2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өзі мен қаржы-есеп айырысу орталығы арасында сатып алу-сату шартын жасасқан күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша не аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған аукциондық баға бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жасалған екіжақты шарттарға сай шарттық бағалар бойынша тұтынушыларға және шекті тарифтер бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға өткізуге құқылы.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес тікелей тұтынушылар, өнеркәсіптік кешендер, шартты тұтынушылар және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасқан жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасында (бұдан әрі - жалпы шығындар) бөледі.
Тікелей тұтынушыларға және өнеркәсіптік кешендерге тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар республиканың жоспарлы тұтынуының жалпы көлеміндегі олардың электр энергиясын жоспарлы тұтынуының тиісті үлесі (бұдан әрі - тікелей тұтынушылар мен өнеркәсіптік кешендердің шығындары) ретінде айқындалады.
Жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне тиесілі, жалпы шығындар мен тікелей тұтынушылардың және өнеркәсіптік кешендердің шығындарының айырмасы ретінде айқындалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар олардың арасында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын жоспарлы сатып алу үлесіне барабар бөлінеді.
Бұл ретте осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды басым тұтынушыға бөлмейді.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Басым тұтынушы пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері электр энергиясын өндірудің жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын күнтізбелік бір жылдан кем өндіріп шығарған кезде аз кезеңдегі көлемінің) өзі тұтынған электр энергиясының көлеміне арақатынасы төменде санамаланған екі көрсеткіштен:
1) Қазақстан Республикасында есеп айырысу жылында электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері өндіріп шығаратын электр энергиясы көлемінің нақты үлесінен;
2) есеп айырысу жылында қолданылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштен төмен болған жағдайда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды қайта есептеуді жүргізеді және оның тиісті үлесін басым тұтынушыға қайта бөледі.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Егер басым шартты тұтынушы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалануға берсе, оның электр энергиясының үлесі осы баптың 2-1-тармағына сәйкес есептеледі, бірақ ол 2020 жылы қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сатуды жүзеге асырған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасалған қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу-сату шарттарының қолданылу мерзіміне 2020 жылы басым шартты тұтынушы мен басым шартты тұтынушының құрамына кірген шартты тұтынушылар қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алған электр энергиясының нақты көлеміне тең ең төмен шамадан аз болмайды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуға жататын электр энергиясының ең төмен шамасы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасалған қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу-сату шарттары қолданысының тоқтатылуына қарай электр энергиясының тиісті көлеміне пропорционалды азайтылады.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Басым тұтынушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жылына бір рет тікелей тұтынушылар мен оның құрамына кіретін өнеркәсіптік кешендер арасында дербес бөледі.
3 - 4-2. 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 4-3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-3. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері уәкілетті органды, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және жүйелік операторды жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланып отырған іске қосу туралы жаңартылатын энергия көздерінің және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және оның орналасқан жерін көрсете отырып, күнтізбелік үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Уәкілетті орган кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің хабарламасында көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланып отырған іске қосу бойынша мерзімдер асып кеткен жағдайда, осы субъектінің өтініші негізінде мерзімдерді түзетуді жүргізеді.
5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген жылу энергиясын сатып алу-сату шарттары жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының өзін-өзі ақтау мерзімінен кем емес кезеңге жасалады.
6. 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ нетто-тұтынушыларға желілер бойынша беруге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес өндірілетін электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ нетто-тұтынушылар энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге арналған қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар және жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысады.
9 - 11. 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Нетто-тұтынушыларды энергия беруші ұйымдардың желілеріне қосу және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын сату шарттары
1. Энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушы энергия беруші ұйымның желілеріне тұтынушы ретінде қосылған кезде онымен электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын жасасуға міндетті.
2. Энергия беруші ұйым нетто-тұтынушыға тиесілі ауқымы шағын объектінің шекараларын бөлгенге дейін өзінің жағындағы нүктеде энергия беруші ұйымның электр желісіне нетто-тұтынушының кедергісіз қосылуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Нетто-тұтынушы өзіне қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифі бойынша электр желісінен есепті кезең ішінде өзі тұтынған электр энергиясының көлеміне, нақ сол кезең ішінде электр желісіне өзі берген көлемді шегере отырып, ақы төлейді.
Электр желісіне есепті кезең ішінде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемі электр желісінен нақ сол кезең ішінде өзі тұтынған электр энергиясының көлемінен асып кеткен жағдайда, қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушыға жоғарыда аталған асып кету көлеміне оның шекті бағасы бойынша (тұтынушылар топтары бойынша сараламай) ақы төлейді.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымның нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатуы нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін энергия беруші ұйымның электр немесе жылу желілеріне қосу, электр және (немесе) жылу энергиясын беру кезіндегі қолдау
1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жаңадан салынған объектілер, сондай-ақ пайдалануға берілу мерзіміне қарамастан, қайта жаңартылған объектілер кернеу класына немесе жылумен жабдықтаудың жалпы желісіндегі жылу тасымалдағыштың параметрлеріне сәйкес келетін энергия беруші ұйымның электр немесе жылу желілерінің ең жақын нүктесіне қосылады.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жаңа немесе жұмыс істеп тұрған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін құруды (кеңейтуді, реконструкциялауды) жоспарлап отырған энергия өндіруші ұйым және электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері тікелей қосылатын энергия беруші ұйым электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шарт жасауға міндетті. Бұл ретте жасалатын шартта жаңа немесе жұмыс істеп тұрған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін құруды (кеңейтуді, реконструкциялауды) жоспарлап отырған энергия өндіруші ұйымның және электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері тікелей қосылатын энергия беруші ұйымның шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы көзделеді.
2. Энергия беруші ұйым кернеу класына немесе жылумен жабдықтаудың жалпы желісіндегі жылу тасымалдағыштың параметрлеріне сәйкес келетін электр немесе жылу желілерінің ең жақын нүктесінің кедергісіз және кемсітушіліксіз анықталуын және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілердің қосылуын қамтамасыз етеді.
3. Энергия беруші ұйымдардың электр желілерінің өткізу қабілеті шектелген жағдайда, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өндірген электр энергиясын беруге басымдық берілуі тиіс. Бұл талап Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіндегі авариялық бұзушылықтарды жүйелік оператордың жою кезеңдеріне қолданылмайды.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне электр энергиясын беру-тұтынудың тәуліктік диспетчерлік кестелерін қалыптастыру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясын беру оларға басым тәртіппен қосылады.
Бұл басымдық қуат нарығына қатысатын жаңартылатын энергия көздері объектілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін қолдау және дамыту туралы заңнамасына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын өткізуді жүзеге асырмайтын жаңартылатын энергия көздері объектілеріне қолданылмайды.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда; 2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Энергия беруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, соның ішінде ауқымы шағын объектілерді қосу үшін жұмыс істеп тұрған электр желілерін кеңейткен және реконструкциялаған жағдайда тиісті шығындар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымдардың тарифтеріне қосылады.
6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен энергия беруші ұйымның желілеріне қосу нүктесіне дейінгі желілерді салуға, желіге қосуға, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен энергия беруші ұйымның желісіне қосу нүктесіне дейін энергия беруге және берілетін энергияны өлшеуге байланысты шығындар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінің меншік иесіне жүктеледі.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
11-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-1-бап өзгертілді
11-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алуға тіркелген тарифтерді қолдану тәртібін реттейтін нормалары аукциондық бағаны қолдану туралы ережелер қолданысқа енгізілгенге дейін қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасаған шарттарға қатысты ғана қолданылады.
Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан шарттарына осы Заңның 7-1-бабы 9-тармағының күші қолданылады.
Осы Заңның 9-бабы 8-тармағының күші жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға қатысты олардың жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының қолданысы тоқтатылғаннан кейін қолданысын тоқтатады.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 4-і.
№ 165-ІV ҚРЗ