│ лымдар │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Жазбаша млн. 14,6 98,0% 14,7 100,7% 15,1 102,7% 16,2 107,3% │
│ хат-ха- дана. │
│ барлар │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Сәлемде- млн. 1,2 133,3% 1,3 108,3% 1,2 92,3% 1,2 100% │
│ ме дана. │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Жедел млн. 170,4 8 есе 277,0 162,6% 243,0 87,7% 325,0 133,7 │
│ почта дана. % │
│ қызмет- │
│ тері │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Ақша млн. 0,7 116,7 0,72 102,9 0,7 97,2% 0,78 111,4% │
│ аударым- дана. % % │
│ дары │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Зейнет- млрд. 23,5 3 есе 57,3 2 есе 70,9 123,7 93,4 131,7% │
│ ақы теңге % │
│ төлеу │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Депозит- млн. 363,1 40 есе 735,5 2 есе 753,7 102,4 1381,0 183,2 │
│ тер теңге % │
│ қабылдау │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Жалақы млрд. 0,14 - 10,4 74 есе 19,9 191,3 25,96 130,5 │
│ төлеу теңге % % │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Коммунал- млрд. 1,5 18 есе 2,0 133,3% 2,5 125,0% 11,3 4 есе │
│ дық тө- теңге │
│ лемдер │
│ қабылдау │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Салық млрд. - - 1,4 - 3,8 2 есе 5,4 142,1% │
│ қабылдау теңге │
├──────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Ақша млрд. 43,3 33 есе 91,0 2 есе 141,6 155,6% 184,7 130,4 │
│ инкас- теңге % │
│ сациясы │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
Қазақстанда почта-жинақтау қызметтер рыногын сипаттау үшiн оның кейбір сегменттерiн қарастырайық.
Қазақстанның курьерлiк қызмет көрсету рыногында 30-дан астам компаниялар, соның iшiнде мынадай халықаралық iрi компаниялар «DHL», «FedEx», «TNT», «UPS», «OCS», «Pony Express», сондай-ақ Қазақстанның жекелеген облыс орталықтарында қызметтен ұсынатын бiрқатар отандық компаниялар бар. Аталған компаниялар өз қызметiн Қазақстанда 7-8 жыл көлемiнде жүзеге асырып жүр және Ұлттық почта операторына елеулi бәсекенi құрайды.
Бүгiн баспа өнiмдерiн тарату бойынша қызметтер рыногында Ұлттық почта операторынан басқа мынадай «Аргументы и факты» ЖШС БК, «Евразия пресс» ЖШС, «Эврика-пресс» ЖАҚ, «Дауыс» БТММ АҚ, «Бико» ЖШС, «Бурда-Алатау пресс» ЖАҚ сияқты баламалы құрылымдар, сондай-ақ жекелеген облыс орталықтарында қызмет көрсететiн басқа да компаниялар жұмыс iстеуде. Облыстық газеттер редакцияларында Ұлттық почта операторының облыстық филиалдарына бәсекелестiк тудыратын, жергілiктi газеттердi таратып қана қоймай, республикалық және ресейлiк басылымдарды да тарататын бөлiмшелер құрылған. Егер буындары баламалы құрылымдар қабылдайтын жазылымдар Ұлттық почта операторының филиалдары арқылы жеткізілсе, бүгiнде осындай басылымдарды жеткізетiн жекеменшік қызметтер құрылуда. Бұл ретте Ұлттық почта операторы басылымдар мен жазылымдарды тарату бойынша қызмет көрсету рыногының ең iрi субъектiсi болып қала береді: оның еншісiнде республикада таратылатын мерзiмдi жазылымды басылымдар тираждарының 85%-ға жуығы, оның iшiнде 42%-ы шалғай ауылдық және шекаралық аудандарды қоса алғанда, Ұлттық почта операторы ауылдық жерлерге жеткiзетiн республикалық мерзiмдi басылымдар.
Соңғы жылдары ақша аударымдар рыногы үдемелi түрде өсуде. Рыногтың негiзгі қатысушылары - Western Union, MoneyGram, Contact (АКБ «Русславбанк» - Ресей Федерациясы) және Анелик ("Банк Анелик" ЖШБ Армения). Қазақстан рыногына Travelex Worldwide Money Ltd халықаралық аударымдар жүйесi қызығушылық танытуда. Қазақстандық қатысушылар арасында мынадай екiншi деңгейдегi банктер бөлiнiп шығуда: ЦентрКредит Банкi, Қазақстан Халық Банкi, Каспийский Банкi және басқалар. Бұл рыногта Ұлттық почта операторының еншiсi 1%-дан төмен, бiрақ ол кеңейтiлген өңiрлiк желісінiң болғандығынан жоғары даму потенциалына жетуде. Оған мынадай цифрлар дәлел бола алады: соңғы бес жыл iшiнде Қазақстан аумағында орналасқан коммерциялық банктер мен есеп-айырысу кассалық бөлiмшелер саны тиiсiнше 91 және 266 бiрлiкке, филиалдардың тармақталған желісі және жинақтау қызметтерi мен зейнетақы төлеу бойынша ұзақ тәжiрибесi бар Халық банкiнде - 14 және 743 бiрлiкке қысқарды. Қазiргi уақытта әлеуметтiк төлемдер рыногындағы Халықтық жинақ банкінің еншiсiне 51%, Ұлттық почта операторына - 47%, екiншi деңгейдегі банктер еншiсiне 2% тиедi. Бұл ретте республиканың ауылдық елдi мекендерiнде төлемдердiң 100%-ын Ұлттық почта операторы жүргiзедi.
Қазақстандағы депозит рыногын дамыту және оған ауылдық жерлердегi тұрғындарды тарту мақсатында "Почта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық почта операторының шұғыл депозиттерге тартқан халық салымдарының сақталуы мемлекеттік бағалы қағаздарға және басқа да өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру жолымен мемлекет арқылы қамтамасыз етіледi. Бiрақ, бұл қызметке қол жетiмдiлiктiң кеңеюiне қарамастан, Ұлттық почта операторының жүйесiне орналастырылған салымдар үшiн төленетiн сыйақы деңгейiнiң төмендiгi депозиттiк қызметтердiң тартымдылығына керi әсерiн тигiзедi, ол банктiк секторда орналастырылған, депозиттердiң жалпы сомасының шамамен 1% құрайтын, олардың азын-аулақ үлесiмен расталады.
Осылайша, Қазақстандағы почта-жинақтау рыногы тек қана қалалық деңгейдегі бәсекелестiктің жоғары деңгейiмен сипатталады. Ауылдық жерлерде Ұлттық почта операторы почталық және қаржылық қызметтер рыногының iс жүзіндегі бiрден бiр қатысушысы болып табылады, бірақ почталық инфрақұрылымның және телекоммуникациялық технологиялардың жетілмегендiгi оларды сапалы түрде көрсетуге мүмкiншiлiк бермейдi.
Жүргізілген талдау көрсеткендей почта-жинақтау қызметтерiн сапалы түрде көрсетуде ауыл мен қала арасында алшақтық проблемасы байқалады, оның коммерциялық компаниялардың рыноктың тартымды бөлiктерiнің басып алуы мен өз қызметiн көбiнесе ауылдық жерлерде жүзеге асыратын, Ұлттық почта операторы үшiн бәсекелестiктiң тең емес жағдайында мемлекеттің реттеуiнсiз күшейiп кетуi мүмкiн. Осыған байланысты осы Бағдарлама почта-жинақтау рыногында Ұлттық почта операторының бәсекеге қабiлеттiлігін арттыруға бағытталған.
3.2. Почта-жинақтау қызметтерi дамуының шетелдiк тәжiрибесi
Рыногтың ырықтандырылуымен, сондай-ақ технологиялық эволюцияның халықаралық деңгейдегi құрылымдық өзгерістерiне байланысты әлемдiк және аймақтық шеңбердегi (тиiсiнше кiрiстердiң де) почта алмасуларының күрт төмендеуi жағдайында почта индустриясын дамытудың жаңа стратегиясын жасап шығару қажеттілігі 2002-2004 жылдарға Пекиндiк почта стратегиясын бекіткен 1999 жылғы тамыз-қыркүйек айларында өткен Дүниежүзiлiк Почта Ұйымының XXII Конгресiнде жарияланған болатын. Осы стратегияның негізiн қалаушы қағида ретiнде әр түрлi қызмет түрлерiн, бiрiншi кезекте рыногқа бейiмделген, қаржылық қызметтердi енгізу, және почта қызметiнiң сапасын көтеру қабылданған болатын.
Әр түрлі қызметтерді қосу түрлi экономикалық даму деңгейіндегі көптеген елдерде оң нәтижелерге алып келдi. Ұлттық заңнамалық ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi елдер почталық институттарға қосымша ретiнде почталық банктерді құру нұсқасын қалай таңдаса, филиалдық желi негізiнде почталық, қаржылық және агенттік қызметтердiң тiкелей үйлесуiн де солай таңдайды.
Осылайша, Францияда көрсетiлетiн қызметтер аясы почталық қызметтерден басқа, бiрқатар банктiк қызметтердi, соның iшiнде, ипотекалық несиелеу, логистика қызметтері және өзге де қызметтерден тұрады. Германияда - аударым операциялары, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, несиелеу, лизинг, электрондық коммерция, депозиттер қабылдау, логистика қызметтерi. Италияның почталық саласын осындай жолмен реформалау почта әкiмшілігіне 2000 жылдың 1 жартыжылдығында-ақ жедел қызметтердiң терiс нәтижесiнiң анағұрлым (336-дан 19 млрд. лирге дейiн) төмендеуiне алып келдi. 7 миллионнан астам адамдардың есепшоттары орналасқан, Нидерландының почта-жинақтау жүйесi елдiң барлық төлемдерiнiң 50%-дан астамын жүзеге асырады және де аса iрi қаржы қызметтерiн көрсетушілердiң бiрi болып табылады.
Жапонияда почталық, қаржылық және сақтандыру қызметтерiнiң бiр мекеме аясында бiрегей үйлесуi iске асырылған. Жапонияның почта-жинақтау жүйесі әлемдегi аса ірі қаржы мекемелерінің бiрi болып саналады, оның бiрден-бір артықшылығы елдiң әрбiр елдi мекенінде болуы. Оның желісі шамамен 150 мыңдай адам жұмыс iстейтiн, 24 100 почталық бөлiмшелердi құрайды. Жапондық почта-жинақтау жүйесi елдiң депозиттiк жинақ рыногының шамамен 20%-на қызмет көрсетедi. Халықтың депозиттерi 253 триллион йеннен аса немесе 2,2 триллион АҚШ долларын құрайды.
Швейцарияның қазiргi заманғы почта қызметiнiң басым бағыттарына мынадай төрт сектордағы қызметтер жатады: қаржылық, көлiктік, почталық жөнелтілiмдер және логистика. Қаржылық секторда қызмет нақты қызметтерді қарастыратын банктермен келісім негiзiнде жүзеге асады. Қазiргi уақытта елдегi төлемдердiң 2/3-ci почта арқылы жүзеге асырылады, шоттардың саны шамамен 2,3 млн. бiрлiкті құрайды. Негiзгі қаржылық қызметтер спектрiне депозиттер, сақтандырудың түрлі үлгiлерi, ссудалар кiредi. Соңғы кездерде енгiзiлген қызметтердiң бiрi ипотекалық несиелеу болып табылады.
Қытай почтасы жазбаша хат-хабарлар, почталық сәлемдемелер мен аударымдар, мерзімдік баспа басылымдарына жазылу, оларды жеткізу және филателия қызметi сияқты дәстүрлі қызметтердi көрсетумен қатар, EMS жөнелтілiмдерiн, басымдылықты почта, электрондық почтаны жеткізуге, почталық жинақтаушы касса қызметiн дамытуға, және агенттік қызметтердi көрсетуге кiрiсті. Қытайдың почта саласын реформалау кезiнде почталық жинақтаушы кассасы және почта арқылы төлем қызметi (ақша аударымдары) сияқты банктiк қызметтердi дамытуға басты назар аударылады.
2000 жылы почтаны реформалаудың әлемдiк беталысы Қазақстан Республикасына жеттi. Қазақстан советтiк кезеңнен кейінгі кеңiстiктегі тиiмділігі шетелдiк тәжiрибемен және отандық почта операторының қол жеткiзген нәтижелерiмен расталатын почта-жинақтау моделiнiң негiзiн қабылдаған бiрiншi ел болды.
ТМД және Балтық елдерi осы жолмен почта саласын дамытуды бастады.
Шетелдердегі почта саласын реформалау, мемлекеттің қолдауымен, ұлттық операторларды қаржыландыруға жәрдемдесе отырып, жүзеге асырылғандығын айта кеткен жөн.
3.3. Ұлттық почта операторының қазiргі жай-күйi
2000 жылдан бастап қызметтің әртараптандырылуы соңғы он жыл iшiнде қалыптасқан дағдарыстан компанияның шығуына ықпалын тигiздi. Осылайша, 2000 жылдан бастап 2003 жылға дейiнгі аралықта өндiрiстiк процестердiң технологиялық тiзбесiнiң қалпына келуiне және почта желісінiң қысқару беталысының тоқтауы мен почта айырбасының төмендеуi тоқтатылды және оның өсу динамикасы белгілендi. Қаржы қызметтерiн көрсету қарқынды дамумен сипатталып, қаржылық ағымдарды басқару жүйесін жетiлдiрумен бiрге жүрдi. Бұл 2003 жылы 2000 жылмен салыстырғанда қаржылық нәтиженің 60 есе - 2,2 млн. теңгеден 131,3 млн. теңгеге артуына, ал жиынтық табыстардың - 1,5 есе өсiп, 5003,1 млн. теңгенi құрауына мүмкiндiк бердi. Бiрақ, қол жеткiзген оң нәтижелер өзектi мәселелердiң шешiлуiн қамтамасыз ете алмайды.
Негiзгi қорлардағы ғимараттардың басым бөлігіне және оларды ұстауға кететін шығыстың жоғары деңгейiнде айқындалатын почта байланысы саласының ерекшелiгiн ескере отырып, Ұлттық почта операторының таза табысының көлемi қатардан шыққан негiзгі құралдарды қалпына келтiрудегі қажеттiлiктердi ғана жаба алады және де желілік инфрақұрылымның дамуына қаражаттарды шоғырландыруға мүмкiндiк бермейдi. Осыған байланысты, осы Бағдарлама белгiленген iс-шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттiң қатысуынсыз бiр он жылдыққа созылып ғана қоймай, нәтижесiнде мемлекеттік деңгейдегi өзектi әлеуметтiк маңызды жобаларды таратуда, аймақтық желілердiң тиiмдi әрекеттену мүмкiндiгi әлсiрейдi.
Почта-жинақтау жүйесiнiң жұмыс iстеуi мынадай iшкi және сыртқы мәселелермен жанасады:
нарықтық экономикаға өту кезеңiндегі халықтың төлем қабiлетiнiң төмендеуi почталық алмасудың күрт төмендеуiне және почталық қызметтiң шығындылығына алып келдi;
тұрғындар саны аз елдi мекендерде өмiр сүретiн ауыл тұрғындарының маңызды үлесi қалалық және ауылдық деңгейдегi байланыс қызметiн көрсетудiң күрт үзiлуiне алып келдi;
электробайланыс саласының құрамындағы почта байланысын қаржыландырудың қалдық принципi материалдық-техникалық базаның күрт төмендеуiне алып келдi;
қазiргi заманғы технологиялардың дамуы мен балама байланыс құралдарының пайда болуы почта қызметтерiн тұтынушылар сұранысының төмендеуiне ықпалын тигiздi;
почта байланысының көлiкті пайдалануға және аймақтық желiлердi ұстауға кететiн тауарлық-пайдалану шығындарының жоғары деңгейi аумағының ауқымдылығы, халық тығыздығының төмендiгi елдiң демографиялық және географиялық ерекшелiктерiнiң салдары болып табылады;
автомобиль жолдарының қанағаттандырарлықсыз жағдайы автомобиль көлігімен ауданаралық, аудан, қала iшіндегі маршруттарға қызмет көрсету шығысының қымбаттауына алып келдi;
жалпы почта саласы бойынша төлем төлеудiң төмен деңгейiне және қаражаттың үнемi жетiспеушiлiгiне байланысты еңбек мотивациясының төмендiгi кәсiби персоналдардың жұмыстан кетуiне және жұмыс сапасының төмендеуiне әкелдi.
Осы бөлiмде шешiлуi Қазақстанның почта-жинақтау жүйесiнiң дамуын қамтамасыз ете алатын бiрқатар мәселелер белгiленген.
Тарифтiк саясат саласында
Почта-жинақтау қызметтерi рыногын талдау қалалық жерлерде оның динамикалық дамуымен байланысты қызметтерге баға сұраныс пен ұсыныс арқылы реттелетінiн, олардың өзiндiк құны деңгейiнiң мейлiнше төмен екендiгін көрсеттi.
Ауылдық жерлердi басқа жағдай қалыптасуда. Елдi мекендердiң ара қашықтығының үлкендiгi мен ауыл тұрғындарының тығыздығының төмендігінен оларды ұсынудың өзiндiк құны анағұрлым жоғары.
Бағаларын мемлекет реттейтiн әлеуметтік маңызды қызметтер көрсететiн Ұлттық почта операторы оларды ауылдық жерлерде көрсетуден көбiнесе шығынға ұшырайды, өйткенi қалалық және ауылдық жерлерде көрсетiлетiн қызметкe қызмет көрсетудiң өзiндiк құнындағы айырмашылықты есептемейтiн орташаландырылған ставкалар бойынша, не нақты өзiндiк құнынан төмен белгiленген.
Салыстыру үшiн, Ресей Федерациясында зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша баға төлем сомасының 1,5%-ын құрайды, Өзбекстанда - 1,4%, Украинада қалаларда - 0,9, аудан орталықтарында және ауылдық жерлерде 1,8%, Белоруссияда қалаларда - 1,2%, аудан орталықтарында - 2,4%, ауылдық жерлерде - 2,4%, Қазақстанда - қалада - 0,4%, ауылдық жерлерде - 0,84%.
Бұл факторлар жаңғыртудың жиынтық бағдарламаларын iске асыру мүмкiндiгiне және iстен шыққан жабдықтың ауыстырылуына керi әсерiн тигізедi, қызметкерлердiң еңбек мотивациясының төмендеуiне және қызмет көрсету сапасының төмендеуiне әкеп соғады.
Почта қызметiнiң технологиялық жүзеге асырылуы табиғи монополия субъектiсi болып табылатын және тасымалдау бағасы монополияға қарсы ведомствомен реттелетiн, темір жол көлiгімен почталық жөнелтілімдердi жеткізу үшiн ұлттық тасымалдаушының қызметiн пайдаланумен байланысты. Қалыптасқан практика вагондардың жүрiп өтуiне Ұлттық тасымалдаушының тарифтерiн арттыру Ұлттық почта операторы үшiн монополияға қарсы ведомство белгiлейтiн почта байланысының баршаға қолжетімдi тарифiн бiр уақытта арттырылуымен қоса жүрмейтінін көрсетті. Осылайша, Ұлттық почта операторының баршаға қолжетiмдi қызметкерiн көрсету бойынша шығыстары өтелмейдi, бұл оператордың қаржылық жағдайының төмендеуiне әкелiп соқтырады.