кемеге меншiк құқығын растайтын құжат;
өлшем куәлiгi;
қайта тiркеу кезiнде теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердiң мемлекеттік тiркелгенi үшiн бюджетке алым сомасының төленгендiгiн растайтын құжат;
біліктілік куәлiгi;
жолаушы куәлiгi (жолаушылар кемесi үшiн);
жүзуге жарамдылығы туралы куәлiк.
Кеменi мемлекеттік қайта тiркеуге ұсынылған құжаттар осы Ереженiң 13-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37 тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
37. Кемелердi мемлекеттік қайта тiркеу осы Ереженiң 14-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-1- тармақпен
37-1. Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 211 және 212-баптарына сәйкес порттың теңiз әкiмшiлiгi тiркейдi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеуге ұсынылған құжаттар осы Ереженiң 13-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-2- тармақпен толықтырылды
37-2. Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтер кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына және осы кеме тiркелген тиiсті тiзiлiмге енгiзiледi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiк (7-1-қосымша) берумен расталады және осы Ереженiң 14-тармағында белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-3- тармақпен толықтырылды
37-3. Кеменiң мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжатты жоғалтқан жағдайда порттың теңiз әкімшілiгi кеме иесiнiң өтiнiшi бойынша оған кеменiң мемлекеттік тіркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын бередi.
Кеменiң мемлекеттік тіркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру туралы өтiнiшпен бiрге порттың теңiз әкiмшiлігіне кеменiң мемлекеттік тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердiң мемлекеттік тіркелгенi үшiн алым сомасының бюджетке төленгендiгiн растайтын құжат ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-4- тармақпен толықтырылды
37-4. Кеменiң мемлекеттік тіркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасының берiлгендiгi туралы мәлiметтер кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына және осы кеме тiркелген тиiстi тiзiлiмге енгiзiледi.
Кеменiң мемлекеттік тіркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру осы Ереженiң 14-тармағында белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-5- тармақпен толықтырылды
37-5. Порттың теңiз әкiмшiлiгi Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан мынадай кеменi шығарады:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе кез келген басқа өзгерістер нәтижесiнде кеме сапасын жоғалтқан;
4) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-6- тармақпен толықтырылды
37-6. Зақымдалған кеме, егер:
1) кеменi тұрған жерiнде не кеме жеткiзiлуi мүмкiн кез келген басқа жерде қалпына келтiру мүмкiн болмаса;
2) кеменi жөндеу экономикалық тұрғыдан орынсыз болса конструкциялық жағынан күйреген деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-7- тармақпен толықтырылды
37-7. Осы Ереженiң 37-5-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығаруды порттың теңiз әкiмшiлiгi кеме иесiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi. Өтінiшке онда баяндалған фактілердi растайтын құжаттар, сондай-ақ кеменi мемлекеттік тiркеу кезiнде берiлген куәлiктер қоса берiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-8- тармақпен толықтырылды
37-8. «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кеменi Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеменiң кеме кiтабынан шығаруды порттың теңiз әкiмшiлiгi кеме иесiнiң (шарттың тараптары) құқық белгiлейтiн құжаттарды қоса берген өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-9- тармақпен толықтырылды
37-9. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнде кеме немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығы тиiсiнше тiркелген порттың теңiз әкiмшiлігі кепiл ұстаушылар өз мүдделерiн қорғау үшiн тиiстi шаралар қолдануы үшiн кепiл ұстаушыға кеменiң немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығының тиiстi тiзiлiмнен шығарылатыны туралы хабарлама жiбередi. Олардың келісімi алынбаған кезде кеме немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығы кепiл ұстаушыларға хабарланғаннан кейiн үш ай өткен соң тиiстi тiзiлiмнен шығарылады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-10- тармақпен толықтырылды
37-10. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен, кеме кiтабынан немесе жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығару, егер кеменiң барлық тiркелген ипотекалары алдын ала қанағаттандырылған немесе барлық кепiлге ұстаушылардың жазбаша келісімi алынған жағдайда ғана жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-11- тармақпен толықтырылды
37-11. Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органы кеменi шетел азаматына немесе шетелдiк заңды тұлғаға мәжбүрлеп сатқан кезде Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен, кеме кiтабынан немесе жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығару көрсетiлген орган кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң сатылғанын және сатып алушының өзi қабылдағандарын қоспағанда, ешқандай ипотекалар ауыртпалығы болмағанын куәландыратын құжатты ұсынған кезде жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-12- тармақпен толықтырылды
37-12. Осы Ереженiң 37-5, 37-6, 37-7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеменi немесе жасалынып жатқан кемеге құқықтарды тиiстi тiзiлiмнен шығару өтiнiш берiлген күннен бастап жетi күн iшiнде жүргiзiледi. Порттың теңіз әкiмшiлiгi тиiсті тiзiлiмге шығару туралы жазба енгiзедi және кеменiң Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен, кеме кітабынан немесе жасалынып жатқан кемелер тiзілiмiнен шығарылғаны туралы куәлiк (7-2-қосымша) бередi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 37-13- тармақпен толықтырылды
37-13. Кеменi экипажсыз (бербоут-чартер) жалдау шарты бойынша қазақстандық жалдаушыға пайдалануға және иелiк етуге берiлген шетел кемесi мынадай жағдайда бербоут-чартерлiк тiзiлiмнен шығарылады:
1) бербоут-чартерлiк шарттың қолданылуы тоқтаған;
2) кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру мерзiмi аяқталған;
3) уәкiлеттi органның кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы шешiмінiң күшi жойылған.
Бербоут-чартерлiк тiзiлiмде тiркелген шетел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру мерзімі өткенге дейiнгi бiр айдың iшiнде порттың теңiз әкiмшiлiгi қазақстандық жалдаушыға тиiсті хабарлама жiбередi.
Қазақстандық жалдаушы кеме бербоут-чартерлік тiзiлiмге енгiзiлген порттың теңiз әкiмшiлiгiне тиiстi куәлiктi қайтарады.
3. Өзен кемелерi мен оларға құқықтарды
мемлекеттік тiркеудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 38 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара)
38. Өзен кемесi Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзілімінде немесе жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзілімінде мемлекеттік тiркеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 39 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара)
39. Жалдау шарттарында кiреге алынған (кеменi экипажсыз жалдау шарты), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге уақытша құқық берiлген шетел кемесi оның негiзгi тiркелу мемлекетiнiң кемелер тiзiлiмінде тiркелуi тоқтатыла тұрғаннан кейiн жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiнде тiркелуi тиiс.
40. Шетел мемлекетiнiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеме шетел мемлекетiнiң кеме тiзілімінен шығарылғаннан және осындай тiзілiмнен кеменiң шыққанын куәландыратын құжат көрсетiлгеннен кейiн Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тiркелуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 40-1- тармақпен толықтырылды
40-1. Жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығы кильдiң салынуы немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстарының жүргiзiлуi шартымен жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркелуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2005.30.03 № 278 Қаулысымен 41 тармақ жаңа редакцияда (бұр . ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 41- тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
41. Кеменi Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiне енгізу кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайтын кеме куәлігін (8-қосымша) берумен куәландырылады.
Кеменi жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне енгізу шетелдiк кемеге Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк (9-қосымша) берумен куәландырылады.
Кеменi жасалынып жатқан кемелердiң тiзiлiмiне енгізу жасалынып жатқан кемеге құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк (9-1-қосымша) берумен куәландырылады.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 42 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара)
42. Мемлекеттік тiркеу мынадай тәртіппен жүргiзiледi:
1) оларды алу кезiнде аумақтық уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзетiн осы Ережеге сәйкес кемелердi мемлекеттік тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдау. Ұсынылатын құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген кезде, өтiнiш берушіден құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтiнiш берушінің талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы беріледi;
2) осы кемеге мәлiмделiп отырған құқықтар мен тiркелiп қойған құқықтар арасында қарама-қайшылықтардың, сондай-ақ тiркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру үшiн негiздiң жоқтығын анықтау;
3) көрсетiлген қарама-қайшылықтар мен мемлекеттік тiркеуден бас тартудың немесе тоқтата тұрудың басқа да негiздерi болмаған жағдайда Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiне немесе жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне жазбаларды енгізу;
4) мемлекеттік тiркеудi растайтын құжаттарды беру.
ҚР Үкіметінің 2005.30.03 № 278 (бұр . ред. қара) ; 2005.28.10 № 1082 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 43 тармақ өзгертілді
43. Кеменi меншiк құқығында сатып алған кез келген тұлға отыз күннiң iшiнде Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiне кеменің өзiн және оған меншiк құқығын тiркеуге мiндеттi.
Шет мемлекеттің кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеме «Iшкi су көлiгі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 11-тармағына сәйкес мұндай кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде жалға алынған шетел кемелерi тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеуге жатады.
Кемелердi мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш мынадай құжаттар қоса берiлген кеме тiзiлiмiнiң сауалнамасын (10-қосымша) қамтуы тиіс:
кемеге меншік құқығын растайтын құжатты;
жүзуге жарамдылық туралы куәлiктi;
өлшем куәлiгiн »өзен-теңiз» суларында жүзетін кемелер үшiн;
бiліктілік куәлiгiн;
жолаушылар куәлiгiн (жолаушылар кемесi үшін);
теңiз, өзен кемелерi мен шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттік тiркеу үшiн бюджетке алым сомасының төленгендігін растайтын құжатты.
Жалға алу шартында кеменi (кеменi экипажсыз жалға алу шарты) жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзілiмiне тiркеу кезiнде осы тармақтың 4-8-абзацтарында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
уәкілеттi органның шетелдiк кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменің атын анықтау туралы шешiмi;
жалға алу шарты;
туы ауысқанға дейін кеме тiкелей тiркелген шетелдік мемлекеттің құзыреттi билiк орындары берген және сол мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзiмi тоқтатылғанын растайтын құжат;
кеме иесінің және кеменiң тiркелген ипотекасын немесе сол сипаттағы кеменің ауыртпалығын кепілге ұстаушының кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге көшiруге жазбаша рұқсаты;
қазақстандық жалдаушының аты-жөнi мен мекен-жайын растайтын құжат.
Жасалынып жатқан кемеге құқықтарды мемлекеттік тiркеу құқық иеленушінің немесе онда кеменiң жасалынуы фактiсiн растайтын құжаттар, атап айтқанда:
кеменi жасауға арналған шарт;
киль салынғаны туралы кеме жасаушы ұйымның жазбаша растауы немесе тең бағалы құрылыс жұмыстары жүргiзiлгенiн растайтын сарапшының қорытындысы қоса беріле отырып, тиiстi үлгiде ресiмделген сенiмхаттың болуы шартымен ол (олар) өкiлеттiк берген тұлғаның өтiнiші негізiнде жүргiзiледi.
Кемелерді және оған құқықтарды Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде, жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеу кезiнде осы Ереженiң 41-тармағында көрсетілген құжаттар оларға тиiстi тiркеу нөмiрлерi қойыла отырып берiледi.
44. Кемелердi мемлекеттік тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
1) құжаттар мемлекеттік немесе орыс тiлдерiнде жасалған болуы тиiс;
2) ресми шетелдiк құжаттар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнде немесе консулдық мекемелерiнде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, жария етiлуi тиiс. Қажет болған жағдайларда қарауға соларға қатысты көрсетiлген талаптар орындалған құжаттардың расталған көшiрмелерi қабылдануы мүмкiн. Ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда, оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі расталған аудармасы қоса берiледi;
3) құжаттардың мәтiндерi анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылған болуы тиiс;
4) тазаланған немесе үстiнен жазылған, сызылған сөздер мен оларда айтылмаған өзге де түзетулерi бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бiрыңғай түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар мемлекеттік тiркеуге қабылдауға жатпайды;
5) тiркеуге қажеттi барлық құжаттар екi данада берiледi, олардың бipeуi түпнұсқа, ал екiншiсi нотариалды расталған көшiрмесi болуы тиiс. Тiркелгеннен кейiн түпнұсқа құқық иесiне қайтарылуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 45 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (
45. Кемелердi мемлекеттік тiркеу барлық қажеттi құжаттар тапсырылған сәттен бастап отыз күннің iшiнде жүргiзiледi.
Егер кеме мемлекеттік тiркеуге жатпаса, бұл туралы мемлекеттік тiркеуге құжаттар берiлген сәттен бастап жетi күннен кешіктiрiлмей кеменi ұсынған тұлғаға жазбаша хабар берiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 45-1- тармақпен толықтырылды
45-1. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеуден, егер:
1) мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшпен тиiстi емес тұлға жүгiнген;
2) осы Ережеде көзделген талаптар сақталмаған;
3) мемлекеттік тiркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.
Бас тартылғаны туралы кеменi мемлекеттік тiркеуге ұсынған кеме иесiне бас тартудың негiздемесi көрсетiле отырып, жазбаша түрде хабарланады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 45-2- тармақпен толықтырылды
45-2. Кеменi мемлекеттік тiркеу орны кеменiң меншiк иесiнiң кеме мемлекеттік тiркеуде тұрған аумақтық уәкілетті органға және кеме жаңадан мемлекеттік тiркелген орынның аумақтық уәкiлетті органына жiберетiн өтiнiшi (еркiн нысандағы) негiзiнде өзгертiлуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 45-3- тармақпен толықтырылды
45-3. Кеменiң мемлекеттік тiркеу орны өзгерген жағдайда кеменiң бұрын мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкiлетті органы кеме жаңадан мемлекеттік тіркелген орнының аумақтық уәкiлеттi органына кеме ісiн жiбередi, бұл туралы Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнiң «Ескертпе» деген бағанына тиiсті жазба енгізіледi.
Кеменiң мемлекеттік тiркеу орнын алдағы уақытта өзгерту туралы кеменiң меншiк иесi тiркелген ипотеканың немесе кеменiң осындай сипаттағы өзге ауыртпалықтарының кепiл ұстаушысына хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 45-4- тармақпен толықтырылды (
45-4. Кеме iсiн алған аумақтық уәкiлетті орган кемеге жаңа реттiк тiркеу нөмiрiн бередi және кеме бұрынғы мемлекеттік тiркелген орында жүргiзiлген Мемлекеттік кеме тізілімiнде қамтылған барлық мәлiметтердi осы Ережеге сәйкес кеменiң жаңадан мемлекеттік тiркеген орнында жүргiзiлетiн Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне енгiзедi.
Кеменің жаңадан мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкілеттi органы бұрынғы мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкілетті органына кеменi тiркеу рәсiмінің аяқталғаны туралы хабарлайды. Кеменiң бұрынғы мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкiлетті органы осы хабарды алысымен кеменiң жаңадан мемлекеттік тiркелген орнын және жаңа реттiк тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне жазба енгізедi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 45-5- тармақпен толықтырылды
45-5. Кеменің мемлекеттік тiркелген орнын өзгерту туралы өтiнiшпен бiрге кеменiң жаңадан мемлекеттік тiркелген аумақтық уәкiлетті органына теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн бюджетке алым сомасының төленгендiгiн растайтын құжат ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 45-6- тармақпен толықтырылды
45-6. Егер кеме оқиға немесе кез келген басқа себеп салдарынан Мемлекеттік кеме тiзілiмiне бұрын енгiзiлген мәлiметтерге сәйкес келмей қалса, кеменi мемлекеттік қайта тiркеу жүзуге жарамдылығы куәландырылғаннан және ол туралы куәлiк алынғаннан кейiн жүргiзiлуi мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 45-7-- тармақпен толықтырылды
45-7. Кеменi мемлекеттік қайта тiркеудi ресiмдеу үшiн аумақтық уәкілетті органға «Iшкi су көлiгі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағында көрсетiлген құжаттарды қоса бере отырып, кеме тiзілiмi сауалнамасын қамтитын кеменi мемлекеттік қайта тiркеу туралы өтiнiш беру қажет.
Кемелердi мемлекеттік қайта тiркеуге ұсынылған құжаттар осы Ереженiң 44-тармағының талаптарына сәйкес болуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 45-8- тармақпен толықтырылды
45-8. Кемелердi мемлекеттік қайта тiркеу осы Ереженiң 45-тармағында көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 45-9- тармақпен толықтырылды
45-9. Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын аумақтық уәкiлеттi орган сол кеме тiркелген тiзiлiмге тiркейдi.
Жасалынып жатқан кеменің ипотекасы жасалынып жатқан кемеге меншік құқығы тiркелген жасалынып жатқан кемелердің тiзiлiмiнде тiркеледi.
«Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 7 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық берiлген шетел кемесiнiң ипотекасы, сондай-ақ шетел алушысы үшін жасалынып жатқан кеменің ипотекасы Қазақстан Республикасында тiркелмейдi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 45-10 - тармақпен толықтырылды
45-10. Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасы кемеге немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығы мемлекеттік тiркелгеннен кейiн кепiлге берушiнiң өтiнiшi негiзiнде тiркеледi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiште мыналар көрсетiледi:
1) кеменiң (кеменiң атауы, тiркеу нөмiрi, тiркелген орны, тiркелiм нөмiрi, үлгiсi және сыныбы, кеменiң тоннажы) немесе жасалынып жатқан кеменiң (кеменi жасау жүзеге асырылып жатқан орын, жасау нөмiрi, кеменiң үлгiсi, килiнiң ұзындығы және басқа негiзгі өлшемдерi, тіркелiм нөмiрi) сәйкестендiру деректерi;
2) ипотекаға кепiл берушiнiң аты мен мекен-жайы;
3) ипотекаға кепiл ұстаушының аты мен мекен-жайы немесе оның ұсынушыға белгіленгенi туралы мәлiметтер;
4) екi немесе одан да көп кемелерге не жасалынып жатқан кемелерге ипотека белгiлегенде ипотекамен қамтамасыз етілген мiндеттеменiң ең жоғары мөлшерi - тараптардың ол туралы келісімi болған жағдайда, мiндеттеменi жеке алғанда әрбір кеме қамтамасыз ететін мөлшер;
5) кеменiң немесе жасалынып жатқан кеме ипотекасының аяқталу күнi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшке кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасы туралы шарт мұндай шартта көрсетiлген құжаттармен қоса берiледi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасы мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш алынған күнге тiркеледi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеуге ұсынылған құжаттар осы Ереженiң 44-тармағының талаптарына сәйкес келуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен 45-11- тармақпен толықтырылды
45-11. Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтер кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына және осы кеме тiркелген тиiстi тiзiлiмге енгiзiледi.
Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеген кезде бұл туралы кеме құжаттарына қандай да бiр жазбалар енгізу талап етiлмейдi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiк (10-1-қосымша) берумен куәландырылады және осы Ереженiң 45-тармағында көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылады
46. ҚР Үкіметінің 2005.28.10 № 1082 қаулысымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 46-1 тармақпен толықтырылды
46-1. Кеменің иесi кеме куәлігін жоғалтқан жағдайда аумақтық уәкілетті орган кеме иесiнiң өтiнiшi бойынша оған көрсетiлген куәлiктің телнұсқасын бередi.
Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру мынадай тәртiппен жүргізіледi:
1) осы Ережеге сәйкес кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру үшін қажетті құжаттарды қабылдау, оларды алған кезде аумақтық уәкiлетті органның лауазымды тұлғасы кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Ұсынылатын құжаттар осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген кезде өтiнiш берушiге құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтінiш берушінің талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартудың жазбаша дәлелденген растамасы беріледi;
2) осы кемеге мәлiмделіп отырған құқықтар мен тiркелiп қойған құқықтар арасында қайшылықтардың, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру үшiн негiздеменің жоқтығын анықтау;
3) көрсетiлген қайшылықтар және кеме куәлiгінің телнұсқасын беру үшiн басқа да негiздемелер болмаған кезде кеме куәлiгінің телнұсқасын беруден бас тарту туралы Мемлекеттік кеме тiзілiмiне жазбалар енгізу.
Кеме куәлігінің телнұсқасын беру туралы өтінiш 43-тармақтың төртiншi-сегiзiншi абзацтарында көрсетiлген құжаттар қоса берiлген кеме тiзілiмiнiң сауалнамасын қамтуы тиiс
47. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеменi жалға алу шарты бойынша шетелдiк жалдаушының иелiгiне және пайдалануына беру кезiнде мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде шетел мемлекетiнiң туын көтеруге уақытша көшiрілуi мүмкiн.
48. Кеменi шетел мемлекетiнiң туын көтеруге көшiру туралы шешiмдi кеме иесiнiң немесе ол соған уәкiлеттiк берген тұлғаның мынадай құжаттарды қоса бере отырып, кеменi мемлекеттік тiркеу орны бойынша аумақтық уәкiлеттi органның атына жiберiлген өтiнiшi негiзiнде уәкiлеттi орган қабылдайды:
1) ипотеканы кепiлдiкке ұстаушының кеменi шетел мемлекетінің туын көтеруге көшiруге жазбаша келiciмi (белгiленген тәртiппен белгiленген және тiркелген кеме ипотекасын ұстаушылар алдын ала қанағаттандырылмаған кезде);
2) жалдаушы мемлекеттің құзыреттi органдарының немесе кеме туын көтеруге көшірілетін өзге де шетел мемлекеттің белгіленген тәртіппен куәландырылған, сол мемлекеттiң заңнамасында Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркелген кемеге осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығын беруге тыйым салатын ережелердің жоқтығын және кемеге осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығының берiлу мерзiмi бiтiсiмен кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге қайтарылатынын растайтын құжат;