама 2004 ж.
Жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар, барлығы
Оның ішінде жылдар бойынша
Показать изменения
2005ж.
2006ж.
2007ж.
2008ж.
2009ж.
2010ж.
2011ж.
Показать изменения
1. Инфрақұрылымды дамыту:
ауылдық жерлерде
0,4
6,83
0,73
1,10
2,00
1,00
1,00
1,00
қалаларда
2,04
0,33
0,61
1,10
2. Магистральды тасымалдау жүйесін жетілдіру
1,02
0,05
0,06
091
3. Почта-жинақтау қызметін дамыту
0,88
0,33
0,2
0,35
Показать изменения
Жиыны:
0,4
10,77
1,44
1,97
2,36
2,00
1,00
1,00
1,00
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 48 Қаулысымен 7- бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтижелер
Жоспарланған бағдарламаның орындалуы қаржыландыру көздерiн қалыптастыру ауқымына тiкелей байланысты бұл Ұлттық почта операторына халықаралық стандарттау деңгейіндегі, елiмiздiң барлық аумақтарында почта-жинақтау жүйесінің қызметiн пайдалануға epiкті кiре алатындай дамыған өңiрлiк инфрақұрылымды жасауға мүмкiндiк бередi.
Показать изменения
Ұлттық почта операторының материалдық-техникалық базасын жақсарту және қазiргі заманғы технологияларды енгізу почта-жинақтау қызметтерiн жоғары сапалы деңгейде көрсетуiне мүмкiндiк туғызады: облысаралық почта тасымалдау бағытының жиiлiгi аптасына 5 рет, ауданаралық бағытының жиiлiгi аптасына 4 ретке дейін, елiмiздiң барлық аумағында почтамен ақша аудару бiр күн iшiнде жүзеге асырылатын болады.
Почта тасымалдау жиілігін асыру облыс орталығы мен аудан (қала) орталығы аралығындағы почталық жөнелтiмдерiн жеткізу мерзiмiн қысқартуға мүмкiндік бередi. Почта-жинақ жүйесiнің қызмет көрсету спектрiн түр-түрiмен қатар ажырауын бәсеңдету және қала мен ауыл арасына оны жеткізу сапасы ауыл аумақтарының әлеуметтiк-экономикалық дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің дамуын, электрондық үкiметтi, тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесiн, қаржы секторын, шағын және орта бизнестi, әсiресе ауылдық жерлерде зейнетақы реформасын қоса алғанда, Ұлттық почта операторының инфрақұрылымын маңызды мемлекеттік бағдарламалармен бiрiктiру мемлекеттiң экономикасының жедел дамуына септігін тигізедi.
Показать изменения
Почта бөлiмшелерi арқылы кеңейтiлген ауқымдағы қаржылық қызметтер көрсетілетiн болады, терминал желісі мен смарт-карталар технологиясы негiзiнде маңызды және өз шығынын ақтай алатын алдыңғы қатарлы өнiмдер енгiзiлген.
Почталық жинақтаудың арқасында қаржылық қызмет көрсету, табыс көлемi төмен және орта адамдардың барлығына бiрдей қол жетiмдi болады. Почта-жинақтау жүйесiнiң қызмет ауқымын жаңа сапалы көлемде кеңейту Ұлттық почта операторының өндiрiстiк-қаржылық қызметiнiң жақсаруына әсер етедi және оның қызметiнiң өркендеп, толықтай жетiлуiне қажеттi рентабельдiк деңгейiн қамтамасыз етедi.
Показать изменения
Ұлттық почта операторының жетiстiктерiн ескере келе, 2003 жылмен салыстырғанда 2011 жылы мынадай нәтижелер күтiлуде:
Показать изменения
мерзімді басылымға жазылуды 1,7 есеге немесе жыл сайынғы өсуді орташа 5-10 % қамтамасыз етіп, қосымша 84,7 млн. данаға, хаттар мен бандерольдарды жеткізуді - 4 есеге немесе жыл сайын орташа есеппен 15% өсіріп, 48,1 млн. бірлікке, сәлемдемелер жіберуді - 3 есеге (жыл сайын орташа есеппен 11%) немесе 2,4 млн. бірлікке өсіру.
курьерлiк қызмет көрсету рыногының үлесiн 30% дейiн, зейнетақы мен жәрдемақыны - 60% дейiн, жалақы төлеу мен басқа да ақшалай төлемдердi - 15% дейiн, коммуналдық, салық және басқа төлемдердi - 10% дейiн, жедел почта аударымдарын - 22% дейiн көтеру;
Показать изменения
таза табыс өсiмiн 4 есеге - 606,8 млн. теңгеге дейін, жеке орташа айлық еңбекақысын 4,2 есеге - 59,1 мың теңге жеткізу.
Показать изменения
почта байланысы бөлімшелерін салу есебінен өзінің почта байланысы желісін көбейту арқылы ауылдық жерлерде почта байланысы бөлімшелерін күрделі және техникалық жайластыру деңгейін 25,7 %-ға көтеру; ауылдық жерлерде Интернетке қоғамдық қолжеткізу пункттерінің желісін 142 бірлікке кеңейту; жоғары сапалы деңгейде көрсетілетін почта-қаржы қызметтерінің кеңейтілген түр-түрімен ауыл тұрғындарын қамтуды 2 есеге арттыру.
Почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2011 жылға көзделген ісшараларының iске асырылуы оның динамикалық дамуын қамтамасыз етедi және Ұлттық почта операторын 2007 жылдан дивиденд төлеу арқылы мемлекеттің қаржы төлемiн қайтаруға мүмкiндiк туғызады. Одан басқа, мемлекеттік бюджетке салық төлеу едәуір өседi, 2011 жылы бiр жылға 3 млрд. теңгеге көтерiледi.
Тұрақты және нәтижелi жұмыс iстеген почта-жинақтау жүйесi Қазақстанның почта саласының дамуына септігін тигiзедi және елiмiздiң барлық аумағында сапалы, әмбебап почта қызметтерiн қалыптастырады.
Корреспонденты на фрагмент
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
ҚР Үкіметінің 2009.26.01. № 48 Қаулысымен 8- бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)