Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен мүдделi ұйымдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi жыл сайын жарты жыл және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 20 қазандағы
№ 1077 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Қазақстандағы почта-жинақтау қызметтер рыногының
қазiргi жай-күйiн талдау және проблемалар
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаның негiзгі бағыттары мен
iске асыру механизмдері
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн
атауы дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003
негiздеме жылғы 8 ақпандағы Заңы;
"Қазақстан Республикасының почта-жинақтау
жүйесiн дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
бағдарламасын әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құру
туралы" Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 5 мамырдағы
№ 131-ө өкімі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы
5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006
жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.15-тармағы
Негізгі әзiрлеуші Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігі
Бағдарламаның Бағдарламаның негізгі мақсаты халыққа және
мақсаты мен экономиканың нақты секторына халықаралық
мiндеттерi стандарттар деңгейiнде көрсетiлетiн
почта-жинақтау жүйесiнiң қызметтерiне еркiн
қол жеткізудi қамтамасыз ету болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшiн мынадай
мiндеттердi шешу қажет:
почта-жинақтау жүйесiн жаңғырту және қазiргі
заманғы технологияларды енгізу үшiн
экономикалық жағдай жасау;
почта-жинақтау жүйесiнiң өңiрлiк
инфрақұрылымының техникалық жағынан
жайластырылу деңгейін әсiресе селолық жерлерде
күшейту;
клиенттердiң қажеттілiктерiне бағдарланған
жоғары технологиялы қызметтердi енгізу есебiнен
почта-жинақтау жүйесi ұсынатын қызметтер
спектрін кеңейту;
почта-жинақтау қызметтерiнiң сапасын
халықаралық стандарттар деңгейiне дейiн көтеру.
Қажеттi Бағдарламаны iске асыруға Ұлттық почта
ресурстар және операторының жарғылық капиталын ұлғайтуға
қаржыландыру республикалық бюджеттен 5,7 млрд. теңге, оның
көздерi iшiнде 2005 жылы - 1,4 млрд. теңге, 2006 жылы -
2,0 млрд. теңге, 2007 жылы - 2,3 млрд. теңге
мөлшерiнде қаражат қажет. 2005-2007 жылдарға
болжанатын қаржы шығыстарын нақтылау "Тиiстi
қаржылық жылына арналған республикалық бюджет
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаны Қазақстанда елдiң барлық аумағын қамтитын
iске асырудан халықаралық стандарттар деңгейiндегі
күтілетін нәтиже почта-жинақтау қызметтеріне еркiн қол
жетімділiктi қамтамасыз етуге қабiлеттi, тиiмдi
желілік инфрақұрылым құрылатын болады.
2010 жылға Ұлттық почта операторының курьерлiк
қызмет рыногындағы үлесiн 30% дейiн,
зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткізу қызмет.
тері бойынша - 60% дейiн, жалақы мен басқа да
ақшалай төлемдер төлеу бойынша - 15% дейiн,
коммуналдық, салық және өзге де төлемдердi
қабылдау бойынша - 10% дейiн, лездік почта
аударымдары бойынша - 22% дейiн ұлғайту
жоспарланып отыр. 2010 жылы мерзімдік
басылымдарға жазылуды 1,2 есеге дейiн, хаттар
мен бандерольдердi жеткізудi - 13%-ға,
жөнелтілімдер жiберудi - 25%-ға ұлғайту
жоспарланып отыр. 2010 жылға компанияның таза
кiрiсiн 32%-ға, еңбек өнiмділігін - 2,6 есе, ал
айлық орташа жалақыны - 3,9 есе ұлғайту
көзделеді.
Iске асыру 2005-2010 жылдар
мерзiмдерi
2. Кiрiспе
Осы Бағдарлама "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 5 мамырдағы № 131-ө өкіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.15-тармағына сәйкес әзiрлендi.
Аумағының ауқымдылығын, халық тығыздығының төмендігі мен бiркелкi еместiгiн, елдi мекендердiң бір-бірінен шалғай орналасқандығын, сондай-ақ ауыл халқының төлеу қабiлетiнiң төмендігін қоса алғанда, Қазақстанның географиялық және экономикалық-демографиялық ерекшелiктерi ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына терiс әсер етедi. Қаржы-банк құрылымдарының болмашы қатысуы негізiнен ауылдық елдi мекендердiң жалпы санының 5%-ынан азын қамтитын аудандық деңгейлерде шоғырланған ауылдық жерлерде ел халқының 43%-ы, тұратындығын ескерсек, Қазақстан экономикасын одан әрi қайта құру ауылдың қаладан өмiр сүру деңгейi мен жағдайлары бойынша артта қалу проблемаларын шешуге, сондай-ақ ауыл халқының өмiр салтындағы терiс өзгерістердi жеңуге бағытталады.
Осыған байланысты, 2000 жылдан бастап почта саласы оның қызметін әртараптандыруға және Қазақстан халқының қалың бұқара топтарына аумақтық және бағалық қол жетiмділiк қағидаттарындағы почта мен банк қызметтерiнің жекелеген түрлерiн көрсетудi көздейтiн почта-жинақтау жүйесiн қалыптастыруға бағытталған реформалауға ұшырады.
Қазiргi кезде Қазақстанда почта-жинақтау жүйесiн қалыптастыруға арналған құқықтық және ұйымдастырушылық негіздер жасалған. "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес почта-жинақтау жүйесi қызметiн дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзушi ретiнде ("Қазпочта" акционерлік қоғамы (бұдан әрі -("Қазпочта" АҚ) тұрғысында Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы (бұдан әрi - Ұлттық почта операторы) белгiлендi. Заңнамаға сәйкес Ұлттық почта операторы почталық қызметтермен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиялары негiзiнде қаржы қызметтерiн жүзеге асыру және қаржы қызметтерiн көрсету құқығын алды. Мұндай шешiм мынадай факторлар негізге алына отырып қабылданды: "Қазпочта" АҚ-та іс жүзiнде елдiң бүкiл аумағын қанағаттандыратын, 617-i қалаларда және 278-i ауылдық жерлерде орналасқан 3385 бөлiмшенi қамтитын ең тармақталған почта бөлiмшелерi желісінiң; ақпараттық және ақша ағымдарының қалыпқа түскен жүйесінің болуы; мемлекет Қоғамның бiрден-бiр құрылтайшысы және қатысушысы болып табылады.
Почта-жинақтау жүйесін қызметтерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды және оларды халықаралық стандарттар бойынша ұсынуды қарастыратын сапалы жаңа деңгейде одан әрi дамыту үшiн мынадай кезеңге өту қажет: почта-жинақтау қызметтері рыногында Ұлттық почта операторының тұрақты жұмыс iстеуiне арналған инвестициялық және экономикалық қолайлы жағдай жасау.
Бiрақ, Қазақстан Республикасында почта саласын қайта реформалау процесiнде "Қазпочта" АҚ құру кезiнде мемлекет почта-жинақтау жүйесiн қалыптастыруға арнап тиiстi қаржылық қаражат бөлiнбедi: бастапқыда Қоғамның жарғылық капиталы тек ғимараттар мен жабдықтар түрiнде қалыптастырылды. Бұл жағдай Почта байланысының республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жинақтаушы зейнетақы қорларына, жалақы мен салықтар бойынша 1993-2000 жылдар кезеңiнде жинақталған жалпы сомасы 140,0 млн. теңге берешегiмен сипатталатын аса ауыр қаржылық жағдайымен қиындай түсті. Өткен жылдарда жинақталған шығындардың сомасы көрсетiлген кезеңде 250,6 млн. теңгенi құрады.
Қаржыландырудың болмауы материалдық-техникалық базаға терiс әсерiн тигіздi, оның тозуы 45%-дан асты. Почта қызметiнiң ерекшелiгi негiзгi қаражаттың елеулi бөлігінiң iске қосылғандағынан және оларды ұстауға қаржы ресурстары бөлiнетiндiгiнен ескерсек, мұндай жағдай түбегейлi шешiмдердi қажет етедi.
Жоғарыда көрсетiлген факторларды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 15 қарашадағы № 1716 қаулысымен бекiтілген салалық бағдарламаның 2003 жылы орындалғанын ескерсек, онда мақсаттары, iске асыру жолдары мен тетiктерi айқындалатын Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрлеу қажеттілігі туындады.
Бағдарламада көзделген мақсаттарға қол жеткізуге арналған почта-жинақтау жүйесін дамыту стратегиясы мемлекеттік саясаттың мынадай қағидаттарына сүйенетiн болады:
почта-жинақтау жүйесін дамыту үшiн тиiмдi құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық тетіктерiн iске асыру;
қала мен ауыл арасындағы почта-жинақтау қызметтерiне қол жетiмдiлiк деңгейдегі алшақтықты қысқартуға мемлекеттiң жәрдемдесуi;
почта-жинақтау жүйесiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтуге бағытталған тиімді мемлекеттік саясат жүргізу.
Ұлттық почта операторының бәсекеге қабілеттілігін күшейту тұтастай алғанда почта саласын дамытуға ықпал ететін және почта рыногының барлық сегменттерін халықтың және нақты экономика секторының еркiн бәсеке жағдайында сапалы почта қызметтерiн алудағы қажеттілiктерiн қанағаттандыратын халықаралық стандартқа сәйкес келтiруге жәрдемдесетiн болады.
3. Қазақстандағы почта-жинақтау қызметтер рыногының
қазiргi жай-күйiн талдау және проблемалар
3.1. Рыноктың жағдайы
Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақтау жүйесiн қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру почта саласын тұрақтандыруға және почта-жинақтау жүйесiн қалыптастыру үшiн алғышарттар жасауға ықпал етті.
2000-2003 жылдар кезеңiнде почта алмасулар өсiмiнiң оң өзгерістерiне қол жеткiзiлдi. Мәселен, мерзiмдi басылымдар көлемiнiң өсуi 39,8%, жедел почта - 90,7%, жазбаша хат-хабарлар - 10,9% құрады. Баршаға қолжетiмдi санатқа жататын жай хаттар, почта карточкалары мен бандеролдердi қоса алғанда жазбаша хат-хабарлар салу көлемдерiнiң өсуi почта қызметтерiнiң осы сегменттеріндегі құлдыраудың жойылғандығын сипаттайды. "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет оларды ұсыну жөнiндегі мiндеттемелер Ұлттық почта операторына жүктедi.
Қаржы секторында көрсетiлетiн қызметтер көлемi бiрқатар елеулi түрде өстi. Мәселен, ақша аударымдарының көлемi - 11,4%, коммуналдық төлемдер мен салықтар қабылдау - 11 ece, жалақы төлеу - 185,4 есе, темір жол көлiгімен жөнелтілетiн жiберiлетiн күнделiктi жүк ағымдары - 2 есе, әуе көлiгiмен жөнелтiлетiндерi - 3,25 есе өсті.
1-кесте
Ұлттық почта операторының почта-жинақтау қызметтерiнiң динамикасы
┌──────────┬────┬─────────────┬─────────────┬─────────────┬────────────┐
│ Көрсеткiш├Өл- │ 2000 ж. │ 2001 ж. │ 2002 ж. │ 2003 ж. │
│ атауы │шем ├─────┬───────┼─────┬───────┼─────┬───────┼────┬───────┤
│ │бiр-│саны │Алдыңғы│саны │Алдыңғы│саны │Алдыңғы│саны│Алдың- │
│ │лігі│ │ жылы │ ны │ жылы │ │ жылы │ │ ғы │
│ │ │ │ │ │ │ │ │ │ жылы │
├──────────┼────┼─────┼───────┼─────┼───────┼─────┼───────┼────┼───────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │ 8 │ 9 │ 10 │
├──────────┴────┴─────┴───────┴─────┴───────┴─────┴───────┴────┴───────┤
│ Мерзімді млн. 65,1 100,3% 82,4 126,6% 93,6 113,6% 91,0 97,2% │
│ басы- дана. │
│ лымдар │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Жазбаша млн. 14,6 98,0% 14,7 100,7% 15,1 102,7% 16,2 107,3% │
│ хат-ха- дана. │
│ барлар │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Сәлемде- млн. 1,2 133,3% 1,3 108,3% 1,2 92,3% 1,2 100% │
│ ме дана. │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Жедел млн. 170,4 8 есе 277,0 162,6% 243,0 87,7% 325,0 133,7 │
│ почта дана. % │
│ қызмет- │
│ тері │